Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет4/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

I Б Ө Л І М


10
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Кілт сөздер:
парадигма, онтология, эпистемология, пози-
тивтілік, постпозитивтілік, конструктивтілік, прагматизм, 
трансформациялық және партиципаторлық парадигмалар.
Тарауды оқудан күтілетін нәтижелер:
• «парадигма» терминінің мағынасы және оның білім беру
зерттеулеріндегі рөлін түсіну;
• білім беру зерттеулерінің онтологиялық және эпистемоло-
гиялық қырларын түсіну және ажырату;
• білім беру зерттеулерінің басты бес парадигмалық тәсілін 
анықтау және сипаттау;
• зерттеу парадигмасы мен білім беру зерттеуінің түрлері 
(сандық, сапалық және аралас зерттеулер) арасында бай-
ланысты орнату;
• таңдалған білім беру зерттеуінің тәсілі негізінде зерттеу 
сұрақтарын әзірлеу. 
1 ТАРАУ
 
Білім беру зерттеулерін 
ұйымдастырудың 
философиялық-әдіснамалық негіздері
Аида Сағынтаева


11
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Бұл тарауда білім беру зерттеулерінің философиялық негіздері 
мен білім беру зерттеуі парадигмаларының арасындағы байланыс 
қарастырылады. Нақтырақ, білім беру зерттеуінің басты ұғымда-
ры, философиялық қырлары (парадигма, онтология, эпистемоло-
гия) және білім беру зерттеуінің бес негізгі парадигмалық тәсілі 
ұсынылады. Қорытындыда білім беру зерттеуінің негізгі әдіс-тәсіл-
дері мен құрамдас бөліктері сипатталады.
Білім беру зерттеуінің әдіснамасы саласындағы белгілі ға-
лымдардың (Robson, 2011; Cohen et al., 2018; Creswell & Creswell, 
2018) жұмыстарын негізге ала отырып, біз «әдіснама», «зерттеу 
әдісі», «зерттеу тәсілі» және «зерттеу дизайны» секілді негізгі тер-
миндерді қолданамыз. 
Әдіснама деп оның жүргізілу жолын айқындайтын жалпы 
зерттеу стратегиясын танимыз (Howell, 2013). Әдіснама дерек-
терді алуда қандай зерттеу әдістерінің таңдалып алынатындығына 
ықпал етуі қажет. «Әдіс» термині арқылы «түйін жасап, интерпре-
тациялауға және болжам жасауға негіз ретінде пайдаланылатын 
мәліметтерді жинау үшін білім беру зерттеулерінде қолданылатын 
тәсілдеме қатарын» түсінеміз (Cohen et al., 2007, 47-б.).
«Зерттеу тәсілін» біз зерттеушінің өз көзқарасы негізінде зерт-
теу барысын айқындайтын, мәліметтерді жинап, талдаудың нақты 
әдістерін қолданатын кешенді үдеріс ретінде қарастырамыз. Зерт-
теу тәсілі зерттеу теориясы мен тәжірибесін біріктіреді. Кресуэлл 
және Кресуэлл атап өткендей, «зерттеу тәсілдері – жалпы болжам-
нан деректерді жинау, талдау және оларды интерпретациялау-
дың толыққанды әдістеріне дейінгі қадамдарды қамтитын зерт-
теу жоспарлары мен үдерістері» (Creswell & Creswell, 2020, 22-б.). 
Мысалы, егер автор сандық әдістерге негізделген зерттеу тәсілін 
қолданатынын растаса, онда бұл зерттеуде сандық зерттеулерге 
байланысты деректерді жинау мен талдаудың белгілі бір әдістері 
пайдаланылатынын білдіреді: статистикалық талдау, сауалнама-
лар, Білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың халықаралық 
бағдарламасы (PISA) секілді білім беру жетістіктерін халықаралық 
бағалау жүйелерінің үлкен деректерін талдау. Егер зерттеуде сан-
дық та, сапалық та әдістер қолданылса, онда сандық және сапа-
лық мәліметтерді жинау бір уақытта немесе ретімен жүргізіледі. 
«Зерттеу дизайны» термині «философияның, зерттеу стратегияла-


12
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
рының және нақты әдістердің өзара байланысын қамтитын» зерт-
теу жүргізу жоспарын білдіреді (Creswell, 2009, 5-б.). Зерттеу ди-
зайны, әдетте, зерттеудің белгілі бір парадигмасын таңдау арқылы 
анықталады. 

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау