Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Зерттеу парадигмасының негізгі элементтері



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет6/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

1.2 Зерттеу парадигмасының негізгі элементтері: 
онтология, эпистемология және әдіснама
Зерттеу дизайнын әзірлеу ол турасындағы шындық пен білімге 
байланысты болып келеді. Шындық пен болмысқа деген көзқара-
сыңыз онтология, ал шындықты қалай танитындығыңыз эпистемо-
логия деп аталады. Зерттеудің онтологиялық, эпистемологиялық 
және әдіснамалық негіздері зерттеу парадигмасын құрайды (Khun, 
1996) (1.1-суретті қараңыз). Парадигма зерттеушінің зерттеу жұ-
мысын (яғни әдіснама) қалай жүргізу керектігі туралы ғана емес, 
сондай-ақ зерттеушінің ақиқат пен шындықты (онтология) қалай 
анықтайтындығы туралы және оның ол ақиқат немесе шындықты 
(эпистемология) қалай танитындығы туралы болжамдарын қамти-
ды (Guba & Lincoln, 1994). Әлеуметтік ғылымдар мәнмәтінінде «па-
радигма» терминін қолданғанда біз: парадигма – «зерттеушіге әдісті 
таңдауда ғана емес, сонымен қатар онтология мен эпистемологияға 
қатысты да басшылыққа алатын негізгі сенім жүйесі немесе дүниета-
нымы» деген анықтаманы ұстанамыз (Guba & Lincoln, 1994, 14-б.). 
Парадигманың аталған үш элементінің жиынтығы негізінде ғылыми 
әдебиеттерде білім беру зерттеулерін жүргізудің бірқатар парадигма-
лық тәсілі қалыптасқан. Онтология
2
философияның бір саласы ретін-
2
Грек тілінен алғанда ontos – болу; бар нәрсе, ал logos – болмыс туралы ілім.


15
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
де болмыс құрылымының іргелі қағидаттарын зерттейді. Онтология 
адамның ақиқатты бейнелеу сипатын білдіреді (Richards, 2003). 
Шындықтың мәні неде? Бұл объективті білімнің өнімі ме, 
әлде жекелеген тұжырымдардың нәтижесі ме? «Бір ғана тек-
серілетін ақиқат пен шындық бар ма, әлде әлеуметтік тұрғыдан 
құрылымданған бірқатар шындық өмір сүре ме?» (Patton, 2002, 
134-б.). Әрқайсымыздың шындықтың бар екендігі және ол туралы 
не білуге болатыны жөнінде өз түсінік-пайымымыз қалыптасқан.
Онтология сізді бәлкім, өзіңіздің теориялық құрылым шең-
беріңізге апаратын бастапқы нүкте болып табылады (Mack, 2010). 
Зерттеушінің сенімі мен дүниетанымдық көзқарасы оның зерттеу-
ді ұйымдастырып, алынған мәліметтерді талдаудағы әдіснамалық 
шешімін айқындайды.
Егер онтология шындыққа қатысты болса, ал эпистемоло-
гия
3
білімді зерттейді. «Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу әді-
стерінің энциклопедясына» (SAGE баспасы) сәйкес, «эпистемоло-
гия білімнің қай түрі мүмкін екенін анықтауға және білімді қалай 
дұрыс, заңды деп бағалауға болатынын шешуге философиялық не-
гіз болады» (Lewis-Beck et al., 2011, 1-б.). «Эпистемология» термині 
әлеуметтік ғылымдарда сенімді ғылыми білімді ұсына алатын зерт-
теу үдерістерін талқылау мәнмәтінінде пайдаланылады. 
3
Грек тілінен алғанда episteme – білім, logos – оқыту.

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау