Мұсылман діндар ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне жауаптары


Ислам әлемі Лигасының Бас Хатшысы



жүктеу 1,62 Mb.
бет2/5
Дата18.12.2017
өлшемі1,62 Mb.
#4754
1   2   3   4   5

Ислам әлемі Лигасының Бас Хатшысы,

Сауд Арабиясы Корольдігінің ғылыми зерттеулер,

пәтуалар, Ислам шақыруы мен бағдарлауы

бойынша Басқармаларының Бас директоры17

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ әл әш-Шейхтың (Аллаһ оған есендік берсін)

АҚШ-тағы Дүниежүзілік сауда Орталығының ғимаратына

жасалған әуе шабуылына байланысты жасаған

жолдауы

Әлемдердің Раббысы - Аллаһқа мадақ, пайғамбарлар мен елшілердің ең ардақтысына, оның отбасына және барлық сахабаларына игілік пен сәлем болсын.

Бізге 11-қыркүйекте АҚШ-та орын алған уақиғаларға қатысты өте көп сұрақтар келіп түсуде. Адамдар: «Шариғат бұған қалай қарайды?, -және, - Осы сияқты істерді Ислам діні мақұлдайды ма?», - деп сұрайды.

Мен Аллаһтан көмек сұрап, мынаны айтамын: адамдарға Исламды сыйлаған Аллаһ бізге рахым етті. Ол бұл діннің іске асуы ретінде кез келген орын мен кез келген уақытқа жарамды, жеке адамдармен қауымдардың жағдайларын жақсылыққа қарай өзгерте алатын, ізгілікке, әділеттілікке және қайырымдылыққа шақыратын, көпқұдайшылдықтан, жамандықтан, зұлымдықтан және қиянатшылдықтан бас тартуға үндейтін кемел шариғатты бекітті.

Аллаһ бізді осы дінге қарай бағыттағаны және оның ұстанушылары мен жақтаушылары еткені Оның ұлы нығметтерінің бірі болды, өйткені шариғаттың үкімдеріне бағынатын, Аллаһтың Елшісінің Сүннетіне ілесетін және ешбір нәрседе бұл діннен ауытқымайтын мұсылман екі дүниеде де ешбір зиян шекпейді.

Мыңдаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған АҚШ-тағы қайғылы уақиға, күмәнсіз, шариғат құптамайтын амалдардың қатарына жатады, Исламға ешқандай қатысы жоқ және оның шариғатының негіздерімен үйлеспейді. Бұл төменде келтірілген нұсқаулармен расталады:

1. Аллаһ Тағала әділеттен таймауға бұйырды, өйткені әділеттіліктің үстінде жер мен көктер сүйеніп тұр және адамдарға жіберілген елшілер мен көктен түскен Кітаптар оларды әділеттілікке шақырып отырды.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Негізінде Аллаһ әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан және зорлық-зомбылықтан тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине, түсінерсіңдер» (ән-Нахль сүресі, 90-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Расында, елшілерімізді ашық мүғжизаларымызбен18 жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, Таразыны (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік» (әл-Хадид сүресі, 25-аят).

Сондай-ақ әділеттілігі Мінсіз, Кемел Аллаһ ешкімге өзгенің күнәсін жүктеуге болмайтындығы туралы үкім етті: «Ешкім басқаның (күнәсының) жүгін көтермейді» (ән-Нәжм сүресі, 38-аят).

2. Аллаһ, Оған мадақтар болсын, зұлымдықты Өзіне Өзі харам етті және оны құлдарының өзара қатынасында да харам деп жариялады. Бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде Аллаһтың былай дегені жеткізілген: «Әй, Менің құлдарым, ақиқатында, Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және Оны сендердің араларыңда харам еттім; ендеше, біріңе бірің жәбір жасамаңдар!» Муслим «Сахих», №6572 хадис.

Бұл Оның барлық құлдарына, олардың мұсылман, мұсылман еместігіне қарамастан, қатысты айтылған, сондықтан да олардың ешбіріне басқа біреуіне қатысты зұлымдық жасауға рұқсат етілмейді және де ешкім бұған дұшпандықтың немесе өшпенділіктің әсерімен де жол бермеуі керек.

Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ» (әл-Мәидә сүресі, 8-аят).

Сөйтіп, дұшпандық пен өшпенділік сезімдері зорлық пен зұлымдыққа заңды негіз бола алмайды.

Жоғарыда баяндалғандарды ескеріп, барлық елдер мен халықтар, олар Исламды ұстанатынына немесе ұстанбайтынына қарамастан, мыналарды білуге тиіс:


  1. АҚШ-та орын алған, сондай-ақ осыған ұқсас басқа да: ұшақтарды басып алып қашу, бейбіт тұрғындарға үрей салу немесе жазықсыз адамдарды өлтіру сияқты - іс-әрекеттер зұлымдық пен езгінің бір түрі болып табылады. Мұндай әрекеттерді шариғат құптамақ түгілі, оларға тыйым салады және ең ауыр күнәлар қатарына жатқызады.

2. Өз дінінің қағидаларымен таныс және іс жүзінде Құран мен өзінің пайғамбарының Сүннетінің нұсқауларын ұстанатын мұсылман мұндай әрекеттерге қатысудан қашады, өйткені олар адамға Аллаһтың қаһарын төктіреді және зиян келтіреді.

3. Мұсылман үмметінің ғалымдары мұндай оқиғалардың шынайы мәнін көрсетуге міндетті, бүкіл әлемге шариғаттың ұстанымын және Ислам діні мұндай әрекеттерді еш құптамайтынын түсіндіруі керек.

4. Бүлік тарату, Исламды және мұсылмандарды қаралау және адамдардың жүрегінде дұшпандық сезімдерді лаулату мақсатымен мұсылмандарға қарсы айып тағып, бұл ақиқат дінді қаралап, Исламға қатысты болмаған нәрсені оған таңыған ақпарат құралдарының артында тұрғандар ақылға тоқтап, өз дінінің ереже-қағидаттарымен таныс кез келген әділетті және ақылды адам туралы былай айтуға жол берілмейтіндігін, сол сияқты оған қарсы мұндай айып тағуға болмайтындығын түсінуге тиісті. Өйткені Исламды ұстанатын халықтар ғасырлар бойы үнемі адамдардың құқықтарын құрметтейтін және зұлымдық пен зорлық көрсетуден сақтанатын.

Айтылғандардың барлығы ақиқатты түсіндіреді және түсінбеушіліктерді жояды. Аллаһтан бізге ақыл-парасат беруін, бізді бейбітшілік жолдарымен жүргізуін, Өзінің дінін нығайтуын және Өзінің Сөзін ұлықтауын тілеймін. Пайғамбарымыз Мұхаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.



Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ бин Мухаммад Әл әш-Шейх,

Сауд Арабиясы Корольдігінің Бас мүфтиі,

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің және

Ғылыми зерттеулер мен пәтуа бойынша

Басқарманың басшысы

Шейх Салих бин Мухаммад әл-Люхайданның (Аллаһ оған есендік берсін) АҚШ-тағы Дүниежүзілік сауда Орталығының ғимаратына жасалған әуе шабуылына байланысты айтқан сөзі19

Құрметті телекөрермендер, сіздерге Аллаһтың сәлемі, игілігі және берекесі болсын.

Не орын алса да - Аллаһқа мадақ, Оның рахметімен игілік жасалып жатқан Аллаһқа мадақ, бүкіл нәрсенің тағдырын белгілеп және бекітіп қойған Аллаһқа мадақ!

Адамдар орын алған жайтқа қатысты пікірлердің ұштаспауына не әкеп соққаны туралы және АҚШ-тың басына келген опат туралы бізге және бір-біріне сұрақтар қойып, осындай оқиғалар шариғат тұрғысынан қандай бағаланатынын білгісі келеді.

Ислам шариғаты кез келген уақиғаларға қолданыла алатын, құрамында кез келген мәселелердің шешімі бар және кез келген апаттармен - соның ішінде жақын күндерде орын алғандары да бар - олардың көлемі туралы үкім шығаруға мүмкіндік беретін, бүкіл нәрсені қамтитын діни заң екендігіне күмән жоқ. Көбіне адамдар «Шариғаттың осындай оқиғаларға қатынасы қандай?», «Шариғат осыны рұқсат етеді ме?», «Мұсылман ғалымдары осындай іс-әрекеттерді құптайды ма?» деген сұрақтарды жиі қояды.

Исламның мұндай оқиғаларға қатынасы қандай екендігі туралы не айту керек? Мұсылман ғалымдары барлық орын алып жатқан жағдайлар туралы айтуы керек және мұсылмандар мен мұсылман еместердің басына түсіп жатқан сәтсіздіктерге шариғаттың қатынасын түсіндіруі керек.

Барлық нәрсе Аллаһтың тағдыры мен үкімі бойынша орын алып жатқанына және шариғат кез келген оқиғаларға қолдануға жарамды екеніне еш күмән жоқ. Аллаһ – даналардың Ең Данасы, рахымдылардың Ең Рахымдысы және Ол Әділетті Би болып табылады. Ол әділетсіздікті (зұлымдықты) Өзіне харам етті және оны Өз құлдарының арасындағы қарым-қатынаста да харам етті, бұл жөнінде құдси хадистердің бірінде Аллаһ былай деп айтады: «Әй, Менің құлдарым, ақиқатында, Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және Оны сендердің араларыңда харам еттім; ендеше, біріңе бірің жәбір көрсетпеңдер!» Муслим «Сахих», №6572 хадис.

Жазықсыз адам зорлыққа ұшырап жатса және ешбір қылмыс жасамаған адам өлтіріліп жатса, бұл зұлымдықтың көрінісі болып табылады. Тек адамдарға ғана емес, жындарға да рахымшылдықтың, мейірімділіктің және жанашыршылықтың пайғамбары етіп жіберілген Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға барлық қажетті нұсқауларды түгел етіп берді. Ол әскери жорықтарға және соғыс әрекеттеріне қатысты, ал қолды жорыққа дайындау кезінде сарбаздарға: «Сендер баланы да, әйелді де, әлсіз қартты да, өзінің кельясында ғибадат етушіні де20 өлтірмеуге міндеттісіңдер», - деп бұйыратын. Муслим «Сахих», №4522 хадис.

Бұл дегеніміз: Ислам басқаларды өлтіретін, соғысатын және мұсылмандарға шабуыл жасайтындарды ғана өлтіруге рұқсат береді.

Осыған орай, емізулі нәрестелер мен әйелдер, қарт шалдар мен кемпірлер, ауру мен сау адамдар құрбан болып жатқан осындай қылмыстар, мал-мүлікке және оның иелеріне зиян тигізіп жатқан қылмыстар аса үлы қылмыс және қауіпті күнә болып табылады. Шариғат оларды Ислам тыйым салған жер бетінде бұзақылық таратуға, егіндер мен мал түлігін жоюға теңестіреді, өйткені мұндай амалдарға Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған. Бір әскери жорық барысында өлтірілген әйелді көрген Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онымен соғыспау керек еді», - деген. Абу Дауд «Сунан», №2669 хадис. Ал бұл – оны (әйелді) өлтіру – мүлде тыйым салынған іс екендігін көрсетеді.

Мен теледидардан бұл ғимараттарға қалайша соққы берілгенін және олардың қирауының дәл қарсаңында адамдарды Қиямет күні басталғандай қорқыныш баулағанын көрдім, бұл сасқандарынан қай жаққа қашуын білмей жан-жаққа ұрынғандардың жүздерінен көрінді.

Міне, сондықтан осыны жасаған адамдар және осындай қылмыстарды жасаушылардың барлығы да Ислам тұрғысынан өте қауіпті қылмыскерлер болып табылады және олар ең жаман амалдар жасап жатыр. Ал кімде-кім: «Шариғаттың, Құран мен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінің мақсатын білетін мұсылман діндарларының әйтеуір біреуі осындай әрекеттерді кұптайды», - десе, ол олар туралы жаман ойда болғаны.

Мұсылман адам дұшпанынының қайғы-қасіретіне де, егер оған зұлымдық жасалған болса, қуанбайды, өйткені зұлымдыққа мүлдем рұқсат жоқ, ал жазаға лайықты емес адамға қарсы өшпенділік әрекеттер жасау харам және жиіркенішті. Ал куәгерлердің көз алдында жасалған, ол туралы хабар кең тараған және оны көзімен көрген адамдарға үрей салған қылмыс туралы не айтуға болады, әрі мұсылмандар осындай әрекеттерді құптайды деп қалайша айтуға болады?!

Орын алған оқиғаны ақтап, дәлелдеу үшін не ойланып табылса да, бұндай негіздемелер (дәлелдер) орынсыз болып табылады, ал мұндай әрекеттер, оларды Ислам критерийлерінің негізінде бағаласақ, ақтала алмайды. Аллаһ Тағала қасиетті Құранда мұсылмандарға былай дейді: «...және бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ....» (әл-Мәидә сүресі, 8-аят).

Әділетке жер мен көктер сүйеніп тұр, ал жаппай жазалауға келер болсақ, бұл әділеттілікпен еш ұштаспайды және ол - әділетсіздіктің көрінісі, сондай-ақ зорлық-зомбырлық пен жиіркенішті амал болып жазылады. Өйткені бір ғана жазықсыз адамды өлтірудің өзі - ұлы қылмыс, ал енді арасында сәбилер мен жас балалар және Қиямет күні келген сияқты қорыққанынан түсік тастаған болуы мүмкін жүкті әйелдер бар көптеген адамдарды өлтіру қаншалықты ауыр болмақ!

Мұсылманның ақыл-санасы бұл қылмыстың жасалу салдарынан адамдар куә болған жан түршігерлік көріністерді мақұлдай алмайды, сондай-ақ оны жасаған адамдардың ақталуы да қабылданбайды, тіпті олар мұсылман ортасында және мұсылман елінде өскен болса да; ал маңыздысы - бұл ғалымдардың айтып жатқан сөздері және шариғаттың мұндай әрекеттерді қауіпті қылмыстардың санатына жатқызатындығы.

Ұшақтарды алғашқы алып қашулар туралы хабарлар Сауд Арабиясы Корольдігінде мәлім болғанда, ол ұшақтардың арасында сол кезде бірде-бір саудиялық ұшақ жоқ болатын және бұл елдің ғалымдары мұндай әрекеттерге, ұшақтағы жолаушылар мұсылман немесе мұсылман емес болуына қарамастан, тыйым салынғандығы туралы шешім шығарған еді. Ғалымдар мұндай зұлымдық – харам (тыйым салынған), ал негізсіз зорлық-зомбырлық және адамдарға үрей салуға оқшалану ең ұлы жамандықтардың қатарына жатады және бұзақылықтың (пасықтықтың) көрінісі болып саналады деп тапты.

Ислам мемлекеті болып табылатын және шариғат нұсқауларына ілесетін Сауд Арабиясы Корольдігінің мұндай әрекеттерді және оларды жасаушыларды өз тарапынан ашық айыптауы таңданарлық жайт емес, өйткені бұл мемлекет қандай бастамаса жаса да, оның бұл жолдағы қадамдары Исламға қайшы келмеуі керек.

Бұл дегеніміз, мұндай әреккетерді айыптай отырып, мемлекет діннің қағидаларын басшылыққа алады және Ислам ұстанымы атынан сойлейді, өйткені оның аймағында екі мұсылмандық Қасиетті орындар бар және бұл жерден Исламның жолдауы жан жаққа тарала бастады, сондықтан-да оның мұндай жексұрындықты кұптамайтындығына, оны жасаушылардың қылмыстарына сөгіс жасайтынына және қылмыскерлерге пана беріп оларды жасыратындардың және олардың әрекеттерін құптайтындардың әрбірін айыптайтынына таңданудың қажеті жоқ. Исламды ұстанатын, шариғаттың мақсаттарынан хабары бар және шариғаттың Аллаһтың құлдарына қаншалықты мейірімді және аяушы екендігін білетін мұндай әрекеттерді өте жеккөрінішті және адамдарға ең көп зиян әкелетін амалдар деп санайды.

Мен теледидарға шығуымнан алдын маған көптеген сұрақтар қойылды. Олардың көптігін және адамдардың Сауд Арабиясы Корольдігі әділет органдарының ұстанымын түсіну үшін сот мекемесі басшысының сөздерін естуді қалауын ескере отырып, мен шығып сөйлеуді және мыналарды айтуды жөн көрдім: мұндай әрекеттер айыптауға лайықты, алайда Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жасалған қылмысқа оны жасаған қылмыскердің өзі ғана айыпты», - деген сөзін ұмытпау керек. Әт-Тирмизи «Сунан», №2159 хадис; Ибн Мажжаһ «Сунан», №3659 хадис.

Бұл дегеніміз: егер біреу қылмыс жасаса немесе белгілі қағидалар мен ережелерді бұзса, ол үшін жауапкершілікті оның өзі ғана көтереді және жауапкершіліктерді өзгелерге жүктемеу керек. Осы камераның алдына шығып сөйлеуден бірнеше сәт бұрын, мен бір газеттің сұрақтарына жауап беріп, бұл жан түршігерлік акцияның ақтауы жоқ екендігін және ол тек өшпенділіктің көрініс беруіне және мұндай әрекеттерді кұптамаған да, мақтамаған да мұсылмандарға қарсы бағытталған өш алу актілеріне әкеп соғатынын түсіндірген болатынмын. Алайда әділеттілік пен ақыл әркім тек өзінің күнәсі үшін жауап беруін және жеке біреулерден де, адамдардың топтарынан да өзге біреулердің күнәлары үшін есеп талап етілмеуін талап етеді. Бұл жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жасалған қылмысқа оны жасаған қылмыскердің өзі ғана айыпты, - деп айтқанындай. Ал Құранда былай деп айтылған: «Ешкім басқаның (күнәсінің) жүгін көтермейді» (Нәжм сүресі, 38-аят).

Бұл дегеніміз: жазықсыз адамға жамандық жасаған адамның күнәсінің айыбын жүктемеу керек, ал өзгелерге зиян тигізбейтін біреуді қылмыскердің жасаған қылмысы үшін жазаламау керек.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Америка халқына қатысты сұрақтар және американдықтар енді сол елде өмір сүріп жатқан мұсылмандарға немесе ол елге баратын арабтарға немесе өзге ұлт өкілдеріне белгілі бір теріс ұстаныммен қарайтын болады деген мәселелер көтерілген болатын. Адамдарды «Осы ақылға қонымды ма?» деген сұрақтар қызықтырады.

Мен алдында да айтушы едім, қазір де мынаны қайталаймын: өздерін демократияның көрнекті қорғаушылары және әділеттің жақтаушылары деп атайтын американдықтардан олар өз азаматтарына және еліне келуші арабтарға немесе өзге мұсылмандарға немесе мұсылман емес арабтарға мұндай қарым-қатынас жасайтынын күту екіталай. Табандылығымен, ақыл-пайымымен және көптеген басқа да жақсы сипаттарымен ерекшеленетін американдықтар еш жамандық жасамаған адамдарға залымдар ретінде қарайды деу мүмкін емес, өйткені қылмыскер мен жазықсыз тең емес, ал бейбіт адамға зорлық акцияларын жасап жатқан адамның айыбын тағуға болмайды.

Мен тағы да бір рет қайталаймын: Ислам мұндай әрекеттерді мүлдем орынсыз деп санайды. Алдында мен соғыс кезінде әскери қимылдың қатысушылары әдетте бейбіт тұрғындарға тиетін зиян туралы да, олардың опат болуы туралы да ойланбайтынын айтқан болатынмын. Алайда Ислам балаларды, соғысқа қатыспайтын әйелдерді, қарт кісілерді және өз кельяларында ғибадат істерімен айналысатын монахтарды өлтіруге тыйым салған сияқты, соғыс қимылдарында қатыспайтындарды да өлтіруге тыйым салады. Осындай көзқарастарды ұстанған, Елшісі түрлі халықтарға және жеке адамдарға жіберілген діннің ұстанушылары мұндай аса зымиян залым амалдарды құптай алмайды. Бұл әрекеттер өте үлкен және бұрын орын алмаған қауіп болып табылады, ал оларға қатысу немесе болысу барлық жағдайда қылмысқа теңестірілуі керек. Бұдан тыс, мұндай әрекеттерді болдырмауға қажетті мамандарға белгілі болған барлық шараларды қолдану керек.

Шариғат өз құрамында дененің ғана емес, әлеуметтік науқастардың да алдын алу құралдарына ие екендігіне және ауырудың алдын алу оны емдеуден жақсы екендігіне еш күмән жоқ, өйткені қауіп-қатерді болдырмау шариғаттың мақсаттарына және ақыл санасы дұрыс адамдардың талабына жатады.

Сөзді көбейтпей-ақ, мұсылман үмметінің атынан оның ғалымдары мен саяси басшылығы мұндай әрекеттерді кұптай алмайтынын ерекше қадап айтамын. Сондай-ақ, мен Америка қоғамы да, жалпы батыс қоғамы да азаматтары оның қалауынсыз қылмыс жасап жатқан мемлекетке келіспеушік талаптарын қоя алмайды және мұндай мемлекетке қарсы, мұндай әрекеттер жасауға ешбір рұқсат алмай және мемлекетін хабардар етпей, осындай әрекет жасаушылардың амалдары үшін, дұшпандық қадамдар жасай алмайды деп нық сенемін, өйткені осы жиіркенішті қылмысты жасаушылардың біреуі де өз ниеттері туралы өз мемлекетінің ресми өкілдерін хабардар етті деп ойламаймын. Ресми тұлғалар кез келген жерде өз отандастары туралы дұрыс және біржақты ғана болмаған пікірде болуы керек, әсіресе ол елдерде тұрақты немесе уақытша тұратын көптеген мұсылмандар оларға қарсы айыптаулар тағылған елдерден шыққандығын ескерген түрде. Ал Исламға қатысты айтар болсақ, ол мұсылмандарды түсі немесе тілі бойынша алаламайды.

Тағы да бір рет қайталаймын, АҚШ зардап тартқан іс-әрекеттер жабайы айуандардың іс-әрекеттерінен де, біз әдетте көріп үйренген лаңкестер (терроршылар) мен қылмыскерлердің іс-әрекетінен де жан түршігерлік сипатта. Орын алғанның барлығы ерекше қауіпті және жиіркенішті болып табылады.

Аллаһ Тағаладан бізді бұл дүниеде кез келген жамандықтан сақтауын, әрбір адасқанға тура жол сілтеуін, ақиқатқа және оны жақтаушыларға көмектесуін, жалғанды және оны жақтаушыларды көмексіз қалдыруын, біздің барлық істеріміз Оған ұнамды болуын және бізге рахымын төгуін тілейміз, өйткені Аллаһ Өзінің рахымына бөлемегендерге ешкім көмектесе алмайды.

Аллаһтың Елшісіне, оның бауырлары болған өзге пайғамбарлар мен елшілерге және шынайы ықыласпен ақиқатты ұстанатындарға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа мадақ, Ұлы, Жоғары Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ.



Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның (Аллаһ оған есендік берсін) қопарушылық іс-әрекеттерге байланысты сұрақтарға берген жауаптары

Сұрақ: «Аллаһ Сізді рахымына бөлесін. Мұсылман емес мемлекеттерде адамдарды өлтіру және үкіметтік мекемелерді жару сияқты әрекеттер қажеттілік болып табылады ма, әрі осыны жихад деп атауға болады ма?21»

Жауап: «Адам өлтіру мен жарылыстарға тыйым салынған, өйткені олар мұсылмандарға қайғы-қасірет шақырады және олардың өлтірілуіне, сондай-ақ қудалануына әкеледі. Ал Аллаһтың жолындағы жихадқа қатысты айтар болсақ, онда тек ашық шайқас және тек белгілі шарттарға сәйкес амалдар болуы тиіс. Бұл істе Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өнегесіне ілесу міндетті болып табылады. Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Мәдинаға көшуге дейін Меккеде кәпірлердің арасында болған кезде мына аяттар түсті: «Сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!» - делінгендерді көрмедің бе?» (ән-Ниса сүресі, 77-аят).

Сөйтіп оған кәпірлермен соғысудан бас тарту бұйырылған еді, өйткені олардың біреу болса да өлтірілсе, кәпірлер барлық мұсылмандарды опат қылар еді. Мұсылмандар өмір сүріп жатқан елдердегі адам өлтірулер мұсылмандардың өлтірулеріне әкеп соғады, ал бұл қазір де орын алып жатыр. Мұның Ислам шақыруына (дағуатына) ешбір қатысы жоқ және де ол Аллаһтың жолындағы жихад болып табылмайды. Мұсылмандарды қайғы-қасіреттің қойнауына тастап жатқан жарылыстар туралы да осыны айтуға болады».

Сұрақ: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабалары Меккеде өмір сүрген кездерінде осы сияқты әрекеттер жасады ма?»

Жауап: «Жоқ! Ешқашан, өйткені оларға бұл тыйым салынған еді».

Сұрақ: «Ол Меккеде өмір сүрген кезінде кәпірлердің мал-мүлкін жойды ма?»

Жауап: «Ешқашан, өйткені бұған тыйым салынған еді, ал оған тек Исламға шақырумен айналысу және адамдарға Аллаһтың Жолдауын жеткізу бұйырылған еді».



ЕКІНШІ БӨЛІМ

МҰСЫЛМАН ӘМІРЛЕРІНЕ (ЕЛ БАСШЫЛАРЫНА) ҚАРСЫ ШЫҒУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ

Мұсылман әмірлеріне (ел басшыларына) қарсы шығуға қатысты сұрақтарға имамдардың берген жауаптары

Шейх-уль-ислам22 Ибн Таймия23, Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деген: «Сондықтан да Сүннетті ұстанушылардың көпшілігі әмірлерге (ел басшылырына) қарсы көтеріліске шығуды және оларға қарсы қарулы күрес жүргізуді, тіпті олар әділетсіздік (зұлымдық) көрсетіп жатса да, рұқсат етілмеген (тыйым салынған) деп есептейді, бұған сахих хадистер нұсқайды. Ұрыс-шайқастар әкеп соқтыратын бұзақылық пен бүліктердің таралуы әмірлерлердің (ел басшыларының) ұрыс-шайқассыз және бүліксіз жасап жатқан әділетсіздіктерінен көбірек зиян әкеледі. Әмірге қарсы шығып жүрген адамдар өздерінің қарсы шығуынан келетін зиян олар себебін жойғысы келген зияннан да үлкен болуы ықтимал екендігін білмеуі мүмкін». «Минхаж әс-Сунна ән-набауийа», 3/390.

Имам24 Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рахымына бөлесін: «Мұсылман әмірлеріне (ел басшыларына) қатысты ықылас көрсету өшпенділікпен және алдаумен үйлесе алмайды, өйткені ықылас – өшпенділікке қарама-қарсы нәрсе. Шынайы мұсылмандар қауымдастығының жақтаушысы болу да жүректі өшпенділік пен алдаудан тазартады, өйткені өзін мұсылман қауымдастығының жақтаушысы деп санайтын адам сол қауымдастықтың мүшелеріне де өзіне қалаған нәрсені тілейді және өзіне қаламаған нәрсені оларға да қаламайды.

Оларды ренжітетін және қуантатын нәрселер оны да ренжітеді және қуантады, бұл жайт оны рафидилерден, хауариждерден, муътазиләлардан, тағы солар сияқты басқа да бұл қауымдастықтан бөлініп шыққандардан және мұсылмандарды жамандап, қаралағандардан ерекшелейді. Мұндай адамдардың жүрегі өшпенділік пен алдауға толып біткен, сондықтан да сен рафидилердің ықыластан анағұрлым алшақтағанын, олардың мұсылман әмірлеріне (ел басшыларына) және мұсылман үмметіне қатысты өте өтірікші екенін және олар шынайы мұсылмандардан бәрінен де алыста екенін көрудесің», - деп айтқан. «Мифтах дар әс-саада», 1/62.

Ибн әл-Қайим сондай-ақ былай деді: «Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өз үмметінің мүшелеріне Аллаһ пен Оның Елшісі сүйетін жақсы нәрселерге жету үшін жамандықтан қайтаруды міндетті еткендігін мысал етіп келтіруге болады. Алайда егер жамандықтан қайтару одан да жаман және Аллаһ пен Оның Елшісі жек көретін нәрселерге әкелетін болса, онда жамандықты қайтаруға негіз жоқ, тіпті Аллаһ мұны және мұндай істерді жақтаушыларды жек көрсе де. Бұл жерде сөз патшалар мен әмірлерді (ел басшыларын) мойындамау және оларға қарсы қарулы көтерілістерде көрініс тауып жатқан жағдайлар туралы болуда, өйткені бұл кез келген жамандықтың және соңы жоқ бүліктердің негізі болып табылады.

Бірде сахабалар, Аллаһ оларға разы болсын, Аллаһтың Елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намазды бекітілген уақыттарынан кешіктіріп өткізетін әмірлермен соғысуға рұқсат сұрап: «Біз олармен соғыссақ қайтеді?», - дегенде, ол: «Олар намаздарды орындауды тоқтатпайынша, жоқ», - деп жауап берді. Муслим «Сахих», № 4800 хадис.

Сондай-ақ, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізіледі: «Өз әмірінің қандай да бір (істерін) құптамайтын (адам) сабыр сақтасын және ешбір жағдайда оған бағынудан шықпасын...» Муслим «Сахих», № 7054 хадис.

Кез келген адам үлкен және кіші бүліктер орын алған кезде Исламның жағдайы қандай болғандығы жайлы ой қозғаса, адамдар пайғамбардың насихаттарына құлақ аспағанын және өздері қайтаруға ұмтылған жамандыққа сабыр сақтамағанын және бұл оларды баяғыдан да жаман нәрселерге әкеп соқтырғанын көреді». «И’ләм әл-маукаейн», 3/4.



Шейх-уль-ислам Мухаммад бин Абд әл-Уаххабтың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) сөздері

«Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен (бастаймын)!

Мухаммад бин Абд әл-Уаххабтан осы жолдау жетіп баратын оның әрбір бауырына.

Сендерге Аллаһтың сәлемі, игілігі және берекесі болсын!

Сіздерде қазіргі кезде бұрын бізде де орын алған нәрселер болуда, және де біреу тағы да осындай уақиғаларға тап болса, біз бауырларымызға мыналарды барынша түсініп алуға кеңес береміз. Істің арқауы мынада: діннің жақтаушыларынан болған кез келген біреу жамандықты қайтару кезінде, өзінікі толығымен дұрыс болса да, кейде қателесіп, Аллаһ Тағаланың: «Әй, мүміндер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер. Түп-түгел Аллаһтың жібіне (дініне) жабысыңдар да, бөлінбеңдер. Сондай-ақ, өздеріңе Аллаһтың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені бір-біріңе дұшпан едіңдер, Ол жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Отты бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, Ол сендерді одан құтқарды. Осылайша Аллаһ сендерге, тура жолға түсулерің үшін, аяттарын баян етеді» (Әли Имран сүресі, 102-103 - аяттар), - дегеніне қарамастан, осы мәселеге бауырларының арасын алалауға дейін апаратындай мән беріп жібереді.

Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Расында, Аллаһ сендерге үш (нәрсені) қалайды: сендер Оған ғана құлшылық етулеріңді және ешкімді оған серік қоспауларыңды; Сендер Аллаһтың жібінен ұстанып бөлінбеулеріңді және Аллаһ өздеріңнен үстем етіп қойғандарға игі насихат берулеріңді». Имам Малик «әл-Мууатта», № 1864 хадис; имам Ахмад «Муснад», № 8134 хадис.

Ғалымдар былай дейді: «Жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтаратын адам үш нәрсеге мұқтаж: ол өзі шақырып жатқан нәрсесі және қайтарып жатқан нәрсесі туралы білуі керек; жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтаруда жұмсақтық көрсетуі керек және өзіне өзгелерден тиіп жатқан ренжітетін нәрселерге сабырлық таныта білуі қажет». Ал сендер осыны түсінуге деген ұмтылысқа және осыған іс жүзінде ілесуге мұқтажсындар, өйткені діннің жақтаушысы осыған іс жүзінде жеткіліксіз деңгейде ілескенде және бұл туралы түсінігі толық болмаған жағдайда қателіктерге бой береді.

Бұдан тыс, ғалымдар мына жағдайға да нұсқайды: егер жамандықтан қайтару алауыздыққа алып келетін болса, онда оған жол берілмейді. Мен нұсқаған нәрсеге ілесуге және осыны түсінуге ұмтылуға сендерге Аллаһ көмектессін, ал егер сендер осыған ілеспесеңдер, сендердің қайтаруларың дінге зиянын тигізеді, ал мұсылман адам өзінің дін және дүние істерінде барлық нәрсені ретті етуге ұмтылады».



Шейх-уль-ислам Мухаммад бин Абд әл-Уаххаб сондай-ақ былай деді:

«Бұл сөздер көп те емес, бірақ олар өзіне көп мағынаны қамтиды, сондықтан олар туралы ойланыңдар, олардың мән-мағынасына жетуге ұмтылыңдар және айтылғанға сәйкес амал істеңдер және сендер осылай істесеңдер, онда бұл (осылай істегендерің) дінге көмегін тигізеді де, Аллаһтың қалауымен, бәрі дұрыс болады.

Айтылғанның жалпы мағынасы мынада: егер де әмір (ел басшысы) немесе өзге кез келген адам айыпталатын бір нәрсе істесе, оған жұмсақ және құпия түрде игі насихат беру керек, егер ол келіссе, барлық нәрсе жөнге келеді. Олай болмаған жағдайда, оған, өзімен жеке сөйлесіп кеңес берген кезде, ол оның кеңесіне құлақ салатын адамды алып келу керек, егер де ол мұны да істемесе, онда оған ашық түрде сын айтуға болады.

Әмірлерден (ел басшыларынан) басқа барлық адамдарға қатысты осылайша істеуге болады. Ал егер әмірге (ел басшысына) игі кеңес берілсе, әрі ол оны қабылдамаса және оған басқа адамды алып келген кезде ол онымен де келіспесе, онда бұл жөнінде бізді құпия түрде хабарландыру керек.

Елдің әрбір тұрғыны бұл жолдауды көшіріп жазып алсын да, оның көшірмесін өзінде қалдырсын, ал Аллаһ бұл жөнінде жақсырақ біледі». Ибн Ғәннәм «Тарих», 1/221.

Ғалымдар: Саъд бин Атиктің, Мухаммад бин Ибраһимнің, Умар бин Салимнің, Мухаммад бин Абд әл-Ләтифтің және Абдуллаһ әл-Анкаридің (Аллаһ оларға рахым етсін) әмірлерге (ел басшыларына) қарсы шығу мәселесі туралы айтқандары

Ислам келісімсіз діннің жоқтығына, имаматсыз25 келісімнің жоқтығына, мойынсұнусыз имаматтың жоқтығына анық нұсқау береді, ал әмірдің (ел басшысының) билігіне бағынудан шығу туралы айтар болсақ, онда бұл Аллаһтың құлдарының арасында бұзақылықтың таралуының және дұрыс жолдан ауытқудың негізгі себептерінің бірі болып табылады, ал Аллаһ Тағала былай деді: «Негізінен, Аллаһ сендерге аманаттарды өз иелеріне тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында, Аллаһ сендерге нендей жақсы уағыз береді. Шәксіз, Аллаһ – толық Естуші, тым Қырағы. Әй, мүміндер, Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы хайырлы да, нәтижеде жақсы» (ән-Ниса сүресі, 58-59-аяттар).

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шариғат билігі туралы былай деді: «Ғалымдардың айтуынша, жоғарыда келтірілген аяттардың біріншісі әмірлерге (ел басшыларына) қатысты, олар аманаттарды иелеріне қайтаруы керек және адамдардың арасында билік жүргізуде әділетті болуы керек. Ал екінші аят жауынгерлерден және өзгелердің қатарынан болған биліктің қол астындағыларының барлығына қатысты, олар өздеріне барлық істерде басшылық ететін әмірлерге, егер олар Аллаһқа мойынсұнбауға бұйырмаса, бағынуға тиісті. Егер олар Аллаһқа мойынсұнбауға бұйырса, онда (сол бұйрықты орындауда) Жаратушыға қарсы шықпау және жаратылғанға бағынбау керек. Егер бір нәрсе жайлы келіспеушіліктер туындаса, онымен Аллаһтың Кітабына және Оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне жүгініңдер, ал егер әмірлер (ел басшылары) бұлай істемесе, онда оларға тек Аллаһтың бұйрықтарына қайшы келмейтін нәрселерде ғана бағыну керек, өйткені осыда Аллаһқа және Оның Елшісіне деген, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мойынсұнушылық танылады және бұл, Кұран мен Сүннет бұйырғандай, олардың құқықтарының орындалуына мүмкіндік береді. Аллаһ Тағала былай дейді: «Жақсылыққа, тақуалыққа бір-біріңе жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа бір-біріңе жәрдемдеспеңдер» (әл-Мәида сүресі, 2-аят).

Жоғарыдағы аят аманатты иелеріне қайтаруды және әділеттілікпен билік жасауды міндетті ететіндіктен, әділетті және жақсы билік жүргізудің мәні де осыларда». «Мәжму’ әл-фатауа», 28/246.

Убада бин әс-Самиттің, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «(Кезінде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізді өзіне шақырды, ал біз оған ант бердік және өзге де нәрселердің қатарында ол бізден бізге жеңіл және ауыр болған кезде де, өзімізге заңды түрде тиісті болған нәрселерден айырған кезде де (оған) бағынатынымыз және құлшынысты болып, құлықсыздық танытпайтынымыз туралы ант беруімізді талап етті. Біз заңды әмірді билігінен құлатуға ұмтылмаймыз (деп ант бердік), ал Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Тек қана (оның) айқын күпірлікке түскенін көрмесеңдер және бұл жөнінде сендерде Аллаһтан дәлелдер болса26», - деді. әл-Бухари «Сахих», № 7056 хадис; Муслим «Сахих», № 1709 хадис.

Абу Хурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім (әмірге) бағынудан және жамағаттан бөлініп шықса және сол қалпында өлсе, жахилиет дәуірінің өлімімен өлген болады27; кім өзінің надандығының итермелеуімен және өзінікі болғанға ғана соқыр әуестенгедіктен ызаланып соғысса28, немесе өзінікі болғанға ғана ілесуге шақырса, немесе өзінікі болғанды ғана қорғап өлсе, жахилиет кезінде опат болған сияқты опат болады; ал кім менің үмметіме қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендерден сескенбей және өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің - оған (еш қатысым жоқ)», - дегені жеткізілген. Муслим «Сахих», № 4848 хадис.

Myъаз бин Жәбәлдан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Әскери жорықтың екі түрі бар. Кім (әскери жорыққа) тек Аллаһ үшін қатысса, әмірге бағынса, ең қымбаттысын (Аллаһ үшін) жұмсаса және серігіне қатысты жұмсақтық танытса, өзінің ұйықтағаны үшін де, ояу сәттері үшін де сауап алады. Ал кім мақтауға ие болу үшін және өзгелерге көрсету үшін жорыққа қатысса, әмірге бағынбаса және жер бетінде бұзақылық таратса, мұндай (сауапты) ала алмай оралады». Ән-Насаи «Сунан», № 3188 хадис; Абу Дауд «Сунан», №2515 хадис.

Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «(Әрбір адам) әмірге бағынуы және оған ұнаған нәрседе де, ұнамаған нәрседе де құлақ асуы керек, тек ол (Аллаһқа) мойынсұнбауға бұйырмаса ғана, өйткені (мұндай жағдайда) оған құлақ аспау да, бағынбау да керек болады», - дегені жеткізіледі. әл-Бухари «Сахих», №7144 хадис; Муслим «Сахих», № 1839 хадис.

Хузайфаның, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «(Бірде) Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Менен кейін менің жетекшілігіме ілеспейтін және менің Сүннетімді ұстанбайтын әмірлер пайда болады және сендердің араларыңда адамның денесіндегі шайтан жүректі адамдар пайда болады», - деді. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі, осылар менің өмір сүруім кезінде орын алса, мен не істеуім керек?», - деп сұрадым. Ол: «Сен әмірді тыңдауың керек және оған бағынуың керек, тіпті ол сенің арқаңнан ұрса да және сенің мал-мүлкінді тартып алса да, тыңда және бағын!», - деп жауап берді. Муслим «Сахих», №1847 хадис.

Әл-Харис әл-Ашариден, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері жеткізіледі: «Мен сендерге Аллаһ маған бұйырған мына бес нәрсені бұйырамын: тыңдаңдар, бағыныңдар, жихад жүргізіңдер, хижрет жасаңдар және келісімді (әл-жамаъаны) ұстаныңдар. Ақиқатында, кім келісімнен (әл-жамаъадан) бір қарысқа кері кетсе, Исламға қарсы көтеріліске шыққан болады». Имам Ахмад «Муснад», № 17344 хадис; әт-Тирмизи «Сунан», № 2863 хадис.

Шейх Абд әл-Ләтиф бин әш-Шейх Абд ар-Рахман, олардың екеуін де Аллаһ рақымына бөлесін, былай деді: «Кейбіреулер осы хадисте аталған бес нәрсені Исламның бес парызына29 қосты да, бұл бес парыз осылардың арқасында ғана тура және бекем тұра алады деп есептеді. Бұл келісім (әл-жамаъа) мен бағынудың жоқтығына негізделген жахилиет дәуірінде болғандардан ерекшеленеді».

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шариғат билігі туралы былай деді: «Адамдардың істерін басқару ең маңызды діни міндеттердің бірі болып саналатынын білу қажет, тіпті осы ғана (адамдарға) дін және дүние істерімен айналысуға мүмкіндік береді. Ақиқатында, адамдар бірлесіп қана игілікке қол жеткізе алады, өйткені олар бір-біріне мұқтаж, ал біртұтастық басшыға мұқтаж».

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, сондай-ақ мынаны айтты: «Аллаһ Тағала жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтаруды міндетті етті, алайда күш-қуатсыз және биліксіз мұны іске асыру мүмкін емес. Бұл Аллаһтың тарапынан міндеттілік болып бекітілген басқа да істерге қатысты, мысалы: жихадқа; жұмысқа; қажылық жасауға; жұма және айт намаздарын орындауға; жәбір көргендерге көмек көрсетуге; немесе шариғат бекіткен жазаларды қолдануға, өйткені мұның барлығын тек күш пен биліктің көмегімен ғана іске асыруға болады. Міне, сондықтан да біреу: «Әмір Аллаһтың жердегі көлеңкесі болып табылады», - депті. Ал басқа біреу: «Әділетсіз әмірдің алпыс жыл билік жүргізгені бір күн әмірсіз болудан қайырлы», - депті, ал тәжірибе бұл сөздердің дұрыстығын дәлелдеуде. Міне, сондықтан біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінен болған кісілер, соның ішінде әл-Фудайл бин Ийяд, Ахмад бин Ханбәл және басқалар: «Егер бізде Аллаһ тарапынан қабыл болатын дұға жасау мүмкіндігіміз болғанда, біз Оған әмір (ел басшысы) үшін жалбарынар едік», - дейтін.

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, сондай-ақ былай деген: «Билікке діни міндеттілік және Аллаһқа жақындаудың құралы ретінде қарау керек, өйткені әмірдің Аллаһқа және Оның Елшісіне бағынуы арқылы Аллаһқа жақындауға деген ынтасы жақындаудың ең жақсы құралдарына жатады, ал басшы болу мен байлық үшін билікке ұмтылатын адамдар көп жағдайда бұзылады». «Мәжму’ әл-фатауа», 28/390

Ибн Ражаб: «Мұсылман әмірлеріне (ел басшыларына) бағыну туралы айтар болсақ, ол бұл дүниеде бақытты өмір сүрудің кепілі болады. Оларға бағыну арқылы Аллаһтың құлдарының өмірлік мүдделері қамтамасыз етіледі, ал бұл оларға дінін ұстануға және Аллаһқа бағыныштылығын танытуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Али ибн Абу Талиб, Аллаһ оған разы болсын, былай дегендей: «Ақиқатында, адамдардың істерін тек әмір (ел басшысы) ретке келтіре алады, ол салиқалы немесе пасық болуына қарамастан. Егер әмір пасық болса, бұл иман келтірген адамға оның Раббысына құлшылық жасауға көмектеседі30, ал пасық (әмір) оның мерзімі жеткенше өз амалдары үшін күнәсінің ауыртпалығын өзі көтереді».

Ал әл-Хасан әл-Басридің әмірлер туралы айтқан сөздері мынандай: «Олар біздің істеріміздің бесеуімен айналысады: жұма күнгі, жалпы және айт намаздарымен31; шекараларды қорғаумен және жаза қолданумен. Аллаһтың атымен ант етемін, тек олардың болуымен ғана діннің өмір сүруі сақталуда, тіпті олар адамдарға қысым жасап, оларға әділетсіздік көрсетсе де! Аллаһтың атымен ант етемін, әмірлердің қолдарымен Аллаһ олардың өздері бұзғандарынан көбірек нәрселерді ретке келтіреді! Аллаһтың атымен ант етемін, оларға бағыну адамдарда ыза туғызса да, олардан бөлініп кету күпірліктің көрінісі болып табылады». «Жәмиъ әл-Улюм уәл-хикам», 2/117.

Ибн Муфлих өзінің «Әл-Адаб» кітабында Ханбәлдің былай дегенін жеткізеді: «Әл-Уасиқтың32 билік жүргізу тұсында фақихтер33 Абу Абдуллаһтың34 алдына жиналды да, оған: «Іс қиындап кетті және кең етек жайды35, сондықтан да біз оның басқаруы мен билігіне разы емеспіз», - деді. Оларды мұнысында қолдап, ол былай деді: «Сендерге мұндайды жүректеріңмен қайтару керек, алайда бағынудан шықпаңдар, мұсылмандар арасында іріткі таратпаңдар және істі сендердің де, өзге мұсылмандардың да қаны төгілуге дейін жеткізбеңдер, бірақ нәтиженің қандай болуы туралы ойланыңдар және сабырлық танытыңдар, ізгі-салиқалы (адам) пасықтан тыныштық таппайынша». Және ол, сондай-ақ: «Бұл36 дұрыс емес, бұл хадисте көрсетілгендерге қайшы келеді», - деді». «Әл-адаб әш-шәрийә», 1/137.

Біз келтірген Құранның аяттары, Пайғамбардың хадистері және ғалымдардың сөздері әмірге бағынудың міндетті екеніне және оған қарсы шығуға және күрес жүргізуге тыйым салынғандығына, сондай-ақ адамдардың діни және дүниелік мүдделерін тек қана жоғары биліктің және келісімнің көмегімен қамтамасыз етуге болатындығына нұсқайды. Барлық айтылғанның мағынасын түсінген жағдайда, әмірге бағынудан бас тарту және оған қарсы бағытталған кез келген әрекеттер, мейлі ол соғыс жүргізу немесе басқа бір нәрсе болсын, күнә және Аллаһ пен Оның Елшісіне мойынсұнбау болып табылатыны және Сүннет пен келісімнің (әһлю-Сунна уәл-жамаъаның) жақтаушыларының ұстанымына қайшы келетіндігі айқын болады.

Әмірлердің күнәлары жайлы және олар тарапынан жасалып жатқан, күпірліктің тартысуға келмейтін куәлігі болып табылмайтын және оларды Исламның шекарасынан шығармайтын, (шариғат) бұзушылықтары туралы айтар болсақ, онда шариғатқа сәйкес мұндай жағдайларда оларға жұмсақ түрде игі насихат беру керек.

Бұдан тыс, біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерімізден өнеге алу керек және кездесу-жиындарда және адамдар жиналған жерлерде әмірлерді балағаттап-жамандамау керек.

Ал егер біреу: «Осыда Аллаһтың құлдары үшін міндетті болып табылатын айыптыны айыптау бар», - десе, онда мұндай пікір - үлкен қате және айқын надандықтың көрінісі болып табылады, ал осындай көзқарастарды ұстанатын адамға олардың дін мен дүние істеріне нендей опат әкелетіндігі беймәлім. Алайда бұл жөнінде жүрегін Аллаһ нұрландырған және біздің бұрынғы ізгі салиқалы буын өкілдерімізге және дініміздің имамдарына ілескендер анық хабардар.

Шейх Абд әр-Рахман бин Наcиp әс-Саадидің (Аллаһ оны рахымына бөлесін) әмірлерге (ел басшыларына) ықылас таныту туралы айтқан сөздері

«Мұсылман әмірлері туралы және жалпы билік өкілдері туралы, жоғарғы билеушіден әкімге дейін және қазыдан бастап қандай да бір билікке ие біреуге дейін айтар болсақ, оларға, мәртебесіне сәйкес, ықылас таныту міндетті болып табылады, өйткені оларға, басқалармен салыстырғанда, маңыздырақ болған мәселелер мен міндеттер жүктелген.

Бұл - әмірлердің билігін мойындауда, шариғат мақұлдаған нәрселерде оларға міндетті түрде бағынуда, оларға қарсы шығудан бас тартуда, билік қоластында болғандардан өзгелерді оларға бағынуға және олардың Аллаһ пен Оның Елшісінің бұйырғандарына қайшы келмейтін әмірлерін орындауға шақыруда, оларға игі насихат беру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануда және олар өздерінің лауазымына сәйкес өз қоластындағылары үшін не істеу керектігін түсіндіруде өз көрінісін табуы керек. Сондай-ақ, Аллаһтан Ол әмірлерді игілікке жеткізуін және оларға көмек беруін тілеу керек, өйткені олардың игілігі олардың қол астындағыларға да игілік болмақ, сол сияқты оларды қаралап-жамандаудан және олардың кемшіліктері туралы сөз таратудан аулақ болу керек, өйткені бұл үлкен зиян алып келеді.

Әмірлерге шынайы ықылас танытудың көрінісі сондай-ақ оларды дұрыс емес нәрселерді жасаудан ескерту де болып табылады, сондықтан да олардың тыйым салынған бір нәрсені істеп жатқанын көрген әрбір адам оларды бұл жөнінде жұмсақ және құпия түрде, осы адамдардың мәртебесіне сәйкес келетін және қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін сөздермен ескерту керек. Бұл әрбір адамға қатысты міндет болып табылады, әсіресе бұл әмірлер мен билік өкілдеріне қатысты, өйткені мұндай ескертулер көптеген игілік алып келеді және шыншылдық пен ықыластылықтың сипаты болып табылады». «Әр-Рийад ән-надира», 49-бет, 501-бет.



Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) әмірлерге (ел басшыларына) қарсы шығу туралы сұрақтарға берген жауаптары

Сұрақ: «Құрметті шейх, «Кейбір әмірлердің ауыр күнәлар жасауы оларға қарсы шығып, өзгерістерге қол жеткізуге оқталуды қажет етеді» деп есептейтін адамдар бар, бірақ бұл сол елде өмір сүріп жатқан мұсылмандарға зиян тигізеді және оның салдарынан бүкіл ислам әлеміне қиындықтар келуі мүмкін. Сіз бұл жөнінде не ойлайсыз?»

Жауап: «Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Аллаһтың Елшісіне, оның отбасына, сахабаларына және оның басшылығының себебімен дұрыс жолға түскендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Әй, мүміндер. Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы хайырлы да, нәтижеде жақсы» (ән-Ниса сүресі, 59-аят).

Бұл аятта әмірлерге бағынудың міндетті екендігі туралы айтылуда, «әмірлер» деп билік иелері де, сондай-ақ білім иелері де айтылуда, ал Аллаһ Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахих хадистерінде шариғат мақұлдайтын нәрселерде оларға бағыну қажетті және міндетті болып табылатындығы нұсқалады.

Хадистер шариғат құптайтын нәрселерде әмірлерге бағыну туралы айтылып тұрғанын түсіндіреді. Сөйтіп, мұсылмандар әмірлерге (шариғат) мақұлдайтын нәрселерде бағынуы керек, бірақ күнәлі істерде емес, ал олар күнәлі істерге бұйырса, онда оларға бағынбау керек. Сонымен қоса, осы үшін оларға қарсы көтеріліске шығуға да рұқсат етілмейді, өйткені Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Егер адам өз әмірінің белгілі бір күнәлі іс істеп жатқанын көрсе, ол істеп жатқан сол күнәлі істі жек көрсін, бірақ ешбір жағдайда оған бағынудан шықпасын». Имам Ахмад «Муснад», 6/24/28; Муслим «Сахих», № 1855 хадис.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деді: ««Кім (әмірге) бағынудан шықса және (мұсылман) жамағатынан бір сүйем болса да қашықтаса және сол қалпында өлсе, жахилиет дәуірінің өлімімен өлген болады Имам Ахмад «Муснад», 2/296; Муслим «Сахих», №1847 хадис.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы да былай деген: «Адам (әмірге) құлақ асуы керек және оған өзіне ұнайтын нәрседе де, ұнамайтын нәрседе де бағынуы керек, тек оған күнәлі бір нәрсе істеу бұйырылмаса ғана, ал оған күнә істеу бұйырылса, ол тыңдамау да, бағынбау да керек». Муслим «Сахих», №1839 хадис; ән-Насаи «Сунан» , 7/160.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінен кейін олардың кейбір істерін сахабалар мойындайтын, ал кейбір істерін теріске шығаратын әмірлер пайда болады деп айтқанда, олар: «Сен бізге не істеуді бұйырасың?» - деп сұрады, ал ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұған: «Оларға (беруге) тиісті болғандарыңды беріңдер де, Аллаһтан өздеріңе қақыларың бойынша тиісті нәрсе жайлы сұраңдар», - деп жауап берді. әл-Бухари «Сахих», № 7052 хадис; Муслим «Сахих», № 1843 хадис.

Убада бин әс-Самиттің, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «(Кезінде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізді өзіне шақырды, ал біз оған ант бердік және өзге де нәрселердің қатарында ол бізден бізге жеңіл және ауыр болған кезде де, өзімізге заңды түрде тиісті болған нәрселерден айырған кезде де (оған) бағынатынымыз және құлшынысты болып, құлықсыздық танытпайтынымыз туралы ант беруімізді талап етті. Біз заңды әмірді билігінен құлатуға ұмтылмаймыз (деп ант бердік), ал Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Тек қана (оның) айқын күпірлікке түскенін көрмесеңдер, бұл жөнінде сендерде Аллаһтан дәлелдер болса37», - деді. әл-Бухари «Сахих», № 7056 хадис; Муслим «Сахих», № 1709 хадис.

Осыдан мыналар келіп шығады: биліктің қоластында болғандарға әмірлермен егеске түсуге де, оларға қарсы көтеріліске шығуға да болмайды, тек қана олар әмірдің айқын күпірлікке түскенін көрмесе және бұл жөнінде оларда айқын дәлелдер болса ғана. Бұндай тыйым әмірге қарсы шығу үлкен қасіреттерге, қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылуына және адамдардың құқықтарының шектелуіне әкеп соқтыруы мүмкін екендігімен, бірақ жәбір көрсетушіні тоқтатуға және жәбір шегушілерге көмек көрсетуге кепілдік бермейтіндігімен ғана түсіндіріліледі. Бұл мұсылмандар әмірдің анық күпірлікке кіргенін көріп және бұл жөнінде оларда айқын дәлел болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Сонда ғана олар мұндай әмірге қарсы көтеріліске шығуларына болады, егер олардың күш-қуаты бұған жетсе; кері жағдайда қарсы шығуға болмайды, өйткені бұл оларға көбірек зиян әкеледі. Шариғаттың барша мойындаған ережелерінің біріне сәйкес жамандықты одан да асқан жамандықпен тоқтатуға (жоюға) болмайды, жамандықты оны жоятын нәрсемен, немесе жеңілдік әкелетін нәрсемен ғана тойтару керек.

Осы ережеге сүйеніп, мынаны айтуға болады: егер адамдардың бір тобы, қажетті мүмкіндіктері бола тұра, күпірлікке айғақ болатын амалдар жасап жатқан әмірді орнынан алып, оның орнына ізгі және салиқалы әмірді тағайындауды қаласа және бұл (әрекет) мұсылмандарға зиян тигізбесе және бұрыңғы әмірден де асқан жамандыққа айналмаса, онда көтеріліске шығуға болады.

Ал егер көтеріліс зиян келтірсе және қоғамдық тәртіптің бұзылуына, жазықсыз адамдардың езгіге түсуіне және өлтірілуіне, сондай-ақ өзге де ұлы апаттарға әкеп соқса, онда бұған рұқсат етілмейді. Бұндай жайттарда сабырлық танытып, әмірге шариғат тарапынан мақұлданатын нәрселерде бағыну керек, билік өкілдеріне игі кеңестер беріп, Аллаһқа олар үшін жалбарыну керек, сондай-ақ жамандықтың азаюы және жақсылықтың көбеюі үшін бар күш-жігерді сарп ету керек. Соңынан ілесуге тиісті дұрыс жол осы болып табылады, өйткені мұндай әрекеттер барлық мұсылмандардың пайдасына қызмет атқарады, жамандықты азайтып жақсылықты арттыруға мүмкіндік береді, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға ықпал етеді және мұсылмандарды бұдан да үлкен жамандықтардан сақтап қалады, ал біз Аллаһтан баршаға көмектесуін және тура жол сілтеуін тілейміз.

Сұрақ: «Құрметті шейх, сіз атаған нәрселер Сүннет пен келісімнің жақтаушыларының (әһлю-Сунна уәл-жамаъаның) негізгі ұстындарының бірі болып табылатынын біз білеміз. Алайда, өкінішке орай, кейбір жастар бұндай идеяларды ұтылушылардың идеялары деп түсініп, оларда қорқақтықтың белгілерін көреді. Міне, сол үшін олар, өзгерістерді іске асыру үшін, зорлық қолдануға шақырады».

Жауап: «Мұндай сөздерді айтып жүрген адамдар қателеседі және олардың түсініктері таяз, өйткені олар Сүннетті түсінбейді және оны лайықты түрде білмейді. Қызбалаңдығы мен құштарлы құлшыныстары оларды дұрыс емес нәрселерді жоюға итермелейді, осы үшін олар хауариждер мен муътәзиләлар сияқты шариғатқа қарама-қайшы шығуға тура келетіндіктеріне қарамастан.

Ақиқатқа көмектесуге деген қалаулары немесе діндегі ерекше құлшыныстары оларды жалған нәрселерге әкелді, соның салдарынан олар мұсылмандарды істеген күнәлары үшін күпірлікте айыптай бастады немесе күнә істегені үшін адамдар Тозақта мәңгі қалады деп айтатын болды, бұның мысалы ретінде муътәзиләлардың тұжырымдамаларын келтіруге болады.

Хауариждер күнәхарларды күпірлікте айыптап, олар Отта мәңгі қалады деп тұжырымдады. Муътәзиләлар олардың күнәхарлар Отта мәңгі қалады деген тұжырымдамасымен келісті, бірақ бұл дүниеде күнә жасаушылар кәпірлердің де, иман келтіргендердің де қатарында емес, екеуінің арасындағы аралық кейіпте болады деп айтты, алайда бұл тұжырымдардың барлығы да адасу болып табылады.

Сүннет пен жамағаттың жақтаушылары (әһлю-Сунна уәл-жамаъа) күнә жасаушыны оның жасаған күнәсі үшін, егер ол осындай күнәні жасауға болады деп санамаса, күпірлікте айыптауға болмайды деп есептейді. Мысалы, зина жасаушы да, ұрлық жасаған адам да, арақ ішуші де кәпір болып табылмайды, бірақ олардың әрқайсысы иманы әлсіз күнәхар және пасық болып табылады. Мұндай адамға шариғат бекіткен жазаны қолдану керек, бірақ оны күпірлікте айыптауға болмайды, тек ол өзі жасаған күнәсін рұқсат етілген деп есептемесе және «бұл рұқсат етілген» деп айтпаса.

Хауариждердің, адамдарды күпірлікте айыптаулары негізсіз болғандай, бұл жөніндегі тұжырымдары да негізсіз болып табылады. Міне, сол үшін мұндай адамдар жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында, (алғашында) олар Исламнан ауытқып кетеді де, кейін оған қайта оралмайды», - деген. Муслим «Сахих», №1067 хадис; Ибн Мажжәһ «Сунан», 1/170.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деді: «Олар мұсылмандармен соғысып, пұтқа табынушыларды тастап қояды». әл-Бухари «Сахих», №3344 хадис; Муслим «Сахих», №1064 хадис, Абу Дауд «Сунан», №4764 хадис; ән-Насаи «Сунан», 5/87.

Өздерінің соқыр сенімдерінің, надандығының және адасушылығының салдарынан хауариждер осындай жағдайға түсті. Ал жас және ересек адамдарға келер болсақ, олар хауариждер мен муътәзиләларға еліктемеуі керек. Керісінше, олар Сүннет пен келісімнің жақтаушыларының (әһлю-Сунна уәл-жамаъаның) жолымен жүріп, шариғаттың нұсқауларын басшылыққа алып, аят пен хадистерде айтылғандарға еруі керек. Бұл дегеніміз: олар әмірге оның істеген күнәсі немесе күнәлары үшін қарсы шықпаулары керек, жоқ, олар өздерінің мақсатына жетпейінше және жамандық азайып немесе жойылып кетпейінше, ал жақсылық көбеймейінше, жақсы және дана әдістерді қолданып және ең күшті дәлелдерді келтіріп, оған игі кеңестер беруі керек, оған хат жазып онымен сөйлесуі керек.

Бұл жөнінде хадистерде айтылады, ал Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сен оларға Аллаһтың мейірімі бойынша жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді» (Әли Имран сүресі, 159-аят).

Сонымен, тура жолға шақырушылар шариғаттың шеңберінен шықпауы керек және жақсы сөздерді, даналықпен сәйкес келетін әдістерді пайдаланып, Аллаһ билікке жеткізген адамдарға игі кеңестер беруі қажет. Және олар, жақсылық көп болып, жамандық азаймайынша, өз шақыруларында зорлықты емес, ең жақсы әдістерді қолданатын, әмірлерге игі кеңестер беретін және оңашада Аллаһтан оларды тура жолға бағыттауын, игілікке жетуін, күнәлардан бас тартуын және ақиқатты ұстануын жалбарынып тілейтін Аллаһқа шақырушылардың саны көбеймейінше, осыйлайша істеуі керек.

Және олар Аллаһтан Аллаһ ісі үшін құлшыныс танытып жатқан өздерінің бауырларына да осыны тілеуі керек, олар зорлықты емес, ең жақсы нәрселерді пайдаланып, Аллаһ жолына шақырумен белсеңді айналысулары үшін, оларға үгіт-насихат беруі қажет. Осылардың себептерімен жақсылық көбейе түседі, ал жамандық азаяды, Аллаһ әмірлерге игілікке апаратын жол көрсетеді және барлығы да ең жақсы нәрселерге қол жеткізеді».

Сұрақ: «Белгілі бір топтың әмірге қарсы шығуға қажетті болған шариғи негіздемелері жеткілікті делік, бірақ сол (негіздемелер) әмірдің көмекшілерін және де үкімет органдарында жұмыс істейтін адамдарды, мысалы, полицейлерді, қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін және өзге де адамдарды өлтіріп жоюды ақтайды ма?»

Жауап: «Алдын мен әмірге қарсы шығуға тек екі шарт болған кезде ғана жол беруге болады деп айтып өткен болатынмын: олардың бірі – әмір тарапынан айқын күпірлік танытылса және көтерілісшілер ол жөнінде Аллаһтан түскен дәлелдерге ие болса; ал екіншісі – әмірді орнынан жағдайды қиындатуға әкелмейтіндей етіп ығыстыру мүмкіндігінің болуы».

Сұрақ: «Кейбір жастар мұсылман мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан немесе сапармен келген мұсылман еместермен шариғатқа сәйкес қатал қарым-қатынас жасау керек деп есептейді, сондықтан егер мұсылман еместердің қылықтарында ұнамсыз нәрсе көрсе, оларды өлтіруді және тонауды өзіне рұқсат етіп жүргендер де жоқ емес».

Жауап: «Елге кіруіне мемлекет рұқсат берген күнәхарлар мен мұсылман еместерді өлтіру, сондай-ақ оларға қарсы зорлық акцияларын жасау рұқсат етілмейді, ал қандай да бір келеңсіздіктер туындаған жағдайда, оларды сот органдарына тапсыру керек, өйткені тек шариғат соты ғана мұндай мәселелерді қараумен айналыса алады38».

Сұрақ: «Егер елде шариғат соттары болмаса, не істеу керек?»

Жауап: «Егер елде шариғат соттары болмаса, онда әмірлерге, олар шариғат нормаларының негізінде сот жүргізе бастағанға дейін, жақсы кеңестер беру, оларды игілікке бағыттау және олармен ынтымақтастықта болу ғана қалады, ал өз қалауымен жүгенсіз сот жүргізуге жол берілмейді. Әмірлермен ынтымақтастықта болып, ең жақсы тәсілдерді қолдану арқылы оларды сот үкімдерін шариғат бойынша шығаруға ынталандыру керек. Міндетті түрде ең жақсы дәлелдердің көмегімен ғана насихат беру керек және игілікке бағыттап, жамандықтан қайтару керек, ал Аллаһ Тағала былай деді: «Сондықтан шамаларың келгенше Аллаһтан қорқындар» (әт-Тағабун сүресі, 16-аят)

Ал адам өлтіру немесе қақтығыстар арқылы көрініс беретін қайтаруға келер болсақ, бұл, күмәнсіз, жағдайды тек одан сайын шиеленістіреді және одан да көбірек зиян тигізеді, бұл жөнінде осы мәселені зерттеген әрбір адам хабардар».

Сұрақ: «Біздің салиқалы алдынғы буын өкілдері көпшілік алдына шығып әмірлерге сын білдірген бе, әрі олар әмірлерге игі насихатты қалай берген?»

Жауап: «Әдетте олар әмірлердің кемшіліктері туралы көпшіліктің алдында сөйлемеген және мінберлерге39 шығып мұндай нәрселер туралы жарияламаған, өйткені бұл анархияға, шариғат мақұлдайтын нәрселерде де әмірлерге бағынбауға және тек қана зиян әкеліп, еш пайда бермейтін нәрселерге әкеп соқтыруы мүмкін. Әдетте діннің салиқалы алдыңғы буын өкілдері әмірге игі насихатты онымен оңаша қалғанда беретін, оларға жолдаулар жазатын немесе әмірмен байланыста болған ғалымдармен байланысты үзбей ұстап отыратын. Олар қайтарылған нәрселерге сөгіс білдіру үшін, зина жасайтын, арақ-шарап ішетін немесе өсімқорлықпен айналысатын адамның атын атамаған, ол әмір болса да, немесе биліктің қол астындағы болса да, ал бұл (өз кезегінде) қайтарылған нәрсені айыптауға және осындай (күнәларды) жасаудан кез келген адамды тыйуға мүмкіндік беретін.

Усманның, Аллаһ оған разы болсын40, билік жүргізуінің тұсында бүлік басталған кезде бір кісі Усама бин Зайдке41: «Сен Усманмен сөйлесіп көрмейсің бе?», - деді, ал ол оған: «Мен онымен сендердің көздерінше сөйлеседі деп ойлайсыңдар ма, бірақ мен онымен тек оңаша сөйлесемін, өйткені мен осылай (сендер айтқандай) істейтіндердің алғашқысы болғым келмейді42», - деп жауап берді.

Усманның, Аллаһ оған разы болсын, басқару тұсында адамдар жамандық істей бастаған соң және әмірлерге көпшіліктің алдында сөгіс айта бастағаннан кейін бүліктер мен ұрыстар басталып кетті, олардың салдарын адамдар бүгінгі күнге дейін сезінуде. Бұл Усманның43 өлтірілуіне, Али мен Муғауияның арасындағы араздыққа және көптеген сахабалар мен басқа да адамдардың өліміне әкелді. Ал осының барлығына себеп болған – көпшілік алдында әмірді айыптау және оның кемшіліктерін атау, бұл адамдарда оған деген өшпенділікті туғызды және оларды оны өлтіруге ынталандырды, ал біз Аллаһтан (мұндайдан) аман болуды тілейміз».


жүктеу 1,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау