Үміт Битенова ауады да тұрады аңсарым тараз



жүктеу 2,6 Mb.
бет4/11
Дата07.12.2017
өлшемі2,6 Mb.
#3498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Балалықпен қоштасу
Ұшуға алтын ұядан

Санаулы күндер қалғанда,

Қоштасып қалай қия алам,

Қол созбай биік арманға.


Анашым, маған ренжіме,

Көп кезіп кетсем даланы.

Балалық шағым мәңгіге

Мектепте қалып барады.


Есімде сәби күндерім,

Есімде балғын балдәурен:

Өткізген айлы түндерім.

Қиялым көкке самғаумен.


Асудың алып барлығын,

Алдымда жеңіп шығар күн.

Балалық шақтың бал күнін,

Аңсайтын әлі шығарамын.


Өмірдің тауып дерт, емін

Жүрсің бе егіп санама,

Толғантып менің ертеңім,

Күрсінбе ойлап, жан ана!


Қимастық толы жанарды,

Шық басып мөлдір жатыр мұң,

Сеніммен қарап мен алға,

Нық басып бара жатырмын.


12 маусым 1981 жыл.


Алғашқы шәкірттер

Екі адамның, бірі – оқушы кезімдегі сынып жетекшісі Құттыгүл жанәбілева, екіншісі – мұғалім кезімдегі әріптесім, мектеп директоры Ділдәкүл Қабылбекованың жұмыс стильдері мені бала тәрбиелеу ісіне үйретті. Әлі күнге дейін соларға ұқсауға тырысамын...
Көңілдерді шалындырмай кірбіңге,

Достарың боп үлгердім бе бұл күнде.

Жастай өзім жасықтау боп өскен соң,

Сендерге де жайлы болып тидім бе...


Барлығыңды да ұға алмадым ба, білмеймін

Ойларыңнан шыға алмадым ба, білмеймін.

Әйтеуір, бір себебінің бары анық,

Сендерменен шуағы мол күндеймін.


Балалық шақ еске түсіп қинайды,

Сағынышым тар кеудеге сыймайды.

Әрқайсысыңның жәудіреген көздерін,

Оралмайтын өткенімді сыйлайды.


Ұлдарыңмен ұл да болып ойнадым,

Қыздармен қыр гүлін теріп, тоймадым.

Би де билеп, бірге әнге қосылып,

Қайта келген көктемімді тойладым.


Қуаныштан самал болып есемін,

Қиялыммен көкке самғап кетемін.

Шәкірттерім, ұқтырдыңдар өздерің,

Ұстаз болу қандай бақын екенін.


1986 жыл.

Мектептің мейірімділік акциясына
Мектептің мейірімділік айы да, күні да алаң

Бірі – Сізге түсіп тұр, бірі – маған

Қалай шыдап тұрасыз, көп қиындық

Көріп жатса «өмірдің нұры - балаң».


Ұлы Мектеп анадай аялаған,

Ұл – қызыңның ұясы саялаған.

Жомарт жандар қашан да ұрпағының

Ертеңі үшін ештеңе аямаған.


Түсіп жатқан тұрмыстың сынағына

Желкілдеген пана боп құрағына.

Қолдау жасап, білімнің шаңырағын

Бөлеңізші бақыттың шуағына!


Ержетіп – ұл, бойжетіп өскенше – қыз,

Қас қағым сәт.

Қыс шығар, жеткенше күз...

Қайтармаңыз жайылған алақанды,

Егер ізгі ниетті хош көрсеңіз!
24.02.2003жыл, дүйсенбі.
«Ұлдың аты – ұл...»
Ұлдарына көңілі толмайды(ы) енемнің,

Келіндері қалай шықсын ойынан.

«Артық екен одан да қыз дегенін»

Деп налиды кездерінде мойыған.


Анамның да маңдайдағы екі ұлы

Көресісін көрсетті ғой не түрлі.

Соған шыдап әлі күнге өзінің

Жерді басып жүргеніне өкінді...


Өткен өмір тек өкініш ғана ма,

Қайта біраз сабақ болар санаға,

Деп уәж тауып, басу айтқан боламын,

Жылы сөзбен енеме де, анама.


«Ұлдың аты ұл ғой, шіркін» дегенмен,

Ата – ана көп қыз мейіріне бөленген,

Еркек емес ез боп туған баласы

Жайлы айтуға тілі бармай бөгелген.
«Келін ене топырағынан...» Рас па өзі.

Оны терең бойламаппын. Жас кезім.

Менің де үш ұлым өсіп келед,

...Тәрбиелеу үшін керек тас – төзім.


Үш ұлым бар әкесінен аумаған,

Үшеуіне сүйсінуден тоймағам.

Бір қыз жетпей тұр екен – ау Сізге енді,-

Деп біреулер салып кояд(ы) ой маған.


Әзір бала. Тәтті қылықтары да.

Болашақтан сенем үміт барына.

Күдерімді үзер ұлдан сақтай көр,

Бер, Жаратқан, таупиық, бұзықтарыма!


Жібермейді жаман ойға намыс кей.

...Жүрсе болды жетесіз боп қан ішпей,

Құдай берген ұлдарыма қанағат!

(Қыз құрғырды қиялдаймын, ал, іштей...)


18.05.2003жыл, жексенбі, 300 сағ.


Дәрігерге наз

(Серік Майысұлына)

Жазылған шығар маңдайға...

Кездейсоқтыққа не шара,

Тағы да тиіп таңдайға,

Түстім бұл күйге бишара.

Әйтеуір үлкен ажалдан

Сақтапты құдай – тағала.

Омыртқадан кеп қадалған

келтірді ауру тобама.

Дәрігер деген есімге

Сенемін, жиі табынам.

Душар боп қалсам кеселге,

Ауруханадан табылам.

Сіз болмасаңыз, Серік – ай,

Қисайып қалып қоймасын.
Өзім де оңған емес ем,

Арық ет қандай, бой қандай.

Атжақты, иекті демесең,

Пышақпен жонып қойғандай.

Асығып жүріп ауылға,

Балалар жылап қалғалы

Табылып дәру мойынға,

Айығы кетсем болғаны.


Жеткіздім – жетсе жақсылап,

Қара өлең мен үшін.

Өтінем, Секе, бақ сынап,

Бере көр жылдам қол ұшын!


1992 жыл, шілде.

Жігерлі жігіт
Аурухананың мен жатқан бөлімінде оң қолы иығынан жоқреңді жігітке сүйкімді балаларын ертіп сүйікті жары Гүлбаршын күн құрғатпай келетін...
Көремін күнде көзіңді

Түбінде жатқан терең мұң

Сендей жігітті төзімді

ҚАЙРАТТАЙ ЕРГЕ теңермін.


Жүзінде қалай қар тұнбақ,

Сеніммен келер әр күнің.

Жүретін ылғи жарқылдап,

Жігер күшіңе тәнтімін.


Ұшқыны бар дарынның,

Жан емессің тегін сен.

ГУЛБАРШЫНДАЙ жарыңның

АЛПАМЫСЫ ма едің сен?!


Аумай қалған түр-түсің,

Балаларың – көркі үйдің.

Жүрегін жаққан жұрт үшін

ДАНКОСЫ ма ең ГОРЬКИЙДІҢ?


Алыстаса азап күн,

Жоғалады қайғы шын.

ТОҚТАРЫНДАЙ қазақтың

Арманыңды Айға ұшыр.


Миға қонып ой – легің,

Әуелеп көкке өрлесін.

Өмірді сүйген кеуденің

Сезімі суи көрмесін!


1992 жыл.
Шипаргер
Біздің ауылдың тұрғындары үшін жер жүзінде «Біздің Күлмаханнан артық білімді дәрігер жоқ». Тәжірибелі Есенов Құлмаханбет ағайдың қолынан мен де талай ем қабылдадым...
Палатаға келіп кірді мені емдейтін дәрігер,

Жан жүрегім еріп тұрды ғайып болып әбігер.

Алғысымды айта алмай қарай бердім жүзіне,

Тұрды алдымда өз ісіне берік, мығым, кәнігі-Ер.


Ауру меңдеп, маза бермей қанша күн көз ілмедім,

Түнді сүзіп, телмірумен өтті қанша күндерім.

Жас өмірге сенімімді жаздадым – ау жоғалтып,

Шыдай алмай өзімді-өзім іштей қанша тілдедім.


Қиналып ем жатқандай бір таспа тіліп жонымнан,

Көрер жарық, бақытым мол екен сөйтсем сорымнан,

Көп ұзамай қуат жидым, арылдым да дертімнен,

Айналайын шипагерім, айналайын қолыңнан!


Тұла бойым толқынысты баса алмай, егіліп

Кірпігімнен құлап жатты моншақ – жасым төгіліп.

Тұрды алдымда атқан тңдай ақ желеңді әзіз жан,

Менің сағым тағдырыма жағып сәуле, көп үміт.


Жаны жарқын, көзі нұрлы, жылылық бар үнінде,

«Құлан-таза айықтың» деп қолымды алды күлімдеп.

...Қарай беріп мейірімді осынау бір адамға

Өлеңіммен ұсындым мен бір шоқ көктем гүлін тек...


1986 жыл, қыркүйек айы
Кемеңгер

(А.Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойына)
1994 жылдың көктемінде Жамбыл облысы ақындарының мүшәйрасында оқылып, көрермен көзайымы сыйлығын иеленген жыр.
Әуелден бастар ел көшін ерек,

Кеудені тербеп жыр-өлең,

Өнердің өршіл өлкесіне кеп

Ат басын аздап тіреп ем.


Қажытты, бірақ, түбі жоқ терең,

Қасаңдау қысқа сезімім.

Жақсы жыр туар түрі жоқ менен,

Тасада қалды өз үнім.


Теңіздей жырдың тұншыға бердім,

Таба алмай жасыл жағасын.

Жігерсіз ойдың ырқына көндім,

Көтере алмай бағасын.


Ұқтырған оның мұратын маған,

Айырып дәннен кебегін,

О, мені кешір,

Ұлы ақын бабам,

Поэзия пірі сен едің!
Жаралған нұрлы сәулеңнен сенің

Сүйсінсем сөзге, несі айып?

Мендегі асқақ бейнеңмен сенің

Теңесе алмас еш Алып!


Тамырын жайған бәйтерек едің,

Саяңда өскен көй қайың.

Жыр – дерттің тапқан ертерек емін

Шәкәрім, Мағаш, Көпбайың.


Жетелеп, жебеп, сүйрелеп өттің

Ардақтап елдің бірлігін,

Жиреніп, жеріп, түйрелеп өттің

Күлембайлардың тірлігін.


Еске алсаң жүрек еріп сыздар-ай,

Кезінде оны кім ұқты?

Бұрмалап, бүркеп келіппіз талай,

Лайсаңға балап тұнықты.


Көз тігіп, құзар шың басын аңсар,

Баулығын сені қырандай,

Танылған теріс тұлғасы, нансаң,

Киелі екен Құнанбай.


Дарытпай бойға қасыңдай еттің

Мінездің жасық, жаманын

Жар салып жұртқа жасырмай өттің,

«Жүректің қырық жамауын».


Жеткіздің бізге орамды тілде

Лермантов, Гете жырларын.

«Қалғытып тауды қараңғы түнде»,

«Теректің сыйын» сыйладың.


Заманға сен боп айтады зарын,

Арманда кеткен кіл ғашық.

Әніне қосып ойдағы жарын

Татьянаң жүр қырды асып.


Бұлақтан нәрін алып жыр – өлең,

Жұбатқан жадау жаныңды.

Сахналарында салып жүр әлем,

Нотасыз жазған әніңді.


Қанағат, рақым бар елде мынау,

Қуаныш бар да, мұң бар да,

Жырларыңмен, Кемеңгерім-ау,

Жасай бер жылдан жылдарға!


1994 жыл.
Димаш ата рухына

(Д.А. Қонаев атындағы білім ордасында ақтарылған ой).
Ашаң жүзін торласа да жиі мұң,

Еңсе түсіп, еңкейтпестен иығын,

Мәңгі қалған сақтап кесек тұлғасын,

Алатаудың ақ шыңындай биігім!


Еңбегің зор төккен жылдап, айлап тер,

Жұрттың сыйлап орын берген сайлап төр.

Аттамаған ақиқаттың ақ жібін –

Қоғамдағы қайталанбас қайраткер!


Ел даланы ел байлығын, асылы,

Өзің барда өзендейін тасыды.

Бұлақ басы береке мен бірліктің,

Нар бейнелі нән халқының хас ұлы!

Елдің ерек, дара туған қимасы,

Белгілі ғой кең маңдайға сыймасы,

Үлендердің ұлы атасы үлгі еткен,

Қазағымның қарапайым Димашы!


Бір бойында тұнған шексіз даналық,

Қадірінен дамыл тапқан дала ұйып,

Марқа елдің мақтанышы, маңғазы,

Әлем танып мойындағын – Қонаев!


Жоймау үшін жарық жұлдыз – нәсібін,

Ардегерін ардақтаса, несі мін?!

Талайларға тағдыр тартқан тартудай,

Тұр, мінекей, тәбәрік боп есімің.


Күн туғанда заман бетін бұрарға,

Өзің боп ең өрге аққан ұлы арна.

Тағзым еткен әрағыңа ба иіп,

Ұрпақ үнін тыңдап бүгін бір ауна!


Наз

Ә.-ге.
Өкпелетіп жүрсіз, Аға, сіз мені,

Жылдан – жылға хабар – ошар үзгелі.

Қатал қыстың қары басып қалғандай,

Қалды өшіп өткен күннің өткен күннің іздері.


Жасырынып жадымдағы жарқылдан,

Кездерім көп іздеп сіздң, шарқ ұрған.

Түсіме де жиі сеніп жүресіз,

Даусың келіп құлағыма шақырған.


Қыспаққа алып жүйрік уақыт шыдамсыз,

Бәлкім мені ұмытқан да шығарсыз.

Арамызды сан қалалар тұр бөліп,

Алыстасыз.

Қалай мені ұғарсыз...

Қыс та өтер.

Шығып көктем,

Жүрер сең.

Қайралмаған

Жес едім мен жігершең.


Жетер ме екен Сізге менің сәлемім,

Қанатына құстың жазып жіберсем...


1985 жыл, қаңтар.
Манаткүлге
Медеу тұтып жас жаныма,

Шұғыласын шырай таңның,

Ауылд өзің жқта мына,

Кімге барып сын айтармын.


Кімге барып өткен күнді

Сағынышпен еске алармын,

Көрсем бұлтсыз көктен күнді,

Жүрегіме кеп қалар мұң.


...Екеу бопты бір бас мынау,

Құтты болсын орамалын!

...Енді сенсіз, сырласым-ау,

Белгісіздеу...не боларым...


1985 жыл.
Соғыс жылдарындағы уылжыған келіншіктер –

бүгінгі әжелер
Күн күліп көктен көрінген,

Шапағын шашып төгілген.

Асыр сап ойнап сәбилер,

Күлкіге аула көмілген.


Күндерді қалған жырақта,

Еске алып...кейде жылап та,

Маужырай күннің көзіне,

Әжелер отыр шуақта.


Еске алып жастық көктемін,

Түскенін алғаш боп келін.

Еске алып одан бері де

Қанша жыл уақыт өткенін


...О, біздің ғазиз әжелер!

Сендер деп әнім әуелер.

Тек сендер жайлы сойлер ем,

Сөйлетсе, беріп сөз егер,

Жан емен тоқтап бөгелер.


Тағдырдың тосын ызғары

Қалдырып суық сыздарын,

Сендердің жастық шағыңа

Дөп келді соғыс жылдары.


Қаймықпай қаңды кезеңнен,

Қару ап жауға кезенген.

Ерлерің-сүйген жарларың

Аттанып кетті тез елден.


Қайғыға толып әр күндер,

Естіліп үйден шерлі үндер,

Жиырмаңда жесір атанып,

Жәудіреп қала бердіңдер.


Қуышып қайта қол алмай,

Жеңістің гүлін тере алмай,

Бірі боп жиырма миллионның,

Қалды олар мәңгі оралмай.


Кеуденің жамап, кетігін

Көрмедің дамыл, не тыным.

Әлпештеп тағы өсірдің

Артында қалған жетімін


...Бүгінде бәрі ертеңі

Өмірдің айқын ертеңі

Немерелерін алдына ап,

Әжелер сыр шертеді.



Алматыға

Алатаудың баурайында тербелген,

Ар ма, Астанам,

Пейішпенен тең келген!

Әсем қала деп атыңа қанық ем,

Алақандай

Бір ауылдан көру үшін мен келгем.
Тап болғандай қзынасы қойманың,

Апортының жесем қанша тоймадым.

Көктебеңнің жерін басып тұрып та,

Ақ – таң блып:

Өңім бе, әлде түсім бе деп ойладым.
Майса шөбің жерді жапқан төгіле

Ұқсайды екен жасыл кілем түгіне.

Медеуінде мұз үстіне өрнек сап,

Саяладым


Қалың өскен шыршалардың түбіне.
Шаттаныстан

Жырға толды көкейім.

Қия алмадым,

Сені


Қалам,

Не етейін.

Ақ тауыңды ала алмаспын көтеріп,

Ақ бұлтыңнан бір шөкімдей бер көрік,

Арман қуған көңілді асау жел керіп,

Бұйра – бұйра ой – қатпармен көмкеріп

Кеңезі кеуіп қатпармен көмкеріп

Кеңезі кеуіп жатқан

Жаңбырсыз

Шөліркеген шөлді далам –

Ауылыма ала кетейін
1980 жыл.


Қазақ тілі мен қазақ қыздары

(Оспанхан аға ізімен)
Кешкі шамада,

Аялдама


Екі жолдас құрбы,

Әңгіме айтып тұрды:

-Ой, подружка!

Зря сен киноға бармадың.

Сол «Тонцор дисконы»

Бір көру емес пе еді арманың?

-Да, да, мен қатты өкіндім,

Но я за уроком отырдым.

Әйтпесе лектор «2» қояды,

Ал сосын пахан көзімді ояды.

-Митхун Чакраборти ше, баяғы,

-Иә, иә?


-Сол Джиммидің ролін «во!» сояды.

Сүйген қызы жылап,

Көз жасын бұлап,

«Джимми пой- пой!» - дегенде,

Джимми поймай қояды!..
* * *

Екі жолдас құрбы,

Осылай сөйлеп тұрды,

Шұбырланған тілді,

Мен ғана естп білдім.
* * *
Есімді ауыр жиғызбай ойдан,

Жүрегім қатты сыздады-ау!

«Пой, пой» дегенде «пойғызбай қойған»,

Қызықтың қайран қыздары – ай!


1983 жыл.


Тағдыр тәлкегіне ұшыраған қызға
Тағдыр сенің тартты алдыңа бөгесің,

Енді өзіңе өзің ғана егесің.

Көз жасыңды төгіп ал да жасырсын,

Жүре бергін, жұрт не десе, о десін!


Саған қарап қрап атса әркім жебесін,

Іштен тынып, амалсыздан төзесің,

Ел алдында ұнжырғаңды түсірмей,

Ашық жүргін, жұрт не десе, о десін!


«Мына сорлы жүнжіп кетті» демесін

Жадырап жүр, таңдырардай ел есін.

Оңашада ойға ал да өткенді,

Жүре бергін, жұрт не десе, о десін!


Шын пейілді сөз деп түсін мұңы бар.

Жан жоқ сені дәл өзіңдей ұғынар.

Сенің мұның кімге керек, әркімнің

Өзді-өзіңе жетерліктей мұңы бар.


Үзілмеген жауқазын ең әлі гүл,

Құйын қуған қаңбақтардан ары жүр.

Көп талқысын көрмесең де бетпе-бет,

Ел сөзінен қаша алмайсың бәрібір.


Сол қалпыңда жайдарлы бол, паң да адал,

Өмірден өз орныңды дәл таңдап ал,

Тұрмысқа тез шығуға сен асықпа

Тек өзіңді түсінетін жанға бар!


1.07.1989 жыл.

Ай көрікті Айша апке

(Ақын А.Көпжасарованың 60 жылдық мерейтойына)
Өлең жазу мойындасаң азап-ақ.

Жан дүниең маздап жанар мазаны ап,

Ақындықты жүргенде әзер көтеріп

Әйел түгіл арқасы бар азамат.

Өлең оты өрт боп шарпып денені,

Сарсылғанда сөз таба алмай келеді,

«ӘЙЕЛ ЖАНЫҢ АРДЫҚТЫ МА БІЗДЕН» деп,

Көз алдыма қыз – ақындар келеді.


Болғанменен саны сирек қанша олар,

Менен бұрын салып кеткен жол солар.

Жамбыл жерін жыр-желекпен көмкерген

КҮЛӘН, ШЫРЫН, КҮЛӘШ, ГАУҺАР, АЙШАЛАР.


Рухани күш алып КҮЛӘН, ГАУҺАРДАН,

Мейірленіп ШЫРЫН тілінен бал тамған,

Жырларына қанып өссем КҮЛӘШТІҢ,

АЙША ӘКПЕМНІҢ Ай көркіне арбалғам.


Ай көрікті АЙША десе дегендей,

Сыртыңыздан жүрем ылғи елеңдей.

Алпысыңыз қалай алдап кеп қалған.

Албырт қызға ақсақал қарт келгендей!..


Шынымды айтсам, Сізді алпысқа қимаймын.

Төрт «он бесің қой деп өзімді қинаймын».

Төртінші – ақ рет толып тұрған «15-ке»,

Сіздің сырлы қасиетіңізді сыйлаймын.


Сыр бермеген сырлы аяқтай өңінде

Шуақ төгер шапағат бар көңілге.

Өң бермеген өмірде де ӨЗІҢСІҢ,

Өзгермеген өлеңнің де төрінде.


Ез ниетке айта алған батыл сын,

Ең алдымен ел таныған АҚЫНСЫҢ.

АНАСЫҢ сен, ұрпағыңның алдында

Күндей сәуле шашып келе жатырсың.


ӘЙЕЛ, АНА, АҚЫНҒА етіп құлшылық,

Өзіңізден көктеген мен бір шыбық.

Мен секілді қайлап өссін гүлдерін,

Өзің соққан жыр – күмбезге ұмсынып.


4.10.2001 жыл, бейсенбі, 16 10 сағ

Тау ұлы

(Шәріп Омаровқа)

Меже етіп мақсатты анықталған

Жігер оты жаққанда жарықты алдан,

«Бота тірсек, бос болбеу» бозбаланы

Алатаудың бауырына салыпты арман.
Адал сүрлеу алдамай алып барған,

Тілін тауып шықпай – ақ бар ықпалдан.

Көңіл құрғыр құлази берер аңсап,

Қаратауын қырқада қалып қойған.


Арбаса да ақ таудың бөктерлері,

Өрлетсе де өмірдің өткелдері,

Елегізіп жүрегі жүдеу тартар

Елін аңсап көрмеген көптен бері.


Сағынышпен батырып сонша мұңға,

Ауыл – жұртқа ауғанда аңсарың да,

Құзыретті құлдырап қызметінің

Мансұқ болады екен – ау мансабың да.


Қойсада да өмір – емтихан, қалай сұрақ,

Бастан өткен түк емес талай сынақ.

Қиын екен сағынбау туған жерді

Ал сағынсаң тұрарсың қалай шыдап.


Бағалаған болмысын халық, ғалам,

Аты аспан төрінде шарықтаған,

Келді балаң Қаратау, құшағыңды аш,

Келді мақтан тұратын Шәріп балаң!


14.09.1998 жыл.

Әйелге ода

«Байтал шауып бәйге алмайды» деген бар...

Онда, Халқым, бәйге алмай жүр неге Ұлдар?..

Нән Ұлдардың қамыт түсіп басына,

Нарық – нардың құлы болып жегілді Ар.
Бір үйлі жан – есті болса Еркегі,

Берекемен бақыт күйін шертеді.

Жары отырар еді туып баласын,

Ері асырап, алаң қылмай ертеңі...


Арман етер ертегі ме қазір бұл,

Арулардың кім бар тыңдар назын бір.

Аяламақ тұрсын, қайта өз жүгін

Арқалатып жіберуге әзер жүр...


Рас, бізде де бар жігіттер масғасқа!

Ал, Ездерді сынға алсақ болмас па.

Жұмыссыздың желеу етіп жай күйін,

Тік қасықтай болар дайын енді асқа.


Мойып қалып, мойныңа асылған

Қоғам жеріп болған жоқ па масылдан.

Нағыз Әйел Ердің жанып намысын,

Асылдықпен абыройын асырған.


Қажығандар ауыр тірлік – күйбеңнен,

Ішімдіктен өшін алып үйренген.

Бірақ Әйел, іштей ғана күрсіне,

Құрақ ұшып қарсы алды Ерін үйге енген.


Нарық қой бұл. Уақыт дерсіз өтпелі.

Қайран Әйел көрер құқай көп пе еді.

Көтерер Ол қабырғасы қайыспай,

Қасында Ер – Азаматы, өйткені!


Әйел жолы, жасырмаймыз, жіңішке.

«Қатысың жоқ жерге киіп кіріспе»

Нәзіктердің неге тауын шағамыз,

Тәуекелдік жасап жатса ірі іске.


Шұғыл тауып екі қолға бір күрек,

Шұғылданып жатса іспен дүркіреп,

Ағайын – жұрт «ақ жол» тілеп жатса егер,

Әйел жолын кесіп кімдер іркімек.


Атын қорлап, сөзі құрысын демеңдер,

Дені – нәзік, дәті мықты – Әйелдер.

Сол Әйелден шықпап па еді даналық,

Сол Әйелден туды Алып та, Кемеңгер.


Еркекпенен алмайсың деп теңдесе,

Бетін қақпа, Бәйбішеңнің, ендеше.

Қақпан құрып қойма қасқыр – қызына,

Қасқыр болу Ұл қолынан келмесе!


Тянақты, нақты ісі – үлгі елер,

Сәтін күтіп жүреді олар бір келер,

Ошағының түзу жағып түтінін,

Бал – бесігін тербетіп те үлгерер.


Шапағат та таралады Әйелден,

Махаббат т нр аладаы Әйелден,

Ғаламдықтың, адамдықтың негізі-

Әйел аты кем түседі қай Ерден?!!


Қажет емес шекпен де оған, шен де оған,

Ол шындаса шынға айналар шөл далаң.

Жарты Әлемді жүрегімен жылытар,

Сеніп, Халқым, сенім артсаң болды, Оған!

12.08.2000жыл, сейсені таңғы сағат 330

Сұңқар қияға самғайды
Өзіңдей мені кім бағалар,

Қайырымды мол Ағам, қндасым,

Атақ-даңқтан қымбат саған-ар,

Көңілің – күн, пейілің – жаз болғасын.


Қарсы алдың Ақ үйде қабылдап,

Келгенім бір ғана бұл емес, -

Сұхбаттасқан сайын жалында,

Жаулайтын жадымды жыр – елес.


Жүргенім сол шөліркеп мейірге,

Жүрегім жылуға іңкәр-ді.

Таныған жерім бұл менің де,

Қияға самғаған Сұңқарды.


Алдында отырып енді еркін,

Ойымды ашыла ақтардым.

Сөйлескенімді айтып елдердің

Бәріне кеп тұрды мақтанғым.


Жаныма жақын боп кеттіңіз,

Түсінем, әлдекім емеспін.

Кетереде жүзімнен өптіңіз,

Көрмеді-ау, әттең, соны ешкім...


17 мамыр, сейсенбі, 2005 жыл.

Жаңа жылдық құттықтау

(Б.Құлекеевке)
Көркем ойды көмкеріп көңілдегі.

Келер күннен соғады өмір лебі.

Құттықтауға өлеңмен құштар етті,

Сізге деген кіршіксіз сенім мені.


Тау тұлғалы жан едің Сен еңселі,

Ерлігімен өлшенер ер өлшемі.

Нағыз бақыт басшыға сол емес пе,

Береке мен бірлікке кенелсе елі.


Кемелденіп келедеі Таласың да,

Тәуеп етіп Өзіңдей жанашырға.

Қайнар бұлақ суындай тасты бұзып,

Шыға бергін шаршамай жаңа шыңға.


Халқың үшін қадірлі, қалайда, шын,

Тәуекелген тігілген талай басың.

Елді ерткен ертеңге үміт оты

Амангелді газындай алауласын!


28.12.2003 жыл, жексенбі сағ 2345
Жаңа жыл. Дала – жыр. Ана – жыр.
Қалың қар. Ақ ұлпа мамыққа малынып,

Қалама қыс келді, қарашы.

Ауырып жатсаң сен, кеттім – ау сағынып,

Айыға көрші тез,АНАШЫМ.


Қараша қалды артта .

Желтоқсан айы да

Тақау тұр жыл соңын жапқалы.

Әпкем де, анашым, дертіңді уайымдап

Алаңдап жүр ауыл жақтағы.
Қосылып, міне, іске, әледі тың қыла,

Амангелдінің газ алауы,

Өз қолы, шүкір деп, жетті деп өз аузына,

Өзгере бастады ҚАЛА, АУЫЛ.


Жұмысқа үш жылды АУЫЛДЫҢ ЖЫЛЫ деп,

Кірісті үкімет жұмылып,

Ертеңгі күндерден соғуда жылы леп,

Әлдилеп кеудені бір үміт.


Егемен еліміз іргесін нығайтып,

Еңсесін келеді көтеріп.

...Тек сенің жағдайың жанымды мұңайтып,

Жабырқау тартып сәл, кетем, ұқ...


Басыңды тауқымет тартқызған тағдырға

Имеп ең бұдан да қиында.

Келешек күтеді, әлі өмір алдында,

Бір жейік бар дәмін бұйырған.


Отан деп оянып, Отан деп құрғақ ұш,

Болсыншы жұрт тыныш, ел аман,

Өзіңсің ортайып қалмай ма қуаныш,

Айығып, үйге тез кел, АНАМ!


Көппен бір көргенің ұлы той емес пе,

«Екі мың төрт» есік қағып тұр!

Шықтық деп аман – сау жаңа бір белеске,

Толайық қазанға ет салып бір.


Табиғи заңдылық: жыл мен жыл жалғасып,

Тарихтың жолдарын жаңалар

...Бақытты балалар аяғын тең басып,

Ауырмаса екен АНАЛАР!


25.12.2003 жыл.

жүктеу 2,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау