Диаграмманы түзету
Дайын болған диаграмманы түзетуге болады. Ол келесiдей элементтердiң жиынтығынан тұрады; тақырыбы, координаттык осьтер, тор сызықтары, тұрғызу аймағы, маркерлерi, сандық мәлiметтерi және т.б. диаграмманың кез-келген элементiн тышқанның көмегiмен ерекшелеп алып, параметрлерiн өзгертуге болады. Пiшім(Формат) командасының көмегімен ашылған терезеде диаграмманы пiшiмдеуге болады. Диаграмманы өшiру үшiн Delete пернесiн басамыз немесе диаграмма орналасқан жұмыс парағын алып тастау керек.
Диаграммалар мынандай элементтерден тұрады.
Диаграмманың сыртқы аймағында шерту арқылы диаграмма мөлшерін өзгерту маркерлерін алып тастауға болады.
Диаграмма түрлері
1.Гистограмма
2. Сызықтық
3. Графиктік
4. Дөңгелек
5. Нүктелік
6. Облыстық
7. Сақиналы
8. Жапырақты
9. Жоғарғы кабатты
10. Көбікті
11. Биржалық
12. Цилиндр
13. Конусты
14. Пирамидалы
Достарыңызбен бөлісу: |