137
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Жетелеуші сұрақтардан да аулақ болған жөн. Ондай сұрақтар
зерттеушінің пікірін немесе зерттеуге қатысушының бөліспейтін
болжамдарын көрсетеді. Бұл жайт сұхбатқа қатысушыларды зерт-
теушінің көзқарасын қабылдауға бағыттайды. Мысалы
«Жұмы-
сыңызды жоғалтқаннан кейін сізде қандай эмоционалдық пробле-
ма болды?» деген сұрақ жұмысынан айырылған кез келген адамда
эмоциялық жағынан проблема пайда болады деген болжамды та-
нытады (Kvale, 1996).
Сонымен, зерттеушілердің бәрі «иә» немесе «жоқ» деген бір-
жақты жауап берілетін сұрақтардан сақтанады. «Иә» немесе «жоқ»
сынды жауаптар зерттеушіге ешқандай дерлік ақпарат бермейді.
Олар сөзге сараң, ұялшақ немесе сөзуар емес сұхбат қатысушы-
ларына оңтайлы келеді. Олар, сондай-ақ, сұхбат алушының ақпа-
рат ағынын үзіп жіберуі не болмаса баяулатуы мүмкін. Сонымен,
«Сіздің ойыңызша, Директорлар кеңесінің жұмысы тиімді ме?» де-
ген сұраққа: «иә» немесе «жоқ» деп жауап бере аласыз. Ал
«ДК жұ-
мысында нақты не тиімді деп ойлайсыз?» деп, сұрақ өзгеше қой-
ылса, жауап басқаша беріледі.
Сұхбат алдында
қажетсіз сұрақтарды реттеп, іріктеу үшін
сұрақтарға сыни тұрғыдан қарап шығу ұсынылады. Өзіңізді мүм-
кіндігінше қысқа жауап беруге мәжбүрлеп, өз-өзіңізге түрлі сұрақ
қойыңыз. Сондай-ақ қандай да бір сұраққа шынайы жауап беру-
де өзіңізді ыңғайсыз, жайсыз сезінетіндігіңізге назар аударыңыз.
Мұндай сынама түріндегі шолу сұхбаты дұрыс сұрақ қоя білуге
көмектеседі.
Мысал ретінде «Қазақстанның жоғары оқу орындарында ака-
демиялық басқару және менеджменттің озық тәжірибелерінің үл-
гілерін әзірлеу» жобасы аясында сұхбат хаттамасы ұсынылады.
Жоба университетті басқарудың олардың институционалдық
автономияға өту кезеңіндегі өзекті мәселелерін, нақтырақ айтқан-
да, Бақылау кеңестерінің алқалы басқару институттары ретіндегі
рөлін зерттеуге арналған. Мемлекеттік органдардың, жоғары оқу
орындарының және олардың Басқару кеңестерінің
20
үлкен инсти-
туционалдық автономияны қамтамасыз ету тәсілдеріне талдау жа-
салды. Мемлекеттік орган өкілдерімен, Кеңес мүшелерімен және
20
Аталмыш зерттеуде Бақылау кеңесі мен Директорлар кеңесі басқару кеңесіне жатқызылды.
138
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
олардың хатшыларымен, жоғары
және орта буын ЖОО басшы-
ларымен, профессорлармен, студенттермен 400-ден астам сұхбат
жүргізілді. Зерттеу Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру
мектебі мен Пенсильвания Университеті Жоғары білім беру мек-
тебінің халықаралық ғылыми-зерттеу жобасы болып табылады.
Зерттеу нәтижелері бойынша «Корпоративтік басқару: Қазақстан
университеттері» монографиясы жарық көрді (Сағынтаева және
т.б., 2018 ж.).
139
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Сұхбат уақыты:
10.00-11.05
Күні:
20 маусым 2014 ж.
Орны:
Х қаласы (тікелей идентификатор),
ХХ университеті (тікелей идентификатор)
Сұхбат алушы, сұхбат
алушының қызметі:
Сағынтаева Аида, жоба жетекшісі
А сұхбат беруші
Х (тікелей идентификатор), БК-ның мүшесі
В
сұхбат беруші
ХХ (тікелей идентификатор), БК-ның мүшесі
Жобаның қысқаша
сипаттамасы
Жоба университеттердің институционалдық автономияға
көшу барысында оларды басқарудың өзекті мәселелерін,
нақтырақ айтқанда, алқалы
басқару институттары ретін-
дегі Бақылау кеңестерінің рөлін зерттейді
Сұрақтар:
Жобаның қысқаша таныстырылымы (кездесудің ауди-
ожазбаға жазылатынын, қатысушылар мен ақпараттың
құпиялылығына кепілдік берілетінін айта кету керек):
1. Өзіңіз туралы қысқаша айтып өтсеңіз.
2. Аталмыш Бақылау кеңесі қашан құрылды?
3. БК-ға қалай және қашан мүше болып кірдіңіз?
4. БК-ға мүшелікке іріктеу қалай жүреді?
5. Сіздің көзқарасыңызша,
БК-ның рөлі немен сипат-
талады? Кеңес университет үшін қандай маңызды
қадамдарға барады?
6. БК отырысының өткізілу жиілігі қандай?
7. Ол кездесулерді кім жүргізеді?
8. БК кездесулерінің қалай өтетіндігі, оның қалай
құрылымдалғандығы жөніндегі мысалдарды есту
маңызды болар еді.
9. БК-да талқыланатын
мәселелер жөнінде мысалдар
келтіріп өтсеңіз.
10. Алдағы бірнеше жылда университетпен бірлесе жұ-
мыс істеуде өз жұмысыңыздың ең маңызды міндеті
деп нені айтар едіңіз?
11. Біз қоймаған, бірақ сіз маңызды деп санайтын
сұрақтар бар ма?
Өз жауабыңызға қосымша қоса-
рыңыз бар ма?
Уақытыңызды бөліп, жауап бергеніңізге көп рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: