Үміт Битенова ауады да тұрады аңсарым тараз



жүктеу 2,6 Mb.
бет8/11
Дата07.12.2017
өлшемі2,6 Mb.
#3498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ашығын айтшы, ағайын


  • Мама,, он теңге тауып алдым.

Облыс орталығындағы автовокзал кассасында билеттің кезегінде иінтірескен жұртты мына дауыс еріксіз елең еткізді. «Балалы үйдың ұрлығы жатпас» дегендей, етегінен тартқылап тұрған аңғал көңілді сәбидің ісін шешесі қалай бағалар екен деген ой бәрінің көкейінде тұрғаны даусыз еді. Жас шамасы 35-тердегі жұқа, бидай өңді, жұтынып киінген келіншектен әлдебір шешімді күткендей аңтарыла қаорап қалыппыз. Бірақ, бас-аяғы бірнеше секундтарға созылған үнсіздікті келіншектің тосын жауабы бұзды:

  • Маған бер, жлғалтып аласың.

Шешесінің қолына тапқанын ұстата сала бала кең зал бойымен жүгіре жөнелді. Әлденеге тыпырши:

  • Қайда барасың, ей? – деп дауыстаған анасына:

  • Тағы да қарап келем, - деді ол.

Осы көрініске көңілі толмаған көпшілік жолаушы екендері, күн ұзаққа кезекте тұрғандары енді есіне түскендей өздерімен-өздері болып кетті.

Иә, құртқандай балакеш баланы да, «ақша табуға» итермелеген қоғам-ай десеңізші. Сабаудай-сабаудай еркектер әуре-сарсаңға түсіп, зіңгіттей-зіңгіттей жігіттер күш-қайратын қайда жұмсарын білмей бос уақытының көптігінің кесірінен «темекіні шамадан тыс шегіп», арақ, ішіп, бойжеткен қыздардың үйде бұғып, бүкіл әулеттің жалаңаяқ , жалаңбұттарының тағдырына тек «қырық жны бар» әйел, ана біткен араша түсіп жатқан мына заманда аш құрсағын толтырам деп жанталасқан қайыршыға да көз үйренді. Көздің жауын алардай иномаркалардың әйнегін сүрткені үшін дәмеленетін жаутаң көздерге де таңданбайтын болдық.

Бір кездері жұмысы мен қызметінен тыс тапқан «көлденең табыс» иелерін қуғынға ұшыратқанымызға қазір күлкіміз келеді. Бұрындары жоғры оқу орнына түсіру үшін жазаладық, қазір қалтаң таяз болса қалаған оқуыңа түсуің неғайбыл. Бұрындары қолға түсе бермейтін дифициттерді қымбатқа өткізушілерді «алыпсатарлар» деп әлемге әшкерелеп, аямай сынаушы едік, қазіргілердің адал күнкөрісін жоғары бағалап, коммерсант деп айдар тақтық.

Нарықтың заңына бағынып, өркениетті халықтың даму жолына түстік.

Сонда да тұрмыс-тіршілікте тосыннан кездескен қарама-қайшылықтар елдің ілгерілуіне тосқауыл болуда. Бұрынғы дағдының жақсысы мен жаманын, артықшылығы мен кемшілігін айыруға кұлық танытпай, кеңестік кезеңнің «күресініне» қиналмай-ақ лақтырып тастауға бейімделдік. Онымызға өкінбейтін де сыңайлымыз. Дұрыс та шығар.

Бірақ, осы тірдіктің бәрінің алдында ақша үстемдігі тұрғанын аңғаруға тырыстың ба, ағайын?..

Соғымбасына жиналған жұрттың ішінде отырған ақ жаулықты әже әңгімені сапырып отыр:


  • Құдайға шүкір, өзіме тиесілі пенсиям жетеді деп, былтырдан бері бос жүрген баламды қалаға жібердім.

Е, балаңыз жұмыс тапқан ғой, сірә, - десті танитындар.

  • Иә, «дай дорогуда» істейді

Міне, біз соқталдай азаматтың осылай ақша тапқанына қуанатын болдық.

Жолығып қалған жолдас жігіттен немен айналысып жүргенін сұрадық.



  • ЖКО-да істеймін,-деді миығынан күліп.

  • Жилкомхоз ба?

  • Жо-оқ. «ЖКО » - жена кормит, одевает»...

Бос жүріп қалған жігіттің ұтымды жауабына риза болсақ та, соңынан ойланып қалдық.

Міне, біз енді екі қолға бір күрек табылмай қалғанын жасырмай, жанымызды «жаман» әзілмен жұбататын болдық.

Бұл ештеңе де емес. Ащы уытты ұлы халқымыздың тілі өмірге аса қабілетті, жан-жақты қырлы, әйтсе де, күш-қажырын жұмсауға аянатын, заманның ағымымен жарыса аққн адамдарды да түйремей қоймайды.

Мұнда да әңгіменің өзегі тағы сол ауылдағы аңғал әжеден шығады:

«Кеше»:


  • Әже, балаңыз қалада ма?

  • Иә, бала «рэкет» деген жұмысқа тұрған. Табысы шаш етектен. Апта сайын бір мәшине мінеді...

  • Бүгін:

  • Әже, балаңыз келіп тұра ма?

  • Балам бір ай болды, үйден шықпайды. Тапқан-таянғанын басқа жаққа тасып жатыр... машинадан жа жұрдай.

  • Е , неге?

  • Қайдам, «косяк» деген жұмысқа ауысыпты ғой...

Міне, бұған да күлесіз. Күлесіз де Бейімбеттің (Майлин) ізін білесіз. Білесіз де ұлы алыптың ұлылығына тағы да тәнті боласыз. «Көп тоқтықтың бір аштығы бар». Ақшаның қадір-қасиетіне амалсыз бас иесіз... әзіл болғанымен ащы шындық.

«Қырық жамау» көңілімізді амалсыз осындай «жаңа қазақтардың «жаңа» әзілімен көтеретін болдық.

Сіз не дейсіз? Қалай ойлайсыз оқырман.

Сіздіңше біз құдайдың емес теңгенің құлы боп, адамның ұлы болудан қалып бара жатқан жоқпыз. Жан – жағыңызға қараңызшы...

Мінетін автобусыма алған билетімді қолыма ұстап сыртқа шықсам, автобус алаңына тақау жерде манағы балалы келіншек жүр екен. Жанындағы ұзын бойлы жігіт, әкесі болуы керек, баланы шашынан сыйпап, күле сөйлеп, әлденелерді айтуда. Бәлкім баласының «еңбегіне» ризашылығын білдіріп жатқан болар.

Әйтеуір, үшеуі де үлкен біс іс тындырғандай көңілді еді...


«Жас Алаш» 1999ж, 10 сәуір.

Биік таудың өрі көп
Кездейсоқтық деген қызық-ау өзі.

1993 жылдың тамыз айы. ЕРБОЛ (жолдасым) аудандық мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарып жүрген соң, аудан орталығы Ақколге қоныс аударғалы қамданып отырғанбыз. Жүгімізді буып-түйіп қойып, ауылдас пен дос-жаранды құдайы тамаққа шақырдық. Қаратауға тойға кеткен Ербол жүк басатын машинамен екі қонақ ерте келіпті. Екеуін де ауылдағылар таниды. Қылышбеков Аман қаладағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп директоры – осы Үшаралдағы орта мектепте директор болған. Ал бұл мектеп – Оразымбетов Асанның алғашқы еңбек жолын бастаған баспалдығы екен.

Дәм үстінде сөз алған Асан ағай Ербол екеумізге Қаратау қаласындағы үш бөлмелі пәтердің кілтін тапсырғанда Ақкөлге көшеді деп отырғандардың бәрі таң қалды. Айтып-айтпай не керек, Алланың бұйрығымен, асекеңнің арқасында, екеуміз де Қаратау қаласында жаңадан ашылып жатқан облыстық лицей- интернатының оқытушысы болып шыға келдік...

«Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын». Сөйткен Асекең – Асан аға Оразымбетов бүгінде жарты ғасырлық өмірді еңсеріп тастап, елуге-ер асына жетіп қалды.

Айтуға ғана жеңіл болғанмен, қиындығы мен қызығы мол өткен шақтарының бүге-шігесіне дейін есінде.

Атақты Ақын әулиенің әулетінен тараған, бертінге дейін мешіт ұстаған тамды ауылындағы Раманқұл молданың жанұясында 1949 жылдың желтоқсанында туылыпты... әкесінің – соғысқа Сталинград түбінен кіріп, Жамбылдың атты полкінің сдбютанты болған аға лейтенант Раманқұл Оразымбеттегінің жеңісті Румыния жерінде қарсы алып, елге оралуының өзі де бір тарих.

«Соғыстан кейінгі жылдары арнаулы орта білімі бар әкей Молотов колхозында бас зоотехник, ал 1949-51 жылдары Тамды ауылында партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды»,- деп еске алады Асекең.

1957 жылы Майтөбедегі қазіргі А.Дәулетбеков атындағы орта мектептің табалдырығын аттаған бала Асан 1960 жылдан бастап облыс орталығындағы А.С. Макаренко атындағы мектеп – интернатта оқиды.

«Атағы дүрілдеп тұрған мектеп-интернатының 1967 жылы бітірген алғашқы түлегі біз боламыз. Үздік оқушы ретінде облыстық «Еңбек туы» газетіне суретім басылып шыққандығы қуанышымды айтып жеткізе алмаспын... мектеп-интернат директоры шолпанов Ағабек ағайдың сынып жетекшісі болған тәрбиешіміз Жұмабаева Айсұлу апайдың есімін қалай ұмытарсың»,- деп тебіренген шәкірт көзінде өткен балалық шағына деген зор сағыныш жатты. Онымен бірге оқыған облыстық байланыс бөлімінің аға инженері Досымбеков Нұртас бұл күнде бақилық. Ал енді бір құрдасы Ізтілеуов Бейсенбай қазір Алматыдағы ЭКСИМ-БАНК-тің президенті.

1973 жылы Жамбылдағы /қазіргі Тараз/ Октябрьдің 50 жылдығы атындағы пединституттың физика – математика факультетін үздік дипломмен тәмәмдаған Асан Оразымбетов Талас ауданындағы Үшарал орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып орналасады. Жары Қыдырәлиева Әтіркүлмен отау құрған Асекеңнің Жанар, Салтанат атты қаздры осы қасиетті ошақты топырағында дүниеге келген.

1975-85 жылдары Жамбыл ауданындағы Тастөбе ауылында интернат-меңгерушісі, 1985-90 жылдры Қаратау қаласындағы Ауғанстан балаларына арналған мектеп – интернатта еңбек жөнінен нұсқаушы болып жұмыс істеген Асан Раманқұлұлы облыстық кәсіподақ ұйымының Облыстық Білім Беру Басқармасының және ауғанстан Үкіметінің мақтау қағаздарымен марапатталады.

Сол жылдары Коммунистер Партиясы қатарына өткен Асекеңнің партбилеті кеңестік дәуірімен келмеске кетті. Оның есесіне ызғарлы желтоқсаннан кейінгі жаймашуақ атқан таңмен туған тәуелсіздік пен жаңалыққа ұмтылды. Сол жаңалықтың жаршысындай қойнауы кең Қаратауда лицей атты білімордасы ашылды.

Қаратау қаласы әкімі Ә.Мәмешевтің шешімімен 1991 жылы Политехникалық институт жнынан А. Оразымбетов директор болып тағайындалды. Бірнеше «Оқу ісінің озаттары» мен жоғары разрядты Н.Тукчева, Б.Жаманбаев, С.Сырғабаев, А.Баженова, Б.Бадаев сынды болашағынан үміт күттіретін көптеген шәкірттерді ұшырып шығарды. Мысалы, оңтүстік астанадағы басқару Академиясын үздік аяқтап, қазір Америка Құрама Штаттарында білім алып жатқан Алмас Мұхтарұлы Маханов – лицей мақтанышы.

«Біз оқушыларды бағдарламалы жүйемен және жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы жоғары оқу арындарына даярлаймыз. Мектептерді компьютерлендіру жөніндегі елбасының алға қойған нақты тапсырмасынан туындайтын тың міндеттер келешегімізге кең өріс ашты»,- деп лицей болашағы туралы тереңірек толғаған Білім Беру ісінің үздігі Асан Раманқұлұлы білікті басшы ғана емес, өнегелі отағасы да.

Зайыбы Әтіркүл – кіндігінен он екі бала өрген анасы Сәнді мен әкесі Өсер қарияның үшіншісі. Содан болар, көп балалы әулеттен шаққан мүддесіне жеңіл қараған жоқ. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпеген Әтіркүл әкпе Асекеңе сегіз қыз, бір ұл сыйлады.

Жоғары білімді мамандық алған Фатима, Жанар, Салтанат, Алма, Айнұр атты қыздары құтты орынға қонып, өрісін кеңейтіп, қонысын ұзартты. Ұлжан Алматы медицина Академиясының 2 курс студенті. Гүлжан – лицейдің 11 сыныбында, айжан – 8 сыныбында, Шүкірбек-5 сыныбында оқиды.

«Сегіз қызым бар төбе, Кенжекейім – бір төбе» дегендей Асекең үшін Шүкірбектің орны бөлек.

Студент кезінде біз үзім нанды бірге бөліп жеген Еркеңес, Тәжібай, Өрнек достарының «Шүкірбекті туғызған Қаратаудың топырағына қарыздарсың» дейтін әзілдеріне Асекең қарсылықсыз бас ұрады. «Қадір білмегеннің қадірі болмас» деген осы да. «Ұяға қарап қанат қақ, доғаңа қарап, қоңырау тақ» демекші қсиетті Қаратаудың төсін емген төлі сеніміңізді алдамас.

Үмітіңіз ақталып, еңбегіңіз еленсін, асан аға!
«Ақжол», 2000жыл, 22наурыз.
Қасіретті нәзіктік

Немесе сіңліме сыр
Сексен сегіз жастағы нағашы Күләш әжемнің үйге қыдырып кеп жатқанына біраз уақыт болды. Жұмыстан босап, қолым қалт еткен шақта көнекөз қарияның айтқандарын құлағыма құйып алуға тырысам. Алысты көріп, аттап шығуға қуаты аздық қылтын әжемнің көкірегі сергек, көңілі ашық «кәмпескенің «кезін еске түсіріп отыр: «Қалың қамысқа жасырып тыққан көгендердің түгін қалдырмай, елеусіз жазыққа көміп қойған астықты аша-айырмен аңды-солды сұққылап, тесіп, тауып алады».

Қолыңдағы бір жпырақ қағазға қарап қойып, күбірлеп өлең жаттап жүрген жиен сіңлім Іңкәр бөлмемізге шай жабдығын жасағалы кіріп еді, нағашы әжем:


Азған елдің молдасы

Үлкен келер сәлдесі,

Қыдырып кіріп есіктен

«Үйде адам бар ма» деп,

Қарар қара тесіктен...

Балаларын бастырып,

Қатындарын састырып,

Төрге қарай қылқынып,

Тамақ үшін ұмтылып,..

Куәлік берсе керек-ті,-деп тақпақтай жөнелді. Тоқтамай төккен тақпақ-жырының мән-мағынасы мен жай-жапсарын сұрастырып ем, «Итім біліп пе, байдың әулеті деп оқудан шеттетіліп, қашып – пысумен жүрдік қой. Сондағы өзім қатарлардан естігенім» деп бір қайырды.

«Ұлы Кеңес Одағында

Ұшан теңіз жұмыс бар,

Су жүргізіп, шөлейт құмға,

Тегістелді терең жар.


Зауыт, пабрік, шақты. Домды

Құрылысты қайнаттық

Техникіға артып қолды іліктірді орнаттық»,- деп ауызша жаттағаным болмаса, жазу-сызу оқып үйренуге қатал заманның заңы мүмкіндік бермеді ғой «әйелдің жолын жіңішке ғып». Тәжікстанға қашып, Ауғанстан асып жүргенімізде, мына Іңкәрдай кезімде ұзатылып кете бардым...

Ес жиып, елге оралғанда соғыстан жараланып қайтқан күйеуім мен шиеттей жас балаларды асырау үшін екі қолға бір күрек тауып, колхоздың таң қараңғысынан күн батқанға дейін таусылмайтын жұмысын істедім... жарақаттанып суық шалған оң аяғым ақсақ болып қалды».

Тұрмыс тауқыметін көп тартқан мүгедек әжемнің естелігі менің де көңілімді «қырық жамау етіп», нәзік те болса «қырық жаны бар» әйелдер турлы ой қозғауыма мұрындық болды.

Қазақ – өзі ел болып, хлық болып қалыптасқан көне заманнан бері-ақ әйелді, ананы, қыз баланы, қатты қадірлеп құрмет тұтуды берік дәстүрге айналдырған халықтың бірі екені белгілі. Бейбіт тірлікте әйелді асқар таудай сүйеніш деп есептесе, ел басына күн туған қатерлі шақтарда батырдың бір серігі деп білген. Бірақ қазіргі ұрпақтың әйел атаулыны мойнына тағдыр жүгін артып, «сахараның көнбіс түйесінің» орнына жұмсап, басаспап роботқа айналдыратын сезбеген шығар-ау...

...Аурухананың реанимация бөліміне ауыр халде жеткізілген Қымбат деген келіншек екі күн бойы ес-түссіз жатты. Үшінші күні басын көтеріп, тілге келген ол дәрігерден үйге қайтаруын сұранды. Өзі суық, өзі тар қуықтай бөлмеде егесіз қалған төрт баласын уайымдайды. Жесір әйел екен десек, күйеуі бар бо шықты. «Бүгіннен бастап тірі жесір, тірі жетім атандық» деп зорлана езу тартқан ол тамағына тірелген өксікке шыдай алмай жылап жіберді. Мұғалім болып жұмыс істеп жүрген жерінен күйеуі қызғанып, жұмыстан шығарып алады. Жүкші күйеуінің анда-санда ғна әкелген тиын-тебені нәпақа болмған соң, аштан өлсін бе, үшіншісіне екіқабат Қымбат базардың қайнаған қазанына тұмсық тығады. Таныс әйелдерімен бірге Ақмола да барды, Сібір де көрді. Тәшкен мен Қарабалтаның (Қырғызстан) арасын жол қылды. Тапқаны бала-шағаның тамағына да татымайтын болған соң, аптасына үш күн келетін қарауылдықты қоса атқарды. Сөйтіп жүріп соңғы туған төртінші баласын даемізіп жарытқан жоқ. Ақ қар, көк мұзда мұзда кешкен суық дертке ұрындырды. Ол аздай, арақ ішіп, суық жүріске салынған күйеуі күн құрғатпай ұратынды шығарды. «Ауырдым» дегенін естісе басына әңгіртаяқ ойнататынынан аузы күйген ол байғұс жұмыстан қансырап ерте қайтқанын шала мас күйеуінен жасырып қалды. Ертеңіне қан қысымы көтеріліп, төсектен тұра алмай жатқан оны шулаған төрт баланы төрт жаққа қуып тыққан күйеуі теуіп оятты. «Сендерді желкемнің шұңқыры көрсін енді». Тарс жабылған есікті ғана біледі...

Қызыл ала қанға бөгіп есінен танып, талып жтқан Қымбатты көрген көршілері жедел жәрдем шақырыпты...

Осы жайды дастархан басында менің аузымнан естіген жиен сіңлім боп-боз боп, көке дейін жақ ашқан жоқ. Ауыр әңгіменің әсерінен айыға алмай отырғаны аян...

«Шіркін, алаңсыз жастық шақ-ай. «Кешір, Іңкәр! Бал дәурен балалық шақ, қызғалдайқтай қызарып көздің жауын алатвн, ертеңгі күнім не болады деп алаңдатпайтын, өткен шағы жоқ, оның есесіне болашағы алдан «мен мұндалап» қол бұлғап шақырып тұрған балауса гүл сезіміңе қаяу түсіріп алдым-ау, жным!

Сенің бұл-өмірдің көктемі, бәйшешек балалық шағың-күн сайынбір жаңалық ашатын, дүние танып, қуанышқа кенелетін шағың емес пе.

Өмірдің мәні тату-тәтті тұрмыс құрып, үбірлі-шүбірлі болу деп үйрететін әакеңнің мына әңгімесінен кейін әйел болып жаратылғаныңа налып, үй болудан үркіп те қалдың ба екен...

Болашағың қандай болады сенің, тұлымы желбіреген қыз бала! Ата-ананың еркіндей өскен, желкілдеп өскен құрағы едің, сен мүмкін еңбекқор азамат, жақсы құрбы адал жар, мейірімді ана боларсың. Бақытты боласың ба, болмайсың ба? Өйткені бақытқа қол жеткізу оңай емес. Оған баратын жолың өте жіңішке. Бақыт дегенің-күрес. Бәрі өзіңе байланысты.

Мені дұрыс түсін, күнім!


«Жас Алаш», №140, 21.11.2000ж.


Бір тамшы

(новелла)
«Екі жүз он алтыншы» поезд жүйткіп келеді. Вагонның қырау қатқан терезесінен қалың қар жамылған жоталар бірін-бірі қуып жете алмай қалып қойып жатыр. Жарқыраған жұлдыздардың арасынан ай сығалап қарайды. Күлімдеген аурудың жүзіндей оның сәулесі жазық даланы жарықтандыра түскен.

Поезд жүйткіп келеді. Жолаушылардың дені ұйқыға кеткен. Қарасұр кісі ғана әлі сөйлеп отыр. Әр сөзі меруертке атылған оқтай, жанына инедей қадалатынын сезер емес.



  • Солдай де. Ойпырмай-ай, осындай а, осындай әп-әдемі қызды алыс жолға қалай жалғыз қиып жібере салған. Сүйген жігітін жоқ-ау, сірә. Осы күнгі жігіттер... шіркін-ай, өзіміз болсақ, ере жүрер едік,- деп тамсанып отыр.

Меруерттің қысылғаннан ақсары өңі қызарып кетті. Сырттай ұялған сяқтанғанымен, іштей жүреші жылап, егілуде еді...

...Көңілді отырыс қаза түскен. Үй иесі болатқа табиғат бар өнерді үйіп беріпті. Домбыра шегін шерткен саусақтарының қимылына көз ілеспейді. Құрбылары қайта-қайта сұрайды. Әсем әнге Меруерт те елтіп отыр. Бұл кеш оған тым қатты әсер етті. Дастархан басында отырғандардың әрқайсысы мұның ертең жолға шығатынын, бір жрым жыл сыртта жұмыс істеу оңай емес екенін сөз етісіп, ақ жол тілесті. Тамақтан соң жігіттер сыртта темекі шегіп, қыздар жғы дастархан жинасып, Мақпалға көмектесті. Света радиолаға шетел әуендеріне тән ойнақы бір күйтабақты қойып, меруертті дөңгелете билетіп әкетті, жүзі бал-бұл жнады. Оның ашық-жарқын қимылы Меруерттің де қобалжулы көңілін сергітіп жіберді.



  • Оһо! Қыздар биды бастап та кетіпті ғой.- деп есіктен суық ала кірген бір топ жігіттер де додаға түсіп кетті.

Меруерт Жеңіспен бірнеше рет биледі. «Осылай өмір бойы билей берсем жалықпас едім»,- деп ойлады қыз.

  • Меруерт,- деген Жеңістің үні батылсыздау шықты.- Таңертең автобусқа отырасың ғой, бүгінгі түнді ұйқысыз өткізейікші. Дала тамаша екен, қар жауып тұр.

  • Тоңып қалармыз. Оның үстіне жол ұзақ, қаладан ары поезбен бірнеше күн жүрем. Тынғып алғаным жөн.- Бұл сөздер Меруерттің айтар сөзі емес еді. Өзі де байқамай қалды.

Келесі бір сырлы әуен ойналғанда Жеңісті Света биге шақырды. Меруерттің тұла бойы дір етті. Манадан бері осы Света бүкіл кеш бойына бар назарын Жеңіске аударып, әр нәрсені әңгіме етіп, сөйлемей қалмауға тырысып отырды. Мұнысын Меруерт елемеген. Жақында ғана танысқан жаңа құрбысының мына әрекетінен көңілі тез секем алды. Болатпен билеп жүрсе де бар ойы Света мен Жеңіс жақта болды. Светаның сөз арасында Жеңіске «мені шығарып салшы» деген қолқасын да естіп қалды. Жұрт үйді-үйге тарағанға дейін әзер шыдады.

  • Ыңғайсыз ғой, келіссең, Светаны екеуміз шығарып салайық,- деді Жеңіс мұның ішігін кигізіп жатып.

Светның баратын үйі көшенің бір басында, қашық. Меруерт Жеңістің ешкімнің көңілін жыға алмайтынын біледі. Екі оттың ортасында қалғанын да түсінді. «Жоқ, мен не үшін ілесіп барамын». Светаны да кінәлауға болмайды. Меруерт келіспеді.

  • Онда мені күт, жарты сағатта келем,- деді Жеңіс сыбырлап.

Үйге Меруерт құрбысы Қаныша екеуі қайтты. Жолға ұстайтын чемодан, сумка сияқты буып түйіп дайындап қойған заттарын көріп іші ашыды. Таңға дейңн көз ілген жоқ. Бірақ Жеңіс соқпады. Інілері, құрбысы Қаныша шығарып салды. Автобустың терезесінен ауыл көз ұшында нүктеге айналып көрінбей қалғанша қараумен болды...

...Поезд жүйткіп келед. Қарасұр кісі әлі сөйлеп отыр.

Вагонның терезесінен қараңғы тұңғиықпен тілдескен Меруерттің жанарынан бір тамшы жас үзіліп түсті.
1986жыл, қаңтар.

Тұнығың лайланды-ау, тұнығым
Ертеректе көрген үнді кинофильмі әлі есінде. «Ганга, сенің суың лайланды» деп аталушы еді. Ганга өзенінің бойында өскен Ганга атты қыз туралы. Зорлықшылдың қолынан қиянат көрген Ганганың тағдырына тебіреніп толғанбаған ел қалмайтын. Экранға үңілгендердің көзінен жас, тамағынан өксік кетпейтін... сол Ганганың кебін киді бұл.
Кешкі апақ-сапақта есік қағылды. Жұмыстан келе етегіне сүрінген балаларын тамақтандырып үлгермеген Нұрхан ас қамымен жүрген. Таңның атысы, күннің батысы дамыл көрмейтін күйеуі Сиқымбай да келіп қалуы тиіс. Сол оймен барып есікті ашып еді – келіп тұрған Салқынай екен.

Осы Салқынайды, неге екенін қайдам, күйеуі Сиқымбай жақтырмайды. Жақыны, немере сіңілісі ғой, қалай кет деп айтсын, бұл байғұс оны құрақ шайын беріп, барын алдына салады. Бүгін де сөйткен. Кеседегі күрең шайдан бір ұрттаған Салқынайдың жүзі сынық көрінді бұл жолы. Әлденеге алаңдап, абыржитындай. Көктемнің көкөзегінде жол жүріп жаураңқырап қалған ба, сырт киімі – плащын да шешкісі келмеді. Нұрхан да көп қыстаған жоқ. «Бойы жылынсын».

Мектеп бітіргелі әкесі мен шешесіне масыл болған басқа бауырларындай емес, Салқынайдың жұмыс іздегеніне көп болыпты. «Қайда барса да Қорқыттың көрі.» алақандай ауылға да сыймайды. Қаланы да көрді. «Танысың болмаса тұмсық тығуың қиын екен. Өзіңнің істеп жатқан жеріңнен маған да бір орын қарастыршы, Нұрыш»,- деп қиылған соң былтыр уәде берген. Соған келген – ау, сірә.

«Менің жуып жүрген еденім жекеменшік тігін цехынікі. Алғаным бір қап ұнның құнынан артылмайды. Сиқымбайдың тапқаны да жыртығымызды жамауға жетпейді. Дұрыстау жұмыс табылса өзімізді жарылқаймыз ба. Айтпақшы, осындағы әне бір үлкен мектептің бір техничкасы декретке шығады деп естіп ем. Соны сұрап көрсейші».

Нұрхан самбырлап сөйлеп отырған өзін Салқынайдың тыңдамай отырғанын енді байқады. Қабағын шытып, қинала ыңқылдайды.


  • Салқынай, саған не болды?

  • Іш-і-ім-м.

  • Ойбай-ау, бір түрлі боп кеттің ғой. Ауырып отырғаннан саумысың? Мынадан бері айтпайсыңба.

  • Дастарханның шетін қайыра салып Нұрхан қонағының бетіне үңілді. Ернін тістеп жымқырып, жамбастай берген Салқынайдың өңі демде қуқыл тартып бара жатты. Сасқанның көкесі енді болды. «Енді қайттім?» кішкентайларының да көздеріне үрей ұялап қалыпты.

  • Салқынай-ау, көзіңді ашшы! Қай жерің? Ішім дейсің ба? Құдай ұрды онда. Соқырішек шығар. Мен қазір. Қазір..! – аяғына тәпішкесін іле телефоны бар көрші- қолаңдардың үйіне жүгірді. Жеделжәрдем шақырмаса болмайды ғой. Сиқымбайдың да келе қоймауын қарашы. Қырсыққанда көршінің ешқайсысының телефоны істемейтін болып шықты. «Кабельді қиып ұрлап кеткен». Бәрінің айтқаны сол. Қарсы көшедегі төрт қабатты үйдің бір подъезінде тұратын келіншектің де телефоны бар сияқты еді. Далбасалап сонда жүгірді. «Жетіқараңғы түнде қайда қаңғып кеткенін». Есігі құлып. Тісі-тісіне тимей сақылдап кетті. Асыққаннан үстіне де кимей, көйлекшеғ шыға салыпты ғой.

Үйге қайтіп келді. Жаңағы шай ішілген жерде үрпиіп отырған балаларын көргенде жүрегі зу етті. Салқынай жоқ.

Сөйткенше болмады, әжетхананың ішінен Салқынайдың шақырған дауысын естіді: «Нұрыш, қайшы бар ма. Пышақ болса да әкеліп берші».

«уһ-һ, бар екен ғой әйтеуір!»- Нұрхан селк ете қалды. Қайшы, пышағы несі?

Қолына іліккенін әжетхананың ашық есігіне Салқынайға ұсына берген Нұрхан унитазда «қық, қыһ» деп үні шығып, тырбаңдап жатқан тірі қызыл шақаны көргенде есінен танып қала жаздады.



  • Ойбай, Салқынай, мынауың не, ойбай!

Сұмдық-ай, сұмдық-ай, о сұмдық! – Қорыққанан тілі байланып қалды. Жүрелей отыра кеткен күйі еденді тоқпақтай берді. «Не қылдың ойбай! Не масқара бұл. Не көрдім мен ойбай» мұңың көз алдында әжетхнада суы бар шелекке шақалақты сала салған Салқынайдың есіктен қалай шыққаны есінде жоқ...

Ашық есіктен кірген Сиқымбай балаларды улап-шулап, өзі байбалам салып жатқан Нұрханды көріп шошып кетті. Еңіреген Нұрханның сөзінен мән-жайды ұққан Сиқымбай алғашында өз бала-шағасының аман екендігіне шүкіршілік етіп, келіншегін бауырына басып, басынан сипай берген...


* * *
Нұрхан көпке дейін өзіне-өзі келе алмай жүрді. Қызыл шақа нәресте көзіне елесте, түсінен де шошынып оянады. Салқынай сол кеткеннен үшті-күйлі жоғалды. «Қарсы өшсін, кәпірдің, қарасы өшкір». Күеуі жұбатқанымен, ол оқиғаны ұмыта алмады. Ұмытатындай да болған жоқ.

Бүкіл қаланы дүрліктірген тосын хабардан ел жағсын ұстады. Үшінші мөлтек ауданның қоқыс салатын жәшігінің түбін тырмалап, сыпырып жүретін кемпір ери қоймаған көлеңкедегі қардың астынан көгіс тартып бұзыла бастаған нәрестенің мәйітін тауып алыпты. Әлде қолмен істелінген, әлде тырманың ұшы тиген бе, баланың оң жақ мойнында тілініп тесілген тыртық бар дейді...


* * *
Із кескен полиция қызметкерлері көп ұзамай-ақ қатыгез, қанішер Ананы тауыпты. Салқынай екен. Соры қайнаған Салқынай бәрін мойнына алып, баяндап беріпті. Салқынайдың тағдырының салқыны Нұрханға да тиді.

Тергеуде бәрін Нұрханға жапты.

«менің толғақ дегенді, туу дегенді бірінші рет басымнан кешіруім. Қансырап, әлсіреп жаттым. Бәрін істеген Нұрхан»,- депті Салқынай.

Бармағын тістеп, өрімдей балаларымен үйінің шаңырағы ортсына түскен Сиқымбай қалды.

Сүттей ұйып отырған ұясының тұнығы лайланып, бес жылға сотталып Нұрхан кете барды. Жеделжәрдем шақыру үшін телефон сұрап барғанын растаған көршілердің куәлігі де түкті шешпеді.

Соттың Салқынайға сегіз жыл кесіпті...


13.04.2001, жылан жылы, жұма, сағ 335

жүктеу 2,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау