Үміт Битенова ауады да тұрады аңсарым тараз


Үміт Битенова мен Айтмұхамбет Исақовтың айтысы



жүктеу 2,6 Mb.
бет7/11
Дата07.12.2017
өлшемі2,6 Mb.
#3498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Үміт Битенова мен Айтмұхамбет Исақовтың айтысы
Үміт:

Ақкөңіл Таласымның адамдары,

Жаныма жалау болдың жаралғалы.

Ой – қырлы көзге ыстық басылатын

Ыстық қой-жер суынның маған бәрі.
Жөн болмас бұл Үміттің тасынғаны,

Аханай құрдасым ед қасымдағы.

Азуы алты қарыс Аханайдан

Кетпей ме бағым ұшып басымдағы?


Айтмұхамбет:

Оу, Үміт-ау, қарап қойып қиығыңмен,

Қарайсың биіктерге биігіңнен

Ерболдан егемендік алып кеше,

Қашып шыққан жайын бар үйіріңнен

Аузы алтын қарыс қасқа айғыр

Бүлкілдеп келіп тұр ғой бүйіріңнен.
Баянды болсын бағың басыңдағы,

Құрдасың тілек айтар қасыңдағы.

Үміттейін құрдасты көрген кезде

Желігім ұстап кетед жасымдағы.

Келгенім жоқ бағыңды ұшырғалы,

Келіп тұрмын бағыңды асырғалы.


Ел-жұттың, кемпір менен шал аман ба?

Кемпір-шал бағып отқан бала аман ба?

Кенін қазып, отырған белін жазып,

Қатпарлы Қаратаудай кала аман ба?


Төрт көзі түгел халқым, ұлысыңдар,

Жеті ақының айтысты кіл ұтыңдар.

Алты малды аңсаған бұл заманда

Алтын, күміс гауһарды ұмытыңдар

Жеті жігіт жер тарпып шыққанменен

Ішінде менің құрдас Үмітім бар.


Қаратау қабылдады жылы бізді

Арнайық, Үміт жұртқа жырымызды

Ұрыста тұрыс жоқ деп айтқанменен,

Біріміз демесейік бірімізді.

Тура сөйлеп бағайық туғандарға,

Тасқа жанып алғандай тілімізді.

Құрдастың қу әзілін табамыз ғой

Бұрыннан білгеннен соң сырымызды.

Мұң-мұқтажын ел-жұрттың ойласайық,

Халайық жөн көрсе егер мұнымызды.

Әйтпесе, түлкі бұлаң бұл заманда

Көруге шақырған жоқ түрімізді.

Ой, халқымыздың жағдайы қиын боп тұр,

Мол да болса теңгеміз тиын боп тұр.

Егемен ел болсақ та, орыс тілі,

Күрмеуі шешілмейтін түйін боп тұр,

Жастардың аңдығаны той-томалақ,

Таңдағаны тыртиған киім боп тұр.

Зиялылар қауымы ескерткенмен,

Зияны бар молда күлген үйің боп тұр.

Жеті жеп биге шыққан дойбы құсап,

Алтайы ғана түлкіден биің боп тұр.

Заңмен ұры қайнасқан жемқорменен

Жең ұшынан жалғасқан ұйым боп тұр.

Ал Үміт, ел үмітін ақта бүгін,

Бұл айтыс соны айтатын жиын боп тұр.


Үміт:

Демеңдер неге Үміт деп егілді

Ағайын бере көргін көмегіңді

Азулы бұл ақынның мысы басты

Отырмын мен де білмей не дерімді.
Білемін Айтмұхамбет, жүректісің,

Біліммен теңестірген білек күшін.

Қарпысам тістесетін түрің бар-ды

Қалғанша күйреп түсіп керек тісің.


Ойыңды, Ахан, сенің ұға алдым ба,

Шектен тыс астам сөз жоқ шығар мұнда.

Ахан-ай, шығар шыңын қашық емес,

Шақырып үлкен үміт тұр алдыңда.


Ақындар көшіне сен болдың тұтқа,

Құптама бұл сөзімді, мейлің, құпта.

Жүрегі Алатаудай ақын едің,

Танытқым келіп отыр соны жұртқа.


Кездесіп отырған соң амандықта

Ақтардым мен де сырды тәмам жұртқа

Сермесең сөз семсерін Қобыландыдай,

Соңынан тілеу тілеп болам Құртқа.


Айтмұхамбет:

Үміт-ау, теңеп сені ақ қайыңға

Теңесем ақ қайынға жақпайын ба.

Алатау деп мақтасаң Аханайды

Мен де сені біразырақ мақтайын да.

Кешегі күн үйіңе шақырып ең,

Ең болмаса асымды ақтайын да.

Сараңның басына тимес сарыуайым.

Қашанда құрдасым деп табынайын.

Сол жағымда айқайлап Ерболың тұр,

Білмеймін деп отыр ма жағынайын.

Бұдан ары мақтауға тіл жетпейді,

Тиісіп мен өзіңе неғылайын.

Одан да ойласып біз облыстың

Бір ақтарып тастайық жағдайын.
Жай сөзден әркімнің-ақ жел еседі,

Оған да жібермеспін мен есені.

Халық егер ақынын ардақтаса

Ал ақындар жұртымен кеңеседі.

Жұртыма артық айтуға қосылармын,

Елбасы елден артық демес едім.


Өтсе де бастан талай ойран заман,

Бұл заман төбемізден ойған заман.

Ауылдың азын-аулық малын ұрлап

Біткесін, итін ұрлап тойған заман.

Кітапхана клубты жауып тастап,

Әдебиет, мәдениетті жойған заман.

Орнына арақ-шарап дүкен ашып,

Тоғышарлар дікеңдеп тойған земен.

Ақыны мен батыры бай манаптың

Сойылын соғатұғын сойқан земен,

Жыл сайын әкімдерін уыстырып,

Қасқырға қой бақтырып қойған заман.


Үміт:

Ахан-ай, зырылдайсың қу жақ құсап,

Қалмағын сәлден кейін тулақ құсап.

Сөзіңнің бір шетінен ұстатпайсың,

Кәдімгі суылдаған судақ құсап.
Десем де көп сөйлеуді жақтамаймын,

Байқадым құйылғанын отқа майдың.

Сөйледің сен де біраз, мен де ендеше,

Сөйлейін біраз уақыт, тоқтамаймын.


Қайыңдай күнге жайған жапырағын,

Күн сайын көкке самғап жатыр әнім.

Тамсанып талай тарлан ақын өткен

Таласым, киелі ғой топырағың.


Көліңде қалқып аққу, қазың кеше,

Соларды жоқтап мұңның сазын көшем.

Қалыбек, Жаңылдықтай ақын өткен,

Шінайым, Шәшкел, Баян, назым, Көшен.


Ашылмай көне ойдың тіл-қақпаны,

Сан жылдар сырбаз далам сыр сақтады.

Ал бүгін ақын ару Ұлбикенің

Айтады арман-әнін ұрпақтары.


Қойнауы Жамбылымның жұр-құт әлі,

Өнерді сүйген халқым пір тұтады.


Ұлбике терең тамыр, ұлы ағаш,

Біз едік сол ағаштың бір бұтағы.


Ұлбике есімі елге болған мақтан,

Ол дарын, жазылмаған дастан жатқан.

Атағын ауданымның әуелетіп

Атағын облысымның аспандатқан.


Тағдырлы тұғырыңнан тайма дәйім,

Күш алып қасиетіңнен қайралайын.

Айтыста желеп-жебеп жүрген мені,

Атыңнан, Ұлбике ақын, айналайын.


Есімі болашаққа апарад

Жетеміз қос қанаттай қатар әлі.

Ахан-ай білесің бе, мына сарай

Ұлбике есімімен аталады.


Ертеңім ашық менің, айғақ күнім,

Шығады сондықтан да сайрап тілім.

Риза боп ұрпағына жатқан шығар,

Аруағы ақындардың аунап бүгін.


Айтыссақ көңіліміз хош емес пе,

Екеуміз бара алмаймыз бос егіске.

Азбайды аруақты сыйлаған ел,

«Ұрпақтар сабақтасы» осы емес пе?


Айтмұхамбет:
Қажетке жаратпасам түкке тілді

Бұрармын саған қарай тік бетімді.

Қасыңдағы құрдасты қу жақ дейсің,

Ал өзің елге қонған құт секілді.

Бұл күнде үш баланың анасысың,

Қаймғын қалқып алған сүт секілді.

Ендіүш бала тапсаңыз толысасыз

Ұршыққа иірілген жіп секілді.


Жөні бар тұлпар бүгін тай шығатын,

Жаным-ау, сен емессің қаймығатын

Қасымда отырып-ап жөнің бар ғой,

Тоқтатпай қанатыңды жайдыратын

Мың жылдық құдаң да емеспін, Үміт, құрдас,

Тоқта деп аузыңа май тығатын.


Сыйлаған жан едік қой ата-ананы,

Сыйламау-ол жастардың қаталары.

«Ұрпақтар сабақтасқан жылы» биыл,

Ақындар айтпай қалай жата алады.

Ол рас, көріп тұрмын бұл мекеме,

Ұлбикенің атымен аталады.

Аруағы қолдап сені Ұлбикенің

Халқыңның қабыл болсын баталары.


Жастардың үштен бірі қалада жүр,

Бірлері пияз егіп далада жүр.

Қаражаты жоқтары балық аулап,

«Судак» іздеп, Үміт-ау, далада жүр.

Еш кәсіпті игере алмағандар

Қараусыз елге ұқсап қаладағы

Тапқанын тамағына жұмсайтындар,

Тауқыметтен тауық қуып бара жатыр.

Қазақстан жастарының өміріңе

Күле қарап, күл шашып замана тұр.


Үміт-ау бұлай кімдер сынамасын,

Дегенім ғой ұрпақтар жыламасын.

«Ұрпақтар сабақтасқан жыл» деп биыл

Ғасырға бейімдедік жыл арасын.

Жеті буын өкімге артып Үкіет,

Жеп жатыр сол болашақтың сыбағасын

Жеп тепкілеп немерең егіліп кеп

Сыбағам қайда еді деп сұрамасын...


Үміт:

Десем де көп сөзді мен жақтырмаймын

Болмай ма жай тұрса да шоқпарда айбын?

Отырмын көзім жетпей болашаққа,

Мылтыққа киік көрмей оқ салмаймын.
Қыратқа суаты жоқ ел қонбады,

Әйтпесе, бәрі осылай толғанбайды.

Түңілді деме мені, сен, құрдасым,

Асқынған ауруғ ем қонбады.

Қор болды деме сөзді құрып босқа

Кездестім деп ренжіме сыр ұқпасқа

Болғанда біз-ақиық, заман-түлкі,

Топшысын сындырарма ед ұрып тасқа.


Қабылдап мені өктем келімсейтей,

Сөзіңнен бердің-ау сен шегіншектей,

Кешегі күніме мен зар болдым-ау,

Қыз күнін армандаған келіншектей.


Сұлуды сынамайды қаралыда,

Батырды сынамайды жаралыда

Отырмын басу айтып, басып айтпай,

Басқаның қарап өскем қабағына.


Сермейсің сөз семсерді қызға нетіп,

Келеміз екеуміз де құздан өтіп.

Ахан-ай, қабағыңнан қар жаудырма,

Барады сол жағымнан ызғр өтіп.


Айтмұхамбет:

Өмірде әрнәрсенің жауабы бар,

Салмақты жағына тек ауады дәл,

Көлдей көңілденіп күліп тұрып,

Дейсің-ау, қабағыңнан жауады қар.

Дегенмен әйелдерге қатал қарап,

Жүрудің де мезгіл сауабы бар

Айтыстың туы болып біз бүгінгі,

Азырақ елге жұмса ізгі үніңді,

Бір келтірер едім-ау қыз күніңді,

Ұстатсаң, Үміт, маған тізгініңді.
Сарқылдап батқан күнмен жиған мүлік

Халықты жіберді ғой қиналдырып.

Замана түлкі-бұлаң болып тұр ғой,

Заң түзелмей

Замана түзелмейді,

Одан кейін келеді имандылық.


Сыйласып сіз өтетін, біз өтетін,

Ізгілікті халықтың із ететін

Орысша жөн сұрасқан жастарың бар,

Тұз тигендей ерніне тыз ететін

Ақ жолынан адасқан ұрпақтарды

Мұсылманның жолы ғой түзететін.

Жастарды кәзір дінге баулу керек.

Жүрегі ар-иманын күзететін,

Ел-жұрты сенім артқан ертеңге де,

Ұят керек дәл сендей қыз ететін.


Жыл өтті, айың да өтті, күнің де өтті

Көпті өкінтіп, ал азды күлімдетті.

Жылқы мінез қазақтың асаулары,

Ноқта түсіп басына бұрын кетті.

Ғасырлар тоғысының заңын бұзған

Асаулары құрыққа ілінбепті.

«2030»-да түк өзгермейді,

Жоймаса Қазақстан бұл індетті.

Діні мен тілін қоса тәрк еткендер,

Қазақтың суын ішіп, уын төкті.


Үміт:

Бәрібір қою сенімді алға,

Қалайша мен ренжимін елім барда.

Еске алдың өткен күнді өкінішпен,

Немене, өкпелеген жерің бар ма?
Сен қатты айтсаң да мен жасырмаймын

Шуақтай шұғыла шашқан шашыраймын.

Сөзіңнің соңын неге жұтасың сен,

Қойдың ба суын жұтып насыбайдың?


Айтмұхамбет:

Жұттың ба дейсің судың насыбайдың,

Жұтсам да мен ешқашан жасымаймын.

Құшағымда жайнаң қағып өзің отсаң,

Боп кетер ем мен тіпті басыбайлың.

Ат ауыстырып мінсем де мен өзіңмен,

Өмір бақи өзіңді асыраймын.
Күйеуің Ербол болды Бойтан болмай,

Мінезі жұмсақ болды сойқан болмай.

Бүйірің шұғатұғын түрің жоқ қой,

Жүрсең де апта сайын тойдан қалмай.

Ал біздің шабыт енді кәрі дауыл,

Қалады өзі жетсе әрі де ауыл

Саған айтар ешқандай өкпем де жоқ,

Саған деген көңілдің бәрі бауыр.


Пешенесі бес елі пендедейін

Қалжыңдап енді саған мен не дейін.

Егер де саған мінезім жақпай отса,

Өзімді-өзім жамандап, деп берейін.


Үміт:

Бұл жұрттың көңілінде ардақты едім,

Мен-дағы пессимист жан болмас те едім.

Сөзіңді жұтып қойдың дегенім рас.

Жырлайтын шығар деп ем таңға шейін.

Мен едім сен білетін Үміт деген,

Ерболдай тағдыр қосқан жігітпенен.

Онымен бақытты өмір сүріп келем,

Жоқ біздің көңілімізде күдік деген.
Дейсің бе тым асырып аспандатты

Ешқашан ешкім бізге өш болмапты.

Түсетін ерлі-зайып арасына,

Сенде де, беу, Ахан-ай ес қалмапты.


Сүрінсем болмас маған пайда елімнен,

Табамын артықшылық қай жеріңнен.

Қарға да өз баласын аппағым дер,

Әркімге өзінікі ай көрінген.


Мінімді тапқандай-ақ ыржыңдайсың,

Әдемі сөздеріңмен кімді алдайсың.

Кемдігін бетке басып Жиен кұлдың,

Сараны жеңген ақын Біржандайсың.


Әрқашан төмен жатар есік төрден.

Бұл жайды талай бастан кешіп көргем.

Беделдің Біржан салдай бар мен сенің,

Тағдырын ақын қыздың шешіп берген?


Айтмұхамбет:

Өзіңмен тең демеймін Сара басы.

Қадіріңмен ел-жұртыңды аралашы.

Қасыңда мендей құрдас отырғанда,

Қабағыма ешқандай қарамашы.

Неше теңеу айтсаң да тауып маған,

Ерболдан Жиен құлдың садағасы.
Бар кебін ақындықтың киемін деп

Айта алмаймын сахнаға иемін деп,

Ал енді тілеуқордың боп жүрейін,

Тұрайын маңдайыңнан сүйемін деп.

1999ж.тамыз.
Асқарбек Айдаров пен Үміт Битенованың айтысы
Асқарбек:

Айтыста отыздағы «жас баламын».

Айтысты бүгін-бүгін бастағанмын.

Ұлбике-Үміт ақын, өзің болсаң

Күдері боп мен сені бас саламын.
Әніме асқақтаған саламын ғой,

Апамның тойында мен жанамын ғой

Ұлбикеден жеңілген Күдерідей,

Жеңілсем де тарихта қаламын ғой.


Үміт:

Ал, халқым алдарыңа тағы шықтым,

Мөп-мөлдір тамшысындай таңғы шықтың.

Әрдайым бөлей берсін шуағына,

Жадырап әрқайсыңмен қауышып күн.
Шабытым келіп отыр сөзбен пергілегім.

Шорабек ағаң сенің кішірейген,

Қасында оның, Асқар, сен кім едің?
Асқарбек:

Көңілім осы жерде үркіп отыр,

Жүрегім май ішкендей кілкіп отыр.

Ерболды қарауыл ғып қойыпсың ғой,

Сондықтан бұл ақынның қорқып отыр.
Өлеңді мен де бүгін ептеп көрдім,

Әйтеуір өйтіп-бүйтіп септеп көрдім.

Шорабекті үйіңе қонақ қылып,

Ауыр Асқарды шеттеткенің.


Үміт:

Жөн сөге сені көрдім тоқтамаған,

Жалаңды ойнаған боп жаппа маған.

Бақытты әйелдердің бірімін деп,

Мына көптің алдында мақтана алам.
Таңдайың жұқпайды екен таңдайыңа.

Жолама жеке бастың жағдайына.

Абайла, Ерболымның жұдырығы

Жүрмесін тиіп кетіп маңдайыңа!


Асқарбек, ойнасаң де ерік бердім,

Алдын-ала маған «заказ» беріп пе едің?

Айтысқа түсу үшін жүр ме десем,,

Қонақ боп қайтуға тек келіп пе деің?


Асеке, бар еді ғой ақын атың,

Қонақсың қойдан жуас отыратын.

Осында үй егесі Ербол отыр,

Мен емес, сол ғой сені шақыратын.


Асқарбек:

Асекең айтса бәрін бүлдіреді

Ауызым мына менің күлдіреді.

Үш жылдай Бұқарадан оқып келген,

Күдері дй айтыста мүдіреген-ді.
Өзімді, о халайық, қолға аламын,

Алдында асқақтаған ән саламын.

Тілегім, Үмітжн-ау, айтар менің-

Ата-анасы болыңдар он баланың.


Сөзімді менің халық ұғар әлі,

Көкейден талай ойлар шығар әлі.

Үйге кірген жыланның басына, Үміт,

Ақ құйып қазақ атам шығарады.


Үміт:

Байқадым, «арқалы ақын» сен екенсің,

Ұстасқан қыз ақынмен ер екенсің.

Жеңем деп мені әйтеуір, отырсың-ау,

Қашырып қайран сөздің берекесін.
Зал іші байқадың ба, толған адам,

Қай сөзді болса-дағы қолдата алам.

Шешімі қазылардың кештеу шығып,

Жетті ғой қолың сенің зорға маған.


Асқарбек:

Айтыста талай-талай төгілемін,

Егін боп жерлеріңде егілемін.

Ұлбикеден жеңілген Күдерідей,

Алдыңа бүгін сенің жәңілемін.
Жасаңдар, Үшаралдың түлектері,

Сендерге жақсылық мен тілеп келдім.

Ерболмен екеуіңе айтатыным,

Әрдайым бірге соқсын жүректерің.


Асудан әлі талай асамын мен,

Жыр-өнерге қамшыны басамын мен.

Ұлбике бұд ауылда Үміт болды,

Сондықтан тырағайлап қашамын мен.


Үміт:

Өнерде айтыс отын жағып алдан,

Асқарбек, тілегіңді қабыл алам.

Дайын бол әрқашан да жүрші өзің.

Кез болып жүрмегейсің тағы маған.
Өлеңді жаттамайсың күн-түн құрап,

Бұл айтыс алға қарай ұмтылдырад.

Жеңілдім деп Асқарбек жабырқама,

Сәлемің түзу болып жүрсін бірақ.


Болады Ақын сөзі келісімді,

Бұл тойға халқымның көп тері сіңді.

Риза бол, Ұлбикенің ұрпақтары,

Сендерге сыйлаймын мен жеңісімді!

1989 жыл, 17 қыркүйек

АЛТЫНШЫ БӨЛІМ


«БОЯМСЫЗ

ТІРШІЛІК»


ОҚЫРМАН ЖАЗҒАН ХАТТАРДАН
* * *
П. Рахменбердіұлы:

«Замандасым- қарындасым Үміт Битенова «Ашығын айтшы ағайын» деген тақырыпта мақала жазыпты. Адамгершілік, ізгілік, тазалық, тәрбие – бір сөзбен айтқанда, имандылық жөніндегі осы бір мақалада бәрі, бәрі-ащы болса да шындық жазылған.

Мақалаңды оқып, күле тұрып жылағым келді. Қарағым-ай , қыз болып тусаң да еліңнің бір азаматындай жаныңды мазалап жүрген көп жай бар екенін ұқтым...»
7.04.1999ж.
* * *
Ә. Жұмабаева

«Үміт замандасымның мақаласы маған да ой салып, «Сезімге секем түсірмесек» деп жауап жазып, үн қосуыма себепші болды.

Шыдықты айтып шырылдағанына шын жүрегімнен алғысымды айтамын, құрбым!»
6.05.1999ж.

Ол да ана ғой

Келін кінәсін түсінер
Анашым, ес біліп етек жапқалы мен сіздің жүзіңізден реніш табын көрмеуге тырысатынмын. Жаратылыс табиғатыма жігерлілік ждарытқан сол бір оқиғалардан кейін тағдырдан тартқан тауқыметі онсыз да аз емес сізді бұдан былай жылатпауға іштей өзіме-өзім серт беріп ем...
Бәрі дәл бүгінгідей көз алдымда... 1971 жылдың жазы. Мектеп жасына жетіп, оқыға баруға асығып жүрген кезім. Әкем мені ерекше еркелететін.

Әншейінде қасынан бір елі тастамайтын мені тұңғыш рет ілестірместен жолға шығатын болды. Луговое ауданында тұратын Алтын мен Айымкүл апамыздың үйіне қыдырып кеткен Марат пен Саматты бәрімізде сағынғанбыз. Оның үстіне оқуда басталуға жақын. «Мен де барам!» деп соңынан қалмай, көнбей жүрген маған әкем бір бума кітап пен қағаз, қалам салатын тысы жылтыр папка сатып әкеліп берді де «сен жыламасаң, оқу жылдам басталады» де, арқамнан қағып, шығып кетті. Бала көңіл, айғыз-айғыз бетімді қолымның сыртымен сүртіп, көз ұшында нүктеге айналып, алыстап бара жатқан әкемнің жолына қарап, кітаптарымды құшақтап қала бердім...

Сөйтсем, бұл менің әкеммен мәңгіге қоштасуым екен.

Ауылға жетуге асыққан Марат пен Саматты алып, таңның атуын күтпей кері қайтқан әкем мінген жеңіл автомобиль қарама-қарсы кездескен ауыр жүк машинасына соқтығысады. Тірі болғанда бірі 38, бірі 36 жасқа енді толатын екі бірдей боздақ ағамнан, асқар таудай әкемнен мен осылай айырылдым.

Сол бір түні көрген қорқынышты түсімді де өмір-бақи ұмыта алмайтын шығармын...

Саусақтары рбиған жезтырнақ пен сояу тістерін ақситқан мыстан кемпір екі жақтап қуып келеді.

Әне, жетейін деп қалды. Бар күшімді салып жүгірем, бірақ орнымнан жылжыр түрім жоқ... ұмтылып барып, оянып кеттім. Өзіме-өзім келе алмай біраз жттым. Тұншыға шыққан дауыс құлағыма келіп, көзімді ашсам, жартылай айдың сәулесі түскен қараңғы бөлмедегі төсегінің үстінде анам жылап отыр: «Құлындарым...Құлыным-ай» «Мамалап» шақырып, жаның қиналғанда қасыңнан табылмадым-ау. ()Қолы ғана сынып қаңсыраған Марат реанимацияда үш сағат тірі жатыпты. Қайтейін! Шырқыраған даусыңа зар болдым-ау. Уһ-һ...

...Жылжып жылдар өтті. Ел қатарлы күн кештік.

Озат оқушының анасы ретінде анамды құрметтеп, мереке, жиындардан қалдырмайды. Сондай күндердің бірінде көрші бөлімшеде акушер болып жұмыс істеп жүрген әкпемді біреулер алып қашып кетіпті...

Әкпем ұзатылып кеткелі қаңырап қалғандай көрінетін үйде түннің бір уағына дейін жазу жазып, сабағымды дайындап, кеш жатамын. Көзім ілініп кеткен екен. Тағы да тұншыға шыққан анамның дауысына ояндым. «Айналайын-ай. Бөтен жер, бөтен үйді жатырқап жүр ме екенсің. Қайтейін. Бағың ашылсын, жарығым!». Таңның атысы, күннің батысы жететін анамның түн баласында да тыныштық таппай отырғаны жаныма аяздай батты...

Көп ұамай орта мектепті бітірдім. Інілерім де ержетіп қалды. Әкпем кішкентайлы болған. Жездем екеуі күн құрғатпай келіп, тәтті қылықты жиенінің бетінен сүйгізіп тұрады анама. Шүкір, өмір-өзен өз арнасына түскен секілді. Тек мына бір менің жайым болмаса.

Ұшқыр қиял алысқа жетелейді. Асыл арманым асқар биікті аңсайды. Жоғары оқу орнына түскім келеде. Өзімді айтпағанда бір де бір төрттік бағасы жоқ үздік аттестатыма обал ғой! Апарайын десе-барар жер, басар тауы жоқ, апармайын десе келешегіме қиянат, анам қатты дағдарды. Тәуекел етіп облыс орталығына тарттық.

Жолым болды. Соңғы емтиханнан шыққан сәттегі көңілімді көрсеңіз! Пединституттың бесінші қабатындағы баспалдақпен түсіп келе жатып алақандай терезелерден даладағы иін тірескен қалың адамның арасынан анамды тани кеттім. Сыртқа қалай шыққаным есімде жоқ. Ағыл-тегіл жылап келе жатқан мені көріп әлдекімдер мүсіркеп жатты: «е, қарағым, құлаған екесің-ау, қайсін-ай!»

Анам да «құлады» деп ойлапты. Оңінде кан-сол жоқ, мені сүйемелдеп алаңқайдағы орындыққа әкеліп отырғызған ол құжатымдағы «бестік» бағаны көріп, не істерін білмеді. Қосыла жылап, менің көзімдегі қуаныш жасын алақанымен сүрте берді, сүрте берді...

...Осы үш сәт менің жадымда өшпестей із қалдырды. Қысқы сессиядан соңғы демалыста ауылға асығып келе жатқан мен автобустың «Күйік» қаласындағы ауруханада айға жуық жатып қалғанымды да анама білдірмедім. Институтты қызыл дипломмен бітірер алдындағы ғылыми жетекшімнің (декан еді) осында стажеровкада қалып қасына баруыма керектігін желеу еткендігім туралы да тіс жарғам жоқ.

Өз қатарларыма қарағанда тұрмысқа да кеш шықтым. «төркіні жақынның төсегі жиылмс» деген сөз маған арналыпты. Көңілі жарым енем мен менің анам тез тіл табысты. Егіз туылған бөбектерімізге қарап жұбайым екеуіміздің жолымызды тосып отырмын. Бәрі де тамаша еді... Қайтейін. Асыл анамының жүрегіне жақында түскен мына бір дақты кетіре алмадым.

Сүттей ұйып отырған інім Арманның шаңырағы бір-ақ күнде ортасына түсті. Келініміз көзіне шөп салыпты. «Уақыт емші ғоғ, жанға түскен жара жазылар» деп, жанұяны сақтап қалу үшін қанша күрестік. Араға түскен сызат ол екеуін алыстатпса, жақындатқан жоқ. Оның үстіне құдалардың «қиғылығы» қосылды. Үйелмелі –сүйелмелі қос немересін қимай, екеуінің арасына дәнекер болам деген анама құдалар орындалмас шарт қойды. Күйеу баласын өздерінің қолына келіп тұруға шақырды. Оған көнетін Арман бар ма! «Күшік күйеу болар жайым жоқ»деп ол жүр. «Тесік моншақ жерде қалмас» деп жалғыз қыздарын «пұлдап» құдалар отыр. Анамның көңілін аулау үшін балабақшаға бармайтын кішкентайымды жұмыс уақытында қолына тастап кетем. Жұмыстан келгенде, «қыздың баласы өз балаңдай болмайды деген рас екен» деп еріксіз жымия, Зияратты көтеріп алдымнан шыққанда жерге кіріп кете жаздадым.

Алпыстан асса да самайын ақ шалмаған анамның бүгін ой аспанын бұлт, жанарын мұң торлады. Оны сейілетін тек екі нәресте. Алмат пен Алмас. Бірақ олар алыста. Ал менің қолымнан келер дәрмен жоқ...

Соңғы кездерде ұйқымнан жиі шошып оянам. Түсіме жолдың арғы бетіндегі өз үйінде қос немересін сағынып, жылап отырған анам кіреді.

P.S. Шіркін, менің осы жазғаным жариялнса, келінім Нүрилаға үлкен ой салар еді-ау. Әй, бірақ күмәндімін. Ініммен отасқан бес-алты жылда ол қолына не бір кітап, не бір газет ұстап оқып көрген жан емес. Мыңдаған оқырманның сүйіктісіне айналған «Жас Алаш» деген газеттің бар екенін білер ме, сірә?!.
«Жас Алаш»,№8,19 қаңтар, 1999ж.
Қай жерде кетті екен қателік
Берік деген оқушының үстінен мектеп әкімшілігіне шағым айтып Тұрғынбек қария келді. Немере қызы бірнеше рет үйіне жылап барыпты.

«Тыныштық бере ме, жоқ па? Қай сабақта отыр өзі? Келемеж қылғанның көкесін көрсетейін мен оған. «Әкесінің байлығына-байпағым!» - қабағы қатулы қарияның тіпті жұдырығы да түйіліп кеткен.

Білімордасының шаңырағы екендігін, ашу-дұшпан, ақыл дос екендігін еске түсіріп, қалшылдаған қартты әзер сабырға шақырдық.

Мұндай жайт мектеп өмірінде жиі болып тұрады. «Соңғы кезде жастар бұзылып кетті. Оқушы дегенде мүлдем тәртіп жоқ» деп байбалам салушылар көбейді. Бүгінгінің балаларының маңдайында мүйізі бардай, «ностальгиямен» еске алатын болдық. «Баяғыда өзіміз мұғалім көрсек көщіне түспеуге тырысатынбыз»,- деп тамсанатынбыз. Үйдегі өз баламызға «бұрын оқушы деген тәртіп бұзбайтын,- деп нотация оқимыз. Өтірік. Қып-қызыл өтірік!

Әйтпесе, бала қай кезде де бала. Әр кезеңнің де «балалық жасап қоятын тентегі» кездесіп отырған. Тек сол тентекке кезінде қатесіз дұрыс бағыт берілді ме, әңгіме, міне, сонда!...

Менімен бірге мектепте Қалбай деген бала оқыдв. Көп балалы, өскен-өнген, өнегелі жанұядан шыққан. Қалбай кластағы озық ойлы, өзгеше өнерлілердің қатардың қаншасы ынтық еді оған. Шарасы үлкен, тұңғиық көздері тым әдемі еді. Үнді киножұлдыздары Амитабх Баччан, Дхармендра, РишиКапур, Шаши Капурлардың сұлулығы оның қасында жіп есе алмайтын. Оның жалт етіп бір қарағанына мәз болған талай қыздың терең сырын тыңдап, нәзік сезімінің талай куәсі болып ем мен. Өйткені, онымен ашық, емін-еркін сойлесе алатын класс стростасы міндеті менің еншімде болатын.

Қалбайдың мен қадірлейтін тамаша қасиеттері көп еді. Мен ғана емес – оқушы тұрсын, бүкіл мұғалімдер ұжымы да мойындайтын ол-керемет тлантты болатын. Ашық таза даусымен ән шырқай аудандық әншілер байқауында атақты «Маралдым» әнін орындап мектептің атына бірінші жүлде алып бергені есімде. Қуана құттықтап, қолын алған маған қарапайым сабырлықпен:


  • Менің Ақжан деген сүйікті жеңгем бар. Әнші деп соны айт. Даусын естісең, шіркін!- деп жымиған.

Ия, ол әсемдікті, әдемілікті, әнді сүйетін...

Ол сабақтан тыс уақытта спортпен шұғылданып, күрес секциясына қатысты. Шымыр білекті бойшаң бозбаланың аяқалысы да жаман болған жоқ. Талай жарыстарда жоғары көрсеткіштерге жетіп жүрді. Аудандық газеттің 1980 жылғы 25 сәуір күнгі санында Қалбайдың палуандығы туралы мақала да жарияланды.

Бірақ, айтып-айтпай не керек, жоғары сыныпқа көшіп, есейген сайын Қалбайдың жақсы атынан гөрі жаман аты жиі шыға бастады. Сабақтан көп қалатын болды. Үйінен сабаққа кеттім деп кетеді, мектепте тағы жоқ. Немесе, алғашқы сабаққа қатысып, соңында жоқ болады. Класс жиналысына, ата-аналар жиналысына жиі түсіп мұғалімдерден жиі сөз еститін болды.

Үлкендерден ықса да, жас мұғалімді «мұғалім» демейтін мінезі пайда болды.



  • Айналайын Әлиев, анекдот айтып берейін, тек тыныш отыршы!-деп жалынатын, көздері жасқа толып жыларман мұғалім қыздар.

Әсіресе, Бұралқиев деген жас ұстазбен екеуі қатты ұстасты. Бұл күнде марқұм болып кеткен Бұралқиевтің орыс тілі сабағы Қалбай қатысқан күні мақсатына жетпейтін. Қаймықпаған Қалбайдың мысын жұдырықпен басу үшін Бұралқиев сабаққа арнайы перчатка (былғары қолғап) киіп келетін болды. Бірақ оның ұрғаны Қалбайды одан сайын ерегестірмесе, қойдырған жоқ.

Бір таңқаларлығы, Бұралқиевке бой бермеген Қалбай істің насырға шабарын байқаған кластастарының – біздің «қойсаңшы» деген бір ауыз сөзімізге тоқтайтын. Сондықтан, Қалбайдың «жасының» толқымалы кезеңнен сүрінбей өтуіне жақсы ықпал етуге мұғалімдер бізді – Қалбайдың достарын тиімді пайдаланады. Олары нәтижесіз де болған жоқ.

Бұралқиевтің сабағын ауыстырған Мира ікпейге де ұнамағанмен, Қалбайдың бұзықтығы біз үшін Бердібек Соқпақбаевтың Қожасының қылығындай ғана көрінетін. Жетекшіміз Құттыгүл әкпей де онымен тіл табысуға тырысты. Қоғамдық жұмысқа атртты. «Жылы – жылы сөйлеп жыланды інінен шығардық».

Соның арқасында, Қалбайдың әдемі шрифтерімен жазылып, әсем безендірілген «Бионика – табиғат перзенті» атты сынып газетінде химия-биология апталығында бірінші орын берілді. Екінші наурыз күнгі апталықтың қорытынды кешінде тағы да біздің сыныптың басқалардан оқ бойы озық бағаланғанын естігендегі Қалбайдың қуанғаны-ай!

Қас қарайып қалғандықтан ауылдың екінші шетінде тұратын Манаткүл құрбым екеумізді Қалбай достары Сейітқасым, Сәкен, Дәулендермен бірге шығарып салды. Көтеріңкі көңліміз қиялымызды шарықтатты. Ақтарыла сөйлестік. Сырластық. Сейітқасым мен Сәкен Алматыға оқуға түсетіндерін айтты. Менің де аңсағаным – Алматы.

-Бәрің Алматыға аттанғанда мен қалам ба? Деп әзілмен бір қағытқан Қалбай өзінің өнер институтына бақ сынап көргісі келетінін білдіртті.

Иә, оның арманы Алатаудай еді ғой...

Өмірдің арнасы әрқайсымызды әрқалай ағызып әкетті.

Ару Алматы құшағын Сейітқасымға ғана ашыпты. Шымкентте оқып жүрген маған Читада әскери борышын өтеп жүрген Қалбайдан үзбей хат келіп тұрды. «Кеше бұрынғы декабристердің жұмыс істеген жеріне барып тамашалап қайттық» деп алған әсерін жазған соңғы хатынан кейін әлдекімдерден әскерден қашқан Қалбайдың қамалып қалғанын естідім.

Одан құтылып келген ол он төрт жасар қызды зорлады деген айып тағылып түрмеге тағы түсті.

Енді әріптесім болған баяғы Мира әкпейдің «оның оңбайтынын айтып ем ғой мен» дегеніне уәж таппасам да Қалбайды жамандыққа қимадым.

Оның туған күнінің 22-сәуір екенін де ұмытпаппын. Өйткені, 22сәуір – Пролетарлар көсемі В.И. Лениннің туған күні емес пе.

Кішкентай кезінде Қалбайдан үлкендер:


  • Өскенде кім боласың? – деп сұраса,

  • -Ленин боламын,- деп жауап беретін көрінеді.

Міне, сөйткен Қалбайдан, арманшыл Қалбайдан осындай адам шығады деп кім ойлапты.

Жұмыстан келіп, жаңа газеттерді ақтара бергенімде облыстық газеттің бетіндегі қазанамаға көзім түсті;

«... С.Әлиевке інісі Қалбайдың мезгілсіз қайтыс болғанына қайғырып көңіл айтамыз».

...Қалбай, қайран Қалбай кластасым – отыз бес жыл ғна ғұмыр кешіп түрмені жайлаған туберкулез дертінен көз жұмыпты...

«Жас Алаш», 1999ж, 15 мамыр.


жүктеу 2,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау