Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет11/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50

Экономикалық теория 
 
35 
Меншіктің  экономикалық  және  заңды    мазмұнын  ажырата 
білу қажет.  
 
3.2. Меншіктің экономикалық мазмұны 
 
Меншіктің  экономикалық  мәні  келесі  жағдайлар  арқылы 
сипатталады: 
1)  екі  қос  категорияның  өзара  байланысы:  иемдену-
жатсыну; 
2) қос категорияларының өзара байланысы:  оқшауландыру 
(жекелену)- қоғамдастыру; 
3)  заттық  және  жеке  өндіріс  факторларын  қосу  тәсілі: 
тікелей және үзілісті; 
4) табыстарды бөлу тәсілі; 
5) субъектілі-объектілік талдау
1)  Ең  алдымен,  меншіктің  экономикалық  мәнін  екі 
жағдайды  талдау    негізінде    түсіндіруге  болады.  Бір  жағынан  – 
белгілі қауымның (индивид, топ, қоғам)  өндіріс құралдары мен 
қызметі және оның нәтижесі механизмі мен иемдену нысаны, ал, 
екінші  жағынан  –  олардың    басқа  шаруашылық  бірліктері  мен 
тұтастай  қоғамнан  жатсыну сәйкес формалары. 
Иемдену  –  қандай  да  бір  қатынастар  объектісін  осы 
қатынастардың  тұтас  қоғам  өміріндегі  атқаратын  қызметтеріне 
сәйкес субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы. Ал меншіктен 
жатсыну    деген    бұл    адамның  өмір  сүру  игіліктері  мен 
ресурстарды өзінің тіршілік ету мүмкіншілігіне айналдыра алмауы. 
2)  Оқшауландыру  дегеніміз  әрбір    тауар  өндірушінің  белгілі 
бір    тауар  өндірісіне    мамандануын  білдіреді.    Қоғамдық  еңбек 
бөлінісі    неғұрлым  терең  болса,  оқшауланған  тауар    өндірушілер 
арасындағы 
өзара 
тәуекелділікте 
соғұрлым 
күшті. 
Жеке 
оқшауланған тауар өндірушінің қоғамдық еңбек жүйесіне қосылуы 
қызмет нәтижелерінің айырбасы арқылы жүзеге асырылады. 
Қоғамдастыру  деген 
еңбектің  қоғамдық  дамуының 
сипатын білдіреді.  
Бір  жағынан,  қоғамдық    еңбек  бөлінісі    және  өндіріс 
құралдарына деген  жекеменшік салдарынан кәсіпорындар жеке 
тауар  өндірушілер  секілді  оқшауланады.  Екінші  жағынан, 


Н. А. Маженова 
 
36 
еңбектің қоғамдық сипатына байланысты  олардың бәрі біртұтас 
қоғамдық  ұдайы  өндіріс  процесіне  тартылған.  Оқшауланған 
тауар  өндірушілер  арасындағы  экономикалық  байланыстардың  
формасы  –  ақша  айналымы  арқылы  жүретін  тауар  айырбасы 
болып табылады.  
3)  Меншік  қатынастарының  тереңдетілген  негізін  өндіріс 
факторларын біріктіру тәсілдері құрайды. Біріктірудің  екі тәсілі  
ажыратылады: тікелей және үзілісті. 
Айналым  сферасын  қоспағанда,  өндіріс  процесінде  жүзеге 
асырылатын  өндіріс  құралдары  мен  тікелей  өндірушілердің 
бірігуін  өндіріс    факторларының    тікелей    бірігу    тәсілдері 
сипаттайды.  Бұл  жағдайда,  бір  адам  екі  түрлі  қызметті  іске 
асырады: 
өндіріс 
құралдарын 
иеленуші 
қызметі 
және  
материалдық игіліктерді тікелей өндірушінің қызметі.  
Кейде басқа да нұсқалары болуы мүмкін,  бұл жағдайда екі 
қызмет  ажыратылып,  түрлі  субъектілерге  бекітіледі;  бірінде  - 
өндіріс құралдарын  меншіктеуші  қызметі, екіншісінде  - жұмыс 
күші  қызметі.    Бұл  жағдайда  жұмысшы  өндіріс  құралдарынан 
оқшауланады.  Өндіріс  факторлары  бірігуі  үшін,  өндіріс 
құралдарын  меншіктеуші  еңбек  нарығында    жұмыс  күшін 
жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында  жүзеге асатын 
заттық  және  өзіндік    факторлардың  бірігуі  жұмыс  күшін  сату-
сатып  алу  актісінен  кейін,  яғни  тауар-ақшалы  қатынастары 
арқылы  жүреді.  Өндіріс  факторлары  бірігуінің  бір  нұсқасы 
үзілісті  деп аталады.  
4) 
Табыстарды 
үлестіру 
өндіріс 
құралдарын 
меншіктеушілер мүдделі үшін жүзеге асырылады. 
5)  Меншік  субъектілері  жеке  тұлғалар,  отбасы,  әлеуметтік 
топ,  өндірістік  ұжым,  халық,  басқару  органдары  бола  алады. 
Меншік  объектілері:  өндіріс  құралдары,  мүлік,  ақша,  бағалы 
қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмысшы күші. 
 
3.3. Меншік құқығының теориясы 
 
Меншіктің 
заңдылық 
мәні 
құқықтық 
қабілетпен  
сипатталады.    Меншіктік  құқық  –  бұл  адамдар  арасындағы 
қалыптасатын 
экономикалық 
игіліктерді 
пайдалануына  


Экономикалық теория 
 
37 
байланысты    билік  ету  құқықтарының  санкцияланған    тәртіп 
қатынастарының жиынтығы.  
Меншік  құқығын  жүзеге  асыру  үшін  меншік  құқығын 
мамандандырудың  маңызы зор.  
Меншік құқығын мамандандыру – бұл меншіктің субъектісі 
мен объектісін және меншіктің  иегерінің құқығын анықтау. 
Меншіктің  заңдық  мазмұны  оның  субъектілерінің  құқығы 
арқылы анықталады. 
Меншіктік    құқықтың  экономикалық  теориясы  бойынша,  
ресурс  өздігінен  меншік  бола  алмайды,  ресурстарды  пайдалануға 
байланысты «құқықтардың шоғыры»  немесе үлесі болады.  
Толық «құқықтар шоғыры» келесі 11 элементтен тұрады: 
1)  иемдену  құқығы,  яғни  игіліктерді  физикалық  бақылау 
құқығы; 
2)  пайдалану  құқығы,  өзі  үшін  игіліктердің  пайдалы 
қасиеттерін пайдалану құқығы; 
3)  басқару құқығы, бұл шешу құқығы, игіліктерді кім және 
қалай қамтамасыз ету керектігі анықталады; 
4)  табыс  алу  құқығы,  ол  пайдаланылған  игіліктерден 
нәтижелерді иемдену құқығы; 
5)  суверен  (егемен)    құқығы,  яғни  игілікті  жатсыну, 
иемдену, пайдалану, өзгерту немесе жою құқығы; 
6)  қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті экспроприациядан және 
сыртқы орта зияндарынан қорғау құқығы; 
7)  игілікті мұрагерліккке беру құқығы; 
8)  игілікті мерзімсіз  пайдалану құқығы; 
9)  сыртқы  ортаға  зиян  келтіретін  тәсілдерді  пайдалануға 
тиым салу құқығы; 
10)  төлету түрінде жауапкершілік құқығы; 
11)  қалдықтық сипаттағы құқық. 
Меншік  қатынастары  –  бұл  материалды  және  материалды 
емес ресурстарға қол жеткізуден туындайтын шектеулер жүйесі. 
Егер  ресурстарға  қол  жеткізуге  шектеу  қойылмаса,  олар 
ешкімдікі  емес,  ешкімге  тиесілі  емес    немесе  барлығына  бірдей 
тиесілі,  болмаса  оған  қол  жеткізу  еркіндігі  берілмеген. 
Меншіктің объектісі әрқашан шектеулі экономикалық ресурстар 
болып  табылады. Басқалардың ресурстарға еркін қол жеткізуіне 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау