Ms word редакторы туралы негiзгi мағлұматтар



жүктеу 363,34 Kb.
бет2/2
Дата17.11.2017
өлшемі363,34 Kb.
#951
түріПрограмма
1   2

Белгі-деп , парақтың мәліметтерін түсініктемесін беру үшін ұяға енгізілген, тексті айтады. Мысалы: <<Аты>> осы бағанада бір нәрснің аты жазылған тексті білдіреді. Есептеген кезде Excel белгілерді есепке алмайды.

Мән-деп, ұяға енгізілген санды айтады. Excel бағдарламасы мәндерді есептерде қолданылады, бірақ оларды орындау үшін Сіз ұяға формула -мән енгізуіңз керек, онда ұяның мекен-жайы сандар және арифметикалық әрекеттер жазылуы тиіс. Формуламен есептеудің нәтижесі ұяда көрінеді. Бет өзгерткен кезде немесе формулаларды басқа ұяның мекен-жайына көшірген кезде автоматты түрде өзгереді. Ұяларды белгілеу.

Диапазон деп, жою, көшіру,форматтау, баспаға шығару, өзгерту немесе формулада қолдану үшін белгіленген ұяларды айтады. Диапазон шектес (бір-біріне қосылған) және шектес емес (қосылмаған) ұялардан тұрады.

· Шектес ұяларды белгілеу.

· Диапазонның бірінші ұясына тышқанның батырмасымен сырт еткізіңіз.

· Диапазонның соңғы ұясына тышқан белгісін апарыңыз. Белгіленген ұялар қара түске боялады. Диапазонды белгілегеннен кейін курсор ұяның жоғарғы сол жағында тұрады. Шектес емес ұяларды белгілеу:

· Диапазонның бірінші ұясына тышқанның батырмасын сырт еткізіңіз.

· Диапазонның соңғы ұясына тышқанның белгісін апарыңыз.

· Ctrl пернесін басып тұрып ұялар тобын белгілеңіз.

· Диапазон ұяларын белгілегенше осы әрекеттерді қайталаңыз.



Ұялардың ішіндегі мәліметтерді көшіруге және бір орыннан келесі орынға жылжытуға болады.

Мәліметтерді жылжыту үшін келесі әдіс қолданылады:

1) Жылжытқыңыз келетін ұяны немесе диапазонды белгілеңіз

2) Белгіленген аумақтың шегіне тышқан белгісін қойыңыз. Ол стрелка түрінде көрінеді.

3) Тышқан батырмасын басып тұрып, диапазонды белгіленген жерге апарыңыз.

4) Керек ұяға барып; тышқан батырмасын жіберіңіз.

Мәліметтерді басқа орынға көшіру үшін, жылжытқан кезде Ctrl пернесінбасып тұрыңыз. Тышқан белгісінің қасында "+" белгісі шығады, ол бөлігі мәләметтердің көшіріліп жатқанын білдіреді.

Жұмыс парақтарының жолдары мен бағаналары-мәліметтерді сақтаудың және форматтаудың ыңғайлы тәсілі, бірақ тек Excel-дің есептеу қабілеті ғана олармен жұмыс істеп өңдей алады.

Үндемеген кезде Excel формулаларды өзгерткеннен кейін ләзде есептейді. Ол автоматты түрде орындалады. Excel формулалары әрқашанда "теңдік" белгісінен басталады, осыдан кейін келесі мәліметтер енгізіледі: мысалы =(A15+B3)*2*

Егер ұяда формула жазылса, ондай ұяда формуланың нәтижесі ғана жазылады Формуланың өзі формулалар панелінде көрінеді. Формуладағы ұяның мекен-жайы, автоматты түрде басқа ұяларға көшірген кезде өзгереді. Формула сәйкес мәндерді есептеп ақырғы нәтижесі парақта көрінеді. Формуларды енгізгенде арифметикалық әрекеттердің кезектілігі сақталады. Excel-де әрекеттердің кезектілігі осндай:алдымен функция, дәреже, көбейту және бөлу. Мысалы: 5+2*3 формулада Excel ең алдымен көбейтеді.(2*3) , одаан кейін қосады (5+6). Осының нәтижесінде 11 шығады. Формуламен есептегенде ( 5+2)*3 нәтижесінде 21 шығады.

Microsoft Power Point программасы презентациялық материалдар дайындауға арналған. Оның көмегімен мекеменің ашылу салтанаты, конференцияға, жиналысқа және семинарларға түрлі есептер мен баяндамаларды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып дайындауға болады. Power Point файлы слайдтардан құралған. Слайдтарды мөлдір таспада, қағазда, 35-миллиметрлік слайдта бастырып алуға немесе монитордың экранында не болмаса проектордың көмегімен тақтада көрсетуге болады. Сонымен қатар конспектілерді әзірлеп, материалдарды тыңдаушығаларға таратуға мүмкіндік береді.

Power Point программасы тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Іске қосу® Программалар®Microsoft Power Point қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.



Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Officе бумасындағы Microsoft Power Point жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.

Power Рoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады .



  • Автомазмұн шебері ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады.

  • Презентациялар шаблоны ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.

  • Бос презентация ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкіндігін береді.

  • Презентацияны ашу ауыстырғышы бұрын құрылып, сақталып қойылған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұқбат терезе пайда болады.

Автомазмұн шебері көмегімен:

  • Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;

  • Қызмет бабы бойынша баяндамалар;

  • Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде мағлұмат;

  • Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есеп-қисаптар;

  • Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Microsoft Power Point программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы кезде Автомазмұн шебері іске қосылады.

Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

1-ші қадамда Презентацияның түрі, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесі қадамға өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері, презентацияның баяндамашы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан құралатынын немесе көрермендер өз беттерінше қарауға арналатын опцияларының бірін таңдау қажет;

3-ші қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектігін көрсету қажет;

4-ші қадамда Қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.

Осы сұрақтардың бәріне жауап алғаннан кейін автомазмұн шебері презентацияны дайындайды. Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын батырмасын шертеміз.

Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл®Құру командасын орындап, ашылған сұқбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту жеткілікті.

Power Point программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. Power Point программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.



Презентацияны шаблондар көмегімен кұру. Power Point программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін Power Point программасы іске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы®Презентациялар дизайндары®Презентациялар®Web-парақтар астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезе Файл®Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұхбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұхбат терезесі шығады. Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.



Бос презентация құру. Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:

  • Power Point программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұхбат терезенің Презентация құру өрісіндегі Бос презентация опциясын таңдау арқылы;

  • Файл®Құру командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Жалпы астарлы бетінде Жаңа презентацияны шарт белгісін тандау арқылы;

  • Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұхбат терезесі ашылады.

Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын тандау әрекетін Слайд құру сұхбат терезесінде жүзеге асыруға болады.

Power Point программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін тандаған соң ОК батырмасын шертеміз.

Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу. Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы тандап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады. Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып еңгізіледі т.с.с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т.б. өзгертуге, яғни пішімдеуге болады. Пішім_®_Қаріп'>Пішімделетін мәтінді ерекшелеп, белгілеген соң, Пішім®Қаріп командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде немесе пішімдеу саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Пішімдеу әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орындау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, алдымен оны ерекшелеп аламыз.

Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрінде жазған ыңғайлы. Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Пішім®Маркер командасын орындаймыз. Маркерлер сұхбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ, бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімдерден кез келгенін таңдап, ОК батырмасын шерту арқылы маркер ретінде қолдануға болады.

Маркерленген тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ, келесі жолға таңба қойылады. Бос маркерден кейін осы пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін, оны ерекшелеген соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасыңдағы Маркерленген тізім батырмасын шертеміз.

Сондай-ақ, слайдқа кесте, диаграмма, сурет сияқты объектілерді слайд схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізе аламыз.

Кірістіру®Сурет командасын орындап:

Картинкалар®Microsoft Clip Gallery объектілерін; Файлдан файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді; Автофигуралар - әртүрлі автофигуралар;

Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма, Word Art объектілерін, сканерден көшірме, Microsoft Word кестесін енгізу мүмкіндігі бар. Кірістіру®Объект командасын орындап, ашылған сұхбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы объект енгізуге болады. Мысалы, слайдқа Microsoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады т.с.с. Слайдқа Excel программасында құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып, енгізуге де болады. Ол үшін Excel программасында қажетті диаграмманы ерекшелеп, Түзету® Көшіру командасын орындау арқылы, буферге аламыз. Power Point программасына оралып, Түзету® Кірістіру немесе жанама менюдегі Кірістіру командасын орындаймыз.

Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graph арнайы программасының көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар. Кірістіру®Диаграмма командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса, диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз. Саймандар тақтасындағы диаграмма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте экранда мәліметтер кестесі мен диаграмма пайда болады. Меню қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін, қатарлар мен бағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз. Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп, өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма®Диаграмманың типі командасын орындап, диаграмманың типін таңдаймыз. Диаграмма®Параметрлер командасын орындап, қажетті параметрлерді тағайындаймыз(түсініктеме, тақырып, жазбалар қосу т.с.с). Диаграмманы слайдқа орналастыру үшін, слайдта тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.




жүктеу 363,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау