Ms excel-дің графиктік мүмкіндіктері Пән: Экономикалық информатика және ат сабақтың мақсаты



жүктеу 317,5 Kb.
бет1/4
Дата19.11.2018
өлшемі317,5 Kb.
#21572
түріСабақ
  1   2   3   4



MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері
Пән: Экономикалық информатика және АТ
Сабақтың мақсаты:

а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері туралы студенттерге түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;

ә) дамытушылық: MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту

б) тәрбиелiк: студенттерді адмагершілікке, имандылыққа, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекiлiгi: дербес компьютер, интерактивті тақта, МS Exсel терезесі, Activote

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Студенттермен сәлемдесу;

  • Аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру;

  • Студенттердің назарын сабаққа аудару.


ІІ.Өткен тақырыпты еске түсіру (слайд түрінде)

1. Слайд

2. Қайталау сұрақтары:

Студенттерге MS Excel программасы туралы алған білімдерін тексеру мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтарды қою.

Студенттер тақтаға шығып интерактивті тақтада көрсетеді.


  1. Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын атаңыз

  2. Microsoft Excel терезесі қандай элементтерден тұрады

  3. Microsoft Excel программасында неше жол, неше баған бар

  4. Жұмыс парақтарының атын қалай ауыстырамыз

  5. Бағанның ені мен биіктігін өзгерту қандай жолдармен жүзеге асады

  6. Жаңа жолды қалай қосуға болады?

  7. Жаңа бағанды қосу жолын көрсетіңіз

  8. Microsoft Excel программасын деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді

  9. Қандай мәліметтерді автотолтыру көмегімен енгізуге болады?

  10. Excel-де ұяшықтар ауданын белгілеп көрсетіңіз, мысалы: В5:D8.


3. Сәйкестендіру
MS Excel-де кестеде қолданылатын таңбалар мен олардың анықтамаларын сәйкестендіру

Ұяшықтардағы мәліметтерді өсімі бойынша сұрыпттау




Ұяшықтарды біріктіру





Абсолютті ұяшыққа қойылатын белгі




Белгіленген ауданның қосындысын табу белгісі





Функция шеберін іске қосу





Ұяшықтардағы мәліметтерді кемуі бойынша сұрыпттау

Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)

Ұлттар

1926

1939

1959

1970

1979

1989

1999


2009

Қазақтар

57,1

38

30

32,6

36

39,4

50,7

63,3

Орыстар, украиндар, белорустар

33,1

51,5

52,1

51,1

48,1

44,3

37,7


23,3

Басқа ұлттар

9,9

10,5

17,9

16,3

15,9

16,3

11,6

13,1

ЕхсеІ-де түрлі мәліметтерді кестеде көруге болады. Енді осы мәліметтерді көрнекі бейнелеп, салыстырмалы түрінде көруімізге болады. Сонымен біздің бүгінгі өтетін сабағымыз ЕхсеІ-де диаграммалар тұрғызу.


IІІ. Жаңа сабақты түсiндiру
MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері
ЕхсеІ программасындағы диаграмма терминi сандық мәлiметтердiң графиктiк түрде бейнеленуiнiң барлық жағын қамтиды. Графиктiк бейнелеу берiлген мәлiметтер қатары негiзiнде құрылады. Берілген мәлiметтерi бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәлiметтер қатарын құрайды. Бiр диаграммада бiрнеше мәлiметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграмма деп жұмыс кiтабының бiр парағына енгiзiлген графиктiк объектiнi айтады. Ол мәлiметтер тұрған парақта немесе кез-келген басқа парақта орналасуы мүмкiн. Диаграмма өзi тұрызылған мәлiметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер бұл мәлiметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгередi.

MS Excel программасында диаграмма тұрғызу үшiн Вставка(Енгізу) Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе диаграмма шеберi (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол Стандартты аспаптар панелiнде орналасқан диаграмма шеберi батырмасының көмегiмен iске қосылады. Әдетте диаграмманы тұрғызар алдында мәлiметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәлiметтердi диаграмма шеберiнiң жұмыс барысында да енгiзуге болады.



Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады.




жүктеу 317,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау