Үміт Битенова ауады да тұрады аңсарым тараз



жүктеу 2,6 Mb.
бет10/11
Дата07.12.2017
өлшемі2,6 Mb.
#3498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Үшінші әңгіме

ҰЛЫҢ ӨССЕ ҰЛЫ ҰЛЫ ЖАҚСЫМЕН КӨРШІ БОЛ
Бірінен-бірі айнымайтын күндердің тағы да бір таңы тты. Әкелері тірі жетім атандырып таста кеткелі өңдерінен балалықтың бақытты табы сезіле бермейтін Болаты мен Балнұрын Нұрсипат әлдилеп оятты. Өзінің шешесі марқұм айтып отыратын «таңертең жыламай көңілді оянған бала күні бойы сергек жүреді» деп.

Балнұрының беті-қолын жуғыздырып ваннаның суын сарылдатып жатқан Нұрсипатқа өзінің бөлмесінде киініп болған баласы дауыстады:



  • Мама-а!

  • О не, Болатжан?

  • Жиырма бес теңге беруді ұмытпаңыз, мақұл

  • Ә-ә, иә. Дайындап қойдым. Ас үйдегі үстелдің үстінде тұр. Ала қой!

Түнде ескерткен Болаты. 8 наурызға – қыздарға кішігірім концерт әзірлеп, сыйлықтар алмақшы бо келісіпті балалармен. Олардың сынып жетекшілері де қыз бала еді. «Гүлжан әкпейіне де өзімнің атымнан бір шоқ гүл беріп жіберейінші». Әлгі жиырма бес теңгені...

  • Болатжан, алдың ба ақшаны?

  • Алдым, мама, рақмет!

«Рахмет!» кішкентай Болатының сыпайы жауабына жүрегі елжіреп кетті. Ақша дегеннен ойына түсті. Қазірден балаларының ақшаға деген көзқарасын қалыптастыруы керек. Бірақ қайтіп?

Нұрсипат білетін екі жанұяның мүшелері ақша туралы екі түрлі бағыт ұстайды.

Қайсысынікі дұрыс. Көршілері, Бота қыздың ата-анасынікі ме, әлде Самал мен Жұмабайдың тәсілі ме?...

Жұмабай мен Самалдың үйі мүлік пен жиһазға бай. Бір-біріне сәйкестендіре сатып алынған шетелдік мебельдер, люстралар мен жапонның «Эл-джи» теледидары, қабырғалардағы қымбат обойлар қанша мөлдіреп, көз тартқанымен, бар бөлмесінен үй егелерінің мысы басып тұратындай, сұрқай тіршілік ғана сезіліп тұрады. Тым сабырлы, тым салқын көңіл-күй. Үйге кірген бөгде жан болса Жұмабай да, Самал да жымиып қарсы алатыны рас.

Қонаққа күлімдеп сойлеп отырып, даусын қатқылдандыра, қабағынан қар жауғызып балаларын сөге салуы оңай.

Үлкен ұл Сағаттан кейінгі үш қыздың жас мөлшерлері жақын: салтанат-сегізінші, Жанат-жетінші, Перизат-алтыншы сыныпта оқиды.



  • Көке, жиырма теңге беріңізші.

  • Не үшін?

  • Дәптер алуым керек.

  • Қандай дәптер?

  • Есеп дәптер.

  • Не, демде тауысып қойдыңдар ма есеп дәптерді?

  • Бүгінгі сабаққа бір-ақ беті қалды жазылмаған...

  • Мен ертең екі дәптер сатып әкеліп берем. Немесе мынадай әңгімеге де еті үйренген бұлардың:

  • Апа, (Самал өзін осылай ататады), біз Жанат екеуміз концертке барайықшы.

  • Барыңдар, не дейсіңдер.

  • Онда ақша берсеңізші!

  • Қаншадан концерттің билеті?

  • Бағасы сексен теңгеден.

  • Жетпіс теңге емес пе еді?

  • Жоқ, сексен теңгеден. Бізге мұғалімдер таратты ғой.

Самал ерінбей жатын бөлмесіндегі шкафка барып, суырмасын ашып, әмиянынан алған туп-тура жүз алпыс теңгені әкеліп үстел үстіне қояды.

Қыздары ақшаны алып, есептеп, алақанына қысып, «рақмет» айтып, шығып кетеді. Бүкіл осы операцияға үш минуттай уақыт өтеді. Бірдеңесін ұмытқан ба, қыздардың бірі қайтіп келіп:



  • Апа, он теңге керек, - дейді ентігіп.

  • Автобусқа ма?

  • Автобусқа.

Самал тағы да сол бөлмесіне барады, шкафының суырмасын ашады. Әмиянынан керекті керек ақшаны есептеп алады да қызына береді. Қызы «рақмет» айтып шығып кетеді...

Бірде Салтанат он емес жиырма теңге сұрады, екінші он теңгенің автобусқа Перизат үшін керек екенін түсіндірді.

Самал жатын бөлмесіне қарай бұрыла беріп үлкен қызына:


  • Сіңлің үшін сенің сұрағаның дұрыс емес, қызым. Не, оның өзінің тілі жоқ па?- деді.

Салтанат қызарып кетті.

  • Ол сабағын оқып жтыр.

  • Бәрібір дұрыс емес, қызым. Өзіне керек пе, Перизаттың өзі сұрсын. Сен кассир ме едің? Мүмкін саған әмиан сатып алу керек шығар. Ақша салып жүресің. Бұл болмайды. Өзің еңбектеніп тапсаң, бір сәрі. Мә, саған өзіңе он теңге. Ал Перизат өзі келіп айтсын.

  • Бес минут өткенде Нұрсипаттар отырған бөлменің босағасына басын көтерместен Перизат келіп тұрды.. он теңгені мұрнының астынан шыққан әлсіз дауыспен әзер сұраған перизат шығып кеткен соң, Самал кәдімгідей ренжіді:

  • - қайтіп адам болатынын осылардың! Сағат анау күні-түні үй көрмейді. Өңшең оңбаған балаларға қосылып алып. Сенің балаларың әлі жас қой, Нұрсипат, ештеңені білмейді... шіркін, ана сендердің көршілеріңнің балалары қандай тәрбиелі. Көп блалы десең көп балалы. Соған қарамастан бәрі әке-шешесінің айтқанына шықпайды.

  • - сенің балаларың да айтқандарыңнан шықпайды ғой.

  • І-і-и, құрысыншы. Бүйтіп, бала туғанша!...

  • Қой, Самал, не болды саған. Маған басу айтып ұстамды бол деуші ең, өзіңе не жорық? – Нұрсипат құрбысын иығынан қаусыра құшақтады...


* * *
Болат пен Балнұрды сабақтарына жіберіп, есікті сыртынан құлыптаған соң, Нұрсипат жұмысына жүгірді. Бүгін жаңа дәрі-дәрмектер түседі. Тізім-тізіммен қабылдап алу керек. Ертрек бара берейін деген гой. Дәріхананың есігін ашып, әйнек, үстел үстерінің шаңын бір сүртіп шыққнда да Нұрсипаттың ойынан «ақшаға көзқарас» кетпей қойды...

Нұрсипат Самалдың қолына кітап ұстамай жүрген кезін көп көрген емес. Ол өзін бүкіл өмірін кітап үшін құрбан етуге бар адам санайды. Нұрсипаттың ойынша, Самал қанш тәжірибелі мұғалім болса да, балаларының дымын кең аштырмай, қысып, қатал ұстайтын тәрізді. Әрине, бұл оның ішкі ойы. Әйтпесе, өзі педагог құрбысын жөнге салатындай Нұрсипат өле алмай жүр дейсіз бе.



  • Перизат! – деп кенже қызын шықырып лды бірде Самал өзінің қасына. Монтиып қалған сүйкімді Перизат Нұрсипат әпкесіне көзін бір төңкере қарап қойды да, апасының қасына имене жайғасты.

  • Перизат, сен неге өтірік сөйлестің? Ылғи шындықты айту керек деп қанша айтам саған? Өтірік қосқан адамның іші харам болады демеп пе ем? Ақиқаттан артық ештеңе жоқ өмірде! Ал сен болсаң ана Қали көршінің баласына бізде күміс құман бар депсің. Күміс емес никель ғой.

  • Ап-па,, сіз өзіңіз ылғи өңін айналдырып жібересіз менің сөзімнің. Мен Сәдуге күміс деген жоқпын құманды, әшейін, құманның түсі күміс сияқты дегенмін... сәдудің өзі ғой, күміс сияқты түс болмайды деген... мен айттым. Сонда қандай болады дедім. Сәду айтты: құманның түсі никель деп. Мен никельдің аудармасын білмейтінімді жасырғым келді де, бұл құман никельден жасалған, бірақ түсі күміс сияқты дедім....

Нұрсипат әңгіменің әуенін басқа жаққа аударып:

  • Никель деген қалайы ма еді өзі? - деп еді, Самал сұрақты жауапсыз қалдырды...

Жатын бөлмедегі шкафтағы жұмсаған Перизаты анасына жасыл тарақты әкеліп беріп тұрып:

  • Апа, сіздің әмианыңыздағы ақша таусылған ба? – деп күңк етті.

Елең еткен Самал теледидардан спорт туралы хабарды тамашалап отырған Жұмабайға:

  • Бар ақшаны жаратып қойдық па біз? – деді аңтарыла.

  • Жүз елу теңгедей қалып еді ғой, - деді Жұмабай мән бермей.

  • Апа, мен ертең сабаққа елу теңге апаруым керек деп ем ғой. Ағылшын тілі оқулығына төлейміз. Енді қайттім? – Перизат әжептәуір абыржып тұр.

  • Қызым, көр , көкең айтады ғой жүз елу теңгедей бар деп,- қолы босамай жатқан Самал Перизатты қайта жұмсады. Нұрсипат, Жұмабай үшеуі қонаққа бармақшы.

  • Жоқ, дедім ғой. Әмианыңызда түк жоқ. Бос тұр.

  • Не болды сонша даурығып! – төргі бөлмеден Сағаттың даусы гүр еткенде, Нұрсипат өзінің іштей жиырылып қаоғанын сезді.- мен алдым жүз елу теңгені. Маған қажет!

  • Бәрін алып, түк қалдырмапсыз.

  • Оныңыз болмайды ғой,- деді. Перизат бәсең дауыспен.

Жұмабай Самалға, Самал Жұмабайға қарады. Нұрсипат басын теледидар экранына бұра салды. «Осындай қолайсыз сәтке тап келетінім – ай осы».

Не істерін білмей бұртия шығып кеткен Перизаттың соңына көз салған Жұмабай:

Самал, ақша таусылды ма? Әлі айлығыңа дейін бес күн бар ғой. Не істейміз? – деді дағдырып әйеліне. Жатын бөлмедегі босап қалған әмианды ұстап тұрып:


  • Осы бір, үйдегі қражаттың қайда, қалай жұмсалғаны туралы дәптер ме, не керек, не керек емес, жазып жүретін....-деді тағы да.

Самал мырс етті:

  • Немене, сен – Моцарт, мен – Моцарттың әйелі ма ем? – Самалдың шарасыздықтан айтқан әзілі екенін ері де, Нұрсипат та түсінді.

  • Ештеңе қылмас! Құдай өзі брген жанын өзі алар. Болмаса «өлмегенге өлі балық кездесер»- деді Жұмабай күрсініп. – Әлгі Перизат өкпелеп кетті-ау. Ертең мұғалімі де ренжіп жүрер. Сағат жатқан бөлменің есігінен басын сұғып:

  • Балам, ақша бар ма? – деп дауыстады әкесі.

  • Көп керек пе? – Жастықтан басын көтерген баласы самарқау сұрады.

  • Ж-жоқ. Перизатқа. Елу-ақ теңге...

  • Қашан қайтарасыз?

  • Бес күннен кейін апаң айлық алып қалатын шығар.

Орнанан тұрып, шалбарының қалтасындағы буда-буда қағаздарының арасынан жүз теңгелікті шығарып:

  • Майда жоқ,- деп әкесіне берді Сағат.

Осынша мәдениетті, осынш өнегелі отбасынан безбүйрек болып өсіп келе жатқан Сағаттың мына қылығын көріп Нұрсипат ішегін тартып, тіксініп қалды. Қонаққа барғалы жарқырап киініп, жасанып жатқан ерлі-зайыптың осы бір сәттегі мүсәпір күйіне куә болған Нұрсипат оларды аяп кетті. «Арқа сүйейтін күйеудің түрі анау болды. Жалғыз, бір жақты өсірген менің балаларым ертең қандай болмақ...»

Айтпақшы, істеп жүрген жұмысы жоқ. Бұл үлкен ұл ақшаны қалай тауып жүр?




  • «Семья деген шағын мемлекет» демеп пе еді. Ендеше, кіріс кірсе шығыс шығады.

Мұны біз ойлап тапқан жоқпыз. Ақша жүрген жерде қалай да тәртіп болу керек. Оның үстіне ақшаны бала үшін жұмсайсың. Сонда, балаларға ақшаны жұмсауды қазір үйретпесең, кейін кеш болады.

  • Рас, - деп басын шұлғыған Нұрсипат. Қасқырбай ағайды тыңдай бергің келеді. Өзі ашық. Үнемі көңілді жүреді. Балаларын да сұмдық жақсы көреді. Жұмыстан келе жатқан әкелерінің алдынан шұбыра жүгіріп шығатын ұл-қыздарының бірі қолына жармасады. Мәре-сәре, мәз-мейрам Қасқырбай ағай тау көтерген Толағайдай денесімен алшаң басып, кіріп келе жатады аулаға.

Балкондағы кірлерін жинап тұрып, осы көріністі талай тамашалаған Нұрсипат бала-шағасын тастап, қаңғып кеткен күйеуі Алмабекті есіне алып, көзінің жасын бір сығып алады. «Ақымақ болмаса, осылай балаларының ортасында бақыттан басы айналып жүрер еді-ау...»

* * *


Қасқырбай ағай ұсақ-түйекке күнделікті жарататын ақшаларды жексенбі – демалыс күні, төрт көзі түгел үстел басында отырғанда үлестіретін.

Тамақ пен шайдан жиналған дастархан басында ұлдары мен қыздары әке-шешелерін ортаға ала жайғасады.



  • Қалай, Бөтагөзім, кешегі аптаға жетті ме ақшаң?

Үлкендері Бота, қыз емес пе бойжетіп қалған, кішкентай түймелі жылтыр әмианын ашып көрсетеді:

  • Жиырма бес теңгем қалды.

Екіншібала Абзал, мұрнын тартып қойып, өз бюджеті туралы есеп беруге асқпайды.

Себебі, ендігі кезек-ең кенжелері Ғабдолдікі.

Айнұр әкпесі еңбек сабағынан тігіп әкеліп берген шүберек қалтасының бауын пысылдай шешіп жатқан оған тете әкпесі Гүлнұр күдіктене қарайды:


  • Ғабоктің ақшасы тағы да сүр татиды.

  • Тағы да сүрлендірдің ба? – дейді көзін бақырайтып, таңданысын жасыра алмаған Қасқырбай ағай. – Мәш-шқара-а! Сондай да бола ма екен? Қанша болды енді ақшаң?

  • Ақшам ба? – Ғабок – Ғабдол бар ынта – шынтасымен тиындарын санап жатыр.- Міне, жүз теңге. Жиырма, жиырмаға жиырма – қырық, қырыққа елу – і-і-ім.., тоқ-с-сан, тоқсанға он – жүз. Жүз теңгеге жүз теңгені қосқанда екі жүз болады. Және, міне, жиырма теңге. Екі жүз жиырма теңге!

  • Оһ-һо, - деп мойнын созады Айнұр.

  • Ғабок ақшасын курортқа жинап жатқан шығар? – Үсен де шағып қояды.

  • Иә, саған! Иә, саған! Мен ақшамды лимузин ақшаға жинап жатырмын. – Ғабок – Ғабдол шынын айтып қойғанын білмей қалды.

  • Лимузин машина қанша тұрады екен? – деді шешесі.

  • Алты жүз теңге.

  • Мақұл, мақұл! Жөн-жөн, Ғабок! Дегеніңе жете ғой, жаным! – дейді әкесі мейірлене. Балалардын «есебін» түгел тыңдап болған соң, Қасқырбай ағай әйелінің сөмкесіндегі алдын ала ұсақталған ақшаларды бөле бастайды.

  • Мә, мынау саған – елу теңге. Мынау саған – елу теңге. Жоғалтып алсаңдар, обалдарың өздеріңе.

Проверяйте деньги, не отходя от кассы. Санап алыңдар.

Кішкентай Ғабдол мен Гүлнұр ыждағатпен тиындарын санап жатыр. Ғабок қайта-қайта санады да ойланып қалды. Іле-шала, мәз боп күліп жіберді:



  • Көкке, кө-ке! Ойнмаңыз. Бес тиыным кем. Әкеліңіз.

  • Қой, мүмкін емес, түгел еді ғой.

  • Міне қараңыз: он, он бес, жиырма бес, отыз юес, қырық бес...

Қасқырбай ағайдың қулығын ересектер түсінсе де, дымдарын ішіне алып отыр.

  • Қанеки, мен санайыншы, - тиындарды жылдам өзіне сырғыта Қасқырбай аға санай жөнелді,- он, он бес, жиырма, жиырма бес, отыз, отызға он бес – елу. Елу ғой?

Алданып қалған Ғабдол өзінің қалай қателескенін тексеру үшін тағы санай бастады. Ол Гүлнұр әкесін сөзінен ұстап алды:

  • Өтірік! Өтірік! Ғабок, көкем отызға он бесті қосқанда елу дейді. Отызға он бес – қырық бес болады! – деп қуана болысып жатыр інісіне.

Бәрі ду күлді. Бөлменің іші осынша күлкінің мөлдіреген тазалығынан бұрынғыдан да жап-жарық боп кеткендей. Білмейді, Сәуле апайға көрпешесіне құрақ құрастыруға келіп отырған Нұрсипатқа дәл сол сәтте осылай сезіледі.

Күнделікті ұсақ-түйекке деген тиын-тебенді қылдай бөліп беріп отырып Қасекең балаларымен алдағы күнді бірге жоспарласады:



  • Енді былай. Шешелеріңнің азық-түлік пен ұсақ-түйек шаруасына мың жүз елу

теңге керек екен. Сендердің әр-қайсысыңа сабақта жейтін бәліштеріңе бердім. Енді барлық қалғаны – екі мың жеті жүз. Болды ма? Тағы не керек? Ұмыт қалған жоқ па?

Пештің түбінде манадан бері жүн түтіп отырса да жақ ашпаған Балым

әжесінің даусы шықты:

- Ә-әй, көкесі-ау, осылар көптен бері дендидің кассетасы, дендидің кассетасы деп

жүр еді. Ол кассетасы құрғыр, көп ақша тұратын ба еді өзі?

Ғабдол – Ғабок қуанғанынан ұшып тұрды:

- Ур-ра! Аламыз ба, көк-ке?

- Екі жүз елу теңгеге фудбольный кассета келді. –Абзалдың да сөзінен Қасқырбай

ағай кассетаға деген құмарлықты аңғарды.

- Жанұялық қаржы туралы комиссия дэндидің кассетасына жанұялық бюджеттен

екі жүз елу теңге бөлу туралы бірауыздан қаулы қабылдады! – деді асқан шабытты

үнмен отағасы.


...Нұрсипат жұмыстан бүгін кеш қайтса да, шаршамаған сияқты. Алакеуім шақ.

Жерде едәуір қар бр. Кешкі ызғар бойды тоңазытып, қалың киінсе де Нұрсипат

өзінің тайғақ көше бойымен бүрсеңдей басып келе жатқанын байқамай қалды.

Шаң-шұң шыққан әйелдер дауысына жалт қарап еді. Көшенің сол жағындағы

тротуар үстінде бірі құлап, бірі сүйеп тұрғыза алмай жатқан екі әйел екен.

«Міскін, бір жерін сындырып алмаса игі еді». Нұрсипат оларға жылдам басып жетті де, құлап жатқан әйелдің екінші қолтығынан демей берді. Мұнша салмақты болар ма, қасындағымен екеулесіп жүріп әзер тұрғызды. Құлаған әйелдің өте ауыр болуын енді түсінді: үстінен арақтың иісі мүңк ете қалды.

Нұрсипатты көріп көзі шарасынан шығып кетті. «Р-ры-рақм-ет! Нұрсипат!»- деді тілі күрметіле жаутаңдап. Қасындағысы да удай мас. Ащы иіс қоқсын алып бара жатқан Нұрсипат жирене бұрылып кетті.

Иә, бұл Сандуғаш еді. Кәдімгі, аты мен сыры мәлім Сандуғаш. Нұрсипттың әжептәуір қызмет істеп, беделімен бүкіл қалаға танылып қалған жары Алмабеті қаратып алып, атышулы алқшқа айналдырған Сандуғаш.

Үріп ауызға салғандай ұлы Болатты, қызы Балнұрды тірідей әкелерінен айырған Сандуғаш. Жарамазан айтып жүрген Болаттарға қайыршы деп балағаттаған... Сандуғаш...

...Тоңазыған денесі лезде қызып, ыси жөнелген Нұрсипат бүріскен мойнын шығарып, басын шлқайт, бойын тіктеп алды да, адымдай жүріп кетті. Өзінің ширегіне де келмейтін, әбден азғындаған, былапыт ауызды, ылас тілді, маскүнем күндесі Сандуғашқа қол үшін созғанына өкінген жоқ. Бірақ, намыстан жарыла жаздап келеді.

Сандуғаш өзі екіқбат па қалай?... Нұрсипатқа солай көрінді. Обал-ай, анадан маскүнем анадан туылып, дүниеге келетін нәрестенің маңдайының соры неткен қлың еді.


* * *
Нұрсипат үйінің есігі алдында жеткенде, тоқтап, терең тыныс алды. «Шіркін, дүние, неткен кең еді»! «Ал мен болсам балаларымды ақша ұстауға қалай үйретсем» деп күні бойы бас қатырдым».

Нұрсипат өзінен-өзі күліп жіберді. Бірінші рет рақаттан күлгені осы. Алмабек тастап кеткелі емін-жрқын күлгені бірінші рет. Бірақ ешкімге көрсеткен жоқ. Дыбыссыз күлді... есікті ашқан Болат пен Балнұрдың алдында көзінен ағыл-тегіл аққан жасты сүрте алмай анасы Нұрсипат тұрды...


Қаратау-Тараз-Қаратау. 5желтоқсан 2002ж.
«ЫСТЫҚКӨЛДЕГІ» үш күн

Немесе көңіл күнделігі
Айтылған мерзімде дәу сөмкемізді көтеріп аудандық білім басқармасына жеттік. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Келіс Әбітаев ағаның жолдамалық тізіміндегілер түгел жиналып болғанша да сүт пісірім уақыт бар секілді. Алғашында тосырқағанымызбен, сапарластарымыздың бәрі өзіміздей жандар екен.

«Үш күнге алып бара жатқанымыз мынау, одан көбірек болғанда көшіп братын шығармыз»- деп күле сөйлеп Мақсат келді келіншегі Гүлмирамен. Сөмкенің проблемасын бізде жарыса жеткізіп жатырмыз. Алмайын десең бәрі керек.

Ішінде Қойгелді мектебі кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлжан бар – ауыл мектептерінен де біраз адам жиналып қалыпты.

Жолға алар азық-түліктеріне шейін ауылдасып, ұйымшылдықпен дайындалған қаладағы Ш.Уәлиханов атындағы мектептің Жанат, Ұлдархан, Дидар, Зиба, Гүлзира атты бес қызы жетті қол ұстасып.

Қол жүгімен қоса гитарасын ұстап, таксиден түскен Анас көпшілікке сапардың көңілсіз болмайтындығын кепіліндей серпіліс әкелді.

Шығарып салушылар мен туристер арасында әңгіме ербіп өрбіп жүре берді:

- Ыстықкөлге бұрын кім барып көріпті. Білім басқармасының кәсіподағы жағдай туғызып жатқанда қамсыз қалмадық дедік...

- Осылай тәуекел етпесең, уақыт та, өмір де өзіндей ағып өтіп кеткенін білмей қаларсың.

- Өмірде не көрдім деп өткеніңе үңілгенде өкініштің болмағаны жақсы ғой,- десіп тұрғандардың есіне:

- Бәрі өтуде

Күн батып, кеш кіруде,

Жаңарудан дүние ескеруде.

Болашақтан-бейтаныс ұрпағымыз,

Босат деп тұр орнымды,

Естідің бе?!- деп Мұқағали ақынның бір шумақ өлеңін түсірген Сұлтанғали ағайдың зайыбы мен қызын ертіп, «немерем де көрсін» деген ізгі ниетін бәріміз қуана қоштадық.

Қалай деген де, жұрт сонау мамыр айында құлақтандырылған Ыстықкөл сапарының аяқсыз қалмай, шындыққа айналғанына риза кейіпті еді...

Бөктерлі төсінен тасқындап құлаған бұлағы – сарқырапаққан өзенімен жарысе Қырғыз Алатауынан әрі асқан автобусымыз таңғы сағат сегіз жарымда «Энергетик» демалыс орнында тоқтап тұрды.

Жол соқса да шаршағанын білдірмейтін біздің жігіттер дастархан басында-ақ қырғыз қарындастарын жатсынбай- «ашқананың» аспаз қыздарын жатсынбай, жеңіл әзілдерін жолдап үлгерді:

- Мына балықтың басы қайда?

- Құдамыз ғой. Құдаға бас тартпаушы ма еді?!

Біздің сапарымыз Ыстықкөл демалыс орындарының биылғы маусымның алғашқы ашылуына тұспа – тұс келіпті. Оның үстіне 2001 жыл Қырғызстан Республикасында «Туризм жылы» екен.

Керек – жарақтарын алып, суға шомылуға шығып бара жатқандарға үнсіз ілескен мен кімдер келіп, кетпеген қырғыздардың қасиетті топырағын басып тұрғнымды енді түсінгендеймін.

«Жердің сонау құмдауыт шегінде көз жетер шамада көкпеңбек, айнадай көл жатыр. Ыстықкөліміз осы.» көзіммен көргенім көңілімдегі оқығандарыммен қбыса үндесіп, қайран қалып тұрмын. «Шалқар көл аспанмен астасып кеткен. Екеуінің жігі білінбейді. Ар жағы беймағлұм жым-жылас жұмбақ дүние...

Жарға соққан толқынның көзге ілінер – ілінбес ақ көбігі ғана аңғарылғандай болды».

Ыстықкөлдегі сұлу пейзажды – әсем табиғатты оның өз кіндігінен тараған талантты ұлынан артық жеткізу мүмкін бе?!

«Айнала қарлы шың, жасыл орманның қақ ортасында шетсіз – шексіз шалқыған теңіз. Көк жалқынның бетінде ақ көбік атқан толқын, самал жел оларды екшеп, әлде бір алыс жолға алып бара жатқандай. Ыстықкөлдің қайдан басталып, қайдан аяқталарына, көз жетпейді. Бір жағынан күн шықса, екінші жағынан батып барады. Ыстықкөл төңірегіндегі тауларда да қисап жоқ. Таудан соң тау бірін-бірі бүркеп жатқан тылсым жұмбақ»- деп суреттемеуші ме еді адамзаттың Айтматовы.

Келесі күні біз Ыстықкөлдің айдынында ақ кемемен жүздік.

Иә, иә, кәдімгі ақ кеме. Каюталарын аралап, иллюминторынан су көрінген параходтың полубасына шығып, салқын самалға жүзімді сүйгізген менің жүрегім кенет шым етті. «Жалқын-жсыл Ыстықкөлдің үстінде жүзіп бара жатқан таңғажайып ақ шаңқан кемені көргенде әлгі бір баланың да жүрегі осылай алабұртатын еді-ау...»

Ішінен де, сыртынан да, Қырғызстан тауының астында да ескерткіш үшін жолдастрыммен суретке түсіп жатқан мен осы бір ойдан арыла алмадым. Көз ұшында қалып кеткен жағажайда әлде не ағараңдайды. Бейне бір Шыңғыс Айтматовтың сол шығармасындағы матрос – әкені ңсаған баланың өзі секілді...

«...бала дүрбісін тағы да көл жққа бұрды. Әне, әне! Енді дүниенің бәрі ұмыт болды. Көрдің бе, жүзіп келеді, Ыстықкөлдің айдын төсіндегі ақ кеме! Дәл өзі, үсті қаз – қатар мұржа сияқты көрдің бе, жүрісін – ай, шіркін! Қандай тамаша! Оқтай түзу, алған бағытынан қайтпай жүзіп барады. Толқын үстіндегі теңселіп бара жатқан көбік те көзге шалынады. Бала ақ кемеге бар ынтасымен үздіге қарайды.»

Жанар мен Флюра үшеуміз фуражкасын киіп, темекі мүштігін ұстап суретке кеменің капитаны Сағын-байке маған бір сәтке жағадағы баланың әкесі сияқтанып кетт... бір-бір жрым сағаттай бойы бәрімізді айдын төсінде тербетіп алып жүрген ақ кеменің әдемі әсерінен түстен кейін суға түсіпғ күнге қыздырыну кезінде де, гелео-душ қабылдап, алқызыл раушан гүлдердің жұпар исі мен жасыл желекті бақтың жұмақ ауасын жұтып, серуендегенде де арыла алмадық. Катамаран теуіп желкенді қайық үстінде суретке түскен де Ақ кеме аңсарым басылған жоқ.

Света, Қымбат, Айжан, Ербол төртеуміз караокеге қтысып, «Лаванда», «Все пройдет», «Ясный мой свет», т.б. әндерді айтып жрысудан бірнеше рет ең жоғары 100 ұпай алып, жанкүйерлерімізді желпіндіріп, Әли, Малтабар аға сықылды қаржылай демеушілеріміздің (әр айтылар әнге қырғыздың 20 сомынан) үмітін ақтағанымызға мәз болған шықтарға д ақ ниетті адал достардың көңілін төрінде манағы ақ кеме ақ желкенін бұлғап, тілеулес боп тұрғаны анық еді...

Бәрі тамаша болды. Тек...жұлдызды түндегі су жағасында жалындап жнған қырғыз ағайындарға іштей өкпелегеніміз болмаса...

Маусымның алғашқы ашылуына тп келгендіктен, біз орнласқан «Энергетик» демалыс орнында демалушы қонақтардың көңілін аулайтын ұйымдастыру жағы кемшін соғып жатты. Қызу қанды қаратаулық қазақтар оған қарасын ба. Әр адамға қырғыздың жиырма сомынан айналатын дискотекасын байзадық. Коля, Рита, Жанна секілді жасөспірім – жастардың ойынан шықпаса, біздерге – ересектерге қол емес. Сытылып шығып, шұбырып, түнгі алау түбінде тойлап жтқан көңілді топқа келіп қосылдық.

Қырғыз университетінің оқытушылары екен. Расында шет ел өкілдері де бар көрінеді. Асабсының асқақтаған әр сөзіне қол соғып, қошамет жсап, қолдау көрсетсек те, «е, мынау қазақ ағайындар келіп қалыпты-ау» деп қарсы алып, микрофон ұсына қоятын қонақжайлық танытпаған соң, біртіндеп сирей бастадық. «Есің бар да елің тап».

Аман-Әбекең басы ауырып мана-ақ кетіп қалған. Ербол, Флюра үшеуміздің алдымызға Әли түсіп алған. Бізден кейін Келіс аға мен Анас келеді томсырайып. Артқы жақта Талғат пен Жанардың сұлбасы қараңдайды. Кәдімгідей-ақ тұнжырап қалыппыз. Әлекең ашулы. Ылғи көңілді жүретін Анастың да қабағы түсіңкі. Дүйсен мен Рақымжан да үнсіз.

- Қойыңдар-ей, жігіттер! Қызып алған қырғыздарға сонша өкпелегеніміз не? – түн тыныштығын бұзған Ерболдың ойнақы дауысы бәрімізді ду күлдірді. Көңілді басқан буалдыр тұман лезде сейіліп жүре берді.

Қабақтарға қайтадн жабыраңқы жаз орнады.

Ұзындығы 250 км, ені 68 км, тереңдігі 661 метрдей болатын Ыстықкөлге таң қалып, тамсануымыз сапарымыздың үшінші күнінде өз апогейіне жетті десе дегендей.

«Ыстықкөлді «Жемчужина Азии» деп бекерден-бекер атамайды екен ғой» деген Талғаттың сөзі бәріміздің ойымыздан шықты. Жағасындағы ақ топырағын армансыз басып, ақ шағыл құмына армансыз көміліп, шуақты күнінің шұғыласына армансыз қыздырынған менің жерлестерім Ыстықкөлдің тазалығы сонша, түбіндегі түрлі тастары мен қиыршық құмы көрінетін мөлдір суына армансыз шомылды.

Амал қайсы, уақыт шектеулі... алып қайтар көлігімізге мініп, көгілдір айдыны мен қатпарлы шыңдары аясында ай сәулесі төгіліп, жұлдыздары жымыңдасқан, түнгі самала шамдары жарқыраған ынтызар Ыстықкөлмен қимай қоштастық.
Қаратау-Тараз-Қаратау- Шолпан-Ата – Қаратау


жүктеу 2,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау