Үміт Битенова ауады да тұрады аңсарым тараз



жүктеу 2,6 Mb.
бет5/11
Дата07.12.2017
өлшемі2,6 Mb.
#3498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Шақырамын бітімге
Дүние дүрлігіп тұр...,

Дүрлігіп тұр...

Адамзат абыржулы, алаңдаулы...

Көбейі Лаңкес салған қиғылық, кіл,

Шешуге тырысуда Ғалам дауды.
У-шу

Бұл


Ушығудың айғағы (тек,

Кіршіксіз сақталса екен діни – наным),

АҚШ тұр ақ аузын Айға білеп,

Ирактың үйірсем деп бір иманын.


Табысып үшмыңжылдық тоғысында,

Қуана қарсы алып ем ғасырымды.

Құштар боп қырғи қабқ соғысуға

Қасниет көлеңкеме жасырынды.


Бөлшегі Бейбіт елдің саналсам да,

Төрт бөлер шққа жеттім түн ұйқымды.

Шашылып ойым – оңға, снам санға,

Шығарды миды мұң -ит ұлитынды.


Мазасыз осылайша жанға айналдым,

Жаулап ап жан – жағымды қауіп-қатер.

Барында жиһатқұмар даңғойлардың,

Ойналған ортада ойын-сауық – бекер.


Солтүстік Кавказ қату қарайды әлі...,

Тағдырды Таяу Шығыс шиеленген...

Ашылар Азияның қалай бағы?..

Рухымды қалай жуам кұйеленген?!


Себеп көп санай берсем сыналаған.

Сезеді сорлы жүрек үрейді анық.

Күндеймін Бұлт астынан сығалаған,

Бұрқанған басылса тұлайланып.


Дүние...


Дүрлігіп тұр, дүрлігіп тұр...

Адамзт абыржулы, алаңдаулы...

Көбейіп Лаңкес салған қиғылық кіл,

Шешуге тырысуда Ғалам дауды...


Дүние-ай!..

Дүрлігіп тұр Ғалам-шрм.

Бұл қайғы-саған қайғы, маған қайғы.

Фәнидің мәнін ұқса адамша кім,

Тек соны жау алмайды, дау алмайды.

Бірлікке аудыра алсақ ел аңсарын –

Әлемді қара түнек жба алмайды.
Тұрғнда жауым дайын орға атуға

Жата алман кезегімді тыныш күтіп,

Жұмыр жер!

Сенде


Бітім орнатуға,

Шақырам


Өшкенше үнім,

Тыныс бітіп..!


17.02.2003жыл, дүйсенбі, 1645 сағ.

*2003 жылдың 20-наурызынын-АҚШ әуе күштері трапынан Ирак мемлекетіне басталған шабуыл туралы суыт хабар тараған күнді БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан мырза «қаралы бейсенбі» деп атады


Үшінші бөлім




«ӨМІР

САБАҒЫ »

* * *
«Шымкент педагогика институтының түлегі Үміт Битенова әлеуметтік әуенге бейім, өлең тілін құрайтын сыршыл нәзік сезімін оқиғалы өлеңіне дарыта біледі. Брша адамбаласылық байыпты ойға брмайынша, өнер иесінің көсегесі көгермейтініне көңілді ұйытып, көзді жеткізеді.»
Әсілхан Оспанұлы

Әдебиетші-ғалым

«Оңтүстік Қазақстан», 1985 жыл.

Алтын жаға сөгілгенде
«Әлбетте, мұның бәрі тегіннен тегін емес еді.

«Үнсіз іштен шалуда» үлкен мән жатқан.

Алтын жағаның сөгілгенін айтпай-ақ түсінгенмін.

(Қонаев Д.А. Ақиқаттн аттауға

Болмайды. 1994 жыл, 424 бет)
Досың емес тойдағы табақтасың,

Бас бүтінде отырар мадақтасып.

Досың сол, кім қол берсе, қамыңды ойлап,

Басыңа күн туғанда сорың қайнап.

(бұл да содан)
Жаңалығын үлгеретін бұрын айтып басқадан,

Өз жұмысын таңғы алтыда әнұранмен бастаған,

Әншейінде таң қалдырмас ешкімді,

Радиодн диктор үні естілді:


«Кеше, яғни, он алтыншы желтоқсанда желекті,

Компартияның кезектен тыс Пленумы боп өтті

Колбин жолдас бекітілді хатшы болып бірінші

Қонаевтан демалысқа шыққандағы себепті... »


Тосын хабар жай оғындай кенет тиді санаға

Тұз сепкендей щы тиді жазылмаған жараға.

Асқаралы астананы дүр сілкінтіп дүйім ел,

Күңіреніп кетті қала, тау да, тас та, дала да.


Бірінші рет.

Болды өзгеріс. Уақыт өтпей жатып –ақ

Абыр-сабыр шуға лезде кетті ұласып атырап.

Наразылық сөзін айтып шықты жастар алаңға

Өр кеудемен кең адымдап, қадамдарын батыл ап.
Иілмеген емендей ел майыспайды, сынады.

Қапылыста құлады да сенген арман-шынары

Мазаққа да, запқа да мойымаған қазақтың

Шегіне жетіп шырт үзілді шыдамы.


Тіпті сонау Солженицын тусе қоймай сабға

Қызғанышпен көз тіккенде көсілген ен далаға,

Көнетерілі, кеңқолтықты, ер мінезді қазақ-ай,

Пысқырмап еді ата-қоныс жайлы жапқан жалаға.


Асын ішіп Солженицын, ал аяғын тептіріп

Кеткенде де, құдайдан тапсын деп ішінен тек тынып,

Қайран қазақ, қонақжайлық әдеппен сай салтына

Сабырлықпен танытқан-лы тектілік...


Қалыптасқан Орталықтан айдап бәрін бір шыбық,

Бұл жолы да өзгеріссіз қалар ма еді тіршілік,

Ұлы елдің ұлылығына келтірместен еш күмән

Сан мың сауал қалар ма еді көкіректе тұншығып.


Үн шығарып бас көтеру –оңай емес ол да аса,

Нәрестедей тыншыр м елі тағы бір рет алдаса,

Жураса да жауқазындай қар астынан қылтиған

Жастар шеру тартып шыққан сол оқиға болмаса.


Алатаудың ақ бұлақты төсін басқан мұз, қары,

Желтоқсанның аязынан кем соқпайтын ызғары,

Сол оқиға болған күні сан мың жүрек сыздды,

Сол оқиға ару қылды қызды отырған сыздағы...


Сақта құдай, кеспаттан кезіктірген табанда.

Ісің түсіп бас иердей қор қылдырма жаманға!

Дәл осылай ...ер нмысы ауыр сынға түсіпті

Елді, Абылай,

Жауды Қалден билеп тұрған заманда.

Бұйым көрмей қырып салып жер қайысқан колды да,

Әскербасы жорықтағы жеңісіне той қыла,

Абылайды жүз сарбазбен қолға тірі түсіріп,

Дедектетіп лып келіпті хонтайшының алдына.
Мейманасы асып-тасқан хонтайшы мәз балаша,

Хан Абылай кө тоқтатып жан-жағына қараса,

Сұм хонтайшы сынамақ боп жинатқан-ау әдейі,

Жамбас басып отырарлық жоқ екен бір алаша.


Отыр жауы тақ үстінде төрден қарап, бақ дарып,

Хан аты бар, бұл отырмақ қалай қара жерге анық?!

Не істеу керек қалмас үшін табысына дұшпанның?

Абылай хан тісін қайрап қалды бір сәт дағдарып...


Осы мезет..,қайыспаған қан майданда кешегі

Ембет батыр шалт қимылдап, тауып бір жол көшелі,

Үстіндегі жібек зерлі өз шапанын шешті де

Абылайдай әз ханының стына әкеп төседі.


«Ханның сақтап қалу үшін қасиетін жол қайсы

Жау алдында жер қылғнша жаның құрбан болсайшы!»-

Деп ханының жат жердегі абройын асырған,

Тапқыр тұтқын батыр ісін көзбен көрді хонтайшы.


Қысылғанда демеу болған тұтқын батыр Ембет-ті,

Дәлелденді Абылайдың хан екені ен текті.

Аман-есен қайтарыпты Абылайды хонтайшы,

Ханның қанын мойнына жүктегісі келмепті...


Міне, нағыз ақиқаттан артық әділ бұл аңыз,

Бізде ылғи екі ұғымның айырымнан тұрамыз,

Өшсек-адал қасиеттен қиын емес құлдырау,

Өссек-асыл армндардың ең шыңына шығамыз.


Қатыгездік бойында бар қаһарлыны жеңбек кім?

Кәрге ұшырап ол да кетті...

Сен де кеттің.

Мен кеттім.

Желтоқсанның дауылына қарсы тұрып қасқая

Қазақ біткен қайталады ісін батыр Ембеттің.


Күйдірмейді күйе, бірақ күйелейді қ тәнді,

Желтоқсанның мұз сүңгісі қанша жайды ақтарды.

Мұқалмады ел жігері

Соның бәрі-бәрінде

Дінмұхамед Қонаевқа деген құрмет жатқан-ды.
Қсқалдағы кері қайтар алдан күтіп ақ таңды,

Қзақ біткен сүйіп айтты жаңа шыққан жатқа әнді.

Қазақ біткен сүйіп айтқан жаңа шыққан сол нде

Қонаевқа деген елдің махаббаты жатқан-ды.


Бірлік жоқта, елдік жоқта алтын жаға сөгілмек!

Ұлт намысы, ер намысын қиын қиын шақта көрінбек.

Халқын сүйген, елі үшін туған ерді қашн да

Туған ел де қадірлемек, қастерлемек «Ерім» деп.


1995жыл.

От баспа жұртым

(Анам Тұрсын Дурен қызына арнаймын)
О, менің нәзік жүрегім,

Өзің ең сенген тірегім,

Сезімтал жанның бірі едім,

Солғындау тартып іреңім,

Айтшы, мен неге жүдедім?!
Көрмеген сағым морт сынып

Тарықтырса да тапщшылық,

Қысса да қанша жоқшылық

Сеніммен алға қараушы ем

Жетелеп ылғи жақсы үміт.
Жақсылық тербеп сол шақта,

Жүгіртіп ойды он саққа,

Арманның шыңын алсақ та,

Ұмытылмай биік билікке,

Қызықпап едім мансапқа.
Сезімнен терең күй аңғар,

Ілуде біреу қиялдар

Отбасым-алтын ұям бар,

Енді не маған жетпейді,

Не керек маған, сұраңдар.
Нәп-нәзік менің жүрегім

Сезімтал жанның бірі едім,

Тып-тыныш қана жүр едім

Солғындау тартып іреңім

Сұраңдар, неге жүдедім...
Сұраңдар сырды ақтарып,

Көңілде жатқан тапталып,

Барады мені от қарып,

Шыдамның шегін үзуге

Өзім де тұрмын шақ қалып.
Ей, адал жандар, адамдар!

Бәріңнің қызың, балаң бар,

Құлақ сап маған қараңдар.

Жанымды жеген жегідей

Жаңадан түскен жарам бар.
Жаңадан түскен деппін-ау,

Оған да өтті көп кү-ау.

Өтсе де оған көп күн ау

Шипасы шыңдап табылмай

Жазылар емес дерт мынау.
Тек мені дұрыс ұғыңдар,

Біріңнің кәусар қызың бар,

Біріңнің қайсар ұлың бар,

Бақытын ойлап солардың

Ақылмен кеңес құрыңдар.
Құлақ сал сөзге аз ғана,

Бір сондай әсем бозбала,

Бір сондай әсел қыз бала

Үйленді. Ел-жұрт қарады

Қызыға әрі қызғана.
Екі жас үй боп бас құрды,

Жаңа бір отау аштырда.

Екі от жағып екі жақ,

Ортада екі жас тұрды.

«Кедейсің»деді бір бір құда,

«Не дейсің?» деді бір құда,

Құдағи ыршып тұрды да

Жетектей қызын жөнелді

Өксіген даусын жым қыла.
Әкетті қызды, бәрін ап,

Бозбала қалды аңырап,

Жас отау қалды қаңырап,

Буыны бекіп үлгермей,

Буыны бекіп үлгермей

Құлады жап-жас шаңырақ.


Атаның алдын кесе алмай,

Анасын аттап кете алмай,

Жағалау жардан өте алмай,

Сүйіскен екі ғашық жүр

Біріне-бірі жете алмай.

Не істейсің, олар не істесін,

Қайғының күйін кешкесін,

Үміттің оты өшкесін,

Өнеге болар үлкендер

Құйрығын аттың кескесін,

Не істесін, олар не істесін.
Беу, үлкендер-ай, үлкендер!

Жақсы да қылар бір сендер,

Жаман да қылар бір сендер,

Жүрекке әмір жүрмесін

Білсеңдер етті, білсеңдер,

Білсеңдер етті, үлкендер!


Бардыңдар неге егеске,

Өткеннің бәрі елес пе?

Сақтайды әлі ел есте,

Сол екі жасың бүгінгі

Қозы мен Баян емес пе!
Керуге лайық қай төсің,

Алшысың, қайсың тәйкесің,-

Айыру қиын сәйкесін.

Екеуі Қозы, Баяндай,

Өлеміз десе қайтесің?..
Бәріңе болсын бұл бір сын.

Кешегі сәби бүлдіршін

Сезімін қалай білдірсін,

Әлгі қыз, бәлкім, бүгінгі

Қыз Жібек шығар, кім білсін.
Жаншыса – дғы дөй күшің,

Басса да зілдей кей мысың,

Жанымды жегі жейді шын.

Екеуін Төлеш, Жібектей,

Арманда кетсін деймісің.
Көрікті ой ғой керегі.

Алдында екен көрері,

Көрері неткен көп еді,

Сол екі жасың емес пе

Бүгіннің Еңлік-Кебегі.
Жұртым-ау, мұның не еткенің?

Осы ма көптен күткенің,

Өзекке қатты тепкенің.

Екеуі Еңлік-Кебектей

Каңғысын тауда деп пе едің.
Не шара демеске,

Кеңескін, мейлі кеңеспе,

Екеуін тіктің егеске,

Обалы кімге, артында,

Шырылдап қлса нәресте.
Құда боп жермен қалаған

Табылар келін балаға,

Қызың да қалмас далада,

Ұмыту үшін көнер-ау,

Бақытты бірақ бола ма...
Шерменде болған құрысын да,

Ойыңды тартар тылсымға,

Шыдамдай ауыр бұл сынға

Қаракөз-қайран сұлудай

Жынданып қызың тынсын ба...
Не керек шыбын жаныңа?

Риза бол қолда барына.

Соры ма әлде, бағы ма,

Жастардың бұзба арасын

От баспа, жұртым, тағы да!
Көтеріп тұрмыс салмағын,

Жиған да терген бар малың,

Кім үшін, айтшы, арнадың,

Перзенттің көрмей қызығын

Бармағың тістеп қалмағын!
Мендегі осы өтініш,

Өмірде мәнсіз не тыныш,

Бірлік қой мықты бекініс!

Аз емес, халқым онсыз да

Өткеннен қалған өкініш....


Қыз бен балалар

(Баллада)

Қала іші. Гүлге оранған көше бойы, айнала.

Студент қыз кітабы бар, келе жатты ойлана.

-Қалқам, маған жол көрсетіп, жөн сілтеші, бас қатты,

Бір дүкенді таба алмай,-деп бір әйел тоқтатты.
Бұл бойжеткен ауылда өскен, тәрбиелі қыз еді,

Өтініш қып қартаң әйел тұрған соң бой түзеді:

-Осы жерден оң бұрылып тура жүріп барсаңыз

Дәл табасыз,-деді оған бұрын таныс жанша қыз.


Жолаушы әйел ұлты бөтен-сыған ба екен, грек пе,

Бір сөз айтты қызға қарап, әсер етер жүрекке.

-Қалқам, саған рахметімді айтармын-ау, айтармын,

Бірақ сенің көздеріңнен әлдебір мұң байқадым.


Жан екенсің жасамаған ешбір жанға қиянат,

Сонда да бір сыр қалыпты жанарында ұялап.

Қарғам, маған сенем десең десең, айтам саған жекелеп,

Әйел қызды тасалау бір жерге әкелді жетелеп,-


Аө көңіл сен қыз екенсің, бірақ өмір сахна,

Әртіс болып ойнау қиын сендей әйел затына

Шыныңды айтшы, бұл өмірде неден жолын болмады?-

Бойжеткеннің қам көңілін асау сұрақ толғады...


«Жайы мұның белгілі ғой, кетсем ба екен тыңдамай?!

Әлде сынап көрсем бе екен шешер екен бұл қалай?»

Қыз сезімі буырқанып, жан жүрегі бұлқынды,

«Жолаушы» әйел тағат таппай бір отырып, бір тұрды.


-Мен сен қызды сондайдан көргеннен-ақ сезгенмін,

Жол сұрайтын ретімде жоқ, шартарапты кезгенмін.

Оңан-дағы қолыма сал аз пұлынды, мен саған

Оралатындай етейін арманыңды аңсаған.


Сүйгеніңді сендік етем, ол қолымнан келеді,

Жігіт бәрін ұмытады, сен боласың керегі.-

Әйел күліп, жымыңдады алдамақ боп көзімен,

Қыз шошыды жиренішті оның мына көзінен.


-Ақша беріп, махаббатты сізден сатып алғанша

Мың есе артық күрескенім халқадарымқалғанша!

Әттеген-ай, сізді өзімдей көріп көмек етіп ем,

Уақытымның бос сөзбенен өткеніне өкінем.


Алдап арбап түсірудің тілін әбден меңгеріп,

Табыс көзі деп ұғатын, шіркін, неткен пенделік.-

Жанарынан ызғар шашып, қатулана деді қыз:

Жолың әне, өтінемін, тура жүре беріңіз!..


* * *
Арада көп күндер өтті. Көше бойы, айнала

Гүлге оранған, келе жатты баяғы қыз ойлана

Қолында дәу сөмкесі бар бір қарт әйел жол сұрап,

Қыздан жауап күтіп еді, өті шықты томсырап.


Жол көрсетіп, жөнін сілтеп жібермеді несіне,

Әлде сол бір «көріпкелді» алды ма екен есіне?!

Өте шықты, жылы қабақ танытпады неліктен?

Бұл жолғы шын жолаушыны санады ма еріккен?


* * *
Өмір терең оқиғалы, қиыны, көп шатағы,

Әр тағдырлар әр алуан ақталып жатады.

«Бір құмалақ ірітеді қарын майды» деген бар,

Жұртқа деген сеніміңнен айырылмаңдар, Адамдар!

1983 ж.
Сабақ

«Ежелгі Шығыста әр жас талап өзіне дейінгі ақындардың он мың жол өлеңін жатқа білуге міндетті болған. Осында үлкен тәрбиелік мән жатыр»

М.Шаханов
I

Мектеп үйі.

Соғылды ішке қоңырау.

Мұғалима келіп кірді класқа.

Бір қасиет бар бөлмеде,

О, мынау,

Шабыт берер кең жазылар құлашқа!
Шежіресін шертіп кеше, бүгіннің

Таныстырып есімдермен жаңа , тың,

Шәкірттерге құяр нәрін білімнің –

Әдебиет бөлмесі бұл болатын.


Не туралы талданып көп, оқылып,

Кім туралы айтылмады дәл мұнда

Санаң болса зейін қойып отыр, ұқ,

Айдай әлем ақтарылар алдында.


Ой тереңі сені шым –шым батырып,

Қиялменен күй кешесің ғажап тым.

Сырласады өз рухымен шақырып

Бәйтерегі,

Алыптарды қазақтың.
«Ер Төстік» пен «Керқұла атты Кендебай»,

Қамбар батыр,

Қобыланды,

Алпамыс-


Халық ауыз мұрасында тілге бай

Халқымызды тарихынан қалған із.


Шешендігі Жиреншенің әлгі үлгі,

Жырмен жеткен Махамбеттің жебесі,

Еуропаға ел Шоқанмен танылды,

Ыбырайдың ұлы болмас неге ісі?!.


Бәрі айтылған бұл бөлмеде,

Не керек,

Сарп етіліп талай уақыт,

Талай күн,

Әсем ойдан әсер алып керемет

Жатқа оқылған жыры ұлы Абайдың!


...Ақындықтың жаққан өшпес шырағын

Өлеңдері,

Толғай,

Айтыс,


Дастаны;

Бір ғасырға шолу жасап мұғалім,

Жамбыл жайлы сабақ сұрай бастады.
Байқап көрсе,

Оқушылар сұлық тым.

Осы күйден ойлы ұстаз нені ұқты?-

Үйге берген тапсырмаға сыныптың

Бірде-бірі дайындалмай келіпті.
Ұстаз бояу күрсінді де, тіл қатты...

Кең бөлмені баурап алды үнсіздік.

Балалардың жүректерін сыздатты

Ұстаз айтқан

Жамбыл жайлы

Бір шындық.



I I

Бұл оқиғға болған екен көктемде,

Құстар жылы жаққа ұшып жеткенде,

Нулы өлке сұлу Испан жеріне

Бір топ ақын достық сапар шеккенде.
Терден орын алып жүрген өлеңі,

Мойындаған поэзия әлемі,

Алуан ұлтты делегация ішінде

Ақын Мұхтар Шаханов та бар еді.


Шын дарынның таныта алған таза үнін,

Табиғаттың көрмейсіз бе, ғажабын,-

Басқаларға ұқсамаған Шаханов

Испандықтың аударыпты назарын.


Өзіңді мақтан етер еліңіз,..

Қандай ұлттың сіз өкілі едіңіз?-

Деп сұраған испандыққа,

Алайда,


Белгісіз боп шықты біздің тегіміз.
Жердің бетін ап жатса да көлемді

Естімепті Қазақ елі дегенді.

Сонда да Мұхтар

Атын атап Жамбылдың,

Жатқа айтыпты

«Ленинградтық өренді».


Лезде жүзі жылы тартып,

Жайраңдап,

Испан қарты қалды таныс жайды аңдап:

-Білем,


Білем,

Жүзге келген ақын ғой!

Жамбыл қазақ па еді?-

Деді қайран қап.


Тұнып тұрған төкпе жырдың төресі

Болды солай таныстыққа төреші...

«Жамбылым!»-деп,

«Жан бабам!»-деп,

Мұхтардың сәл-ақ жетпей тұрды көкке төбесі.

I I I

Поэзия –


Сөз сиқыры,

Сөз шыны.

Оның болмақ өз биігі,

Өз шыңы!


Дәл мәреге жете алмайды

ақынның


Ақиқаттан аса алмайөшсе үні.
Ата салтын жазылмаған заң қылып,

Үлгі еткен ұлдан ұлға міңгілік,

Сол меженің

Сырлы өрінде тұрады

Жыр алыбы

Жамбыл аты

Жаңғырып.
Белін бүгіп, басынан сөз асырмай,

Жырлап өткен жаба тоқып, жасырмай,

Өткел бермес өжет,

Өткір тілімен

Тіліп түскен найзағайдай,

Жасындай;


Жұрты үшін өз өмірін арнаған,

Шығармасы шартарапты шарлаған,

Құланаяқ Құлмамбетпен қағысын,

Айтыста да алдына жан салмаған.


Отқа оранып Ленинград даласы,

Бұлт төнгенде жақындап жау қарасы,

Жамбыл жыры қуат қосып қанына,

Халқы сақтап қалған қалған туған қаласын!


Жалындаған «жыр үшін,-деп,- жан құрбан»,

Сұлу сөздің сарайында сән құрған,

Әруағынан айналсаңшы алыптың,

Өшпейтұғын

Артына

Із қалдырған!


«Жастарсыңдар жалын жүрек,

Өр кеуде,

Кебетіңе қызығамын мен кейде.

Әттең, бүгін..,-деді ұстаз мұңайып,-

Өзегімді бір өкініш өртеуде.
Жатқа оқып айтпай жырын шетінен,

Дайындықсыз келіп, түртті не түлен,

Жалқаулаққа жеп боп,

Рухын бабаның

Өкпелетіп алдық-ау деп өкінем...»
* * *
Қатты ұялтты ұстаз бәрін,

Масқара-ай,

...Содан бері сол балалар

Жамбылдың

Жыр кітабын

Жүр қолынан тастамай.

1993ж.
Жауынгер туралы баллада

1989 жылы «Ауғанстан әндері» облыстық фестивалінде орындалған бұл жыр 1 жүлдені иеленді
Ауылдастың әскердегі оралыпты баласы...

Тез жеткізді бұл хабарды үйді-үйге хабаршы.

Амандасып кіріп-шығып ауыл-аймақ, көршілер

Көзайым боп бар ағайын, қуанды бар жанашыр.


«алыс жерден алты жасар бала келсе, бас иіп,

Алпыстағы сәлем берер»-қанға сіңген қасиет.

Үйге кірді бір қария бүкіл ауыл сыйлайтын,

«Кәне, қайда солдат бала, көрсетіңдер, қайсы» деп.


Әншейінде бұл қария жайпап жүрер оң-солын,

Көңіліне жақпай қалсаң, онда сенің өз сорың.

«Ассалаумағалейкүм!»-деп, арсалаңдап күліп кеп,

Ұшып тұрып солдат жігіт ұсынды оған сол қолын.


Бұл ақсақал –көнекөз қарт, еді асылдың сынығы,

Ұнамады бозбаланың әдепсіздеу қылығы.

«Тәйт, әрі»- депп ашуланып айқай салды ақсақал,

Қолын қағып жіберді де, түсі кетті бұзылып.


Айқай салды ашуланып, қолын қағып жіберді.

Сарбаз жігіт бір қызарып, бір сұрланып, түнерді.

Елге деген сағынышы су сепкендей басылды,

Қыңыр қарттың қатал сөзі құм қылғандай жігерді.


Үнсіз қалды сарбаз жігіт...Жерге шырт-шырт түкірді.

Айта алмады маңдайдағы тағдыр жазған үкімді.

Айта алмады оң қолының бар екенін, бірақ та,

Айта алмады алақанның орнындағы тұқылды.


Айта алмады талай-талай бас тіккенін өлімге,

Қартайғанын соғыс көріп жиырма жасқа кемінде.

Айта алмады жұдырыққа айырбастап мәңгілік,

Алақанды қалдырғанын Ауғанстан жерінде...


...Ауылдастың әскердегі оралыпты баласы

Тез жеткізді бұл хабарды үйді-үйге хабаршы.

Амандасып кіріп-шығып ауыл-аймақ, көршілер,

Көзайым боп бар ағайын, қуанды бар жанашыр.


1987ж.


Басыңа қойып құлпытас

Өлеңмен күмбез орнаттым
Анам о дүниелік болғанда қайғыма ортақтасқан қалың көпшілік қауымға шын,

Ізгілік пен ілтипатымды білдіремін.

Автор


  • Халің қалай?

  • Жаман емес.., жақсымын.

  • Жарың қалай?

  • Жасырар одан жоқ сырым.

  • Балаларың жүрген шығар шапқылап?

  • Жігіт болып қалды, шүкір!

  • Жақсы ырым!...

Жай-жапсарын жағдайымның сұрама,

Саған ашып айтпаспын мен сірә да.

Ойнамайды тоқ бала мен аш бала,

Біреу мұңын біреу терең ұға ма...


Өмір мені жоқ еді аз сынаған,

Кездерімде сүрініп не құлаған,

Жанға жылы сөздерімен деп беріп

Буынымды бекітушы еді бір Адам.


Сынықтардай әшекейлеп құраған

Сұлу өмір сүруге әзер шыдаған

Жырым-жырым көңілімнің жыртығын

Жамап-жасқап беруші еді бір Адам.


Төзімге де үйреніп ем бір Одан,

Жоқ пен барға қанағат та қыла алам.

Рухқа айналып кете барды, қайтейін,

Жебеушім де, демеушім де бер – Анам!..


Кө жасымды көл қылсам да жоқ енді Ол.

Көлді сарқып, шөл қылсам да жоқ енді Ол.

Өзін жоқтап жылап жатып жазылған

Енді, Есіл, естімейді өлеңді – Ол...


-1-

Құтылғың кеп қу дерттің қапасынан

Артыңа ұайрылмадың.

...Ұқты ұлдарым нағашы апасынан

Мәңгіге айырылғанын.
Сен бардағы енді жоқ, арман-күнім,

Қосылда уайымға – мұң.

Бес-ақ күндік фәнидің жалғандығын

Бүгін-ақ мойындадым.


Еңкеймеп ем – бүктірді қос тіземді,

Тұтқиыл, тосын өлім.

(Төркініне телмірген хош, Қыз, енді)

Дүние-ай, осы ма едің...

27.01.2004ж.,сейсенбі
-2-

Кем-кетікпен келмеді ме егескің,

Жадымдағы жарық сәулем, неге өштің.

Менен биік, менен де зоры көп шығар,

Менен мұңдық бүгін енді жоқ ешкім.
Кедір-бұдыр белін қуып елестің,

Тағдырменен таразыда теңестім,

Жарығым жоқ, жаңылыссам жолымнан,

Кешір, анам,

Енді

Мен-мен емеспін.


Қасқыр қылық көрсетем деп көгңмде

Замана тұр дауысын қосып бөрі – үнге.

Жарық сәулем, неге сөндің тым ерте,

Қараңғыға көзі үйренсін дедің бе.


Жә, жә, жарар...

Жаратқанмен керіспен...

Басу айтып барады жұрт көріскен.

Ғапыл қалдым.

Бақилыққа аттанған,

Бақыл болғын ақ қанатты періштем!..


Иғдиһатын махкамлеумен иманның

Мәужітіне бар діліммен иландым;

Қидым сені қара жердің қойнына,

Қарғыс атсын жүзімді жас жуған күн...

29.01.2004ж.,бейсенбі

-3-


жүктеу 2,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау