Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет35/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50

Н. А. Маженова 
 
122 
Макроэкономикалық 
модельдер 
нарықтық 
сипаттама 
қабылдады: 
  жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс (AS=AD) моделі; 
  елдің  ұлттық  есеп  моделі;  мұнда  жиынтық  ұлттық 
шығынның көлемі (AE)  ұлттық табысқа (NІ) тең болуы; 
  инвестиция жинақтарға тең (S=І) моделі. 
Сонымен,  нарықты  экономиканың  макроэкономикалық 
модельдері  қазіргі  экономикалық  саясаттың  теориялық  негізін 
құрастырады.  Бұл  макроэкономикалық  процестердің  объективті 
логикасы және оның проблемаларын реттеу түсінігі болады. 
 
11.2. Тепе-теңдік динамикасының классикалық моделі 
 
Макроэкономиканың  бірінші  классикалық  моделі,  ол 
бағаның  жиынтық  сұраныс    жиынтық  ұсыныс  пен  өзара 
әрекеттестік  механизмі.  Осы  классикалық  моделінің  негізінде 
«Сэя  заңы»  болды.  Ол  заңға  сәйкес,  тауарлардың  ұсынысы 
өзінің  сұранысын  тудырады.  Мұнда,  еңбектің  қоғамдық  бөліну 
жағдайында,  әрбір  өндіруші  өзінің  тауарын  өзі  өндірмейтін 
басқа  тауарды  сатып  алу  үшін  сатады.  Сондықтан,  сұраныс 
мөлшері  ұсыныс  мөлшеріне  тең  болады.  Бірақ,  нақты  нарықты 
экономика одан күрделі құрылған: 
  тұтынушылардың саны өндірушілерден көп; 
  тапқан  табыс  толық  шығындалмайды,  бір    бөлігі 
сақталады; 
  шығындардың бөлігін өндіруші несие арқылы жүргізеді. 
Сонымен: сұраныс жинақтың мөлшеріне азаяды, ал ұсыныс 
несиенің  мөлшеріне  көбейеді.  Осыдан  мынадай  қорытынды: 
жиынтық  сұраныс  пен  жиынтық  ұсыныстың  тепе-теңділігі 
жинақ  пен  инвестицияның  теңдігін    қажет  етеді.  AD=AS 
теңдігіне  жету  үшін    S=І  теңдігі  қажет,  ол  макроэкономикалық 
тепе-теңділік механизмін айқындайды.  
Табыс  бөлігінен  жинақтаушы  тұлға,  және  несие  есебінен 
инвестиция 
жасаушы 
тұлға 
– 
экономикадағы 
әртүрлі 
қатысушылар.  Сондықтан,  макроэкономикалық  тепе-теңділігін, 
ол    жинақтау  және  инвестиция  мөлшерінің  теңдік  арқылы    тек 
арнаулы  реттеуімен  нәтижесі  болуы  мүмкін.  Қалай  ол  


Экономикалық теория 
 
123 
жетіледі?  Сақтаудың  мөлшері  пайыз  нормасымен  белгіленеді. 
Пайыз  нормасы  жоғары  болған  сайын,  жинақтың  да  мөлшері 
көп, немесе керісінше. Кәсіпкерлер инвестицияны несие арқылы 
жүргізеді,  оған  пайыз  төленуі  керек.  Пайыз  жоғары  болған 
сайын,  кәсіпкердің  несие  алу  ынтасы  төмендейді.  Инвестиция, 
жинақтау  және  пайыз  нормасымен  байланысты  төмендегі 
суретпен көруге болады. 
 
 
 
1.17-сурет. Инвестиция, жинақ және пайыз нормасының  
өзара байланысы 
 
Сондықтан,  сақтау  мен  инвестицияның  теңдігін  қамтамасыз 
ететін  механизм  –  ол  ақша  құралдар  нарығы,  онда  ұсыныс 
сақтаумен  көрсетілген,    ал  сұраныс  –  инвестициямен,  ал 
бағаның рөлін пайыз орындайды. Басқа  сөзбен айтқанда, тепе-
теңділік  пайыз,  бұл  жинақ  қарызына  төлем,  ол  сақтаушылар 
мен 
инвесторларға 
да 
жарайды. 
Нарықты 
экономика 
қозғалысының  механизмі,  ол  табыс  –  сақтау  –  инвестиция: 
табыстың  өсімі  жинақтың  өсімін  ынталандырады,  олардың 
инвестицияға айналуы өндіріс көлемін және жұмысбастылықты 
көбейтеді  –  одан  кейін  тағы  да  табыстың  мөлшері  көбейеді,  ал 
ол 
жинақтың 
өсуіне 
әкеледі 
және 
т.с.с. 
Сонымен, 
макроэкономика 
механизмін 
классикалық 
моделі 
ақша 


  S
0
 L
0
 
s, i 
 c 
Сс
у
д
ал
ы
қ
 п
ай
ы
зд
ы
ң
 н
о
р
м
ас
ы
 
r

 
r

 
  
  
      S 
А 
 

жинақ пен инвестиция 


Н. А. Маженова 
 
124 
нарығында  еркін  баға  құрылуына  жеткізілген.  Бұнда,  жиынтық 
сұраныс 
пен 
жиынтық 
ұсыныстың 
және 
сақтау 
мен 
инвестицияның  арасында  сәйкестік  жеткізілген  AS=AD,  S=I.   
Осыдан, нарықты  экономика  мемлекеттің  реттеуші  рөлін  қажет 
етпей-ақ  автоматты  түрде  артық  өндіру,  тапшылық,  инфляция 
және жұмыссыздық дағдарыстан құтылады. 
Классикалық  модель  экономикалық  ғылым  тарихында 
құрметті  орынға  ие.  Ол  нарықтық  экономиканың  тепе-теңдік 
динамикасында «жинақ – инвестиция» балансының басымдылығын 
дұрыс көрсетті. Бұл пайыз нормасында нарықтық экономиканың 
өзін-өзі  реттеу  механизмінің  басты  элементтерінің  бірін  көруге 
мүмкіндік берді.  
ХХ  ғасырдың  30  жылдардағы  дағдарыс  экономикадағы 
тепе-теңділік  еркін  бағаландыру  арқасында,  өзінше  автоматты 
түрде  болады  деп  есептеді.  Сол  дағдарыс  экономикадағы  тепе-
теңділік  еркін  бағаландыру  механизмі  туралы  ұғымға  өзгеріс 
еңгізді. Ол ең алдымен жұмыссыздық пен инфляцияға қатысты. 
 
11.3. Кейнсиандық тепе-теңділік моделі 
 
Кейнс «жинақ – инвестиция» «классикалық» макроэкономика-
лық тәуелділігінің жаңа түсіндірмесін бере отырып, экономикалық 
ғылымға  үлкен  үлес  қосты.  «Классикалық»  моделіндегі  жинақ 
және  инвестиция  мөлшерінің  тепе-теңдік  қажеттілігі  жиынтық 
ұсыныстың  өсуіне  басымдылық  беруін  білдірді.  Кейнсиандық 
тұрғысынан  жиынтық  сұраныс  басымдылығынан  шықты.  Бұл 
келесі пайымдаулардан туындайды.  
Жұмысбастылықтың  өсуі  ұлттық  табыстың  (ҰТ)  өсуіне 
алып  келеді.  ҰТ  көп  болған  сайын,  жиынтық  сұраныста  көп 
болуы керек. Бұл жағдай орын алмайды, себебі  ҰТ өсуі кезінде 
оның  көп  бөлігі  жинақтауға  бағытталады.  Сонымен,  ҰТ  көп 
болған сайын, оның нақты («тиімді») тұтынушылық сұраныс аз 
болады.  Ол  өндіріс  көлеміне  және  жұмысбастылық  мөлшеріне 
әсер етеді.  
Сөйтіп,  жұмысбастылық  өсуі  ҰТ  арттыра  отырып, 
сұраныстың  өсуіне  емес,  жинақтаудың  өсуіне  алып  келеді. 
Нәтижесінде  өндіріс  қосымша  сұраныстан  (жинақ  мөлшеріне) 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау