Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 343-ө бұйрығына
қосымша
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығы
16-шығарылым
«Медициналық құралдар,
аспаптар мен жабдықтар өндірісі» бөлімі
Астана 2009
Кіріспе
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА), 16-шығарылымы, «Медициналық құралдар, аспаптар мен жабдықтар өндірісі» бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы № 130-ө бұйрығымен бекітілген бұрын қолданылған БТБА 16-шығарылымының негізінде жасалған.
Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.
Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей, олардың күрделілігіне қарай (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы екі бөлімнен тұрады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс сипаттамасы қамтылады.
«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс барлық жұмыстарды толық қамтымайды. Жұмыс беруші сайланбалы кәсіптік органның немесе қызметкердің өзге де өкілді органының пікірін ескере отырып, орындалу күрделілігі бойынша тиісті разрядтардағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылғандарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.
«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыстың (қызметтің) сапасына қойылатын талаптарды; ақау түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың түлерін; өндірістік дабылдатуды, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшыларды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында, әдетте, көрсетілмейді.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.
Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
Тарифтік-біліктілік сипаттамасының тәртібі, дәрежені беру және көтеру, өзгертулер мен толықтырулар енгізу Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік (БТБА) анықтамалығының 1 БТБА басылымының «Жалпы ережелерінде» көрсетілген.
«Медициналық құралдар, аспаптар мен
жабдықтар өндірісІ» БӨЛІМІ
§ 1. Сынапты мөлшерлеуші
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық таразыларда сынаптың берілген мөлшерін, кейіннен әртүрлі медициналық аспаптар мен аппараттарға толтыру үшін өлшеу.
Білуге тиіс: сынаптың қасиетін, сақтау және қолдану ережесін; техникалық таразыларды пайдалану ережесін және сынаптың берілген мөлшерін дәл өлшеу тәсілдерін; әртүрлі медициналық аспаптар мен аппараттары толтыру үшін сынаптың белгіленген мөлшерін.
§ 2. Сынапты мөлшерлеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынапты ыдыстарға өлшеп орау. Сынаптың өлшенген мөлшерін әртүрлі медициналық аспаптар мен аппараттарға толтыру.
Білуге тиіс: ыдыстарды, аспаптар мен аппараттарды сынаппен толтыру жолдарын; сынап толтырылатын медициналық аспаптар мен аппараттардың міндеті туралы жалпы мәліметтерді; жұмыс барысында пайдаланылатын аспаптарға қойылатын талаптарды.
§ 3. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАЙРАУШЫ
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік шеңберлі медициналық құралдардың жұмыс істейтін бөлігін қайрау. Жұмыс барысында жоғары білікті қайраушының басшылығымен абразивтік шеңберлерді ауыстыру.
Білуге тиіс: жабдықтардың жұмыс қағидаттарын; медициналық құралдың жұмыс істейтін бөлігін қайрау кезіндегі жұмыс тәсілдері; қайрау бұрышын өлшеу әдістерін және өлшеу құралдарын пайдалану ережесін; қайрау жөніндегі жұмыс нұсқаулығын; қайралатын құралдың міндеті.
Жұмыс үлгілері
Диаметрі 0,6-дан 1,0 мм дейінгі инъекциялы инелер – 8-10 градус бұрыштықта арнайы жартылай автоматта қайрау.
§ 4. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАЙРАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік шеңберлі медициналық құралдардың жұмыс істейтін бөлігін қайрау және жану. Өздігінен абразивтік шеңберлерді ауыстыру.
Білуге тиіс: жабдықтардың құрылғысын, оны реттеу мен жөндеудің әдістерін; қайрау бұрышын өлшеу әдістерін және қайрау мен жану кезінде пайдаланылатын бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесін, қайралатын медициналық құралдардың міндетін және оларға қойылатын талаптарды; қайрау және жану жөніндегі жұмыс нұсқаулығын.
Жұмыс үлгілері
Диаметрі 0,6-дан 1,0 мм дейінгі инъекциялы және арнайы инелер – 11-17 градус бұрыштықта арнайы жартылай автоматта қайрау және жану.
§ 5. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАЙРАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік шеңберлі медициналық құралдардың жұмыс істейтін бөлігін қайрау және жану. Инелер мен арнайы скальпельдерді қайрау кезінде қолданылатын жабдықтарды жөндеу және реттеу. Эмульсия дайындау.
Білуге тиіс: қолданылатын жабдықтарды баптау мен реттеу тәсілдерін; әртүрлі құралдарды қайрау үшін қолданылатын абразивтік шеңберлердің сипаттамасын; абразивтік шеңберлерді түзету әдістерін; салқындатқыш эмульсияны дайындау рецептурасын; қайрау бұрышын өлшеу әдістерін және бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесін; қайралатын құралдардың міндетін және оны өңдеуде қойылатын талаптарды.
Жұмыс үлгілері
1. Қол бұрғылары, түбірлі бұрғылар, пульпоэкстрактілер, түбірі бар инелер – қайрау.
2. Диаметрі 0,4-тен 0,6 мм дейінгі инъекциялы және арнайы инелер – 8-35 градус бұрыштықта арнайы жартылай автоматтарда қайрау және жану.
3. Ұзындығы 14-тен 45 мм дейін диаметрі 0,25-тен 0,5 мм дейінгі хирургиялық инелер – қайрау, жетілдіру, ойманы алу.
4. Ветеринарлық пышақтар – кесетін бөлігін қайрау және жану.
§ 6. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАЙРАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Хирургиялық құралдарды қайрау және жетілдіру. Абразивтік шеңберлерді қондыру, ауыстыру және түзету. Хирургиялық құралдарды қайрау кезінде қолданылатын жабдықтарды жөндеу және реттеу.
Білуге тиіс: қайрауға келіп түсетін медициналық құралдардың міндетін; хирургиялық құралдарды қайрауға қойылатын техникалық талаптарды; қолданылатын жабдықтарды жөндеу және реттеу әдістері.
Жұмыс үлгілері
Кесетін бөлікті қайрау және жетілдіру
1. Отау пышағы.
2. Гистологиялық кесінділерге арналған шағын томды пышақ.
3. Жалпақ ұшы өткір скальпель.
4. Көзге арналған скальпель.
§ 7. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАЙРАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Операция алдында берілген бұрыш және үлгі бейіні бойынша кесілетін жиектердің өлшемі 5 мм артық болған кезде хирургиялық құралдардың өткірлігін үш еселік лупамен түзету. Әр түрлі хирургиялық құралдардың ұшын өткірлеуге арналған ені 5 мм артық әртүрлі бейінді қайрау құралдарын жасау. Интерферометрді 250 есеге үлкейтумен прецизиялы басы бар микроскоптың көмегімен кесілетін жиектердің қалыңдығын, тегістік биіктігін және қайрау бұрышын бақылау. Қайраудан кейін хирургиялық құралдардың кесу сапасының талаптарға сәйкестігін тексеру. Қайрау құралын бекіту және оны мұқият тексеру.
Білуге тиіс: Негізгі хирургиялық құралдың міндетін және кесетін бөлігіне қойылатын талаптарды; кесілетін жиектердің бейіндерін бұзбай жүзін қайрау әдістерін; әртүрлі хирургиялық инструменттерді қайрауға арналған қайрау құралдарын іріктеу ережесін; өлшемі мен бейіні әртүрлі қайрау құралдарын жасау және түзету әдістерін; қайрау құралдарын жасау және түзету үшін қолданылатын абразивтік материалдардың сипаттамасын; қайрау құралдарына арналған май құрамы және оны дайындау әдістерін; хирургиялық құралдардың жүзін қайрау кезіндегі ақау себептерін және оны алдын алу шараларын; микроскопты қолдану ережелерін.
Жұмыс үлгілері
Операция алдында жетілдіру және оптикалық аспаптар көмегімен кесетін бөлікті тексеру: үлкен отау пышақ, барлық түрдегі конхотомалар, қашаулар, қасықтар, тонзилотомалар және т.б.
§ 8. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАЙРАУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 4 есеге үлкейтетін лупамен кесу бөлігінің өлшемі 5 мм дейін болған кезде хирургиялық құралдың жүзін операция алдында жану. Хирургиялық құралдардың әрбір түрін өңдеу үшін өлшемі 5 мм дейін әртүрлі пішіндегі жану құралдарын әзірлеу.
Білуге тиіс: бірінші деңгейлі хирургиялық құралдардың міндетін және оның кесу бөлігіне қойылатын талаптарын; кесу жиегінің тегіс емес биіктігін және жану бұрышын бақылау әдістерін; көп ұлғайту кезінде кесу жиектерін бақылау үшін микроскопты теңшеу ережесін; әртүрлі кескінді және пішінді жану құралдарына қойылатын талаптар; әртүрлі міндет атқаратын бірінші деңгейлі хирургиялық құралдың кесетін жиегіне қойылатын МРТУ талаптарын; хирургиялық құралдың өткір жүзін жану кезінде кесу жиектері пішінінің бұзылу себептерін және оларды алдын алу шараларын.
Жұмыс үлгілері
Талап етілетін барлық өлшемді және пішінді жану құралдарын алдын ала дайындаумен хирургиялық құралдың өткір жүзін жану.
1. Бекман пышағы, көмей пышақтар.
2. Трепандар, уретротомалар, цистотомалар.
§ 9. Сүмбілер мен түтік сүңгілерді дайындаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті дайындаушының басшылығымен сүмбілер мен түтік сүңгілерді орау. Ыстық және суық кептірілген бірінші және екінші оралған әртүрлі модельді сүмбілер мен түтік сүңгілерге лактарды сіңдіру. Құйғыштар мен түтік сүңгілерін қосымша ылғалдандыру. Алдын ала белгі бойынша градуирлеу шәкілінің түтік сүңгілері мен сүмбілерінің үстіңгі жағына бояуды қолмен жағу. Берілген рецепт бойынша бояуларды дайындау. Бұйымдарды арнайы ыдыстарға салу.
Білуге тиіс: дымқылдау, бөлінділер мен шығыршықтарды сырлау, сүмбілер мен түтік сүңгілерін орау процесінде қолданылатын жабдықтарда қызмет көрсету әдістерін және жұмыс жүргізу тәсілдерін; иірілген жіпке және оны орауға, сүмбілер мен түтік сүңгілерін сулауға және кептіруге, шәкілдерді жағуға қойылатын техникалық талаптарды; лактың жарамдылығын ақындай әдістерін; боядың құрамы мен қасиеттерін; қолданылатын құралдарды күту ережесін; сүмбілер мен түтік сүңгілердің міндетін.
§ 10. Сүмбілер мен түтік сүңгілерді дайындаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Урологиялық құралдардың цилиндрлі модельдерін орау. Лактармен қайта сіңдіргеннен кейін сүмбілер мен түтік сүңгілерінің рентгеноконтрасты массаларын алғаш сырлау. Бұйымдарды кептіру камераларына тиеу және кептіргеннен кейін түсіріп алу. Абразивтік төсем мен борлы суспензиясы бар жылтырататын станоктарда сүмбілер мен түтік сүңгілердің барлық модельдерінің сыртқы бетін техникалық талаптарға сәйкес өңдеу. Сүмбілер мен түтік сүңгілердің бетінде градуирленген шәкілді белгілеу. Бөлінді мен шығыршықтарға қолмен немесе клишені қолдана отырып бояу жағу. Орау машинасын және жіп есу станогын жұмысқа дайындау және жөндеу. Жұмыстан кейін машинаны тазалау. Түтік сүңгілердің арналарын тазалау және оларға мандренді енгізу. Берілген рецепт бойынша борлы суспензияларды дайындау. Орау сапасын көзбен бақылау.
Білуге тиіс: қолданылатын жабдықтың жұмыс принципін; бұйымдарды иіру, орау, сіңдіру кезіндегі жұмыс тәсілдерін; жылтырататын станоктардағы жұмыс тәсілдерін; сүмбілер мен түтік сүңгілерін иіруге, орауға, сіңдіруге және кептіруге қойылатын талаптар; жұмыста пайдаланылатын құралдар мен аспаптарды қолдану ережелері; қолданылатын жабдықтарды жөндеу тәсілдерін; лакты және рентген сәулесіне қарама-қарсы жабуларды жағу әдістерін; қолданылатын лактардың қасиеті; өңдеуге қойылатын техникалық талаптарды; әртүрлі моделді сүмбілер мен түтік сүңгілерінің міндетін; ақаудың себептері мен түрлерін, оны алдын алу шараларын; әртүрлі модельді түтік сүңгілеріне арналған мандрендердің міндеті мен түрлерін; абразивтік төсемдердің сыныптамасын және оларды әртүрлі модельдегі сүмбілер мен түтік сүңгілерді өңдеу үшін іріктеуді; борлы суспензияның берілген құрамын және дайындау әдістерін; кептіру камераларына сүмбілер мен түтік сүңгілерін салу және түсіру ережелерін.
§ 11. Сүмбілер мен түтік сүңгілерін дайындаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орау машиналарында әртүрлі модельді сүмбілер мен түтік сүңгілерін орау. Барлық модельдегі сүмбілер мен түтік сүңгілерін ыстықтай және суықтай кептірілген лактармен соңғы рет сіңдіру, рентген сәулесіне қарама-қарсы массаларды қайта сырлау. Бұйымға берілген өлшемге дейін лак қабаттарын қосымша өсіру. Бұйымдарды кептіру камераларына салу және кептіру режимін қадағалау. Суспензиялы абразивтік төсемі бар ажарлайтын әрі жалтырататын станоктарда барлық моделді, өлшемді түтік сүңгілерінің сыртқы және ішкі бетін техникалық талаптарға сәйкес өңдеу. Түтік сүңгілердегі құйғыштар мен ойық жерлерді және конустық сүмбілдердің соңын лакпен бітеу. Сүмбілер мен түтік сүңгілердің басын қолмен орау және кейін оларды ажарлау. Түтік сүңгілердің арналарын тазалау және оларға мандренді қондыру. Орау үшін қолданылатын жабдықтарды дайындау және ұсақ жөндеу. Берілген рецепт бойынша лактар мен бояулар дайындау.
Білуге тиіс: шиналарды және әртүрлі моделді сүмбілер мен түтік сүңгілерін орау кезінде қолданылатын басқа да жабдықтарды жөндеу және реттеу әдістерін; сүмбілер мен түтік сүңгілерін сіңдіру кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалану ережесін; сіңдіруге қойылатын техникалық талаптар; лактардың, бояулардың, рентген сәулесіне қарама-қарсы массалардың құрамын, оларды дайындау, сақтау және жарамдылығын белгілеу жөніндегі жұмыс нұсқаулықты; кептіру камераларын орнауды, кептірудің бекітілген режимін және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша ыстық және суық кептірудің режимін реттеу әдістерін; ақаудың себептері және оның алдын алу шараларын; бұйымның міндетін.
§ 12. ФТОРОПЛАСТТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ДАЙЫНДАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жіп, фетр және тоқылған түтіктер жасау операцияларын орындау. Жуғыш ерітінділерді дайындау, жасалатын бұйымдарды зарарсыздандыру алдында тазалау, зарарсыздандыру алдында тазалау сапасын тексеру. Ыдыстарды жуу. Өндірістік журналды толтыру.
Білуге тиіс: фторопласттан медициналық бұйымдарды жасау технологиясын; берілген концентраттардың ерітінділерін дайындау ережесін; медициналық бұйымдардың зарарсыздандыру алдында тазалау технологиясын; қолданылатын реактивтерін қасиетін.
§ 13. ФТОРОПЛАСТТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ДАЙЫНДАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүйесі мен конструкциясы әртүрлі тігін машиналарында фторопластты жіптерден тоқыма бұйымдар істеп шығару. Медициналық фетрдің өндірісі. Фетр өндірісі және бұйымдарды (жіптер, талшықтарды, пленкаларды) қаптау үшін фторопласттан жартылай дайын өнім жасау. Жіпті тарту және ширату. Зертхана жабдықтарында жіптерді, пленкаларды, фетрлерді сынау. Тоқылған түтіктерді жуу. Жұмыс материалдарын, жартылай дайын өнімдер мен бұйымдарды термоөңдеу. Медициналық бұйымдарды тоқыма бұйыммен қаптау. Қолданылатын жабдықтарға күтім жасау. Бұйымдарды этилен тотығымен зарарсыздандыру. Медициналық бұйымдарды буып-түю және буып-түюдің герметикалығын тексеру. Құжаттаманы ресімдеу.
Білуге тиіс: фторопласттан жасалған бұйымдардың қасиетін; бұйымдарды термоөңдеу процесінің маңыздылығын; фторопласттан жасалған тоқыма бұйымдарын өңдеу технологиясын; қызмет көрсететін жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын; жасалатын бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар және техникалық талаптар; медициналық бұйымдарды этилен тотығымен зарарсыздандыру технологиясын, зарарсыздандыратын реагенттердің қасиетін.
§ 14. ФТОРОПЛАСТТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ДАЙЫНДАУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Фторопласттан және басқа да полимерлі материалдардан медициналық бұйымдарды дайындау. Жүректің жасанды қақпақшалары мен оның қаңқаларын фторопласты матамен және басқа материалдардан жасалған матамен қаптау. Бұйымдардың сапасын бақылау-өлшеу құралдарының және аспаптарының көмегімен көзбен тексеру. Оларға кесу, престеу, жаншып қақтау, созу және термофиксация әдісі арқылы фторопласттан медициналық бұйымдар мен бөлшектер жасау. Бұйымдар мен бөлшектерді өңдеудің технологиялық режимін белгілеу. Медициналық бұйымдарды зарарсыздандыру. Зарарсыздандырылған бұйымдардың зарарсыздығы мен уыттылығын тексеру үшін үлгілерді сұрыптау. Зарарсыздандырылған медициналық бұйымдардың уыттылық сипаттамасын айқындау үшін суырынды дайындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын; дайындалатын өнімнің міндетін және оның сапасына қойылатын талаптарды; қолданылатын шикізатқа және дайын бұйымдардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттарын; медициналық бұйымдардың зарарсыздандыру алдына тазалау және зарарсыздандыру технологиясын; биологиялық қақпақшаларды сынау үшін стендтің құрылғысын және пайдалану ережесін.
§ 15. КӨЗІЛДІРІК ОПРАВАЛАРЫН ДАЙЫНДАУШЫ
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пішіндеу станогында көзілдірік оправаларының жиектері үшін болат және целлулоидты жолақтардан қарапайым қалыпты пішіндерді дайындау. Көзілдірік оправларының құлақ сыртындағы икемді бөлігін орау. Болат табақтарды шығыршық қайшылармен берілген өлшемдегі жолақтарға кесу. Құлақ сыртындағы оралған бөліктің берілген өлшемге сәйкестілігін тексеру. Жартылай рамаларды құрастыру. Көзілдірік оправалары мен пенснелердің жапырақшаларын шегендеу. Бұрамаларды оправаларға бұрау. Көзілдірік оправаларын жиектеу бойынша дайындық жұмыстарды орындау. Көзілдірік оправаларының қарапайым негіздерін құрастыру, жоғары білікті жұмысшының басшылығымен орау станогын жөндеу және реттеу. Көзілдірік оправалары бойынша дайындық жұмыстарын орындау.
Білуге тиіс: болат және целлулоидты жолақтардан қарапайым қалыпты пішіндерді дайындау кезінде шығыршық қайшылармен және пішінді станоктарда жұмыс істеу тәсілін; целлулоидты, болат жолақтар мен пішіндердің, құлақ сыртындағы икемді бөліктердің және орауға жіберілетін материалдың техникалық талаптарын; целлулоидпен жұмыс істеу ережесін; құлақ сыртындағы икемді бөлікті орау әдістерін; көзілдірік оправаларының түрлерін; көзілдірік оправаларының қарапайым негіздерін құрастыру кезіндегі жұмыстың технологиялық жүйелілігін; құлақ сыртын орау және көзілдірік оправаларын құрастыру кезінде қолданылатын құралдардың атауы мен міндетін.
§ 16. КӨЗІЛДІРІК ОПРАВАЛАРЫН ДАЙЫНДАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пішіндеу станогында көзілдірік оправаларының жиектері үшін целлулоидты және болат жолақтардан күрделі қалыпты пішіндерді дайындау. Пішіндерді дайындамаларға кесу. Көшіргі-орау станоктарында пішіндерден шиыршықтарды орау. Эксцентрикті баспақтарда шиыршықтардан жиектерді кесу. Көп қабатты және телескопиялық көзілдірік оправаларының құлақ сыртындағы икемді бөліктерді орау. Құлақ сыртындағы икемді бөлікті орағаннан және техникалық талаптарға сәйкестілігін тексергеннен кейін оны өзекшеден алу. Әртүрлі нысандағы көзілдірік оправаларының құлақ сыртын және жиектерін жиектеу (қаптап керу). Көзілдірік оправаларын құрастыру және құрастыру кезінде бөлшектерді механикалық өңдеу: жартылай рамаларды қайрау, жазықтықты егелеу, қылауларды, және т.б. тазалау, оправаларды шегендеу және дәнекерлеу. Кесетін, орайтын әрі пішіндейтін станоктарды реттеу және баптау.
Білуге тиіс: қолданылатын жабдықтарды жөндеу және реттеу тәсілдерін; құлақ сыртындағы икемді бөлікке, орауға жіберілетін материалдарға, көзілдірік оправаларының пішіндеріне, шиыршықтарына, жиектеріне, көзілдірік оправаларын құрастыруға, жиектеу әдістеріне қойылатын техникалық талаптарды; целлулоидпен жұмыс істеу ережесін; қолданылатын жабдықтардағы жұмыс тәсілін, оны баптау және реттеу; бақылау-өлшеу аспаптардың міндеті және қолдану ережесін; пішіндерді дайындау, шиыршықтарды орау, жиектерді кесу, жиектеу кезінде пайда болған ақаулардың себептерін.
§ 17. КӨЗІЛДІРІК ОПРАВАЛАРЫН ДАЙЫНДАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттар талаптарына сәйкес массалы көзілдірік оправаларын құрастыру. Оправаларды реттеу және сызбалар бойынша олардың өлшем параметрлерін тексеру.
Білуге тиіс: құрастыру кезіндегі жұмыстың технологиялық жүйелілігін, өңдеудің дәлдік және тазалық сыныптарын; құрастыру кезінде қолданылатын жабдықтарды баптау және реттеу тәсілдерін; құралдарға құю әдістерін; оправаларға қойылатын техникалық талаптар.
§ 18. КӨЗІЛДІРІК ОПРАВАЛАРЫН ДАЙЫНДАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Телескоптық және призмалық көзілдіріктерге арналған арнайы көзілдірік оправаларын құрастыру және реттеу. Бұрғылау, бұранданы кесу, дәнекерлеу және құрастыру кезінде кездесетін оправалардың пішінді жазықтарын басқа да механикалық өңдеулер.
Білуге тиіс: арнайы қолданыстағы оправаларды құрастыруда қойылатын техникалық талаптар; оправалардың пішінді жазық бөлшектерін механикалық өңдеу тәсілдерін; арнайы оправалардың міндетін; оправа өлшемдерінің рецептуралық белгілерін; ақау себептерін және оны алдын алу шараларын.
§ 19. ПУЛЬПОЭКСТРАКТІЛЕРДІ ДАЙЫНДАУШЫ
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пульпоэкстрактілерді қолмен құрастыру. Берілген өлшемге дейін зімпара шеңберде иненің жұмыс бөлігінің соңын пышақпен кесу және қайрау. Арнайы аспапта инені тұтқаға бекіту және оны орау станогында дөңгелету.
Білуге тиіс: пульпоэкстрактілерді құрастыру кезіндегі операциялардың жүйелілігін; пульпоэкстрактілердің міндеті мен қойылатын талаптарын; қолданылатын құралдар мен аспаптардың жұмыс істеу тәсілдерін; зімпара шеңберде инелерді қайрау режимін; құрастыру кезіндегі ақаудың түрлері мен себептерін, оны алдын алу шараларын.
§ 20. ПУЛЬПОЭКСТРАКТІЛЕРДІ ДАЙЫНДАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пульпоэкстрактілерді дайындау: түзету және автоматты диаметрі 0,8 мм сыммен толтыру. Пульпоэкстрактілердің жұмыс істейтін бөлігін абразивтік жиектермен автоматта ажарлау және арнаулы жартылай автоматтарда тістерді керту. Бақылау-өлшеу құралдарымен пульпоэкстрактілерді дайындау дұрыстығын тексеру.
Білуге тиіс: пульпоэкстрактілерді автоматта ажарлау тәсілдерін; пульпоэкстрактілердің жұмыс бөлігіндегі тістерді керту әдісін; абразивтік шеңбердің сипаттамасын және оны күту ережесін, пульпоэкстрактілердің міндетін және жұмыс істейтін бөлігі мен кертілетін тістерді ажарлауға қойылатын талаптарды.
§ 21. ПУЛЬПОЭКСТРАКТІЛЕРДІ ДАЙЫНДАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 0,8 мм дейін пульпоэкстрактілердің жұмыс бөлігін автоматта абразивтік шеңбермен ажарлау және жартылай автоматта арнайы жонғыштармен шиыршық тістерін керту. Ажарлау шеңберлерін орнату және түзеу. Жартылай автоматты баптау және кесетін құралды қайрау.
Білуге тиіс: пульпоэкстрактілердің жұмыс бөлігін ажарлау және тістерді керту үшін қолданылатын жабдықтардың құрылғысын, оны баптау және реттеу әдістерін; абразивтік шеңберлер орнату және түзеу тәсілдерін; пульпоэкстрактілердің жұмыс бөлігіне және кертілетін тістерге қойылатын техникалық талаптар; ақау себептері мен алдын алу шараларын.
Достарыңызбен бөлісу: |