І. «Кәсіпорын экономикасы» пәні Тақырып 1



жүктеу 238 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі238 Kb.
#22603


І. «Кәсіпорын экономикасы» пәні


Тақырып 1. Кәсіпорын - шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде

Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші. Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшелік белгілері. Кәсіпорынның сыртқы ортасы: оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар және факторлар. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері және құқықтары.

Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі. Меншік нысандары, ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша кәсіпорын түрледі. Кәсіпорындардың бірлестіктері.

Кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел, оны бағалау әдістері.



Тақырып 2. Кәсіпорынның негізгі капиталы

Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.

Негізгі қорлардың тозуы, негізгі түрлері. Негізгі капиталды амортизациялаудың маңызы. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың негізгі құралдарын бағалау әдістері. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту. .

Амортизациялық саясаттың қалыптасуының қазақстандық тәжірибесі.

Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері. Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары және жолдары. Негізгі капиталдың бәсеке қабілеттілігін арттыру Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту басымдықтарының бірі ретінде.

Кәсіпорынның материалдық емес активтері: түсінігі, түрлері. Материалдық емес активтердің амортизациясы.



Тақырып 3. Кәсіпорынның айналым капиталы

Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы және құрылымы. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.

Айналым құралдарының айналымы. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартуда айналым құралдарының айналымдылығын жеделдетудің мәні.

Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау: өндірістік запастарды, аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді қалыптастыру үшін.

Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне айналым капиталын басқарудың әсері. Тауарлы-материалдық запастардың құнын бағалау әдістері.

Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.

Кәсіпорында материалды ресурстарды талдау көрсеткіштері мен әдістері. Өнімнің ресурс сыйымдылығын төмендету жолдары.

Тақырып 4. Кәсіпорынның еңбек ресурстары

Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы. Персоналдың сандық, сапалық сипаттарының көрсеткіштері. Персоналдың құрылымдық сипаттамасы.

Персоналдың қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау. Кәсіпорын жұмыскерлерінің жалпы санын, өнім дайындаудың еңбек сыйымдылығы бойынша, өнімділік мөлшері бойынша, қызмет көрсету мөлшері бойынша жұмысшыларға қажеттілікті, әкімшілік-басқару персоналының санын анықтау.

Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері. Еңбек өнімділігі: мәні, кәсіпорынды дамытудағы рөлі, есептеу әдістері. Еңбек өнімділігін өсіру факторлары және резервтері.

Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы. Кәсіпорынның қызметін тиімділігін қамтамасыз етуде ұйымдастырушылық мінез-құлықтың мәні және маңызы.



Тақырып 5. Кәсіпорында еңбек ақы төлеу

Еңбек мотивацияның мәні және нысандары. Еңбек ақы еңбекті мотивациялаудың негізгі нысаны ретінде. Еңбек ақының экономикалық маңызы және қағидалары.

Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу. Еңбек ақыға мемлекеттік кепілдік беру. Квалификациялық анықтамалықтарды әзірлеу. Кәсіпорындардың еңбек ақыға бөлетін қаражаттарын, кәсіпорын жұмысшыларының табыстарын, әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінетін аударымдарды салықтық реттеу. Әлеуметтік салықты есептеу әдістемесі. Жеке табыс салығының сипаттамасы. Міндетті әлеуметтік сақтандыру.

Әлеуметтік әріптестікті дамыту: бас, салалық және тарифтік келісімдер, ұжымдық келісім.

Кәсіпорындағы еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру. Тарифтік жүйе, еңбек ақыны ұйымдастырудағы оның маңызы және мазмұны. Жұмысшылардың еңбек ақы нысандары және жүйелері. Басшылардың, мамандар мен қызметшілердің еңбек ақысын ұйымдастыру. Еңбек ақының тарифтік емес жүйесінің маңызы. Еңбек ақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі.

Еңбек күші шығындарының құнын анықтау. Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек ақы қорының құрамы.



Тақырып 6. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

Инвестициялардың экономикалық маңызы, олардың жіктелуі. Күрделі қаражат салымдары, олардың құрамы және құрылымы.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі, оның мазмұны, міндеттері, ерекшелігі және мемлекеттік қолдау. Инвестицияларды қаржыландыру көздері. Инвестициялық жоба: мазмұны, дайындау және жүзеге асыру кезеңдері. Баламалы инвестициялық ұсыныстарды бағалау көрсеткіштері. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі.

Кәсіпорынның инвестициялық белсенділігі және тартымдылығы: бағалау әдістемесі.

Инновациялар (жаңашылдықтар): маңызы, жіктелуі. Кәсіпорынның инновациялық қызметі: маңызы және міндеттері және жаңашылдықтарды басқару.

Тақырып 7. Өнімді өндіру және өткізу шығындары

Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі. Кәсіпорынның қысқа мерзімді кезеңдегі қызметіндегі шығындардың әрекет ету теориясын қолдану. Шығындарды талдау. Өндіріс көлемін кеңейту бойынша үнемдеу.

Экономикалық элементтері мен калькуляция баптары бойынша шығындардың жіктелуі. Кәсіпорындардың өнімді өндіру және өткізу шығындарының қалыптасуының қазақстандық тәжірибесі.

Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. Калькуляциялаудың үрдістік, бөліністік және тапсырыстық әдістері. Шығындарды есепке алу мен калькуляциялаудың нақты және нормативтік әдістері.

Үстеме шығындар, олардың құрамы, бөлу белгілері. Үстеме шығындарды бөлу және басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістемесі.

Өнімді өндіру және өткізу шығындарын азайтудың мәні, көздері және факторлары.



Тақырып 8. Кәсіпорынның өндірістік қызметін жоспарлау

Жоспарлаудың әдіснамалық негіздері. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Ішкі өндірістік жоспарлау.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері.

Кәсіпорындағы өнім шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу әдістемесі.



Тақырып 9. Кәсіпорынның және өнімнің бәсекеге қабілетілігі

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру қажеттілігі. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне арттыруға әсері.

Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін көтеру жолдары. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия. Өнімді стандарттау және сертификациялау.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі. Өнімге, жқмыстар мен қызметтерге қойылатын баға түрлері. Кәсіпорындағы баға баға белгілеу әдістері. Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыруда икемділік теориясын пайдалану.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәні. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторлар. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі.

Тақырып 10. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері

Кәсіпорын қаржысы түсінігі мен қызметтері.

Кәсіпорынның қыржылық ресурстары. Қаржылық жоспарлау. К"әсіпорындағы қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері. Қарыз қаражаттарын алу әдістері.

Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіштері ретінде. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сай жылдық жиынтық табысты есептеуде анықталатын табыс түрлері. Кәсіпорын пайдасының қалыптасу және бөліну тәртібі. Кәсіпорын төлейтін салықтардың сипаттамасы. Кәсіпорын пайдасына салық салу және пайданың бөлінуі.

Кәсіпорындағы пайданы арттыру резервтері.

Рентабелділік: мазмұны, есептеу әдістемесі. Рентабелділік деңгейін көтеру жолдары.

Банкротқа ұшырау түсінігі мен белгілері. Дағдарыс және банкроттық жағдайда кәсіпорынды басқару және қайта құрылымдау. Санация, кәсіпорындардың өзгеруі және жойылуы.

Тақырып 11. Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі

Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері.

Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі. Өндіріс тиімділігінің жекелеген (дифференцияцияланған) көрсеткіштері. Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштері. Өндірістік қызметтің тиімділік көрсеткіштері. Өтімділік көрсеткіштері. Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.

Өндірістің салыстырмалы тиімділігі: мәні және оны анықтау әдістері. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтауда уақыт факторын есептеу (ақша ағындарын дисконттау) әдістері. Таза ағымдық құн және табыстылықтың ішкі нормасы көрсеткіштерінің сипаттамасы. Өндіріс тиімділігіне ықпал ететін факторлар.



II. «Кәсіпкерлік» пәні

Тақырып 1. Кәсіпкерлік: мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары

Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны. Кәсіпкерліктің функциялары. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері. Кәсіпкерліктің мақсаттары мен міндеттері. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру қағидалары. Кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту жағдайлары. ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы.

Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық нысандары мен олардың ерекшеліктері. Кәсіпкерліктің түрлері, нысандары және жіктелуі. Дара кәсіпкерлік. Шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік. Өзінің жеке кәсіпорнын құру жағдайлары мен шарттары. Жеке кәсіпорын қызметінің ұйымдастырушылық – экономикалық механизмі. Франчайзинг және кәсіпкерлік.

Тақырып 2. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес – жоспарлау

Кәсіпорындағы жоспарлардың жіктелуі. Кәсіпкерлік жобалардың бизнес – жоспары. Бизнес – жоспарды жасау мен әзірлеу әдістемесі. Бизнес – жоспардың негізгі тарауларының мазмұны мен сипаттамасы.



Тақырып 3. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер

Тәуекел түсінігі мен түрлері және олардың жіктелуі. Кәсіпкерлік тәуекелді туындататын факторлар. Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау әдістері. Тәуекелдерді төмендету тәсілдері мен басқару әдістері.



Тақырып 4. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру

Кәсіпорынның қаржылық ортасы. Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру мен қаржыландыру көздері. Кәсіпкерлік қызметті несиелеу. Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар. Кәсіпкерліктегі факторинг.



Тақырып 5. Кәсіпкерлік қызметтегі кадрлармен қамтамасыз ету

Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарының қалыптасуы. Кәсіпорын персоналы мен оның құрылымы. Персоналды бағалау мен басқару әдістемесі. Кадр саясаты. Кәсіпкерлік қызметте еңбекақы төлеуді ұйымдастыру.



Тақырып 6. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру

Кәсіпкерлік мәмілелер және олардың түрлері. Коммерциялық мәміленің қатысушылары. Кәсіпкерлік жүйесіндегі әріптестік. Келісімшарт – кәсіпкерлік (коммерциялық) мәмілелерді жүргізудің негізгі құжаты. Келісімшарттардың жіктелуі. Келісімшартты жасауға қойылатын негізгі талаптар. Келісімшарт тарауларының құрылымы мен мазмұны.



Тақырып 7. Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау тәсілдері

Кәсіпкерлік құпияның мәні. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің жіктелуі. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі. Құпияны жариялағаны үшін қолданылатын іс – шаралар.



Тақырып 8. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі

Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні мен түрлері. Кәсіпкерлер жауапкершілігінің пайда болу шарттары. Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі. Кәсіпкерлердің қылмыстық жауапкершілігі. Кәсіпкерлердің өз міндеттемелерін қамтамасыз ету шарттары мен тәсілдері.



Тақырып 9. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы

Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы. Іскерлік қатынастар. Іскерлік қарым – қатынас. Іскерлік хат, іскерлік сұхбат. Іскерлік келіссөздер. Кәсіпкерлік этикасы. Іскерлік этикет.



Тақырып 10. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау тәсілдері. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау қағидалары мен әдістері. Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық және қаржылық – экономикалық қызметін талдау. Кәсіпкерлік қызметтің бәсекелік жетістігін талдау.



Тақырып 11. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттілігі. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен механизмі. Кәсіпкерлік инфрақұрылымының мәні мен ерекшеліктері. Кәсіпкерлікті қолдаудың заманауи институттарының дамуы: бизнес – инкубаторлар, технополистер, технопарктер және т.б.



Тақырып 12. Кәсіпкерлік қызметті тоқтату

Кәсіпкерлік қызметті тоқтату себептері, факторлары және шарттары. Кәсіпкерлік ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен сауықтыру. Кәсіпкерлік ұйымдардың өз жұмысын тоқтатуы және таратылуы. Кәсіпорындардың (ұйымдардың) тұрақсыздығы (банкроттығы).



III. Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламалары мен заңдары



  1. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

  3. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі

  4. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі

  5. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі

  6. Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы

  7. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңы

  8. Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі

  9. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

  10. Экспортер - 2020» Бағдарламасы

  11. Бизнестің жол картасы – 2020.

  12. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  13. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  14. «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  15. «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  16. «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  17. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  18. «Жұмысбастылық - 2020» бағдарламасы

  19. «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  20. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  21. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  22. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  23. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі принциптері

  24. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы

  25. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы



IV. Сұрақтары тізімі

1. Кәсіпорын - шарушылық объектісі ретінде: түсінгі, міндеттері, функциялары, сыртқы ортасы

2. Кәсіпорындардың жіктелімі: салалар бойынша, меншік нысандары бойынша. Кәсіпорындардың бірлестіктері

3. Банкротқа ұшырау түсінігі мен белгілері. Санация, кәсіпорындардың өзгеруі және жойылуы

4. Кәсіпорынның негізгі капиталы: мәні, құрамы мен құрылымы, пайдалану көрсеткіштері

5. Кәсіпорынның айналым капиталы: мәні, құрамы және құрылымы. Айналым капиталын қаржыландыру көздері

6. Айналым құралдарының тиімділігін бағалау. Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау

7. Кәсіпорынның еңбек ресурстары: түсінігі, түрлері, пайдалану көрсеткіштері. Еңбек ресурстарына қажеттігті анықтау

8. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі: мазмұны, міндеттері. Инвестицияларды қаржыландыру көздері

9. Кәсіпорынның инвестициялық белсенділігі және тартымдылығы: бағалау әдістемесі

10. Инвестициялық жоба: мазмұны, дайындау және жүзеге асыру кезеңдері, тиімділігін анықтау әдістемесі

11. Шығындардың экономикалық мәні. Экономикалық элементтер мен калькуляциялау баптары бойынша шығындар жіктелімі.

12. Негізгі қорлардың тозуы. Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау әдістемесі

13. Негізгі капиталды амортизациялаудың маңызы және оны есептеу әдістері

14. Кәсіпорынның өндірістік қуаты және өндірістік бағдарламасы: анықтау әдістемесі

15. Кәсіпорының қаржылық ресурстары және оларды қалыптастыру көздері. Төлемқабілеттілік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

16. Жоспарлаудың әдіснамалық негіздері. Кәсіпорын жоспарларының құрылым

17. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, факторлары және бағалау әдістемесі

18. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, көрсеткіштері.

19. Үстеме шығындар: құрамы, оларды бөлу белгілері мен әдісі

20. Кәсіпорында еңбек ақыны үйымдастыру. Жұмыскерлердің еңбек ақы жүйелері мен нысандары

21. Еңбек өнімділігі: мәні, кәсіпорын дамытудағы ролі, есептеу әдістері

22. Кәсіпорынның материалдық ресурстарын пайдалану көрсеткіштері мен талдау әдістері

23. Өнімге бағалар түрлері. Кәсіпорында баға белгілеу әдістері

24. Маркетинг фукнциялары. Кәсіпорындағы маркетингтік стратегияны қалыптастыру

25. Табыстар түрлері. Кәсіпорында пайданы қалыптастыру мен бөлу тәртібі

26. Рентабельділік түрлері мен көрсеткіштері. Рентабельділік деңгейін есептеу әдістемесі.

27. Өндірістің жалпы тиімділігі: мәні, көрсеткіштері және анықтау әдістері

28. Кәсіпорынның инновациялық қызметі: мәні, міндеттері және жаңашылдықтарды басқару

29. Салықтар түрлері. Кәсіпорында табыстарға салық салу

30. Материалдық емес активтер: мәні, түрлері. Материалдық емес активтерді амортизациялау

31. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы. Персоналдың сандық, сапалық сипаттарының көрсеткіштері.

32. Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы.

33. Кәсіпорынның сыртқы ортасы: оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар және факторлар.

34. Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері.

35. Айналым құралдарының айналымы. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер.

36. Кәсіпорынның қызметін тиімділігін қамтамасыз етуде ұйымдастырушылық мінез-құлықтың мәні және маңызы.

37. Еңбек ақының экономикалық маңызы және қағидалары.

38. Инвестициялардың экономикалық маңызы, олардың жіктелімі.

39. инновациялар: мәні, жіктелімі.

40. Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.

41. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін көтеру жолдары.

42. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері.

43. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және нормалау

44. Күрделі қаражат салымдары, олардың құрамы және құрылымы. Күрделі қаражат салымдарының тиімділік көрсеткіштері.

45. Өндірістің салыстырмалы тиімділігі: мәні, көрсеткіштері және анықтау әдістері

46. Өндірісті ұйымдастыру формасы. Өндіріс типтері.

47. Кәсіпорынның шикізат және отын-энергетикалық ресурстары.

48. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері және құқықтары.

49. Еңбек мотивацияның мәні және нысандары.



50. Ішкі өндірістік жоспарлау.

  1. Кәсіпкерліктің мәні мен түрлері

  2. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен объектілері

  3. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен олардың ерекшеліктері

  4. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау

  5. Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар

  6. Кәсіпкерлік қызметтегі бизнес-жоспарды құру мен өңдеу әдісі

  7. Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзингтік қызметтер

  8. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел түсінігі мен оның жіктелуі

  9. Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау әдістері

  10. Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру мен қаржыландыру көздері

  11. Кәсіпкерлік қызметті несиелендіру

  12. Кәсіпкерлік қызметтегі лизингтік операциялар

  13. Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарын қалыптастыру

  14. Кәсіпкерлік келісім-шарттар мен оның түрлері. Кәсіпкерлік аясында келісім-шарт түсінігі және оның түрлері

  15. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын ақпараттардың жіктелуі. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі

  16. Кәсіпкерлерлік жауапкершіліктің мәні және түрлері. Кәсіпкерлердің әкімшілдік шауапкерлішігі

  17. Кәсіпкерлік қызметтегі іскер келісімдерді жүргізу

  18. Кәсіпкерлік қызметтегі тиімділікті бағалау қағидалары мен әдістері

  19. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні мен қажеттшліш

  20. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмдері мен негізгі бағыттары

  21. Кәсіпкерліктегі инфрақұрылымның мәні мен ерекшеліктері

  22. Кәсіпкерлікті қолдау институттары: бизнес-инкубаторлар; технопарктер; технополистер

  23. Кәсіпкерлік мекемелерді қайта ұйымдастыру мен қалпына келтіру

  24. Кәсіпкерлік қызметті тоқтатудың себептері, факторлары және шарттары

  25. Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату тәртібі



V. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


  1. Раимбеков Ж.С. Кәсіпорын экономикасы.- Астана, 2013

  2. Раимбеков  Ж.С. Кәсіпорын экономикасы.- Алматы, 2014

  3. Егембердиева С.М. Кәсіпорын экономикасы. Астана, 2014

  4. Оразалин, К.Ж. Кәсіпорын экономикасы  [Электронный ресурс] / К.Ж. Оразалин.- Электрон. текстовые дан. (15 файлов : 106 Мб).- Алматы: LEM, 2013.- 1 электрон. диск (CD-ROM)

  5. Ниязбекова, Р.Қ. Кәсіпорын экономикасы: оқулық / Роза Қалманбайқызы Ниязбекова, Болат Абжалиұлы Рахметов, Парида Тұрғынбайқызы Байнеева; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.- Алматы: Экономика, 2013.- 622 б.

  6. Оразалин, К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: (теория, тест сұрақтары, есептер): оқу құралы / К.Ж. Оразалин.- Алматы: Издательство LEM, 2014.- 293 б.

  7. Куатова, Д.Я. Экономика предприятия: практический курс: учебное пособие / Дильмина Яхияевна Куатова.- Алматы: Дәуір, 2015.- 383, [1] c.: табл.

  8. Тлесова, Э.Б. Экономика предприятия [Электронный ресурс]: электронная книга / Эльвира Булатовна Тлесова, Жибек Берлибековна Рахметулина.- Электрон. дан. и прогр. (62 файла : 6 папок : 7, 71 Mб).- 2015.- 1 электрон. диск (CD-R); в футляре, 14х12 см.

  9. Мормуль, Н.Ф. Экономика предприятия: теория и практика: учебное пособие для бакалавров / Нина Федоровна Мормуль; под редакцией Ю.П. Анискина.- 2-е изд., стер.- Москва: Омега-Л, 2015.- 179, [2] с.: ил., табл.- (Бакалавр - магистр).

  10. Экономика фирмы (организации, предприятия): учебник / под редакцией В.Я.

  11. Горфинкеля, Т.Г. Попадюк, Б.Н. Чернышева.- 2-е изд.- Москва: Вузовский учебник : ИНФРА-М, 2014.- 294, [2] с.:

  12. Байжолова Р.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы.- Астана: ИП «Булатов А.Ж.», 2016.

  13. Байжолова Р.А., Шалболова У.Ж. Кәсіпорын шаруашылығы қызметінің мониторингі және талдауы: оқу құралы.- Астана: ИП «Булатов А.Ж.» 2016. –160 с.

  14. Грибов, В.Д. Экономика предприятия: Учебник. Практикум. - М.: КУРС, НИЦ ИНФРА-М, 2013. - 448 c.

  15. Егембердиева С.М. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы.- Астана, ТОО «Мастер По», 2015.

  16. Тлесова Э.Б., Рахметулина Ж.Б. Экономика предприятия/ электронная книга- Астана: ЕНУ им.Л.Н.Гумилева, 2015.

  17. Экономика и управление организацией (предприятием): учебное пособие /И.П. Воробьев, Е.И. Сидорова, А.Т. Глаз. – Минск: Квилория В.Т., 2014.–371с.

  18. Экономика организации (предприятия): учебник /Н.А. Сафронов. – Москва: Магистр: Инфра-М, 2014. – 253 с.
  19. Экономика организаций (предприятий). Учебник/ под ред.Горфинкель В.Я. Швандар В.А. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2012.


  20. Экономика организации: учебное пособие /В.П. Самарина, Г.В. Черезов, Э.А. Карпов. – Москва: КноРус, 2014. – 318 с.

  21. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред. Е.Л.Кантора. – СПб.: Питер, 2007.

  22. Экономика и финансы предприятия / под ред. Т.С. Новашиной. - М.: Синергия, 2014.

  23. Чалдаева, Л.А. Экономика предприятия: Учебник для бакалавров. - М.: Юрайт, 2013.

  24. Гарина Е.П., Медведева О.В., Шпилевская Е.В. Основы предпринимательской деятельности – М: Феникс, 2010.

  25. Сейдахметов А.С., Елшибекова К.Ж. Предпринимательство: Учебное пособие.- Алматы: Экономика, 2010 – 304с

  26. Сейдахметов Қ.Ж. Елшібекова А.Қ. Кәсіпкерлік: Оқулық. – Алматы.: «Экономика», 2011.

  27. Сейдахметов А.С. Предпринимательство: учебное пособие.- Алматы: Экономика, 2010.




жүктеу 238 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау