Министерство труда и социальной защиты


§ 59. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ БАПТАУШЫ



жүктеу 2,38 Mb.
бет9/38
Дата31.01.2020
өлшемі2,38 Mb.
#27830
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
§ 59. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ БАПТАУШЫ

7-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі аспаптарды вакуумдеуге арналған күрделі кинематикалық, электр, радиоэлектрондық, пневматикалық, гидравликалық, вакуумдық схемалары бар бағдарламамен басқарылатын күрделі жабдықтарды баптау және реттеу. ӨҮИС бұйымдары өндірісіне арналған технологиялық жабдықтардың механикалық, оптикалық, вакуумдық, пневматикалық, электрондық және электр системалары элементтерінің ең төменгі өлшемі 2 мкм дейін элементтеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының кешенін орындау. Барлық типті технологиялық жабдықтарды монтаждау. күрделілігі өте жоғары жабдықтардың тиімді жұмыс режимін есептеу және белгілеу.

Білуге тиіс: жабдықтың кинематикалық, электр, радиоэлектронды, пневматикалық, гидравликалық және вакуумдық схемалары, бағдарламамен басқарылатын құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктері және жұмыс қағидаты; барлық жүйенің бақылау-өлшеу аспаптары мен диагностикалау стенділерінің мақсаты, оларды баптау және реттеу әдістемесі; қызмет көрсетілетін жабдықтар ақаулықтарының сипаттамасы және оларды жою шаралары; жөндеу жұмыстарының барлық түрін жүргізу әдістемесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. ЭМ-4085, ЭМ-4085-11, ЭМ-4085-4, ЭМ-4060П2 типті шықпалар мен кристалдарды монтаждау және қосу автоматтары - баптау және жөндеу.

2. Қашықтықтан бағдарламамен басқарылатын АПЛ және АПЛД типті технологиялық процестердің автоматтық диффузиондық жүйесі - баптау және жөндеу.

3. Бағдарламамен басқарылатын автоматты және жартылай автоматты айдау желілері - кешенді баптау.

4. ЭМ-5089 бейне генераторлары, ЭМ-5062 фото қайталағыш- баптау және жөндеу.

5. Қабаттарды эпитаксиалды өсіру, металл диэлектр қабаттарды магнетронды бүрку, автоматты бағдарламамен басқарылатын плазмохимиялық өңдеу жабдығы - баптау және жөндеу.

6. ДГ2432А 160 т гидравликалық нығыз – электр схемасы мен гидорсхеманы баптау және жөндеу.

7. УСУПМ-01 өндірістік механизмдерді әмбебап басқару жүйесі, ПВК технологиялық процестерді электронды басқару құрылғысы - 15х20 - баптау, жөндеу және қызмет көрсету.

8. ЭМ-б020 зонд құрылғысы - баптау және жөндеу.

9. Плазмалық тазалау және микроплазмалық дәнекерлеу құрылғысы - баптау және жөндеу.

10. Автоматты жүйемен басқарылатын ТМН экрандарды бақылау құрылғысы - баптау және жөндеу.


§ 60. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫ БАПТАУШЫ

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Микропроцессорлық техникамен, функционалдық электрондық блоктармен жабдықталған, күрделі гидравликалық, кинематикалық, газ, вакуумдық электр және радиоэлектрондық схемалары бар әмбебап және эксперименталдық жабдықтарды кешенді баптау, реттеу және пайдалануға тапсыру. Қызмет көрсетілетін технологиялық жабдықтың құрамына енетін компьютерлік жүйелерді баптау және жөндеу. Әр түрлі технологиялық құрылғыларды басқару жүйелерінің әмбебап датчиктерін жөндеу. Жабдықтың барлық жүйелері мен тораптарын диагностикалау және ақаулықтарының алдын алу. Технологиялық бағдарламаларды жасау және түзету. Қызмет көрсетілетін технологиялық жабдықтардың істен шығуын талдау және жүйелеу және олардың төзімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Білуге тиіс: әмбебап және эксперименталдық жабдықтардың кинематикалық, гидравликалық, пневматикалық және электр схемалары, вакуумдық және газ жүйелері; технологиялық процестерді ЭЕМ-нің көмегімен және микропроцессорлық техникамен күрделі автоматты реттеу жүйесі бар технологиялық құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктері және жұмыс қағидаты; микропроцессорлық техника, микро- және мини-ЭЕМ базасында басқару жүйесін құру тәсілдері; технологиялық және тестілік түзету тәсілдері; негізгі бағдарламалау тілдері; жабдықтың жұмыс режимін таңдаумен, схемалар мен механизмдер элементтерін ауыстырумен байланысты есептер; механика, электро, радио жылу техникасының теориялық негіздері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. "Лада-150А" микролитография автоматы - баптау және жөндеу.

2. "Плазма-125150" фоторезистін плазмохимиялық жою автоматы - баптау және жөндеу,

3. "Плазма НД 125 1М" типті металл пленкаларды плазмохимиялық өңдеу автоматы - баптау және жөндеу.

4. "Оратория 5" типті магнетрон бүрку жүйесі бар үздіксіз жұмыс істеу дің автоматтандырылған агрегаты - баптау және жөндеу.

5. "Основа" типті ӨҮИС өндірісіне арналған автоматтандырылған кешен - баптау және жөндеу.

6. «Камелия» фотошаблонын жасауға арналған жабдықтар жиынтығы - баптау.

7 "Орион", "ДВК" типті компьютерлік жүйелер - баптау және жөндеу.

8. "Лада-36" типті ішкі өзін өзі диагностикалайтын микропроцессорлық техника базасындағы жабдық - баптау және жөндеу.

9. "УВПА", "АЗС.А" типті микросхемаларды жинақтаудың роботтандырылған кешені - баптау және жөндеу.

10. ОЗУН-10000, ЭМ-4020, ЭМ-490А типті микросхемаларды автоматтандырылған бөлшектеу құрылғылары - баптау және жөндеу.

11. Вакуумдық өңдеу және ЭОП фотокатодтарды жасау құрылғылары - баптау және жөндеу.

12. "Магма-2М'' типті магнетронды бүрку жүйесі бар өнімділігі жоғары үздіксіз жұмыс істейтін құрылғылар - баптау и жөндеу.

1З. "Изотрон-4-150", "Изотрон-3-150" типті кремнийінің, кремний тотығының қоспасыз болат және қоспаланған болат қабаттарын тұндыру құрылғылары - баптау және жөндеу.

14. ЭМ-584 (А и Б), АЮР типті үйлестіру және мультипликациялау құрылғысы - баптау және жөндеу.

15. "Эмос-ЗОО", "Эпитрон" типті А3 В5 құрылымдарды эпитаксиалды өсіру құрылғысы - баптау және жөндеу.
§ 61. РЕЗИСТОРЛАРДЫ, КОНДЕНСАТОРЛАРДЫҢ СЕКЦИЯЛАРЫН, ШИЫРШЫҚТАР МЕН ТОРЛАРДЫ ОРАУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тұрақты резисторларды орау станогында диаметрі 0,03-0,55 мм сыммен орау.

Білуге тиіс: сым резисторларды орауға арналған станоктардың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің атауы мен мақсаты; қарапайым құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының және аспаптардың мақсаты мен қолданылу шарттары; қолданылатын материалдардың атауы мен таңбалау; резисторлардың электр өлшемдерінің шартты бегілері.


§ 62. РЕЗИСТОРЛАРДЫ, КОНДЕНСАТОРЛАРДЫҢ СЕКЦИЯЛАРЫН, ШИЫРШЫҚТАР МЕН ТОРЛАРДЫ ОРАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы құралдарды пайдалана отырып: диаметрі әр түрлі сымдарды тұрақты резисторлардың қыш негіздеріне және ауыспалы резисторлардың контактілі тораптарына; оксид, қағаз, пленкалы конденсаторларға арналған секцияларды қағаз бен фольга құрылғысы мен реттеуішіне; қарапайым типті шиыршық пен торды орау станоктарында қолмен орау. Ораудың белгіленген номиналға сәйкестілігін аспаптар арқылы тексеру. Орау станоктарын дайындау, баптау және шағын баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың маңызды бөліктерінің атауы, мақсаты және жұмыс қағидаты; жабдықты баптау ережесі; арнайы құралдар мен бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары; жасалатын бөлшектердің шекті мөлшері мен дәлдік дәрежесі; қолданылатын материалдардың негізгі механикалық және электр қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. ПУЛ арналған ілмектер – қалыбы бар құралға орау.

2. Магнетрондарға арналған қыздырғыштар – құралға орау.

3. Конденсаторлар секциялары – таспаларды орнатып және реттей отырып, станокта орау.

4. Константан сымдарынан жасалған тор – арнайы рамкаларда орау.

5. Қабылдап күшейткіш шамдарға арналған қадамы 0,3 мм астам тор – баптаушы қызмет көрсеткен жағдайда 2250-Б типті автоматта тор төсемді орау.

6. 3 және 4 траверстері бар (есептеуіштерге арналған) торлар - А-500 типті автоматта тор төсемді орау.

7. ГУ-50 бір шамның торы – қолмен орау және дәнекерлеу.

8. Диаметрі 0,5 мм астам вольфрамнан жасалған сым шиыршықтар – арнайы бапталған жабдықта орау.

9. Келесі өңдеуге жіберілетін қосалқы шиыршықтар - орау.


§ 63. РЕЗИСТОРЛАРДЫ, КОНДЕНСАТОРЛАРДЫҢ СЕКЦИЯЛАРЫН, ШИЫРШЫҚТАР МЕН ТОРЛАРДЫ ОРАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Нақты резисторларды жартылай автомат жабдықтарда кіші диаметрлі сыммен бастарын катодтарға дәнекерлей отырып орау. Оксид, қағаз және пленкалы конденсаторларға арналған секцияларды арнайы көп шпиндельді орау станоктарында, таспаны орнататын және реттейтін жартылай автоматтар мен автоматтарда орау. Шиыршықтар мен торларды арнайы, автоматтық және жартылай автомат жабдықтарда орау. Рамалық торларды орау үшін цементтеуші материалдарды қолдану. Резисторларды белгіленген номиналға дәлдігі 0,25 - 0,5% аспаптардың көмегімен сыналастыру. Көп типті бұйымдарды шығарған кезде жұмысты дәлдікті қатаң сақтай отырып орындау. Бақылау-өлшеу аспаптары пайдаланылған жұмыс процессінде бұйымдардың сапасын бақылау. Станоктарды, аспаптар мен тораптарды өздігінен шағын баптау және баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау тәсілдері; арнайы құралдарды қондыру ережесі мен тәсілдері; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, жасалатын торлар мен шиыршықтарды орау қадамдарын есептеу; конденсаторлардың тәжірибелік үлгілерін орау тәсілдері; шақтау, қондыру, дәлдік пен кедір-бұдырлық дәрежесі; қолданылатын материалдардың негізгі механикалық және электр қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Моноспирал және ҮИСпираль - орау.

2. Бифиляр және монобифиляр қыздырғыштар – ом кедергісін жасау және бақылау .

3. Монофиляр қыздырғыштар – геометриялық өлшемдерді сақтай отырып, электр қыздырғышпен орау.

4. Секциялық резисторлар – станоктарда орау .

5. Көп қабатты конденсаторлардың секциялары - станоктарда орау.

6. Константан сымнан жасалған тор – талап етілетін қашықтықты (қадамды) дәлме-дәл сақтау отырып металл рамаға орау.

7. Қадамы 1 мм жоғары және орталығы арасындағы қашықтық 12 мм астам бұралатын материалдың диаметрі 40 мкм астам тор - орау.

8. Диаметрі 8 мкм вольфрам сымнан жасалған рамалық тор орау қадамы бойынша шақтамасы ± 6 мкм, траверс арасындағы қашықтық бойынша шақтамасы ±1 мкм - орау.

9. Қабылдап күшейткіш шамдарға арналған тор қадамы кемінде 0,8 мм – торлы төсемді А501-М автоматында орау.

10. Диаметрі кемінде 0,5 мм вольфрам сымнан жасалған спираль - Әр түрлі жүйелі арнайы жабдықтарда орау.
§ 64. РЕЗИСТОРЛАРДЫ, КОНДЕНСАТОРЛАРДЫҢ СЕКЦИЯЛАРЫН, ШИЫРШЫҚТАР МЕН ТОРЛАРДЫ ОРАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Спиральдардың, ораулармен, ауыспалы қадамдармен және әр түрлі жүйе жабдықтарында екіден көп траверс сандарымен үйлестірілген торлардың, оны өздігінен шағын баптай отырып және оның геометриялық өлшемдері мен орау сапасына қажетті құрылғыларын орната отырып тәжірибелік, күрделі және эксперименталды үлгілерін орау. ЛБВ арналған дәлдігі жоғары спиральдарды орау және толық өңдеу. Дәлдігі жоғары шекті мөшері ±0,005 мм дәрежелі жұмыстарды орындау. Вольфрам сымнан бағалы металмен (алтын, күміс) қапталған ең аз диаметрі 8 мкм болатын бұйымдар жасау. Күрделі бақылау-өлшеу аппаратурасын қолдану.

Білуге тиіс: арнайы жабдықтың, түрлі модельдердің құрылысы, қосалқы құрылғылар мен құралдарды дәлдігін тексере отырып, шағын баптау және қондыру ережесі; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптардың құрылысы, мақсаты және қолданылу шарттары; шақтау, қондыру жүйесі , дәлдік дәрежесі және кедір-бұдырлық өлшемдері;

Жұмыс үлгілері

1. Әр түрлі жүйе жабдықтарында ауыспалы құралдарды өздігінен есептейтін тәжірибелік, күрделі және и эксперименталды спиральдар (жұдырықшалар, тістегеріш және т.б.) - орау.

2. Тәжірибелік, күрделі және и эксперименталды және диаметрі 60 мкм төмен орау материалы бар рамалы құрылымдардан жасалған торлар - орау.

3. ЛБВ спиральдары - жасау (спираль ұзындығы - 400 мм дейін, қадам бойынша шақтамасы - 5-20 мкм).

4. Орау кезінде шақтамасы қатаң сақталған монофилярлы спиральдар (± 0,005 мм) - жасау.

5. Қадамы 1 мм аз тор, орталықтары арасындағы қашықтық 12 мм аз, орау материалының өлшемі 60 микрон - орау.


§ 65. РЕЗИСТОРЛАРДЫ, КОНДЕНСАТОРЛАРДЫҢ СЕКЦИЯЛАРЫН, ШИЫРШЫҚТАР МЕН ТОРЛАРДЫ ОРАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дәлдігі жоғары шиыршықтарды орау және толық өңдеу. Жабдықты жұмыс режимін өздігінен таңдай отырып баптау. Шиыршықтарды дәлдігі жоғары өлшеу аппаратурасының көмегімен жасау кезінде геометриялық өлшемдері бойынша бақылау.

Білуге тиіс: шиыршықтардың әр түрлі типтерін жасау кезінде жабдықтың тиімді жұмыс режимін белгілеу ережесі; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптардың құрылысы, мақсаты және баптау ережесі қолданылатын материалдардың негізгі физикалық және химиялық қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. ЛБВ тәжірибелік үлгілерге арналған шиыршықтар – толық жасау (шиыршық ұзындығы 400 мм ұзындығы бойынша шақтамасы 0,2 мм және қадамы бойынша шақтамасы - 0,005мм).

2. Қадамы кемінде 0,2 мм, орталығы мен оралатын сымдардың диаметрі арасындағы ең қысқа қашықтығы 20 мкм дейін күрделі эксперименталды торлар - жасау.

3. Күрделі аспаптардың АЖЖ арналған торлар - орау


§ 66. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА АСПАПТАРЫН БАПТАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Металдау көмегімен пьезорезонатордың жиілігін баптау. Электролиттік қаптау әдісі арқылы күміс, алтын, платина, никель және басқа да қабаттарды жалату арқылы пластиналарға күмісті бекіту.Ванналарға дайын электролит құю. Ванналарды тазалау. Ерітіндіні ауыстыру. Қарапайым құрылымды ұстағыштарға пьезокварц пластиналарды орнату және оларды белгіленген жиілікке түпкілікті баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; анағұрлым кең тараған әмбебап және арнайы құрылғылардың мақсаты мен қолданылу шарттары; гальваникалық құрылғылардың мақсаты және реттеу ережесі; пьезокварц пластиналарын белгіленген жиілікке баптаудың қарапайым әдістері; бақылау-өлшеу және жиілікті өлшеу аспаптарының және баптау кезінде қолданылатын құралдардың мақсаты мен қолданылу ережесі (жиілікті салыстырушы, жиілікті өлшеуші және т.б.); пьезокварцтың электр және механикалық қасиеттері; орындалатын жұмыс көлемінде әр түрлі металдарды электролиздеу процесі және қарапайым негіздері; қолданылатын электролиттер мен ерітінділердің құрамы мен қасиеттері; электролиттерді қолдану тәртібі; кварц ұстағыштардың қарапайым құрылысы және оларға пьезокварц пластиналарын бекіту әдістері химиялық ерітінділерді пайдалану ережесі; бағалы металдарды есептеу және сақтау ережесі; металдандырудан кейін пластиналардың сапасына қойылатын талаптар; пьезорезонаторлардың сапасына қойылатын талаптар; орындалатын жұмыс көлемінде электр және радиотехника бойынша негізгі түсініктер.

Жұмыс үлгілері

1. Жиілігі 20 кГц дейінгі кварц дірілдеткіш – алдын ала баптау.

2. Қалыңдығы 1-1,5 мм пьезокварц пластиналар – ± 0,0015% дейінгі шақтамасымен, белсенділігін гальваникалық тәсілмен өлшей отырып, 12 мГц жиілігіне баптау.

3. Контурлық пьезоэлементттері бар резонатор - гальваникалық баптау.

4. Термостатикаланған резонаторы - жиілігі мен белсенділігін температура жағдайында өлшей отырып баптау; эталлондау арқылы термостатикаландыру.
§ 67. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА АСПАПТАРЫН БАПТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір топтағы бірнеше жартылай өткізгіш аспаптардың типтерін баптауға арналған құрылғыларда баптау. Жиілік өлшегіш құралда (жиілікті салыстырғыш және жиілікті өлшеуіш) ± 005% шақтамасымен пьезокварц пластиналарды жиілігі мен белсенділігі бойынша баптау және тексеру. Сипаттамаларды жиілігі мен белсенділігі бойынша өлшеу және оны журналға жазу. Дәнекерлеуіштің көмегімен мөлшерленген баптау дискілерін дәнекерлей отырып, төмен жиілікті резонаторларды алдын ала баптау және дәнекердің артық жерлерін скальпельмен алып тастау. Резонаторларды құм бүріккіш жартылай автомат құрылғыларда баптау. Резонаторларды бүрку әдісімен баптау және вакуумдағы металл қабатын 0,003% дейінгі дәлдікпен алу. Пьезоқыш резонаторлардың жиілігін оларды диаметрі бойынша алмас немесе корунд дөңгелегімен өңдеу арқылы баптау. Дискілі пьезоэлемент электродын электр ұшқыны әдісімен бөлу. Балқыту қышқылы бар ваннада өңдеу арқылы жиілікті алдын ала баптау. Белгіленген рецепт бойынша өңдеу үшін ерітінді дайындау. өңдеу ванналарына балқыту қышқылын және басқа да ерітінділерді құю. Пьезокварц пластиналарды құндақтарға салу. Өңдеу уақытын белгілеу. Ерітінді концентрациясын ареометр көмегімен тексеру. Ванналарды түзету. Құндақтарды ваннада ареометрдің көмегімен ұстау. Құндақтарды ваннада жиілігін өлшей отырып ұстау. Кристалдарды құндақтардан шығару. Қырларын корунд немесе басқа ұнтақпен тегістеу. Дайындамаларды жуу және кептіру. Техникалық талаптарға сәйкес талап етілетін өлшемдерді өлшеу. Кристалдардың жаңа партиясына сынама жүргізу. Қоректендіргіш блоктарды баптау, триодтарды іріктеу, R және V калибрлеу, тораптарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілі; радиоаппаратураның жұмыс қағидаты және мақсаты, оны іске қосу схемасы;бірнеше типті жартылай өткізгіш аспаптардың құрылысы және негізгі параметрлері; бапталатын аспаптардың технологиялық процессінің негізгі операциялары, олардың мақсаты және құрылысы, сондай-ақ бөлшектері мен тораптарының өзара байланысы; пьезокварц пластиналарын белгіленген жиілікке ±0,005% шақтамасымен келтіру әдісі; пьезокварцті химиялық өңдеу процессі; ерітіндінің концентрациясын айқындау әдісі және өңдеу ұзақтығы; баптау жабдығы ақаулықтарының түрі, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; орындалатын жұмыс көлемінде электр және радиотехника бойынша негізгі түсініктер.

Жұмыс үлгілері

1. Жиілігі 20 кГц бастап 700 кГц дейін кварц дірілдеткіштер – алдына ала баптау.

2. Кварц дірілдеткіштер - "подстроечных шайб" әдісімен баптау.

3. Детекторлар – төменгі жиілік бойынша алдын ала баптау (байланыс).

4. Қалыңдығы 1 мм пьезокварц пластиналар - жиілік пен белсенділіктің температуралық коэффициентін өлшеу арқылы белгіленген жиілікке ±0,005% шақтамасымен баптау.

5. Қалыңдығы 0,1-0,15 мм жылтыратылған пьезоэлементтері бар резонаторлар – вакуум құрылғыларда диэлектрикпен бүрку әдісімен ±0,001% шақтамасымен баптау.

6. С2 және Э2 типті вакуумдық резонаторлар – вакуумда бүрку әдісімен белгіленген жиілік бойынша баптау.

7. Пластина диаметрі 5,6 мм вакуум сүзгі резонаторлары – гальваникалық әдіспен алдын ала баптау.

8. Триодтар – барлық өлшемдер бойынша баптау, өзара байланысты өлшемдер алу.
§ 68. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА АСПАПТАРЫН БАПТАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жартылай өткізгіш аспаптардың екі тобын баптау. резонаторларды бүрку әдісімен баптау және металл қабатын вакуумда 0,001% дейінгі дәлдікпен алу. Пьезокварц пластиналарын арнайы радиоаппаратураның көмегімен баптау (радиоқабылдағыш, дыбыс генераторы, жиіліктің бірінші эталоны, жиілік өлшегіш). Белсенділік жиілігі бойынша сипаттамасын ала отырып және жиіліктің температуралық коэффициентін ±1,5х1О-6 шақтамасымен келтіру арқылы пъезокварц пластиналарды дәлме-дәл өлшеу аспаптарында ±0,003% дейінгі шақтамамен тексеру. Қалыңдығы 0,4 мм дейінгі пластиналарды баптау. Пьезокварц пластиналарды күрделі құрылымды ұстағыштарға бекіту. Генератор эквиваленттерінде 0,003% шақтамасымен жиілік пен белсенділікті жиілік эталонымен салыстыру және "қосымша соғу" әдісімен түпкілікті баптау. Резонатор жиілігін 1х10-5 дәлдігімен эталондау кезінде кварц пьезорезонаторларының жиілігін вакуумда металдарды буландыру әдісімен келтіру. Суда еритін кристалдардан пьезорезонатор эталондарын жасау. Пластинаны арнайы құрылғыларға орнату. Оны резонанстық жиілікке баптау. Талап етілетін жиіліктен көп қоры бар өңдеу. Резонаторлық пластиналардағы кедергілерді өлшеу. Аспаптардың барлық түрінің ТУ-ға сәйкес талап етілетін өлшемдерін өлшеу. Құрылғы жұмысындағы ақаулықтарды уақтылы анықтау және оны баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі модельдердің жабдықтарының құрылысы; өлшеу аспаптары (жиілікті өлшеуіш) мен құралдардың құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; жиілікті өлшеу тәсілдері, вакуумдағы жиілікті қиюластыру тәсілдері; суда еритін кристалдардан жасалған пластиналардың электр және механикалық қасиеттері; суда еритін кристалдардан жасалған пьезорезонаторлардың жиілігін қиюластыру тәсілдері; суда еритін кристалдардан жасалған пластиналарды резонанстық жиілікке қиюластыру әдістері және пластиналарды өңдеу және кедергіні өлшеу тәсілдері; бапталатын жартылай өткізгіш аспаптардың түрлері, құрылысы, өлшемдері. Жиілікті алдын ала қиюластыруға қойылатын талаптар; орындалатын жұмыс ауқымында радио- және электр техникасы бойынша негізгі түсінік.

Жұмыс үлгілері

1. Бейнедетекторлар және АЖЖ-детекторы – белгіленген өлшемдерді алу арқылы өте жоғары жиілікке баптау.

2. Микросхемалар мен микрожинақтау - баптау.

3. Пьезокварц пластиналар – жиілік пен генератор эквиваленттерінің белсенділігін ± 0,003% шақтамасымен, бастапқы жиілік эталонымен салыстыра отырып және "қосымша соғу" әдісімен түпкілікті баптау.

4. Төмен жиілікті кварц резонаторлар - түпкілікті баптау.

5. Жиілігі 1 мГц бастап 20 мГц дейінгі кварц резонаторлар – вакуумдық бүрку әдісімен түпкілікті баптау.

6. Қалыңдығы 0,1 бастап 0,5мм дейінгі пьезокварц резонаторлар - белгіленген жиілік бойынша 0,0015% шақтамамен және жиілігін, белсенділігін, электр өлшемдерін өлшей отырып түпкілікті баптау.

7. Триодтар – кейіннен дайын аспаптардың сипаттамаларын тексере отырып, аяқтарын жинақтау кезінде баптау.


§ 69. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА АСПАПТАРЫН БАПТАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Үш және одан көп жартылай өткізгіш аспаптарды АЖЖ өлшеуіштер мен формулалар бойынша есептеу арқылы баптау. Тәжірибелік аспаптарды белгіленген өлшемдерге баптау. Аспаптарды стационарлық гамма-құрылғыда гамма-сәулелену кезінде баптау. Пьезокварц пластиналарды баптау және оларды дәлдігін өлшеу аспаптарында ±0,001% және одан аз шақтамасымен өлшеу арқылы, жиілігі мен белсенділігі бойынша сипаттамаларын алып және жиіліктің температуралық коэффициентін ±1,5х10-7 шақтамасымен қиюластыра отырып тексеру. Пьезорезонаторлардың тәжірибелік және бірегей үлгілерін баптау. Генератор эквивалентінің және бірегей пьезорезонаторларды бастапқы жиілік эталонымен салыстыру арқылы және жиілікті өлшеу дәлдігін 1 х 10-7 аспайтындай етіп қамтамасыз ететін басқа да әдістермен жиілігі мен белсенділігі бойынша түпкілікті 0,001% дейін және одан аз шақтамасымен баптау. Суда еритін кристалдардан жасалған пьезорезонаторлардың жиілігі мен эквивалентті индуктивтілігін басптау. Пьезорезонаторларды радиоөлшеу схемасына қосу. Суда еритін кристалдардан жасалған пьезорезонаторларды жиілік қорын анықтау үшін резонанстық жиілікке баптау. Пьезорезонаторды баптау және тексеру жиілігіне баптау. Нақты және тексеруші жиілік арасындағы айырмашылықты айқындау. Жиілікті лазер сәулесі арқылы түпкілікті сонда-ақ ионды плазмалық әдіспен ±5 Гц дейінгі дәлдікпен қиюластыру. Металл қабаттың бір бөлігін алу және түзетулерді ескере отырып, жиілікті номиналға қиюластыру. Жиілікті вакууммен ±5Гц шақтамасымен түпкілікті қиюластыру. Ауаны баллоннан вакуумға дейін 10-2 мм рт.ст. сору. Баллондағы вакуумды жарықтандыру арқылы тексеру. Қосымша резонанстарды табу. Жиілік, эквивалент индуктивтілік, белсенді кедергі және "жартысы" бойынша кедергі өлшемдерін тексеру. Баптауға және өлшеуге арналған құрылғыларды баптау. Құрылғы жұмысындағы ақаулықтарды уақытылы анықтау және жою.

Білуге тиіс: құрылғылар мен аспаптарды баптауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, баптау және реттеу ережесі; жабдықтардың түрлі модульдерінің электр схемалары мен дәлдігін тексеру тәсілдері; тәжірибелік үлгілердің түрлері, құрылымы, баптау өлшемдері; пьезорезонатор жиілігін өлшеудің негізгі осциллографикалық әдістері; жиілік пен эквивалентті индуктивтілікті баптау әдістері; металл қаптаманың алынуға тиіс бөлігін айқындау тәсілдері және металды алу тәсілдері; баллоннан ауаны шығару және баллонды тексеру тәсілдері, қосымша резонанстарды табу, жиілік өлшемдерін, эквивалентті индуктивтілікті және кедергіні тексеру тәсілдері; баптау кезінде қолданылатын жабдықтың ақаулықтарының түрлері және оларды жою әдістері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Жартылай өткізгіш детекторлар – іске қосылудың белгіленген шегіндегі гамма сәулелену деңгейін сигнализациямен баптау; гамма сәулелену кезінде өлшемдерді өлшеу.

2. Жиілігі 20 мГц бастап 100 мГц дейінгі кварц резонаторлары - вакуумдық бүрку әдісімен және гальваникалық алтын жалату әдісімен түпкілікті баптау.

3. Бастап 100мГц және одан жоғары, қалыңдығы 0,0З бастап 1,5 мм дейінгі жоғары жиілікті сүзгі резонаторлар - ±0,0015% және ±0.02% шақтамамен толық баптау.

4. Бірегей тәжірибелік резонаторлар – белгіленген жиілікке дейін баптау, барлық өлшемдерді өлшеу және есептеу.



жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау