Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның (Аллаһ оған есендік берсін) күпірлікте айыптау мәселесі бойынша жауаптары
Сұрақ: «Біз байқайтынымыздай, қазіргі заман мұсылман мәдениеті хауариж және муътазилә сияқты адасқан секталардың ықпалынан еркін емес. Олардың кейбірі тұтас қауымдарды және жеке адамдарды күпірлікте айыптап, мұсылмандардан болған күнәхарлар мен бұзақыларға зорлық қолдануға жол береді. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»
Жауап: «Бұл – кесірлі жол, өйткені Ислам шақыру ісінде күшке жүгінуге тыйым салады. Аллаһ Тағала айтады: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен99 пікірталасты көркем түрде жүргіз» (ән-Нәхль сүресі, 125-аят).
Ал Муса мен Харунға, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, Аллаһ Перғауынмен былай деп сөйлесуді бұйырды: «...және оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар» (Та ха сүресі, 44- аят).
Зорлық зорлықты туғызады, қалаған нәрсеге емес, оған кері нәтижелерге әкеледі және мұсылмандарға кесірлі ықпалын тигізеді. Исламға шақыруды даналықпен, ең жақсы әдістермен және осы шақыру бағытталған адамдарға қатысты ізгілік таныту арқылы іске асыру керек. Зорлықты қолдануға, қаттылық пен қарсыластық таныту мәселесіне келер болсақ, бұлардың Ислам дініне еш қатысы жоқ, ал шақырумен айналысатын мұсылмандар Пайғамбардың өнегесіне және қасиетті Құранның нұсқауларына ілесуі керек.
Күпірлікте айыптау белгілі шариғат ережелерін орындауды талап етеді. Күпірлік туралы шешімді шығару, қажетті дәлелдерді көрсеткен соң, белгілі біреу Сүннет пен келісім жақтаушыларынан (әһлю-Сунна уәл-жамаъадан) болған діндарлардың оған тиісті нұсқауы болған, Исламмен үйлеспейтін бір нәрсе істеп қойған жағдайда рұқсат етіледі, ал егер адам мұндай еш нәрсе жасамаған болса, ол кәпір болып табылмайды, тіпті ол, көпқұдайшылдық күнәсынан өзге, күнә жасаса да».
Сұрақ: «Құрметті шейх, бұзықтық кең таралған мұсылман мемлекеттерін белгілеп айту үшін «жахилиет» терминін қолданатын адамдар бар100. Мұның салдары қандай болуы мүмкіндігі туралы сіз жақсы білесіз, бірақ мұндай әрекеттерді дұрыс деп санауға болады ма?»
Жауап: «Жалпы алғанда жахилиет кезеңі, Аллаһқа мадақ, Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, пайғамбарлық миссиясының басталуымен және Ақырет күніне дейін жоғалмайтын Исламның, білім мен нұрдың пайда болуымен аяқталды. Жахилиеттің қалдықтары бар болуы мүмкін, алайда мұндай жахилиет ішінара болып табылады және жеке адамдарға және қауымдарға қатысты болады, ал жалпы алғанда ол аяқталды және ешқашан қайта оралмайды. Міне, сондықтан шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, өзінің «Иқтида әс-сират әл-мустақим» еңбегінде бұл терминді баршаға қатысты қолдануға болмайтындығына нұсқады».
Сұрақ: «Мұсылман мемлекеттерін осылайша атап белгілейтіндер олардың халқын күпірлікте айыптағысы келетінін, ал солай екен, діннен шығушылықта да айыптағысы келетінін байқау қиынға соқпайды».
Жауап: «Біртұтас қауымдарды немесе жеке тұлғаларды күпірлікте айыптау немесе олардың күпірлігі туралы айту құқығына кез келген адам ие емес.
Күпірлікте айыптау белгілі шариғат ережелерін орындауды талап етеді. Адамның күпірлігі туралы шешім ол Исламмен үйлеспейтін бір нәрсе істеген жағдайда шығарылады. Мұндай жағдайлар белгілі, ал олардың ең ауырлары - көпқұдайшылық, ғайыпты білу құқығына таласу және Аллаһтың түсірілгенінен өзге нәрсемен үкім шығару жағдайлары жатады, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар - қарсы болушылар» (әл-Мәидә сүресі, 44-аят).
Күпірлікте айыптау өте ауыр іс болып табылады және өзгелерді күпірлікте айыптауға әркімге рұқсат етілмейді. Мұндай құзырға тек шариғат соттары (қазылары) немесе білімде мығым, адамның Исламын не нәрселер жоққа шығаратынын және нақты жағдайлар туралы білетін, адамдар мен қоғамның жағдайын зерттейтін діндар-ғалымдар ие.
Мұндай адамдар күпірлік туралы және басқа да салмақты шешімдерді шығара алады, ал надан адамдарға және шала оқығандарға келер болсақ, олар жеке адамдарды да, қауымдарды да, мемлекеттерді де күпірлікте айыптауға құқықты емес, өйткені бұл үшін қажетті мамандық-дәрежеге ие емес».
Сұрақ: «Діни білім алуға ұмтылып жүрген кейбір адамдар мұсылман адамды діннен шыққан деп оп-оңай айта салады, бірақ бұл дегеніміз – егер осыны әмір істемесе, олар өз қалауы бойынша кез келген біреуге діннен шыққандарды жазалау құзырын да бере салады деген сөз ғой. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»
Жауап: «Шариғат бекіткен жазаларды орындау әрқашан да тек мұсылман әмірінің айрықша құзыры болып қала беруі тиіс және одан өзге ешкім бұл құзырды иеленбеуі керек, керісінше болған жағдайда бұл міндетті түрде анархияға, қоғамның ыдырауына және бүліктің туындауына әкеп соғады.
Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кінәлі болғандарға шариғат бекіткен жазаларды қолдану керек болған нәрселер үшін бір-біріңді кешіріңдер, өйткені егер іс (туралы) әмірге (хабар) жетсе, онда Аллаһ жақтаушыны да, жақталып жатқанды да лағынеттейді101». ән-Насаи «Сунан», 4886 хадис; имам Малик «Мууатта», №1580 хадис.
Мұсылман әмірінің міндеттерінің бірі, шариғат соты кінәлі адамды діннен шыққандық, ұрлық немесе басқа да бір қылмыс үшін жазаға лайықты деп бекіткен соң, шариғат бекіткен жазаларды орындау болып табылады.
Сонымен, шариғат бекіткен жазаларды орындау әмірдің айрықша құзыры болып табылады, егер мұсылмандарда әмір болмаса, онда шариғат мақұлдайтын нәрселерге талпындырумен, құпталмайтын нәрселерден қайтаруға деген талпыныспен, даналық, ізгі насихат және ең жақсы құралдармен сөйлесу арқылы Аллаһқа шықырумен шектелу керек. Жеке тұлғалар туралы айтар болсақ, оларға жазаларды орындауға тыйым салынады, өйткені, алдын айтып өткеніміздей, бұл анархия мен бүліктерге соқтырады және пайдадан көрі көбірек зиян әкеледі, ал шариғаттың бір негізгі ережесі бойынша зиянды болдырмауға пайда келтіруге қарағанда артықшылық беріледі».
Сұрақ: «Құрметті шейх, кімді діннен шыққан деп есептеу керек? Біз сізден нақты анықтама беруіңізді сұраймыз, өйткені діннен шығу туралы айыптаулар кейде күмәнді жағдайларда тағылып жатады».
Жауап: «Діннен шыққандық туралы шешімді де, басқа да маңызды шешімдерді де, білімде мығым болған діндар-ғалымдар ғана шығаруға құзырлы, олар – шариғат соттары және құрметке ие муфтилер. Діннен шыққандық туралы шешімді шығару құқығы кез келген және барлық адамға тиесілі бола алмайды, сондай-ақ, шала білімі барларға немесе дін негізінің мәнін жеткілікті деңгейде терең түсінбегендерге де тиісті емес, өйткені бұл міндетті түрде зиян тигізеді. Мұндай адамдар діннен шыққан болып табылмайтын мұсылманды діннен шыққан деп шешім шығаруы немесе Исламнан шығаратын еш нәрсе жасамаған адамды күпірлікте айыптауы мүмкін. Мұндай істер өте ауыр болып табылады, өйткені кім өзінің бауырын кәпір немесе пасық десе, ал ол іс жүзінде ондай болмаса, бұл сөздер оны айтқан адамның өзіне қайта оралады.
Сонымен, діннен шыққандық туралы шешімдерді тек шариғат соттарының қазылары және құрметті муфтилер шығара алады, ал шариғат бекіткен жазаларды тек мұсылман әмірлері атқара алады, ал қалғанның барлығы – анархия».
Шейх Салих бин Абд әл-Азиз бин Мухаммад Әл әш-Шейхтің (Аллаһ оған есендік берсін) күпірлікте айыптау мәселелесі бойынша жауаптары
Сұрақ: «Мен қарым-қатынас жасайтын кейбір адамдар ең ірі діндар-ғалымдарды кәпір дейді, өйткені олардың ойынша олар көпқұдайшылдарды қолдап, оларға болысады-мыс. Олар өздерінің балаларын осыған үйретеді және оларды осындай рухта тәрбиелейді, әсіресе мұсылман емес мемлекеттерде жарылыстар ұйымдастыру харам екендігі жайлы пәтуалар жарияланғаннан кейін. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»
Жауап: «Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа иман келтірген әрбір адам Онымен кездесуге үміт етіп және Одан қорқып, білмеген нәрселері туралы сөйлеуден және ешбір дәлелі болмаған нәрсені істеуден барлық күш-жігерімен сақ болуы керек. Бұл, әсіресе, сенім негіздері, иман, күпірлікте айыптау, харам мен халал мәселелеріне ерекше қатысты. Мысалы, халал мен харам туралы Аллаһ Тағала былай дейді: «Тілдеріңнің “бұл - харам, бұл - халал” деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар102, Аллаһқа өтірік жала жапсырған боласыңдар. Шынында, Аллаһқа өтірік, жала жапсырғандар құтылмайды. Дүние - аз бір күн көрініс. Олар үшін күйзелтуші азап бар» (ән-Нахль сүресі, 116-117-аяттар).
Бұл аят ешбір айқын дәлел келтірместен белгілі бір нәрселерді халал немесе харам деп жариялайтын адамдарға қатысты. Бұл, сондай-ақ, адамдар өздерінде бұл жөнінде білімі болмаған нәрселерді, олар тәжірибелік сұрақтарға, фиқхтың кейбір салаларына немесе олардан да маңызды болып табылатын ақидаға қатысты болуына қарамастан, Аллаһқа телитін басқа да барлық жағдайларға да қатысты. Міне, сондықтан Аллаһ Тағала адамға білімі болмаған нәрсеге ілесуге тыйым салды және білмеген нәрсе туралы сөйлеуге де тыйым салды. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай деп бұйырды: «Күдіксіз Раббым ... Аллаһ туралы білмейтін нәрселерді сөйлеулеріңді арам қылды», - де!» (әл-Ағраф сүресі, 33-аят).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтты: «Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек; олардың барлығы одан сұралады!» (әл-Исра сүресі, 36-аят).
Ал хадистердің бірінде Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер адамға (дәлелмен нықталмаған) кеңес103 берілсе, оның күнәсын осы кеңесті берген көтереді104». Абу Дауд «Сунан», №3657 хадис; Ибн Мәжжәһ «Сунан», №53 хадис.
Ақиқаттан елеулі ауытқулар және қажетті анықтамаларсыз мұсылмандарды күпірлікте айыптау сахабалардың көзі тірісі кезінде-ақ орын алған еді, бірақ Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге мұндай ауытқулардың алғашқы сипаттары пайда болғанда не істеу керектігін үйретті.
Хадистердің бірінде хабарланғандай, Меккені алудың қарсаңында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әмірі бойынша оның сахабаларының бірі болған Хатыб бин Абу Бәлтааның меккеліктерге жолдаған хаты қолға түсірілді. Хадисте былай деп жеткізіледі: «(Бұл хатта Хатыб) Меккедегі көпқұдайшылдардан болған адамдарды Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кейбір істері туралы хабарлаған болатын105. (Хаттың мазмұнымен танысып) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл не, я, Хатыб!» - деп дауыстап айтты. (Оған жауап беріп Хатыб) былай деді: «(Мені айыптауға) асықпа, я, Аллаһтың Елшісі! Істің мәні мынада: мен құрайштықтардың106 арасында өмір сүрдім, бірақ олардың қатарынан емеспін107. Сенің жаныңдағы мухажирлердің108 Меккеде туысқандары бар, ал олар олардың отбасылары мен мал-мүлкін қорғайды109. Ал менің (құрайштықтардың) арасында туысқандарым жоқ болғандықтан, өзімнің жақындарымды қорғау үшін, оларға бір нәрсе істегім келді және мен мұны күпірліктен немесе дінімнен шыққым келгендіктен істемедім!» (Оны тыңдап болып) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол расында да сендерге шындықты айтты», - деді. Ал, Умарға келер болсақ, ол: «Уа, Аллаһтың Елшісі, рұқсат бер, мен оның басын шауып тастайын!» - деп, дауыстап шіберді. (Бұған Пайғамбар): «Ол Бадр110 (шайқасына) қатысты ғой, ал сен қайдан білесің, мүмкін Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ (бұл шайқастың) қатысушыларына қарады да: «Нені қаласаңдар соны істеңдер! Мен сендерді кешіріп қойдым!» - деген шығар?», - деп жауап берді. әл-Бухари «Сахих», № 4890 хадис; Муслим «Сахих», №2494 хадис. Бұл хадистің Бухари (№3007 хадис) жеткізген басқа риуаятында Умар, Аллаһ оған разы болсын: «Уа, Аллаһтың Елшісі, рұқсат ет, менің бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!» - дегені, ал бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қой оны, Омар», - деп, содан соң Хатыбқа бұрылып одан: «Я, Хатыб, мұны істеуге сені не итермеледі?» - деп сұрағаны жеткізіледі.
Басқа бір хадисте Усама бин Зайд, Аллаһ оған разы болсын, шайқаста «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» 111 деп айтқан адамды өлтірген соң, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!», - дегеннен соң, сен оны қалай өлтіресің?!» - деп оған дауыстап айтқаны жеткізіледі. Усама: «Ол мұны тек қана құтылу үшін айтты ғой!» - деп жауап қатты. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дауыстап: «Бірақ сен Ақырет күні басталғанда «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деген (сөздермен) не істемексің?!112» - деді. әл-Бухари «Сахих», №4269 хадис.
Сөйтіп, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Усамаға, ол осы сөздерді айтқан адамның Исламын мойындамағаны үшін, сөгіс айтты.
Басқа хадисте бір әскери жорықтан кейін соғыстан түскен олжаны бөлу барысында Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам: «Әділетті бол, уа, Аллаһтың Елшісі!» - деп қарсы сөз айтқаны жеткізіледі. Аллаһтың Елшісі дауыстап: «Мен әділетті болмағанда кім әділетті болмақ?», - деді де, оны жомарттықпен еншіледі, ал содан соң ол былай деді: «Бұл тамырдан113 адамдар бөлініп шығады, және сендердің кез келгенің өзінің намаздары мен оразаларын олардың намаздарымен және оразаларымен салыстырғанда болмашы аз деп санайды, алайда ол адамдар діннен қайтады» әл-Бухари «Сахих», №3610 хадис.
Мұндай адамдар Усманның114, Аллаһ оған разы болсын, басқару тұсында пайда болған хауариждер болды. Бұл адамдардың ауытқуына олардың «Әмір өзіне Аллаһ жүктеген міндеттерді орындамай жатыр» деген пікірі әкеп соқтырды. Осының салдарынан олардың кейбіреулері оны күпірлікте айыптай бастады, ал басқалары мұндай әмірді өлтіру керек деп шешті және олар, шынымен де, оны өз бетімен кетушілікте айыптап, өлтірді.
Тура сол кезеңде олар мұсылмандардың біртұтас тобын айыптады, ал бұл жағдай Алиді оларға қарсы шығуға итермеледі, оны да олар кейіннен күпірлікте айыптады. Саны 120 мың адамға жеткен бұл адамдарға Ибн Аббас115 барды. Ол екі мәселе бойынша қайшылықты жою мақсатымен, оларды насихаттауға және олармен айтысуға кірісті, олар – адамдар Аллаһтың Кітабы бойынша үкім ету қажеттігі мәселесі және күнә жасаушы адамдарды күпірлікте айыптау мәселесі. Ибн Аббаспен болған пікірталастан кейін кейбір адамдар оларға қайта оралды, ал кейбіреулері қайтуға келіспеді, сөйтіп сол кезден бері мұсылман үмметінде мұндай айтысулар тоқтаған емес.
Күпірлікте Усман және Али, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, айыпталды және басқа да әмірлерге олардың қарсыластары осындай айыптауларды түрлі себептермен қойып отырды.
Күпірлікте айыптау діннен шыққандық туралы шешім шығаруды меңзейді. Алайда Исламды қабылдағаны анық мұсылманның діннен шыққандығы туралы шешімді адамдар бұрын бұл адамның Исламы туралы қандай сенімде болған болса, оның діннен шыққандығына да сондай сенуге мүмкіндік беретін шариғаттың сенімді нұсқауы болғанда ғана шығаруға болады. Бұған Аллаһ Тағаланың: «...сондай-ақ олар Исламды қабылдағаннан кейін кәпір болды» (әт-Тәубә сүресі, 74-аят), - деген және Оның басқа да: «Сендер иман келтіргеннен кейін кәпір болдыңдар116» (әт-Тәубә сүресі, 66-аят), - деген сөздері негіз бола алады.
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Ал сондай иман келтіргеннен кейін күпірлікке кіргендер және күпірліктерін арттырғандар, олардың тәубесі әсте қабыл болмайды» (Әли Имран сүресі, 90-аят).
Исламды қабылдаған немесе иман келтірген адам иманнан қайтуы мүмкін екендігіне нұсқайтын басқа да аяттар бар. Алайда Сүннет пен келісімнің жақтаушылары діннен шыққандық туралы айыптауды көптеген мәлім болған шарттармен байланыстырады. Бұдан тыс, олар қандай да бір сөз немесе әрекет күпірлікке айғақ болады деген нұсқаулар мен шариғат үкімдерін орындауға міндетті болған мұсылманның осыны істегені арасында айырмашылықтар қояды және осы нәрсе оны діннің шеңберінен тыс қояды ма - соны анықтайды. Іс жүзінде адам кейбір мәселелер туралы білмеуі де мүмкін, ол ақталуға лайықты немесе лайықты емес болуы мүмкін және тағысын-тағы, ал мұның барлығы белгілі шарттардың орындалуын жіне тиісті кедергілердің болмауын талап етеді.
Мұндай мәселелерде Сүннеттің жақтаушылары хауариждер мен муржилердің117 арасындағы орта қалыпты ұстанады. Хауариждер адамдарды күнә жасағандықтары үшін, кәпірлермен достық қарым-қатынастарын ұстанғандары үшін және осыған ұқсас нәрселер үшін күпірлікте айыптады. Ал муржилерге келер болсақ, олар иман келтіргендерді олардың амалдары, сөздері немесе сенімдері үшін діннен шығушылықта айыптауға болмайды деп есептеді.
Сүннеттің жақтаушылары иман келтіргені белгілі адамды тек тиісті дәлелдер болған, қажетті шарттар орындалған және белгілі кедергілер болмаған жағдайларда ғана діннен шығушылықта айыптауға болады деп тұжырымдап, хауариждер мен муржилердің екі арасындағы қалыпты ұстанады.
Бірақ бұл, сондай-ақ, барлық шарттардың орындалуының және кедергілердің болмауының қажеттігін ескеріп, қажетті дәлелдерді қоятын адамның шариғат тұрғысынан қажетті мамандық-дәрежеге ие болуын да талап етеді. Мұндай адамдар заңдарды түсіндірудің тәсілдерін игерген және барлық қажетті жағдайларға баға бере алатын шариғат судьялары (қазылары) болып табылады.
Өзге жақтан қарағанда, шариғи білімін аяқтамаған адамдар, дәлелдеу тәсілдері және осыған қатысы бар барлық нәрсе туралы білімі жеткіліксіз болғандықтан, мұндай міндеттерді орындай алмауы мүмкін. Бұл жерде белгілі біреудің күпірлікке кіргендігі жөніндегі пайымдауды дәйекті түрде негіздей алатын шариғат судьясының (қазысының) шешімі керек. (Керісінше болған жағдайда) бұл діннен шығушылықта айыптауға душар етіп, көптеген салдарға ие болуы мүмкін.
Егер осы айқын болса, онда Сүннет пен келісімнің жақтаушыларынан (әһлю-сунна уәл-жамаъадан) болған діндар-ғалымдардың иманын және Исламы мен сенімінің дұрыстығын қаралаудан өзгелерге қарағанда көбірек сақ болу керек. Тұтас алғанда, мұсылман діндар-ғалымдары дінге қатысты болған барлық нәрсемен айналысады. Олардан (адамдар) дінді және ақиқатты жалғаннан ажыратуды үйренеді. Міне, сондықтан Пайғамбардың: «Егер адам өзінің (Исламдағы) бауырына: «Әй, кәпір!» - десе, бұл олардың біреуіне қайта оралады118» әл-Бухари «Сахих», № 6104 хадис; Муслим «Сахих», №60 хадис, - деп айтқан сөздері бірінші кезекте соларды күпірлікте айыптайтындарға қатысты және мұндай сөздер міндетті түрде не оларды айтқан адамға, не олар кімге бағытталып айтылған болса, соған қайтуы керек. Бұл осындай сөздерді айтып жатқан адамға зор қауіп болып табылады, өйткені егер (ол айыптап тұрған) адам ол айтқандай болмаса, онда осындай айыптауды таққан адамның өзін кәпір деп есептеу керек болады. Міне, сондықтан осы тәрізді мәлімдемелерге өте сақтықпен қарау керек.
Діндар-ғалымдар шариғаттың, Құран мен Сүннеттің кең түсінігіне ие екеніне және шариғаттың нұсқауларын білетініне күмән жоқ, бұл оларға мәселелерді жан-жақтан қарауға мүмкіндік береді.
Фиқх119 мәселелерін шешу екі алғышарттарға негізделеледі. Біріншісі – тиісті (шариғи) нұсқаудың болуы, бұл оны дәлел ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. (Нұсқау дегенде) Құран мен Сүннеттің таласты мәселе бойынша нұсқауы айтылып тұр, ең алдымен оны табу керек, ал кейін түсіну қажет, нәтижесінде діндарларға осы аяттың немесе хадистің мағынасы неде екіндігі айқын болады.
Екінші алғышарттың мәні осы нұсқаудың белгілі бір шешімге қатыстылығын анықтауда, басқаша айтқанда тиісті шешім шығару үшін осы мәселені қандай да бір нұсқаумен байланыстыруға болатынын анықтауда.
Мұндай қатынасты анықтау ижтихадпен байланысты120. Діндар-ғалымдар білімнің шыңына әлі жетпеген адамдардан ерекшеленеді, өйткені көптеген осындай адамдар бірінші алғышарт туралы түсінікке ие болуы мүмкін, бірақ екіншісі туралы, яғни қажетті шешім шығару үшін қандай да бір мәселені шариғаттың тиісті нұсқауымен қалайша байланыстыру туралы ешнәрсе білмеуі мүмкін.
Мұның барлығы білім ізденушіден абайлық танытуды талап етеді, ал оның ар-ожданы таза болуы үшін ол білмейтін нәрсені қараумен айналыспау қажеттігін ұмытпауы керек. Және адам өзінен көбірек білетіндердің қатарынан бір адам болса да басқа пікірді ұстанатынын көрсе, бұл оның таңдаған бағытының дұрыстығы туралы оған күмән ұялатуы мүмкін, тіпті басқа пікірді көптеген діндарлар ұстанатын жағдайды айтпағанда.
Міне, сондықтан ірі діндар-ғалымдарды олар көпқұдайшылдарды қолдайды деп айыптау төменде келтірілетін бірнеше себептерге байланысты өте қауіпті болып табылады.
1. Ірі діндар-ғалымдар, хауариждердің баскөтерулері кезінде сахабалардың істегендеріндей, ақиқатты түсіндіреді және осының себебімен оларды біреу күпірлікте айыптаса, бұл әлі оның мұнысы дұрыс екендігін білдірмейді. Мұндай адам өз-өзіне қарсы қылмыс жасауда, ал шариғат судьясы (қазысы) мұндай әрекеттерді тоқтату керек және күнәлі адамды өнегелі, ғибратты жазаға тарту қажет, бұл оны болашақта осындай әрекеттерді жасаудан ұстап қалады. Егер ешкім де осындай жағдайларда шариғат бекіткен ғибратты жазаға тартылмаса, мұндай әңгімелер жиі жүретін болады. Бұрын судьялар /қазылар/ мұсылманды өзінің бауырын ит деп атағаны үшін немесе осыған ұқсас бір нәрсе айтқаны үшін ғибратты жазаға тартушы еді, өйткені бұл оның ар-намысына нұқсан келтіруші еді. Ал іс мұсылман, егер ол Аллаһтан қорықса, тағуға тиісті емес осындай ауыр айыптауларға қатысты болып жатса, мұндай жазаны қолдану тіпті кажет-ақ.
Енді көпқұдайшылдар мен кәпірлерді қолдау туралы мәселеге келсек. Біз бірқатар кездесулерде бұл мәселені зерттеумен айналысып, тиісті түсіндірмелерді беріп, иманға ие болу (дегеніміз) оған ұмтылуды және күпірліктен аулақ болу дегенді білдіреді дегенге нұсқаған болатынбыз, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Шынайы түрде сендердің қамқоршыларың - тек қана Аллаһ және Оның Елшісі, және намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рұкұғ қылушы мүміндер. Кім Аллаһқа, Елшісіне және мүміндерге жақындықты іздесе, міне солар - шынайы түрде Аллаһты жақтаушылар. Солар жеңіске ие болады» (әл-Мәидә сүресі, 55-56 аятттар).
Және иманды болу дегеніміз түрлі құдайлардан және оларға ғибадат етуден өзін аулақ етуді білдіреді, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сол уақытта Ибраһим әкесіне әрі еліне: "Шын мәнінде мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім; мені жаратқан (Аллаһқа) ғана (құлшылық етемін). Расында, Ол мені тура жолға салады", - деді. Ибраһим өз ұрпақтарына бұл сөзді121 (айнымас) мұра етіп, қалдырды. Әрине, олар осыған қайта оралар122» (әз-Зухруф сүресі; 26-28-аяттар).
Сөйтіп, иманның негізі оған деген жақындық және күпірліктен, Аллаһтан өзге кімге болса да ғибадат етуден өзін аулақ ұстау болып табылады, ал бұл иман келтіргендермен достық қарым-қатынаста болып, кәпірлерге қатыссыз болуды меңзейді.
Достық қатынастарды дін және дүние істерінде танытуға болады. Егер сөз дүние істері туралы болып жатса, онда бұл мұсылманды діннен шығармайды. Мұның мысалдары құрмет көрсету, кішіпейілділік таныту, дінге шақыру және сөйлесу болып табылады. Мұсылман адам осылайша христиан-әйелімен немесе мұсылман емес әкесімен қарым-қатынас жасай алады.
Жақындасу мақсатымен емес, тек қана ортақ дүниелік мүдделер үшін ғана болған достық қарым-қатынас, тіпті бұл дін мәселесіне қатысты кейбір кемшіліктерге соқтырса да. Бұған мына аят нұсқайды: «Әй мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да дос тұтпаңдар. Олар сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларға сүйіспеншілік көрсетесіңдер» (әл-Мумтахина сүресі, 1-аят).
Бұл жерде олар иман келтірмегендерге сүйіспеншілік көрсеткендігі айтылуда, дегенмен Аллаһ оларды иман келтіргендер деп атап тұр. Көптеген ислам ғалымдары Аллаһтың бұл сөздері мұндай адамдардың әрекеттері күпірліктің сипаты болмайтындығына нұсқайтынын айтады.
Міне, сондықтан белгілі хадисте жеткізілетініндей, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хатыбтан, оның сырды жариялауын ескеріп: «Я, Хатыб, мұны істеуге сені не мәжбүрледі?» - деп сұрады. Хатыб, Аллаһ оған разы болсын, бұған жауап беріп, мұны діни мүдделерді емес, дүние мүдделерін көздеп істегенін айтты.
Кәпірмен оның дініне байланысты достық қарым-қатынасты ұстау: яғни сүйіспеншілік танытудың және қолдау көрсетудің себебі көпқұдайшылық болып табылған жағдай, басқаша айтқанда кәпірді оның дініне байланысты жақсы көру. Мұндай жағдайларда достық қарым-қатынасты ұстау мұсылманды кәпір етеді, өйткені бұл - Аллаһ сақтауға бұйырған кемел дінмен үйлеспейді. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген адамдардың Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің» (Мужәдәлә сүресі, 22-аят).
Ал көпқұдайшылдарға (олардың дінін жақсы көріп) қолдау көрсетуге және оларға мұсылмандарға қарсы көмектесуге келер болсақ, мұндай әрекеттер адамды Исламның шеңберінен тыс қояды, бұған нұсқау ханбалилердің фиқх еңбектерінде келеді. Ғалымдар, солардың ішінде шейх-уль-ислам Мухаммад бин Абд әл-Уаххаб, мұның адамның Исламын жоққа шығаратын он нәрсенің құрамына кіретінін және екі нәрсеге: қолдау мен көмекке негізделетінін атап айтқан.
Шейх: «Көпқұдайшылдарды қолдау және оларға мұсылмандарға қарсы көмек көрсету», - деді. Бұл жерде мұсылмандардан әлдекім көпқұдайшылдардың жағына шығып, оларды қорғағанда және оларды қорғау үшін мұсылмандармен соғысқанда кез келген әдістермен қолдау көрсету тұспалданып тұр.
Ал көмекке келер болсақ, сөз күпірліктің Исламнан үстем болуына ұмтылу туралы болып тұр, өйткені көпқұдайшылға көмек көрсетудің жай өзі ғана мұсылманның күпірлігіне айғақ бола алмайды. Сол сияқты, Хатыб та өзінің қылығымен көпқұдайшылдарға Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қарсы көмек көрсетті, ал бұл оның оларға Аллаһтың Елшісі жорыққа шығайын деп жатқанын хабарлап хат жазуында көрініс тапқан еді. Бұдан хабардар болған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, одан мұның жөн-жоғасы туралы сұрай бастады, ал бұл нәрсе егер мұсылман көпқұдайшылдарға көмек көрсеткен жағдайда істің барлық жағдайын анықтап алу қажеттігіне нұсқайды. Мұндай әрекеттер туралы Аллаһ Тағала былай деді: «Сендерден кім бұны істесе, расында ол тура жолдан адасты» (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят), - дегенмен мұндай әрекет тек бір белгілі мақсатты көздеп іске асырылғанда ғана күпірлікке нұсқау бола алады. Хатыб былай деді: «Я, Аллаһтың Елшісі! Мен мұны Исламнан кейін күпірлікке ұмтылғаннан істемедім. Істің мәні мынада; мен құрайштықтардың арасында өмір сүрдім, бірақ олардың қатарынан (тайпасынан) емеспін. Сенің жаныңдағы мухажирлердің Меккеде туысқандары бар, олар олардың отбасылары мен мал-мүлкін қорғайды. Ал менің (құрайштықтардың) арасында туысқандарым жоқ болғандықтан, өзімнің жақындарымды қорғау үшін, оларға бір нәрсе істегім келді». (Оны тыңдап болып) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Аллаһ Бадр қатысушыларына қарады да: «Нені қаласаңдар соны істеңдер! Мен сендерді кешіріп қойдым!» - деді». әл-Бухари «Сахих», № 4890 хадис; Муслим «Сахих», №2494 хадис.
Хатыбтың істегенінің екі тұрғысын көрсетуге болады. Біріншісі – одан рет-жөні сұралған нәрсе. Яғни ол мұны күпірлік Исламнан үстем болсын деген мақсатпен істеді ме, осыны анықтау қажет еді. Мұндай жағдайда ол күмәнсіз күпірлікте айыпталуға лайық болар еді және Бадр соғысына қатысқанына қарамастан, кешірілуге тиісті емес еді, өйткені мұндай іс діннен шығумен пара-пар.
Екіншісі – оның адасу және күнә болатын белгілі мағынада көпқұдайшылдарға көмек көрсеткен болуы мүмкін екендігі, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да дос тұтпаңдар. Олар сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларға сүйіспеншілік көрсетесіңдер» (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтты: «Сендерден кім бұны істесе, расында ол тура жолдан адасты» (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят). Мұның барлығы осындай істерде істің мән-жайын анықтау қажеттілігі айқын екендігіне нұсқайды. Ал егер көпқұдайшылдарға оларды қорғау мақсатымен қолдау көрсету және олармен бірге мұсылмандарға қарсы шығуға келер болсақ, мұндай әрекеттер, діндар-ғалымдар түсіндіргендей, адамның Исламын жоққа шығарады.
Мұндай сұрақтар кең және ұзақ жауаптарды талап етеді. Көптеген тиісті зерттеулер шейх Абд әл-Азиз Ибн Баз және шейх Мухаммад бин Усаймин тарапынан әлдеқашан жүргізіліп жатқанына қарамастан, мұндай сұрақтар, өкінішке орай, қайталанып қойылуда және біз өзгелерді күпірлікте айыптау әдеті адамдардың арасында солайымен жойылмайды ма деп қорқамыз.
Хауариждер және хауариждік көзқарастар ешқашан жойылмайды, ал адамдар өздерін түзетпесе және сақтық танытпаса, үнемі бір нәрседе адасуда болады.
Біз барлығымыз сақтық танытуымыз, ақиқатты тануға тырысуымыз, бірімізді біріміз оны ұстануға талпындыруымыз және Пайғамбарлардың мирасқорлары болған діндар ғалымдарды қаралауды өзімізге рұқсат етпеуіміз керек. Ибн Асакир өзінің «Жалақордың өтірігіне нұсқау» атты кітабының басында: «Ғалымдардың еті уланған123 және Аллаһ оларды қаралаушылармен не істейтіні белгілі», - деп өте жақсы айтқан. Мұның барлығы - ақиқат және тәжірибемен расталады.
Бізді де, сізді де Аллаһ қате сөздерден мен істерден және жаман көзқарастардан сақтасын, Ол адасқан мұсылмандарды ақиқат жолына шығарсын және біз бен сізге ақиқатты түсіндірсін.
Күпірлікте айыптауға және адасуға қатысты мәселелерде өзгеше көзқарастарды ұстанатын және заттарды олардың іс жүзіндегі кейпінен өзгеше көрсетуге тырысатын адамдарға қалайша жауап беру керектігін біз түсініп алуымыз қажет.
Біріншіден, өтірікке өтірікпен жауап бермеу керек, өйткені жалғанға тек ақиқатты қарсы қою керек. Егер каңдай да бір адам бізді күпірлікте айыптаса, біз оны бұл үшін күпірлікте айыптамауымыз керек, егер қандай да бір адам бізді дінге жаңалық енгізушілікте айыптаса, біз осы үшін оған да осындай айып тақпауымыз керек. Мұндай жағдайларда өтірікке тек ақиқатты ғана қарсы қою керек, Сүннет пен келісім жақтаушыларының (әһлю-Сунна уәл-жамаъаның) имамдарынан болған біздің алдынғы салиқалы буындарымыздың өкілдері де осылай істеген.
Екіншіден, мұндай адамдарға ақиқат жолын насихаттауға тырысу керек және оларға қандай әдістер қолайлы болатындығы жөнінде ойлану керек. Егер олар ізгі насихатқа мұқтаж болса, оларға мұндай насихатты беру керек, ал егер күмән туғызатын нәрселерді түсіндіру керек болса, оларға қажетті түсіндірмелерді беру керек, мүмкін осы нәрселер арқылы Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ олардың кейбіреуін ақиқат жолына, Ибн Аббас арқылы, Аллаһ оған разы болсын, хауариждердің кейбірін салғандай, салар.
Бұдан тыс, өзінің Ұлы Раббысынан ғана олардан пана таба алатын, барлық тоқыраулардың, бүліктердің және жұтаулардың кезінде адам Оған тілек–дұғалармен жалбарынуы керек. Кім өзінің Раббысымен байланысын үзіп, Оған дұға-тілектерімен көмек сұрап жалбарынбаса, опат болады. Егер тіпті Аллаһтың қолдауына ие болған және ақиқатқа уахи арқылы бағытталып отырған Пайғамбарымыз Мухаммадтың өзі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Уа, Аллаһ, Өзіңнің рұқсатыңмен мені (адамдар арасында) оған қатысты қайшылық туындаған ақиқатқа бағытта! Ақиқатында, Сен тура жолға қалағаныңды саласың!» - деп жалбарынатын болса, біз және біз сияқтылар туралы не айтуға болады? Біз, әрине, тілеу мен жалбарынуға көбірек мұқтажбыз. Біз өзіміз үшін және осындай мәселеде олар ақиқатқа қарсы шығып жатқаны бізге мәлім болғандар үшін дұға етуіміз керек.
Алайда егер біреу басқаларды күпірлікте айыптап, адасып, адамдарға дұшпандық танытып және оларды қаралап, дұрыс істемей жатса, бұл біз де оларға солайша жауап беруіміз керек дегенді білдірмейді. Жоқ, бұл жерде сабыр танытып, мұндай адам үшін дұға етуіміз керек, өйткені білім ізденушінің мақсаты – адамдарды түзеу. Олар сенің сөздеріңді тыңдауы, не тыңдамауы мүмкін, бірақ оларды тура жолға салу міндеті саған жүктелмеген, өйткені Аллаһ ғана тура жолға қалағанын салады.
ТОҒЫЗЫНШЫ БӨЛІМ
ДІНДАР-ҒАЛЫМДАРДЫ БАЛАҒАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ШЕШІМ
Умар бин Салимнің, Мухаммад бин Абд әл-Ләтифтің және Абдуллаһ әл-Анкаридің (Аллаһ оларды рахым етсін) діндар-ғалымдарды балағаттау жөніндегі мәлімдемесі
Діндар-ғалымдарды жағымпаздануда, селқостықта, өз міндеттерін орындаудан бас тартуда, сондай-ақ өздеріне белгілі болған ақиқатты жасырып айтпай қоюда айыптайтын надан тұлғалардың көптеген әрекеттеріне назар аудару қажет. Бұл надан адамдар діндар-ғалымдарға жаман сөздер айту және иман келтіргендердің намысын қорлау - жойқын у, жасырын дерттің айғағы және айқын күнә екендігін білмейді, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Сондай мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер124, әрине олар жала жауып, ашық күнә жүктеп алды» (әл-Ахзаб сүресі, 58-аят).
Егер әділетті адам осындай аяттарды және сол мағынадағы хадистерді және Пайғамбардың сахабалары мен білім мен ақылға ие адамдардың айтқандарын естісе, және Аллаһтың алдында тұратынын, және өзі не айтып-істегені үшін жауапқа тартылатынын түсінсе, ол тоқтайды және алдағы уақытта мұндай әрекетті жасамайды.
Ал өзінің надандығының және қалауларының ықпалына түсіп, өз пікірімен сүйсінетіндерге келер болсақ, бізде оларға ықпал ету мүмкіндігіміз жоқ. Аллаһтан өзімізге және Исламдағы бауырларымызға игілік тілейміз, өйткені бұл Оған тәуелді және Ол бұны істей алады.
فتاوى الأئمة
في النوازل المدلهمة
جمعية إحياء التراث الإسلامي
الكويت
جمعية إحياء التراث الإسلامي - الكويت
Достарыңызбен бөлісу: |