Экономикалық теория
139
Еңбек ресурстары. Экономикалық өсуіне жұмысбастылық
деңгейі, оның рационалды қолданылуы, еңбек өнімділік деңгейі,
денсаулық жағдайы әсер етеді.
Негізгі капитал. Экономикалық өсуі үшін негізінен
инвестицияның көбеюі. Капиталдың қорлануы және жинақтануы,
қорқайтымдылығы жоғарылауы.
Ғылыми-техникалық прогресс. Өнертабу және инновация,
олардың өндіріске еңгізілуі, экономикалық өсудің негізгі
факторы болады.
Қоғамдағы жиынтық сұраныс. Жиынтық сұраныстың
жоғарғы деңгейі өндіріс көлемін көбейтуге кәсіпкерлерді
ынталандырады.
Жедел дамыған экономика арқылы өседі (оң жағы):
өндіріс көлемі және қоғам байлығы;
әлем елдеріндегі орыны;
адам өмірінің материалдық қамтамасын етілуі, олардың
бос уақыты, білімі және мәдениеті;
өндіріс механикаландыруы және автоматтандырылуы,
еңбек жағдайы жақсарады.
Жалпы өндірістің дамуы және индустриализациясы оған
байланысты проблемалар жасайды: (теріс жағы):
адамдар тұратын ортаның ластануы және нашарлануы;
орыны толықтырылмайтын ресурстардың азаюы (көмір,
мұнай, металл рудасы және т.б.).
үлкен қалалардың өсуі және артық толықтырылуы.
Жұмыс күшінің жиі қайта квалификациялау қажеттілігі
және еңбек өзгерісі;
еңбек қызметінің интенсификациясы.
Экономикалық өсудің интенсивті типі өндіріс ресурстарын
неғұрлым тиімді пайдалануды қалайды.
Ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдары әрқилы.
ҚР-да табиғи ресурстар үшін бұл неғұрлым пайдалы
қазбаларды толық игеру, кешенді және шикізатты терең өңдеу,
табиғатты бүлінуден қорғау және т.б. болып табылады.
Еңбек
құралдарын
негізгі
капиталдың
өнімділік
элементтерін пайдалануда, яғни машиналардан, станоктардан,
жабдықтардан және т.б. көрінеді.
Н. А. Маженова
140
ҚР-да табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, еңбекті
ұйымдастыру
деңгейіне,
ғылыми
негізделген
әдістерді
пайдалануға,
жұмысшылардың
білімділік
және
кәсіби
дайындығына, олардың орындаған жұмыстарының қатынасына
тәуелді болады.
Еңбек күшінің сапалық сипаттамасында жұмысшылардың
денсаулық жағдайы, еңбекті қайтару интенсивтілігі мен
мерзімділігінің артуы басты рөл атқарады.
Қазіргі жағдайларда экономикалық өсудің маңызды
факторы болып “ғылыми-техникалық прогресс” (ҒТП) табылады.
ҒТП – бұл, өндірістегі техника мен технологиялық
процестердің ғылыми-техникалық принциптеріне негізделген,
біртіндеп жетілдірілуі мен таралуы. ҚР-да экономистер,
«ғылыми-техникалық революцияны» (ҒТР) ерекше бағалайды,
ҒТР - қоғамдағы өндірістік күштердің дамуындағы сапалы
секіріс және өндірістегі техника мен технологиялық төңкерісі.
ҒТП-тегі революциялық формасы өндірісте сапалы жаңа
ғылыми принциптердің пайдалануына көшуін білдіреді, ҒТР
өндірістің барлық технологиялық әдістерін қалыптастырады.
12.6. Экономикалық өсудің модельдері
Экономикалық өсудің модельдері:
неокейнсиандық моделі;
неоклассикалық моделі;
В. Леонтьевтің «шығын-өндіру» моделі;
«нөлдік экономикалық өсу» концепциясы.
Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделі «инвестиция»
және «мультипликатор» категорияларына негізделеді. Экономикалық
өсу салынған бастапқы инвестицияның мультипликациялық
тиімділік нәтижесі болады.
Кейнсиандық мектеп экономикалық өсуді, ең алдымен,
сұраныс факторларымен байланыстырады және мемлекеттің
қазыналық және несие – ақша саясаты көмегімен оны, ең
алдымен, қысқамерзімді кезеңде реттей алатындығын көрсетті.
Сұраныстың басты бөлігі – капитал салымдар мультипликатор
көмегімен пайда ұлғаяды. Сонымен қатар, олар пайданың
Экономикалық теория
141
өсуінен туындайды, яғни капитал салымдары пайданың
ұлғаюымен анықталынады.
Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік
қызмет» категориясына негізделеді. Тек микро- емес, макро
деңгейде барлық өндірістік факторларды (жер, еңбек, капитал,
ҒТП) жақсы пайдалану жолдарымен ғана экономикалық өсуге
жетуге болады.
Өндірістік функцияның негізінде келесідей қорытынды
жасалынады: капитал және еңбек өндіріс факторларының сәйкес
шекті өндірушілік негізінде марапатталынады; өндірістік
функциялар бір фактор бірлігінің басқаның белгілі бір
мөлшерімен технологиялық айырбастауы қоғамға қаншалықты
тұратындығын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Ұлттық өнім
өсімінің сол бір көлемі не капитал салымдарының кеңеюімен, не
еңбекті пайдаланудың кеңеюімен алынуы мүмкін; өндірісте
және ұлттық өнімнің өсуінде ғылыми – техникалық прогрестің
сапалық факторларының үлесін айқындау міндеті шешіледі.
В. Леонтьев – ұдайы өндірістің - өндіріс, бөлу, айырбас және
тұтыну – барлық фазасында құрылымдық өзара тәуекелділікке
негізделген жалпы нарықтық тепе-теңділіктің макроэкономикалық
моделін ұсынды. Оның моделі «шығын-өнім» деп аталады және ол
шахмат кестесі түрінде құрастырылған.
Біріншіден, жиынтық сұраныс және басқа салалармен
(шығындар) ұсынылған материалдық игіліктер мен қызметтердің
көрінісі ретінде – бұл, баланстық столбасы (тігінен)?.
Екіншіден, жиынтық ұсыныстың және өздері шығарып
ұсынатын сатушылардың материалдық игіліктері мен қызметі
– бұл, баланстың жолы (қатары). Осы кестені талдау негізінде
экономикалық өсудің болжауын жасауға болады.
«Нөлдік экономикалық өсу» концепциясы. Бұл концепцияға
сәйкес, шикізат, энергия және басқа да ресурстардың шектелуі
адамзатқа жақын арада жойылуына әкеледі. Оған жібермес
үшін, «нөлдік өсуге» яғни халық пен материалдық игіліктердің
жәй өндіріске көшуіміз қажет. «Ескі» өнеркәсіптік мемлекеттер
ұзақ соғыс кезеңдерінен кейін жылдам экономикалық өсудің
шегіне қол жеткізген жағдайда «нөлдік экономикалық өсу»
концепциясының пайда болуы ХХ ғасырдың 60 жылдардың
Достарыңызбен бөлісу: |