Экономикалық теория
97
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Экономикалық шығындар дегеніміз не?
2. Шығынның түрлері? Жіктелу негізіне не салынған?
3. Пайданы максимизациялау үшін қандай шығындарды
азайту ең маңызды?
4. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердің арасындағы
айырмашылық неде?
5. Өндіріс кеңейтілген кезде өзгермелі шығындар қалай
өзгереді?
6. Қалыпты пайда дегеніміз не? Ол фирма иесінің
тәуекелділігінің компенсациясы (орынын толықтыру) қаралауына
бола ма?
7. Шығындардың
орта
қисығын
қиып
өтетін
МС
қисығының мәні неде?
8. Неге өзгермелі шығындар қисығы U формасында
болады, ал тұрақты шығындар қисығы төменге еңкейген?
9. Не себептен ұзақ мерзімде тұрақты шығындардың
болмауы.
10. Өндіріс шығындардын минимизациялау әдістері
Жаңа терминдер мен ұғымдар
Шығындар
Өндіріс шығындарының түрлері:
Нақты шығындар (сыртқы)
Нақты емес шығындар (ішкі)
Тұрақты шығындар (FC)
Өзгермелі шығындар (VC)
Жалпы шығындар (ТC)
Орта шығындар (AC)
Шектелген шығындар (MC)
Шектелген өнім (MR)
Қысқа мерзімді кезең
Ұзақ мерзімді кезең
Н. А. Маженова
98
Тест сұрақтары
1) Осы шығындардың ішінен өзгермелі шығындарды
көрсетіңіз:
A) басқару персоналының жалақы шығындары;
B) электроэнергия, отын, шикізат шығындары;
C) ренталық төлемдер;
D) банк пайызы төленетін шығындар;
E) фирманың шектелген шығындары.
2) Фирманың тұрақты шығындары – бұл:
A) алынған ресурстарға кеткен шығындар;
B) кез келген өнім көлемін өндірудің төменгі шығындары;
C) өнім өндірмеген жағдайында да фирмада болатын
шығындар;
D) нақты емес шығындар;
E) нақты шығындар.
3) Фирманың шектелген шығындары – бұл:
A) өнімдердің санына өзгермелі шығындардың қатынасы;
B) факторларды сатып алуға кеткен шығындары;
C) қосымша бір өнім өндіруіне кеткен қосымша шығындар;
D) фирманың жалпы шығындары;
E) нақты емес шығындар.
4) Қысқа мерзімді кезеңде фирма 500 дана өнім
өндіреді. Орта өзгермелі шығындар 2 долл., орта тұрақты
шығындары 0.5 долл. Жалпы шығындарды есептеңіз:
A) 25 долл.;
B) 1250 долл.;
C) 750 долл.;
D) 1100 долл.;
E) есептеу мүмкін емес.
5) Ұзақ мерзімді кезеңде:
A) барлық шығындар өзгермелі болады;
B) барлық шығындар тұрақты болады;
Экономикалық теория
99
C) барлық шығындар тұрақты және өзгермелі болады;
D) тұрақтыға қарағанда, ауыспалы шығындар жылдам
өседі;
E) ауыспалыға қарағанда, тұрақты шығындар жылдам
өседі.
6) Қысқа мерзімді кезеңде:
A) барлық шығындар тұрақты;
B) барлық шығындар өзгермелі;
C) тұрақты шығындарға қарағанда өзгермелі шығындар
тезірек өседі;
D) өзгермелі шығындарға қарағанда тұрақты шығындар
тезірек өседі;
E) өзгермелі және тұрақты шығындар болып бөлінеді.
7) Тауар саны –50, бірлікке баға – 6, шығындары – 70%
құрайды, пайданы есептеңіз:
A) 210;
B) 300;
C) 90;
D) 70;
E) 420.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1В, 2С, 3С, 4В, 5А,
6Е, 7С.
Н. А. Маженова
100
9. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ
ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
9.1. Еңбекақы бұл еңбек бағасы
Еңбек - өндіріс факторы болып келеді, ал еңбекақы – ол
еңбектің бағасы. Жұмысшы, жұмысқа жалдана отырып, адам
физикалық және рухани қабілетін, өз жұмысшы күшін сатады.
Сондықтан кәсіпкер адамды емес, оның жұмысшы күшін, еңбек
етуге деген қабілеттілігін сатып алады. Егерде жұмысшының
нақты еңбегі төленсе, онда нарық кезінде кәсіпкерге
эквиваленттік айырбас жөнінде ештеңе қалмас еді, ешқандай
пайда болмайды.
Нақты өмірде еңбекақы – бұл еңбек бағасы, немесе еңбек
күшінің құны, адамның өмір сүрудегі құрал құнымен
анықталады. Смиттің айтуынша, адам жұмыс істеу үшін,
жалақысы адамның өмір сүруіне тіршілік құралдарының құны
болып табылады. А. Маршалл «керекті тіршілік құралдарына»,
жұмыс істеу үшін және өмір сүру үшін құралдарды қосады. К.
Маркс жалақы мөлшерін қажетті өнім құнымен анықтайды.
Номиналды және нақты жалақы ажыратылады. Номиналды
жалақы жалдама қызметкердің еңбегі үшін алған ақша сомасын
айтамыз, нақты жалақы – номиналды жалақының есебінен
сатып алу қабілеттілігінің алуға болатын тауар және қызметтің
жиынтығы. Сонымен келгенде, нақты жалақы мөлшері
номиналға тіке пропорционалды және бағаның деңгейіне теріс
пропорционалды болып келеді.
Фирма жалдайтын жұмысшылардың саны мынадай, онда,
соңғы жұмысшының шектелген өнімі, оның шектелген
шығынынан асуы керек:
MRP > MRC. Егер, керісінше болса, онда фирма «өзін-өзі
өтемейтін» жұмысшыны жалдауы болады.
Еңбек нарығында, жалақы басқа кез келген нарық сияқты
сұраныс пен ұсынысқа тәуелді болады. Еңбекке сұраныс
қаншалықты жоғары болса, соншалықты жалақы жоғары
болады және ұсыныс қаншалықты жоғары болса, жалақы
соншалықты төмен болады. Бәрі нарық заңымен. Бірақ, еңбек
Достарыңызбен бөлісу: |