Жауабы. Өртті сөндіруге 11 ГТҚҚ буыны қажет, оның ішінде:
2 ГТҚҚ буыны — өртті жоюға;
4 ГТҚҚ буыны — көрші бөлмені қорғауға;
3 ГТҚҚ буыны — қосымша.
8 Қауіпсіздік бекеті болғандықтан жалпы газтүтінінен қорғаушылардың саны 26 болады.
Өрт сөндіру орынына 6 автоцистерна шақыру қажет (қауіпсіздік бекетшілері ТОЖҚҚ-сыз жұмыс істейді).
4.6 Газ-түтінінен қорғаушылардың оқу залында өрт сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
№2 шақыру бойынша шығу кестесіне сәйкес өрт орынына келесі техникалар келеді:
Шақырудың 2-ші номері
АЦ-2,5-40 №1 МӨСБ
АЦ-4-40 №1 МӨСБ
АЦ-8-40 №1 МӨСБ
АСА-20 №1 МӨСБ
АЛ-30 №1 МӨСБ
АЦ-2,5-40 №1 ӨСБ
АЦ-4-40 №1 ӨСБ
АЦ-2,5-40 №3 ӨСБ
Жеке құрам 17 л/с шығынымен су беруді қамтамасыз етеді, яғни сөндіруге ГТҚҚ буындарымен РС-50 2 оқпанын және қорғауға көрші бөлмелерге РС-50 4 оқпанын береді. Сәйкесінше аға ӨСБ КҚЖБО-қа күш пен құралдардың жеткілікті екендігі туралы хабарлайды.
Өртке аға жедел кезекшінің келуімен оған ӨСБ өртте қалыптасқан жағдайды, қабылданған шешімдерді баяндайды. Аға жедел бастығы өзі барлау әдісімен жағдайды анықтайды және ӨСБ әрекетін бағалайды.
Барлау барысында аға жедел бастық анықтайды:
- адамдарға қауіптің төнуін;
-олардың орналасу орынын, құтқару жолдары мен әдістерін;
-өрт орыны мен өлшемін, оттың тарау жодарын;
-мүмкін күш пен құралдарды енгізу жолдары мен бағыттарды;
-ғимаратта кернеудің шешілуі жүргізілгенін;
-конструкцияны бұзу және ашу қажеттігін және орынын;
-шешуші бағыттың дұрыс таңдалғанын;
-көшіру жолдарын қорғау қажеттігін және жану өнімдерін шығару мүмкіндігін;
-қымбат қондырғыны қорғауды немесе көшіруді ұйымдастыру.
Аға жедел бастық өрт сөндіру басшылығын өзіне алып өртте қалыптасқан жағдайды және №2 жоғарылатылған шақыруды КҚЖБО -қа ақпаратты хабарлайды.
Өрт сөндіруді басқару және ұйымдастыру үшін ӨСБ өрт сөндіру жедел штабын құрамында құрайды:
- штаб бастығы;
- тыл бастығы;
- объект әкімшілігінің өкілдері;
- қаланың өзара қызмет өкілдері.
Штаб бастығы болып ӨБ бастығының орынбасары тағайындалады. ӨСБ жедел штаб құрамына тапсырмалар қояды. Бөлімдерді жақсы басқару үшін штаб орыны негізгі кіруден 15-20 м қашықтықта болады.
Өртті сөндіру әртүрлі бағытта жүргізілетін болғандықтан ӨСБ төрт жауынгерлік аймақ құруы туралы шешім қабылдайды.
1-ЖУ Ғиамрат қабаттарында.
Тапсырма: Адамдарды көшіру. Аймаққа 2 ГТҚҚ буыны беріледі.
2-ЖУ 3-ші қабаттағы оқу залында.
Тапсырма: оқу залындағы өртті сөндіру, көрші бөлмелерге өрттің тарауына жол бермеу және адамдарды құтқару. Аймаққа 2 ГТҚҚ буынымен 2 РСК-50 dн = 13 мм беріледі.
3-ЖУ Кітапханада және оқу сыныбында.
Тапсырма: Кітапханаға және сыныпқа өрттің тарауына жол бермеу және адамдарды құтқару. Аймаққа 2 ГТҚҚ буынымен 2 РСК-50 dн = 13 мм беріледі.
4-ЖУ 2-ші және 4-ші қабаттарда.
Тапсырма: Адамдарды көшіру, 2-ші, 3-ші қабат бөлмелерін өрттен қорғау. Аймаққа 2 ГТҚҚ буынымен берілген 2 РСК-50 dн = 13 мм оқпандары беріледі.
ӨСБ өзі немесе ШБ арқылы жауынгерлік аймақ бастықтарын тағайындайды.
ӨСБ штаб бастығына өрт сөндіруге күш пне құралдарды енгізуі туралы анықтап тапсырмалар қояды. ӨСБ штаб бастығына тапсырмалар қояды: өрт сөндіру үшін күш пен құралдарды орналастыруын жүргізуді; өртте байланысты үйымдастыруды; өрт туралы мәліметтерді КҚЖБО-қа хабарлауды; жедел құжаттарды жүргізуді.
ӨСБ тыл бастығына өзі немесе штаб бастығы арқылы тапсырмалар қояды: №2 жоғарылатылған шақыру бойынша келген техникаларды күтіп алуын және су көзіне орналастыруын ұйымдастыруды; өрт сөндіруге 6 оқпан және қорғауға 5 оқпан беруді ұйымдастырады.
Күш пен құралдар әртүрлі бағытта келгендіктен ӨСЖ № 2 ӨСБ бөлімше командирі тыл бастығы көмекшісі етіп тағайындайды.
Бұйрықтарды бергеннен кейін ӨСБ міндетті:
барлауды жүргізуге және өрттегі жағдайды бағалауға; тез арада адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға және өзі басқаруға, бар күш пен құралдарды пайдаланып үрейді басуға;
шешуші бағытты, қажетті күш пен құралдарды, жауынгерлік әрекеттер әдістерін анықтауға;
бөлімдерге тапсырмалар қоюға, олардың өзара әрекеттерін ұйымдастыруға және қойылған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге;
үзіліссіз өрттегі жағдайдың өзгеруін қадағалауға және сәйкес шешімдерді қабылдауға;
өрт орынына келісімен оның сырт көрінісі бойынша ПСЧ-ға ақпараттар беруге; шешімдерді қабылдап және бұйрықтар бергеннен кейін өрт мекен-жайын, не жанып жатқанын, қандай күш пен құралдар әрекетке кіргізілгенін, қосымша күш пен құралдар қажет екендігін хабарлауы керек; КҚЖБО -пен үзіліссіз байланыта болуға, жиі-жиі өрттегі жағдайларды және қабылданған шешімдер туралы хабарлап тұруға;
қосымша күш пен құралдарды бөлек-бөлек емес бір мезгілде шақыруға, және оларды қарсы алуды ұйымдастыруға;
өртке аға бастық келісімен жағдай туралы, өрт сөндіру бойынша қабылданған шешімдер туралы, өрт орынында қандай күш пен құралдар бар екендігін, әрекетке кіргізілгендерді, қосымша шақырылғандары туралы баяндауға;
жағдайға байланысты өртте жедел штабты ұйымдастыруға және оның орналасу орынын анықтауға;
жедел штабқа оның орналасу орынын және оған барлық қабылданған шешімдерді хабарлакға;
күш пен құралдардың резервін ұйымдастыруға, жұмыс жасаушыларға дем алуға, жылынуға және құрғақ киімге киінуге мүмкіндік беріп жиі-жиі ауыстыруға;
басқарушы құрам арасынан қауіпсіздік шараларын сақтауға міндеттіні тағайындауға; қажет жағдайда медициналық көмек пунктін ұйымдастыруға;
өртке күш пен құралдар әртүрлі бағыттардан келген жағдайда тыл бастығына қозғалыс және байланыс құралдарымен көмекшілер бөлуге;
өрт сөндіруге қатыстырылатын қызметтермен өзара әрекет ұйымдастыруға, объекттің инженерлі-техникалық жұмысшыларымен тұрақты байланысты ұстауға және объек нұсқауымен және ұсыныстарды ескере отырып сөндіру құралдары және әдістері туралы шешімдер қабылдауға;
өрт себебін анықтауға шаралар қабылдауға;
нақты өртеу немесе өрттің басқа себептері белгілі болған кезде өрт алғаш пайда болған орынын сақтауға, мемлекеттік өрт бақылау жұмыскерлерін қатыстырып өрт туралы акт толтыру үшін қажетті өрт себебі болған заттар мен мүліктерді сақтауға;
өзі жанудың жойылғандығына көз жеткізуге, жойылған өрт орынын бақылау қажеттігін анықтауға;
құнды матриалдарды көшіру бойынша, төгілген судан қорғауды жэәне полиция қызметкерлері келгенше көшірілген құнды материалдардың күзетіне шеімдер қабылдауға;
өрт орынынан бөлімдердің және өзара әрекетті қызметтердің кету тәртібін анықтауға.
Өрт сөндіру үшін қоымша күш пен құралдардың қажеттігін анықтаған кезінде ӨСБ ескеруі қажет:
шақырылған күш пен құралдарды енгізгенге дейін от қандай ауданға тарау мүмкіндігін;
оқпандарды беру үшін, адамдарды құтқару бойынша жұмыс көлемін, ғимарат конструкциясын бұзу мен ашу және мүліктерді көшіру бойынша қажетті күштер санын;
арнайы қызметтердің қатыстыру қажеттігін;
суды автоцистерналармен жеткізу қажеттігін немесе суды айдаумен беруді ұйымдастыруды.
ӨСБ-нан штаб бастығы тапсырма алып ӨСБ шешімін жүргізуді қамтамасыз етеді және штаб жұмысын ұйымдастырады. Күш пен құралдарды басқару үшін ШБ өртте байланысты ұйымдастырады. ӨСБ-мен, тыл бастығымен және жауынгерлік аймақ басшысымен байланыс үшін штаб бастығы өзімен алып жүретін радиостанция пайдаланады, ал КҚЖБО-пен байланыс үшін АЦ-2,5-40 радиостанциясын және жергілікті ауданның телефонын пайдаланады. ӨСБ бұйрықтарын бөлім бастықтарына жеткізуді қамтамасыз етеді. ӨСБ қабылданған шешімдер туралы хабарлайды. Өрт сөндіру барысында штаб бастығы өрттегі жағдайды меңгереді, үзіліссіз барлауды қамтамасыз етеді және жауынгерлік аймақ бастықтарынан және объект өкілдерінен мәліметтер алады; ӨСБ барлау қорытындысы туралы және өрт сөндіру барысын хабарлайды. Штаб бастығы тұрақты ӨСБ бұйрықтарын орындалуын бақылауды қамтамсыз етеді, жедел құжаттарды жүогізеді.
Тыл бастығы ӨСБ тапсырма алып келген техникаларды күтіп алуды және жақын су көздеріне орнатуды ұйымдастырады. Жақын су көздері гидранттар болып табылады.
Үзіліссіз су беру үшін тыл бастығы сорғыштардың жұмыс режимін орнатады. Жұмыс барысында тыл бастығы тахниканы толық қуатында пайдаланады, жең сызықтарын күзетуді қамтиды және полиция қызметкерлері көмегімен өрт ауданын қоршауды жүргізеді, су жүйесінде қысымды жоғарылату бойынша шаралар қолданады және жедел құжаттарды жүргізеді.
Өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі.
1. Өрт сөндіруді жеке құрам ТОЖҚҚ-да жүргізуі керек. ТОЖҚҚ-дағы жұмыс «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру» жөніндегі тәлімдемені №446 ҚР ТЖМ бұйрығымен 22.12.2010 жылы бекітілген қауіпсіздік талаптарын сақтаумен жүргізіледі.
2. Автомобильдерді және үш иінді сатылардың орынын ауыстыруға жол берілмейді.
3. Тоқ және жарықтандыру жүйесін сөндіру қажет.
4. Өрт сөндіру кезінде әр жұмысшы құрылыс конструкцияларының жағдайын қадағалап отыруы қажет.
5. Өртті жою кезінде техника қауіпсіздігіне жауапты тағайындалады.
6. Қабаттардан әртүрлі материалдарды лақтыруға ғимарат жанындағы жұмыс жасаушыларға ескертпей тыйым салынады.
7. Жүргізуші өрттегі жұмыс кезінде ӨСБ бұйрығысыз суды беруге немесе тоқтатуға, автомобильді сорғыш жұмыс жасап тұрған кезінде қозғалтуға тыйым салынады.
5 Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері
Өрттен болған шығын оның жану ұзақтығына және температурасына байланысты. Өрттің анықталған ұзақтылығы және температурасы кезінде құрылыс конструкцияларының бұзылуы болады.
Ғимараттың тасушы конструкцияларының бұзылуы көбінесе максималды шығынмен байланысты, өйткені өрт кезінде ауыр конструкциялар құлаған кезінде бөлмедегі бар заттың барлығын қиратады. Құрылыс материалдарының бұзылуы локальді және жалпы сипаты бар, ол тапсырманы конструктивті-жоспарлы шешуіне байланысты, сонымен бірге өрт сөндіру бойынша өрт бөлімдерінің сәтті жұмыстарына байланысты. Негізгі өрт сөндіру құралы су болып табылады. Sт = 105 м2, Qтр = 21 л/с
Экономикалық көрсеткіштерді анықтау:
K1,2 – капиталды шығындар,
l1,2 – экономикалық шығындар,
I1,2 - өрттен болған шығын.
Өртті сөндіру үшін шығу кестесіне сәйкес гарнизон техникалары пайдаланылады. Осы кезде автоматты түрде № 2 шақыру бойынша күш пен құралдар бірінші нұсқадағыдай екінші нұсқада да шығады.
Сумен сөндіру уақытын статистикалық көрсеткіштер анализінен 30 минутқа тең деп аламыз, пайдалану шығындары келесі формула бойынша анықталады:
С1= Сгсм+Сзп+Сос+Стрто (5.1)
Мұндағы:
Сгсм – жанар-жағар май материалдарына шығындар;
Сзп – төлем ақыға шығындар;
Сос - өрт сөндіру заттарына шығындар;
Стрто – сөндіруге, жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге шығындар.
Барлық пайдалану шығындарының көлемі екі нұсқадағы шығындары тең, сондықтан оларды анықтамаймыз, жанар-жағар майдан басқаларын.
Өртті сумен сөндіру үшін пайдалану шығындарын анықтаймыз.
Qобщ = 21 л/с, өрт сөндіру уақытында (Tтуш=30 мин.) Су шығындалады:
1 м3 судың құны – 140 теңге 80 тиын.
W =Qобщ * Tтуш * 60 = 0,021 * 30 * 60 = 37,8 м3 (5.2)
Со.с=Свод. = W * 40 = 37,8 * 140,8 = 5323 теңге. (5.3)
Өрт сөндіруге 10 өрт автомобилін орнату қажет және сөндіруге 2 «Б» оқпанын, қорғауға 4 «Б» оқпанын беру және адамдарды құтқаруға қажет. Өрттегі жұмыстар үшін жеке құрамның 9 бөлімшесі қажет.
Жанар-жағар май шығынын анықтаймыз. Су беруге АЦ-40 9 автомобиль және 1 дана АЛ-30 жұмыс жасайтын болады.
Кесте 1.
Жанар-жағар майдың шығыны.
ӨА маркасы
|
Мөлшері (шт.)
|
Жұмыс уақыты (мин.)
|
Жағармай шығыны
|
Жалпы шығын
(л.)
|
Жағармай маркас
|
1 литрге құны
|
Сумма
|
АЦ-40
|
9
|
30
|
0,33
|
89,1
|
АИ-80
|
88
|
7841
|
АС-30
|
1
|
30
|
0,33
|
69,3
|
АИ-80
|
88
|
872
|
Жалпы
|
|
|
|
|
|
|
8713
|
Майлауға шығындалғанды ескере отырып шығындалған бензиннің құны құрайды:
Стр. То=1345 теңге әр автомобильге
қорытынды 1500*10 = 15000теңге. (5.4)
Төлем ақыға шығындарды анықтаймыз, ол үшін құжат бойынша берілгендерді аламыз:
Қарауыл бастығы 105 000*3 = 315 000теңге
Бөлімше командирі 80 000 *9=720 000 теңге
Жүргізушілер 75 000*10=750 000 теңге
Өрт сөндірушілер 70 000*41=2 870 000 теңге
Қорытынды: 4 655 000 теңге
Бір күндік төлем ақыны анықтаймыз, яғни 8 жұмыс сағатына:
4655000 /30 = 155 000 теңге;
Бір сағат жұмыс үшін:
155000/ 8 = 19 400 теңге;
30 минут жұмыс үшін:
19400 / 2 = 9700 теңге;
Пайдалану шығынын анықтаймыз:
С1= Сгсм+Сзп+Сос+Стрто = 8713 + 9700 + 5323 + 15000 = 38734 теңге.
Өрт кезіндегі мүмкін шығынды анықтаймыз. Анализ көрсеткендей, жану ауданы 105 м2 құрайды.
Өрт туындау қорытындысындағы шығын шамамен 5 000 000 теңгені құрайды.
Өрттен жалпы шығынын құрайды:
Y1’ = 5 000 000 теңге.
Сараптама бойынша оқу орындарында өрттер 3 жылда бір рет болу мүмкіндігін ескере отырып, бірінші нұсқа бойынша келтірілген шығындар тең болады:
П1 = C1 + Y1/3 =38734 + 5 000 000/3 = 1 679 578 теңге.
Өрттен адамдардың өлуі 200 адамнан асуы мүмкін.
ІІ нұсқа
Жоғарыда көрсетілген есептерге байланысты, сараптама жүргізу нәтежиесінде газ-түтінінен қорғаушылардың санын азайтсақ, онда шын да азаюы тиіс.
Экономикалық көрсеткіштерді анықтау:
K1,2 – капиталды шығындар,
l1,2 – экономикалық шығындар,
I1,2 - өрттен болған шығын.
Өртті сөндіру үшін шығу кестесіне сәйкес гарнизон техникалары пайдаланылады. Осы кезде автоматты түрде № 2 шақыру бойынша күш пен құралдар бірінші нұсқадағыдай екінші нұсқада да шығады.
Сумен сөндіру уақытын статистикалық көрсеткіштер анализінен 30 минутқа тең деп аламыз, пайдалану шығындары келесі формула бойынша анықталады:
С1= Сгсм+Сзп+Сос+Стрто (5.1)
Мұндағы:
Сгсм – жанар-жағар май материалдарына шығындар;
Сзп – төлем ақыға шығындар;
Сос - өрт сөндіру заттарына шығындар;
Стрто – сөндіруге, жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге шығындар.
Барлық пайдалану шығындарының көлемі екі нұсқадағы шығындары тең, сондықтан оларды анықтамаймыз, жанар-жағар майдан басқаларын.
Өртті сумен сөндіру үшін пайдалану шығындарын анықтаймыз.
Qобщ = 21 л/с, өрт сөндіру уақытында (Tтуш=30 мин.) Су шығындалады:
1 м3 судың құны – 140 теңге 80 тиын.
W =Qобщ * Tтуш * 60 = 0,021 * 30 * 60 = 37,8 м3 (5.2)
Со.с=Свод. = W * 40 = 37,8 * 140,8 = 5323 теңге. (5.3)
Өрт сөндіруге 7 өрт автомобилін орнату қажет және сөндіруге 2 «Б» оқпанын, қорғауға 4 «Б» оқпанын беру және адамдарды құтқаруға қажет. Өрттегі жұмыстар үшін жеке құрамның 6 бөлімшесі қажет.
Жанар-жағар май шығынын анықтаймыз. Су беруге АЦ-40 6 автомобиль және 1 дана АЛ-30 жұмыс жасайтын болады.
Кесте 1.
Жанар-жағар майдың шығыны.
ӨА маркасы
|
Мөлшері (шт.)
|
Жұмыс уақыты (мин.)
|
Жағармай шығыны
|
Жалпы шығын
(л.)
|
Жағармай маркас
|
1 литрге құны
|
Сумма
|
АЦ-40
|
6
|
30
|
0,33
|
59,4
|
АИ-80
|
88
|
5227,2
|
АС-30
|
1
|
30
|
0,33
|
69,3
|
АИ-80
|
88
|
872
|
Жалпы
|
|
|
|
|
|
|
6099,2
|
Майлауға шығындалғанды ескере отырып шығындалған бензиннің құны құрайды:
Стр. То=1345 теңге әр автомобильге
- қорытынды 1500*7 = 10500теңге. (5.4)
Төлем ақыға шығындарды анықтаймыз, ол үшін құжат бойынша берілгендерді аламыз:
Қарауыл бастығы 105 000*3 = 315 000теңге
Бөлімше командирі 80 000 *6=480000 теңге
Жүргізушілер 75 000*7=525000 теңге
Өрт сөндірушілер 70 000*26=1 820 000 теңге
Қорытынды: 2825315 теңге
Бір күндік төлем ақыны анықтаймыз, яғни 8 жұмыс сағатына:
2825315 /30 = 94 177 теңге;
Бір сағат жұмыс үшін:
94 177 / 8 = 11 772 теңге;
30 минут жұмыс үшін:
11 772 / 2 = 5 886 теңге;
Пайдалану шығынын анықтаймыз:
С1= Сгсм+Сзп+Сос+Стрто = 6099,2 + 5 886 + 5323 + 10500 = 27 808теңге.
Өрт кезіндегі мүмкін шығынды анықтаймыз. Анализ көрсеткендей, жану ауданы 105 м2 құрайды.
Өрт туындау қорытындысындағы шығын шамамен 5 000 000 теңгені құрайды.
Өрттен жалпы шығынын құрайды:
Y1’ = 5 000 000 теңге.
Сараптама бойынша оқу орындарында өрттер 3 жылда бір рет болу мүмкіндігін ескере отырып, бірінші нұсқа бойынша келтірілген шығындар тең болады:
П1 = C1 + Y1/3 =27 808 + 5 000 000/3 = 1 675 936 теңге.
Өрттен адамдардың өлуі 200 адамнан асуы мүмкін.
6 Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау мен техика қауіпсіздігі
Техника қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар нысан мамандарымен бірге өңделеді және жедел жоспарда қарастырылады, онда техика қауіпсіздігі бойынша жауаптылардың міндеттері бейнеленуі тиіс. Ғимарат жоспарында температуралық әсерден қорғауға қажетті конструкциялар бұзылуларының мүмкін аймақтары белгіленуі тиіс.
Өртті сөндіруге жұмылдырылатын қарауылдың жеке құрамымен жыл сайын өрт-тактикалық үйретулерді өткізу кезінде техника қауіпсіздігі сұрақтары өңделуі тиіс.
ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінде техника қауіпсіздігі ережелерінде баяндалған талаптардан басқа, ӨСБ техника қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар арқылы газдалған, қатты түтінденген және температурасы жоғары, жоғарылатылған жылулық радиация аймақтарында жұмыс істеуші адамдарды қорғау бойынша іс-шараларды қабылдау қажет. Жеке құрам түтін люктерін, шынылануды тез ашуға жаттықтырылуы тиіс.
Конструкциялардың, стеллаждардың бұзылу қауіптілігі кезінде, қауіпті аймақтан жее құрамды көшіру шараларын уақытында қабылдау қажет.
Қоғамдық тағайындаулы ғимараттарда табысты өрт сөндіру жағдайларын қамтамасыз ету үшін, гарнизондарда бірқатар дайындық іс-шараларын өткізу керек. Бұл іс-шаралар автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерімен өртті анықтау және тоқтату мүмкінділігін, өртті сөндіруге қажетті күштер мен құралдарды тез жұмылдыруды, сол сияқты өрт бөлімдері жеке құрамдарының тактикалық дағдыларын қамтамасыз етуі тиіс.
Өртке бөлімшелер келісімен жеке құрамға барлауды, жауынгерлік қанат жаюды және өртті сөндіру кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ескерту қажет. Барлау тобы кем дегенде 3 адамнан болуы тиіс, және ең жақсы даындалған адам – командирмен басқарылады.
Түтінденген ортада және улы заттар сақталатын қоймаларда барлауды өткізу кезінде, құрамында үш адамы бар ГТҚҚ буындарымен өткізу қажет.
ГТҚҚ жеке құрамы өздігінен құтқару және құтқару құралдарымен, байланыс және жарықтандыру құралдарымен, конструкцияларды ашу жабдықтарымен, сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Барлауды жүргізушілер барлау нәтижелерін баяндай отырып, ӨСБ, жедел штабпен тұрақты байланысты қолдаулары тиіс. ӨСБ газтүтіннен қорғаушылар резервін құрып, оқшаулағыш тұмылдырықта жұмыс істеуші жеке құрамды уақытында ауыстырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Жеке құрам жалынның немесе қызған газдардың мүмкін лақтырылуы кезінде күюден қорғалу үшін есік ойықтарын қолдана отырып, жанып жатқан бөлмелерге апаратын есіктерді мұқият ашулары, құрылыс конструкцияларының мүмкін бұзылуларынан қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс.
Өртті сөндіру кезінде шашыранды суды беру жолымен жоғары температураны төмендетуге іс-шараларды қабылдау қажет. Судың артық төгілуін болдырмау мақсатында жабылатын оқпадарды қолдану қажет.
Өртте адамдар мен мүлікті құтқару кезінде жедел лауазымды тұлғалар жағдайға және көмек көрсетілуі тиіс адамдардың жай-күйіне байланысты адамдарды құтқару тәртібі мен тәсілдерін анықтауға, қауіпті өрт факторларынан құтқарылушыларды қорғау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Құтқару жұмыстары шапшаң, бірақ құтқарылатын адамдарға зақым мен жарақат келмейтіндей ескерулерді сақтай отырып жүргізіледі.
Құтқару жұмыстары жүргізілген кезде барлық жағдайларда лауазымды тұлғалар күштер мен құралдарды орналастырумен қатар сол сәтте қажеттілігі болмаса да, жедел медициналық жәрдемді шақырады.
Медициналық персонал өртке келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті белгіленген тәртіппен МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы көрсетеді.
Адамдар мен мүлікті биіктен құтқару үшін сынақтан өткен тұрақты және жылжымалы қол өрт сатылары, автосатылар және өрт автокөтергіштері, құтқару арқандары, құтқару жеңдері, пневматикалық секіретін құтқару құрылғылары және тиісті сертификаттары бар және сынақтан өткен өзге де бұйымдар қолданылады.
Құтқару арқанының ұзындығы жерге толықтай түсіруді(балкон және басқасы) қамтамасыз ететіне, құтқару ілмегінің құтқарылушыға сенімді бекітілгеніне, құтқару арқанының ғимарат құрылымына бекітілгеніне және өрт сөндірушінің белдік карабиніне дұрыс оралғанына көз жеткізгеннен кейін ғана құтқару мен өзін-өзі құтқаруды бастауға болады.
Құтқару және өзін-өзі құтқару үшін дымқыл немесе едәуір ылғалды құтқару арқандарын, сондай-ақ жауынгерлік есепте жоқ құтқару арқандарын және басқа мақсатқа арналған арқандарды қолдануға тыйым салынады.
Мәжбүрлі түрде оқшаулау жағдайындағы зардап шегушілерді дереу шығару мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушілерді қолда бар барлық құралдармен аман алып қалу үшін ең алдымен таза ауа, жеке қорғану құралдарын, ауыз су, дәрі-дәрмектер мен тамақ беру ұйымдастырылады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы зардап шегушілерге барған кезде қираған құрылыс құрылымдарын қажетті түрде жылжыту (ығыстыру), көтеру, үзу (әр түрлі диаметрдегі ашылған арматураны кесу немесе бөлу) жүргізіледі. Мұндай жағдайларда жеке авариялық-құтқару аспабы (гидравликалық қайшылар, шабуыл балталары, плунжерлі бөлгіштер және басқалары) және жалпы мақсаттағы механикаландырылған аспап (электрлік қол қайшылар, дискілі және тізбекті даралар, ажырату және шой балғалар, бетон бөлгіштер) және өзге де құтқару технологиялары қолданылады.
ӨТЖ, штаттық аспапты, жеке және топтық құтқару құралдарын қауіпсіз қолдану жөніндегі талаптар осы нұсқаулықтың тиісті тарауларында жазылған. Тиісті сертификаты бар штаттық емес техникалық құралдарды қолдану кезінде оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған ұсыныстарды басшылыққа алған жөн.
Адамдарды жаппай эвакуациялау үшін құтқару жеңін пайдалану кезінде ол автокөтергіштің люлькасының еденіне бекітіледі. Құтқару жеңі бекітілген люлькада бір мезгілде 2 адамнан артық болмауы тиіс. Екі және одан көп құтқару жеңдерін қосуға болмайды.
Автоматты ажырату және дабыл беру электр желісі жарамды болғанда ғана адамдарды автосатының кабинасында көтеруге (түсіруге) болады.
Сигналды автомат қоңырауы соғылғанда кабинаны көтеру дереу тоқтатылады және лифт кабинасы бастапқы күйге келтіріледі.
Лифт кабинасында бір мезгілде көтерілетін (түсірілетін) адамдар (жүк массасы) саны автосатыны пайдалану жөніндегі зауыт белгіленген нұсқаулықтың шамасынан (салмағынан) артық болмауы қажет.
АХҚЗ сақтайтын, жұмыс істейтін немесе ықтимал бөлінетін үй-жайларда (учаскелерде) жанған кезде МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының жұмысы тек арнайы қорғағыш жинақтарда және ТОЖҚҚ-да жүзеге асырылады. Бу қосылымдарын төмендету үшін үй-жайлардың (учаскелердің) ішін шашыранды сумен сулау қажет. Өрт сөндіру автомобильдері жанып жатқан объектіден кемінде 50 м қашықтықта ық жатқан орналасуы қажет.
МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамын жылу радиациясы мен механикалық факторлардың әсерінен жеке қорғау үшін жылу шағылдыратын костюмдер, жауынгерлік киім мен жарақ, суландырғышы бар қорғағыш металл тор, оқпандарға бекітілген асбест немесе фанер қалқандар, жерге орнатылған асбоцемент табақтар, оқпаншыны шашыранды ағыспен суландырғышы бар мақталы киім қолданылады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын және күшті жылу радиациясы учаскелерінде жұмыс істейтін техниканы топтық қорғау турбиналы және желпуіш түріндегі бүріккіштің көмегімен құрылатын су бүркемелерімен (экрандарымен), ал жеке қорғау бүріккіш оқпандармен қамтамасыз етіледі.
Жануды жою кезінде сөндіруге қатысушылар жағдайдың өзгеруін, құрылыс құрылымдарының барысын, технологиялық жабдықтың жай-күйін қадағалауы қажет және қауіптілік туындаған жағдайда жауынгерлік учаскедегі барлық жұмысшыларға, ӨСЖ мен басқа да жедел лауазымды тұлғаларға дереу ескерту қажет.
Жабында (төбеде) және үй-жайдың ішіндегі далдаларда жұмыс істеу кезінде көтергіш құрылымдардың жай-күйін қадағалау қажет. Қирау қаупі болған жағдайда МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы дереу қауіпсіз жерге кетуі қажет.
Ғимараттардың жоғары қабаттарында жануды жою кезінде «Өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдау» деген жұмыс режимі бар лифтілерден басқа, жеке құрамды, ӨТЖ және жабдықты көтеру үшін жүк және жолаушылар лифтілерін пайдалануға тыйым салынады.
Жабындарда, әсіресе, күмбезді жабындарда орнатылатын өрт сөндіретін қол сатылары, арнайы басқыштар және т.б. мықтап бекітілуі қажет.
Биікте жұмыс істеу кезінде жұмысшылардың құлауын болдырмайтын сақтандыру бұйымдарын қолданып, мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
оқпанды (қайшысы бар және т.б.) өрт сөндіретін қол сатысымен тек жұмысшыны саты баспалдағына өрт белдігі карабинімен бекіткеннен кейін ғана жұмыс істеуге болады;
жабында жұмыс істеу кезінде өрт сөндірушілер сақтандыру үшін ғимарат құрылымына құтқару арқанымен бекітілуі қажет, бұл ретте құтқару арқанын қоршау құрылымдарына бекітуге тыйым салынады;
биіктерде және жабындарда оқпанмен жұмысты кемінде екі адам жүзеге асыруы қажет;
желі желісі жең ысырмаларымен бекітіледі.
Өрт оқпанын су беруді тоқтатқаннан кейін де қараусыз қалдыруға, сондай-ақ МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының салбыраңқы жабындарда және жану белгілері бар далдалардың учаскелерінде болуына тыйым салынады.
Жаңа құрылыстарда және қайт салынып жатқан ғимараттарда құрылыс тақтайларының өртін сөндіру кезінде оқпаншылардың жауынгерлік шептері ағаштардан кемінде 1 м қашықтықта, ал өрт сөндіру автомобильдері салынып жатқан немесе жөндеу жүргізіліп жатқан ғимараттан кемінде 410 м қашықтықта орналасуы қажет.
Тұрғын үйлерде өртті жою үшін оны сөндіру алдында мынадай:
газ өткізгіштегі ысырмаларды жабу;
электр энергиясын беруді тоқтату;
температураны төмендету және үй-жайдан түтінді жою;
табылған газы бар баллондарды салқындату және оларды су ағысымен эвакуациялау шараларын қабылдау қажет.
Ғимарат ішінде жарылу қаупі бар қосылымдардың түзілуі болдырмас үшін ұйымдардың әкімшіліктерімен келісімсіз аппаратура мен құбырлардан қысыммен шығатын (ағатын) жанғыш газдардың жалынын немесе жанғыш сұйықтықтардың буын сөндіруге болмайды. Қажет болған жағдайда және ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан тікелей бақылау болғанда газ бен будың ағуын тоқтату шаралары қолданылады, сондай-ақ жалынның және күшті жылу сәулесінің әсер ету аймағында орналасқан өндірістік жабдықты және ғимарат (құрылыс) құрылымдарын салқындату қамтамасыз етіледі.
ӨСЖ, лауазымды тұлғалар және өрт сөндіруге қатысатын МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы өрт сөндіру кезінде су немесе басқа да өрт сөндіргіш заттарды (2-қосымша) қолдану қауіпті болатын заттар мен материалдардың түрлері мен типтерін білуі қажет.
Хауыздарда өртті жою кезінде тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оларды:
жеке құрамды пиролиз өнімдерінің ықтимал ұшқындауы кезінде және жалын лапылдағанда қорғау үшін есікке сүлгіні қолдана отырып;
турбина түріндегі саптамасы бар оқпандардан шашыранды су ағысын міндетті түрде беру арқылы;
құбырларға су беруді қосу арқылы ашу қажет.
Едәуір көлемде жанғыш тозаң бөлінуі ықтимал өндірістік үй-жайларда, қоймаларда өрт сөндіру кезінде өрт сөндіргіш заттарды беру оларды тұндыру және жарылысты болдырмау үшін шашыранды ағыстармен жүзеге асырылуы қажет.
Қысыммен жұмыс істейтін жанып жатқан аспаптар мен жабдықтарды, сондай-ақ көбікпен араласқанда қайнауы, ашылуы, жалынды күшейтуі мүмкін заттар мен материалдарды сөндіру үшін көбікті өрт сөндіргіштерді қолдануға тыйым салынады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы өртте оқпаншылардың шебінде, ғимарат құрылымдарын бөлшектегенде, өрт сөндіретін қол сатыларды орнатқанда және жең желілерін төсегенде электр желілерінің жай-күйін тұрақты қадағалауға және ол жөнінде ӨСЖ мен басқа да лауазымды тұлғаларға дер кезінде баяндауға, сондай-ақ қауіпті аймақта жұмыс істейтін өрт сөндіруге қатысушыларға ескертуге міндетті.
Табылған сымдардың токтан ажыратылғандығы анықталмайынша оларды кернеулі деп санап, тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет.
Ұйымда жасырын немесе транзитті электр өткізгіш болса, жұмысты ұйымның барлық жабдығын токтан ажыратқаннан кейін ғана жүргізу қажет.
Еден тәріздес материалдар болған жағдайда олардың астынан төселген сымдар мен салынған құбырлардың мақсатын анықтау қажет.
Радиациялық қауіпті объектілерде реакторлық қондырғыны басқаруды мүмкін емес тікелей қауіп болған жағдайда объектінің бас инженерінің (станция ауысымы бастығының) келісімімен 6,3 кВ дейін қоса алғандағы кернеумен жұмыс істейтін жабдықты сөндіруге болады. Мұндай жағдайда токтан ажыратылмаған электр қондырғысына дейін кемінде 5 м қашықтықта бүрку диаметрі 13 мм аспайтын өрт сөндіретін қол оқпандарымен берілетін шашыранды су ағыстары қолданылады.
Өрт кезінде жұмыс істегенде жүргізушілерге (моторшыларға) ӨСЖ және лауазымды тұлғалардың нұсқауысыз өрт сөндіру автомобильдерін, мотопомпаларды орнынан ауыстыруға, автосатылар мен автокөтергіштерді қандай бір орнынан қозғауға, сондай-ақ автомобильдерді, мотопомпаларды және жұмыс істеп тұрған сорғыштарды қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады.
Жолда жүк пойыздарының жануын жою кезінде өрт орнына келген ӨСЖ және лауазымды тұлғалар машинистен жанып жатқан және көршілес вагондағы жүктің түрін анықтауға, машинистен авариялық карточканы талап етуге және МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдауға міндетті.
Электрлендірілген учаскеде жылжымалы құрам өртін жою кезінде ӨСЖ және лауазымды тұлға МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының сымдар мен байланыс желісінің және әуе желілерінің басқа да бөліктеріне кемінде 2 қашықтықта, ал байланыс желісі мен әуе желілерінің үзілген сымдарынан оларды жерге қосу орнына дейін кемінде 10 м қашықтықта жақындауын болдырмау шараларын қабылдауға міндетті.
Өрт сөндіруге су мен көбік беруге байланыс желісі мен әуе желілерінен кернеуді алғаннан, оларды белгіленген тәртіппен жерге қосқаннан және осы үшін уәкілетті тұлғадан өрт сөндіру құқығына рұқсат алғаннан кейін ғана беріледі.
ТТС, ЖС, сұйытылған көмірсутек газдары бар теміржол цистерналары мен автоцистерналарындағы өртті жою үшін қуатты тасымал, жылжымалы және тұрақты лафетті оқпандарды қолдану қажет. Оқпаншылардың жауынгерлік шептері жарылыстың ықтималдығын ескере отырып, барынша алыс қашықтықта болуы және іргелес жер бедерінің, ғимарат пен құрылыстың жабындарының, сауытты қалқандардың, сауытты техниканың, қауіпті жүктері жоқ көлік құралдарының (вагондардың, автомобильдердің және т.б.) далдаларының астынан орналасуы қажет. МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы жылу шағылдыратын және жылудан қорғайтын костюмдерде және шашыранды су ағысымен жұмыс істеуі қажет.
Ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімшелерінде, биологиялық қауіпті заттарды сақтайтын және олармен жұмыс істейтін ұйымдарда өртті сөндіру кезінде ӨСЖ және лауазымды тұлғалар ұйым әкімшілігінің МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын ықтимал зақымданудан қорғау бойынша ұсыныстарын мүлтіксіз орындаулары қажет.
Улы химикаттар (химиялық реактивтер, минералды тыңайтқыштар және т.б.) қоймаларында өртті жою кезінде ӨСЖ ұйым әкімшілігінен сақталатын заттардың (материалдардың) сипатын және оларды сақтау орындарын (секцияларын) анықтауға, жұмыс істеу үшін жіберілетін МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының нұсқаулықтан өтуін ұйымдастыруға міндетті.
Улы химикаттар (химиялық реактивтер, минералды тыңайтқыштар және т.б.) қоймаларында өрт сөндіру кезінде мынадай қауіпсіздік шаралары сақталуы қажет:
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы ТОЖҚҚ пайдалануы қажет;
өрт сөндіргіш заттарды беру және өрт техникасын орнату ық жақтан жүзеге асырылады;
қорғағыш костюмдерді (сыртқы киімдерді) шешкеннен кейін ғана ТОЖҚҚ-дан ажырату қажет.
Қажет болған жағдайда улы химикаттар (химиялық реактивтерді) мен тыңайтқыштарды бөлшектеу және эвакуациялау тек ұйым әкімшілігімен келісім бойынша және ол қажетті қорғану құралдарымен қамтамасыз еткеннен және жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық өткізгеннен кейін жүзеге асырылады.
Улы химикаттар сақталатын және олармен жұмыс істейтін объектіде өрт сөндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы медициналық тексеруден және санитарлық өңдеуден өтеді, өрт техникасын, ТОЖҚҚ; ӨТЖ және мүлікті арнайы алаңдарда газсыздандыруды жүзеге асырады.
Химиялық заттар мен АХҚЗ бар ғимараттар мен үй-жайларда өртті жою кезінде ұйым әкімшілігінен оның сипатын анықтап, осы заттармен реакцияға түскенде жарылыстың, ұшқынның шығуына әкелуі мүмкін өрт сөндіргіш заттарды пайдалануға жол бермеуі қажет.
Жылжымалы өрт сөндіретін лафетті оқпандармен жұмыс істеу кезінде:
оны орнату үшін тегіс алаңды таңдау;
оқпанның лафетте мықтап бекітілуіне көз жеткізу;
оқпаншы мен көмекші оқпаншы жұмысқа әбден дайын болғанына көз жеткізгеннен кейін ғана оның жұмысын қамтамасыз ететін жең желісіне су беру қажет.
Жоғары қысыммен жұмыс істейтін қондырғылар (ыдыстар) бар ұйымдарда немесе ғимараттарда өртті жою кәсіпорын әкімшілігінен қондырғылардың (ыдыстардың) түрі туралы, олардың ішіндегі зат туралы ақпарат алғаннан кейін жүргізіледі.
Өрт сөндіру барысында:
қондырғылардың (ыдыстардың) қабырғаларын күрт салқындату мүмкіндігіне жол бермей, қауіпті шекке дейін қызуын болдырмау шараларын қабылдау;
ұйым әкімшілігінен мүмкіндігінше қондырғылардағы (ыдыстардағы( қысымды қауіпсіз шекке дейін төмендету шараларын қабылдауды талап етуі қажет.
Газ баллондары мен коммуникациялардың жарылуы ықтимал жағдайларда басқа да қауіпсіздік шаралары мен МӨҚҚО бөлімшелерінің іс-қимыл жасау тактикасы тиісті ұсыныстармен белгіленген.
Электр қондырғылары бар үй-жайларда, жарылыс қауіпті ортадағы үй-жайларда, сондай-ақ жер асты метрополитен құрылыстарында өртті жою кезінде өрт сөндіруге қатысатын МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамына электр желілері мен электр қондырғыларын токтан ажырату бойынша өздігінен қандай да бір іс-әрекеттер жасауға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен ұйым әкімшілігінен өрт сөндіруге жазбаша рұқсат алғанға дейін өрт сөндіргіш заттарды қолдануға тыйым алынады.
Кабельдер мен резина мен пластмасса оқшаулағыштары бар сымдар едәуір көп мөлшердегі үй-жайларда өртті жою кезінде лауазымды тұлғалар МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының жану барысында бөлінетін заттармен улану мүмкіндігін болдырмау шараларын қолдануға міндетті. МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы ТОЖҚҚ-мен жұмыс істеуі керек.
Улы реакторларды, радиоактивті материалдар сақтайтын және онымен жұмыс істейтін кәсіпорындарды, радиоактивті материалдарды тасымалдайтын көлік құралдарын немесе ионды сәулелену көздерін қоса алғанда, радиациялық қауіпті объектілерде (бұдан әрі - РҚО) өртті және төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында МӨҚҚО басқару органдары мен бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары объектінің әкімшілігімен бірлесіп, радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес РҚО аумақтарында, ғимараттары мен үй-жайларында өрт пен ТЖ жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық әзірлейді.
Нұсқаулықта мынадай негізгі мәселелер қамтылуы тиіс:
объектідегі радиоактивті заттардың белсенділігін көрсете отырып, олардың тізбесі;
объект әкімшілігі келгенге дейін ТЖ жою, өрт сөндіру (мүлікті эвакуациялау және т.б.) бойынша қандай да бір жұмыс жүргізу мүмкіндігі мен жағдайлары;
дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру және оны қамтамасыз ету құралдары;
радиация деңгейінің өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын қорғау шаралары мен тәртібі;
радиация деңгейінің өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамының аса жоғары сәуле алуының болжалды деңгейлері;
қалыпты жағдайларда және радиация деңгейінің өзгеру мүмкіндігін ескере отырып ТЖ болған жағдайда, әр түрлі санаттағы үй-жайларда МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамының рұқсат етілген келу уақыты;
әр түрлі санаттағы ғимараттар мен үй-жайларда ТЖ жою құралдары мен тәсілдері;
ТЖ кезінде және оны жойғаннан кейін жеке құрамға алғашқы медициналық көмек көрсету және техниканы, жабдықты, ӨТЖ және жауынгерлік киімді дезактивациялау тәртібі, орны мен құралдары;
РҚО-да жануды, ТЖ жою үшін қосымша күштер мен құралдарды жұмылдыру, сондай-ақ МӨҚҚО бөлімшелерімен, ішкі істер органдарымен, атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен және объект әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
РҚО-да ТЖ жою және өрт сөндіру кезінде МӨҚҚО қызметкерлерінің ерікті қатысу және оларды ықтимал сәулелену дозалары мен денсаулық үшін қаупі туралы ақпараттандыру тәртібі.
МӨҚҚО бөлімшелері жек құрамының мөлшерден тыс сәулеленуімен байланысты ТЖ және оның салдарларын жою жұмыстары жұмыстың шекті ұзақтығы, қосымша қорғаныс құралдары, қатысушылар мен жұмысты жүргізуге жауапты тұлғалардың аты-жөндері анықталған арнайы рұқсат (өткізу) бойынша радиациялық бақылаумен жүргізілуі қажет.
Персоналдың сәулеленуі мөлшерін жеке бақылау нәтижелері 50 жыл бойы сақталуы қажет. Жеке бақылау жүргізу кезінде жылдық тиімді және эквивалентті дозаларды, кезекті 5 жылға тиімді дозаны, сондай-ақ бүкіл қызмет бойына жиынтық жинақталған дозаны есепке алуды жүргізу қажет.
Жеке сәулелену дозасы кейін жеке карточкаға, сондай-ақ деректер базасын құру үшін машиналы тасығышқа енгізіліп, журналда тіркелуі қажет. Қызметкер сәулелену көздерімен жұмыс жүретін басқа ұйымға ауысқан жағдайда оның жеке карточканың көшірмесі жаңа қызмет орнына берілуі қажет, түпнұсқасы бұрынғы жұмыс орнында сақталуы тиіс.
Сәулелену көздерімен жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілетін тұлғаларға алған сәулелену дозасы туралы толтырылған жеке карточканың көшірмесі берілуі қажет. Іссапарға жіберілген тұлғалардың сәулелену дозасы туралы деректер олардың жеке карточкаларына жазылуы тиіс.
Өртті жою кезінде өрт сөндіргіш әсерінің жоғары дәлдігін және өрт сөндіргіштерді аз мөлшерде жұмсауды қамтамасыз ете отырып, бұл ретте радиоактивті тозаңның шашырау деңгейі мен өрттің қайта туындауын төмендетіп, едәуір алыс қашықтыққа және тек жанып жатқан алаңға ұсақ шашыранды түрінде қуатты импульстік ағыспен өрт сөндіргіштерді беру қажет.
РҚО-да ТЖ мен өртті жою жұмысы қажетті жеке құрамды (ауысымдық жұмыс режимі үшін резервті есепке ала отырып) ең аз мөлшерде жұмылдырып және радиацияның әсер ету жағдайында өрт және басқа да бейімделген техникасын қолдана отырып жүргізілуі қажет.
ТТС мен ЖС төгілуінен болған өрттерді, сондай-ақ РҚО-да ТЖ мен өртті жою жұмысы тек ТОЖҚҚ-да және нақты объектілер үшін көзделген қорғану құралдарында ғана жүргізіледі.
ӨСЖ объектінің әкімшілігі арқылы жұмыс істеуге жіберілетін МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының радиациялық қауіпсіздік бойынша жұмыстың сипаты мен ретін түсіндіре отырып, нұсқаулықтан өтуін ұйымдастыруға, сондай-ақ оның қауіпті болу уақыты мен әкімшілік (дозиметрлік қызмет) белгілеген мерзімде дер кезінде ауысуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
ТОЖҚҚ-ға қосуды және одан ажыратуды, қорғағыш костюмдерді кию мен шешуді белгіленген қауіпсіз орындарда жүргізу қажет. ТОЖҚҚ-дан ажырату қорғағыш костюмдерді шешкеннен кейін ғана жүргізіледі.
Қауіпті аймаққа (ғимаратқа, үй-жайға) кіретін жерде МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының орта немесе аға басшы құрам тұлғасы басқаратын қауіпсіздік бекеті қойылады, онда МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының радиациялық жағдайда жұмыс істеуін есепке алу журналы толтырылады.
РҚО-да ТЖ, өртті жою кезінде ӨСЖ:
радиациялық барлаудың үздіксіз жүргізілуін;
жеке және ұжымдық қорғау құралдарының, техниканың қорғағыш қасиеттерінің, ӨСЖ және жергілікті жердің дер кезінде және орынды қолданылуын;
радиацияға қарсы дәрі-дәрмектердің, антидоттардың, шұғыл медициналық көмек көрсету құралдарының қолданылуын;
зақымдану аймағында қозғалыс пен өрт сөндірудің едәуір орынды тәсілдерін таңдауды;
зақымданған жерде жеке құрамның белгіленген ережелерді қатаң сақтауларын бақылауға міндетті.
Әрбір нақты жағдайда көрсетілген іс-шаралардың тізбесі мен мазмұны қалыптасатын жағдаймен анықталады.
МӨҚҚО бөлімшелері РҚО-да радиация деңгейі жоғары болғанда оларда күштер мен құралдар жеткілікті болған және әр өрт сөндірушіге шекті рұқсат етілген дозаның арту қаупі болмаған жағдайда ғана ТЖ жою бойынша өздерінің қызметін орындайды.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы қорғағыш костюмдерде жұмыс істеген кезде жылу соққысын болдырмау үшін қорғағыш костюмнің түріне, қоршаған ортаның температурасына және жылу ағысының тығыздығына байланысты костюмдерде болу уақытының шекті рұқсат етілген уақытын есептеу қажет.
РҚО-да ТЖ жою үшін өрт және радиациядан қорғайтын өзге де техниканы пайдалану қажет. Мүмкіндігінше, өрт техникасын радиацияға қарсы құралмен жабдықтау қажет. Бейімделмеген өрт техникасы иондаушы сәулеленуден экран ретінде қызмет ететін зақымданбаған, күрделі қабырғалар немесе ғимараттар жағынан орнатуға болатын учаскеде қолданылады. Күштер мен құралдарды қайта топтастыру радиациялық жағдайларды ескере отырып жүргізілуі қажет. Резервтік күштер мен құралдарды жинау (орналастыру) пункттері радиациялық сәулелену көздерінен ық жақтан орналаспауы қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Берілген дипломдық жобада университеттің өрт қауіптілік анализі жүргізілді. Өрттің тарау жылдамдығы анықталды. Объекттің жалпы сипаттамсы берілген. Университетте өрттің мүмкін даму жобалануы жүргізілді, әртүрлі уақытта өрттің дамуы, орта көлемді температура, бейтарап аймақтың биіктігі, сөндіру ауданы анықталды. Сонымен қатар газтүтінінен қорғау қызметінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері, буын құрамында жұмыс істеу ерекшеліктерін және бақылау өткізу пунктінің жұмыс ерекшеліктері қарастырылды.
Анализ және өртке қарсы қызмет гарнизонының тактикалық мүмкіндігінің негізінде мобильді топтармен өрт сөндіру мүмкіндігі анықталды. Ең жаман нұсқадағы мүмкін өртті жою үшін қажетті күш пен құралдардың есебі жүргізілді.
Жоғарыда көрсетілген есептердің нәтежиесінде бізге қажетті жалпы ГТҚҚ буындарының саны 9 ГТҚҚ буыны, оның ішінде 2 ГТҚҚ буыны өртті жоюға, 4 ГТҚҚ буыны көрші бөлмені қорғауға, 2 ГТҚҚ буыны құтқару-іздестіру жұмыстары, 3 ГТҚҚ буыны қосымша. Жалпы газтүтінінен қорғаушылардың саны 41 болады. Ал Тараз қаласының өртке қарсы қызметі гарнизоны бойынша барлық ГТҚҚ буындарының саны 8 (бір кезекшілікте). Сонда оқу залында тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қажетті звеноларын оптимизациялаймыз.
№446 22 желтоқсан 2010 жылы ТЖМ бұрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының ТЖМ өртке қарсы қызмет органдарының газ-түтінінен қорғау қызметін ұйымдастыру тәлімдемесінің» (Әрі қарай -Тәлімдеме) 7 тарауы, 211 бабын ескере отырып, ГТҚҚ звеносының құрамына 3 газ-түтінінен қорғаушы емес 2 газ-түтінен қорғаушы деп аламыз.
Сонымен қатар Тәлімдеменің 4 тарау 48 бабында ерекше жағдайларда кіру есігі бір 2 ГТҚҚ буынна 1 ГТҚҚ қауіпсіздік бекетін орнатуға болады. Сонда қаупсіздік бекетшілерінің саны 4.
Жауынгерлік іс-шаралар тыныс алуға жарамсыз ортада жүргізілетінін ескере отырып, әр ГТҚҚ буынында 2 газ-түтінінен қорғаушыдан болатынын анықтағанда. Жалпы газ-түтінінен қорғаушылардың саны 22 адам болды. Оның ішінде 4 адам өрт сөндіруге, 8 адам көрші бөлмелерді қорғауға, 6 газтүтінінен қорғаушы қосымша ГТҚ буынына, 4 адам қауіпсіздік бекетінде
Өрт сөндіру орынына газтүтінен қорғаушыларды және олардың құралдарын жеткізу үшін 11 автоцистернада, 6 автоцистернаға дейін азаяды.
Ұсынылған шаралар тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын есептеулерге сай шыққан шығынды және оқпандарды толық қамтамасыз етеді. Нәтежиесінде ГТҚҚ ұйымдастыру бойынша тәлімдемесінде көрсетілген ең басты тапсырмасы орындалады.
Қолданылған әдебиет тізімі
ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру туралы тәлімдемесі. Бұйрық № 446, 22.12.2010 ж.
В.А. Грачев, Д.В. Поповский «Газодымозащитная служба», учебник. М.: 2009
Ю.М. Сверчков «Организация ГДЗС на пожаре» учебное пособие, М.: 2005
Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы. Бұйрық № 267 14.11.2009 ж.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысы. Бұйрық № 266 14.11.2009 ж.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызметі жөніндегі тәлімдемесі. Бұйрық № 170 07.07.2005 ж.
Өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық. Бұйрық № 355 15.10.2010 ж.
ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамын даярлау ережесі. Бұйрық № 245 12.07.2010 ж.
Өрт жеңдерін пайдалану және жөндеу нұсқаулығы. Бұйрық № 250 12.09.2005 ж.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті үшін автокөлік және материалдық-техникалық құралдардың тиісті нормалары. Бұйрық № 52 14.07.2005 ж.
Булкаиров А.Б. «Справочник расчета сил и средств по тушению пожаров твердых горючих веществ, нефти и нефтепродуктов». Кокшетау 2003 г.
Пожарная тактика. Повзик Я.С. М. «ВИПТШ МВД СССР», 1984 г.
Пожарная тактика. Повзик Я.С. М., 1990, 2001 г.
Справочник РТП, М., 1987 г.
Справочник РТП, М., 2001 г.
Правила пожарной безопасности для промышленных предприятий. М. ГУПО МВД СССР, 1982 г.
Сборник правил по пожарной автоматике. Часть-I. «Проектирование». М. «Стройиздат», 1988 г.
Производственная и пожарная автоматика. Часть-II. Бубырь Н.Ф. и др. М. 1986 г.
Гидравлика и противопожарное водоснабжение. Кошмаров Ю.А. М. 1985 г.
СН РК 3.02-15 – 2003. Нормы технологического проектирования. Склады нефти и нефтепродуктов.
СНиП. 2.02-15 – 2003. Пожарная автоматика зданий и сооружений.
Справочник. Пожаро-взрывоопасность веществ и материалов и средства их тушения. Под редакцией А.Н. Баратова и А.Я. Корольченко. М. «Химия», 1990 г.
Рекомендации по проверке технического состояния установок пожарной автоматики. М. «ГУПО МВД СССР», 1989 г.
Методические указания к выполнению курсовой работы и упражнений по курсу «Пожарная тактика». М. «ВИПТШ МВД СССР», 1985 г.
Методические указания к дипломному проектированию для слушателей КТИ МЧС РК.
Экономика противопожарной защиты. Аболенцев Ю.И. М. ВИПТШ МВД СССР, 1985 г.
Физико-химические основы развития и тушения пожаров. Абдураимов И.М
Теребнев В.В. «Пожарно-строевая подготовка». М. 2004 г.
ҚР ҚН 2.02-11-2002 «Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары»
Достарыңызбен бөлісу: |