Микроскоп



жүктеу 97,86 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі97,86 Kb.
#3133
түріНұсқаулар

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биология және экология кафедрасы
Структуралық ботаника пәні бойынша

5В060700 Биология мамандығының студенттеріне арналған




ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

Павлодар




Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________



Құрастырушы: _________ б.ғ.к., аға оқытушы Мадиева Қ.М.


Биология және экология кафедрасы

Структуралық ботаника пәні бойынша

5В060700 Биология мамандығының студенттеріне арналған
әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______ Исимбеков Ж.М. 20__ж. «____» ________


Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2010ж. «25» қараша № 3 хаттама
ОӘК төрағасы ___________ Бүркітбаева Ұ.Д. 20__ж. «_____»___________

КЕЛІСІЛГЕН

ХТжЖФ деканы ____________ Ахметов Қ.Қ. 20__ж. «_____»_____________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ Варакута А.А. 20__ж. «_____»_______

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «___»______________ №____ хаттама


Кіріспе
Ботаника - өсімдіктер дүниесі тіршілік формаларының алуан түрлілігі, олардың құрлысы мен тіршілік процестеріндегі заңдылықтар туралы ғылым. Ол өз кезегінде бірқатар жекелеген ғылымдарға бөлінеді. Олардың міндеттеріне өсімдіктер мен өсімдіктер жабынының құрылысының және тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады.

Өсімдіктердің морфологиясының мақсаты студенттерді ботаниканың қазіргі ғылыми жетістіктері мен жинақталған білімге жүгіне отырып өсімдіктердің құрылыстық ерекшеліктерімен, өсу және даму заңдылықтарымен таныстыру.

Студенттер өсімдік клеткалары мен ұлпаларының, тамыр және өркендер жүйесінің морфологиясы және анатомиясы сонымен қатар өсімдіктің генеративтік мүшелерінің құрылыстық ерекшеліктері туралы мәліметтер алып, өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының басты бағыттарын, көбею мен ұрпақ жалғастырудың биологиялық негізін, олардың жастық және маусымдық өзгерістерін білуі қажет.

Пәнді терең меңгеру үшін дәрістік курста, зертханалық жаттығуларда және оқу-далалық тәжрибелерде, табиғи тірі өсімдіктерді, гербарий қорын, препараттарды, жоба суреттерді, слайдтарды, кестелерді үйлестіре дұрыс пайдалана білуі қажет.

Студенттер алған білімін және пайдаланылған әдебиеттерін өздерінің теориялық деңгейін одан әрі тереңдету үшін пайдалана білуі керек.

Ботаника ғылымы туралы жалпы түсінік. Зат алмасу типтері. Өсімдіктердің адамдар өміріндегі маңызы. Өсімдіктер әлемін қорғау. Ботаниканың дамуы. Өсімдік морфологиясының бағыттары мен тәсілдері. Өсімдіктердің морфологиялық эволюциясы және онтогенетикалық дамуы. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктер морфологиясында қолданылатын жалпы биологиялық маңызы бар проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін тәсілдер.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мына білімді алуы керек: Өсімдіктің морфологиялық құрылысымен танысу; өсімдіктің анатомиялық құрылымын зерттеу тәсілін үйрену; өсімдіктің көбею түрлерін; өсімдіктер дүниесінің қазіргі классификациясын; өсімдіктің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызын айқындай білу; негізгі өсімдіктің тұқымдастарын, туысын және түрінің белгілерін айыра білу; негізгі өсімдіктер тұқымының өнімділігін болжауды үйрену.

Оқылған материалды анализдеу, ең негізгісін анықтау, салыстыра білу, зерттелген құрылыстың себебін анықтау, дұрыс қорытынды шығару; ғылыми және оқулықты әдебиеттермен жұмыс істей білу; зертханалық техниканы дұрыс пайдалану; өсімдіктерді қорғай білуі керек.



Зертханалық сабақтардың мазмұны

Тақырып 1. Микроскоп құрылысы және онымен жұмыс істеу тәсілдері. Микpоскоптың құрылысымен танысып, онымен жұмыс істеу ережесін меңгеру. Уақытша пpепаpаттар жасау және оны салу әдістемесін игеру

Тақырып 2. Өсімдіктер клеткасының құрылысы мен сырт бейнесі. Плазмолиз, деплазмолиз. Пияздың баданасының етті қабыршағының эпидермисінің клеткасының құрылысы. Пияздың баданасы, йодты калидегі йодтың ерітіндісі анықтау.

Тақырып 3. Пластидтер. Клеткадағы қорлық және қалдықты заттар. Шәңгіштің піскен жемісіндегі хpомопласттарды, жасыл тpадесканция жапырағының эпидеpма клеткасындағы лейкопластты, элодея жапырағындағы хлоpопласттарды зерттеу. Каpтофель түйіні, бидай, жүгері, сұлы, күріш, қарақұмық дәндеріндегі кpахмал түйіршіктерін табу. Белок және оның түрлері. Майлар. Туынды заттарды адамдардың пайдалануы. Аса маңызды азық-түліктік заттар (картоп, астықтар,бұршақ тұқымдастар, күнбағыс, зығыр, мақта, жаңғақтар).

Тақырып 4. Түзуші және жабындық Ұлпалар. Арқаулық ұлпалар. Ұлпалардың жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Жіктелу принциптері. Қорлық крахмал. Картоптың түйнегі, алдын ала суға жібітілген бидайдың, жүгерінің сүлының, күріштің, дәндері, гречиха немесе бір-неше өсімдіктсрдің түрлерінің крахмал дәндерінің қоспасы-нан алынған ұн.

Тақырып 5. Өткізгіш ұлпалар. Кант қызылшасының жапырағының сағағындағы бүрыштық колленхима Жаңа кесілген немесе фиксаторға салынған қант қызылшасының жапырағының сағағы қаралады.

Тақырып 6. Қос- және даражарнақты өсімдіктердің тұқымдары мен өскіндерінің құрылысы. Бидайдың өскінінің тамыр зоналары. Бидайдың немесе басқа астық тұқымдасының лабараторияның жағдайында арнайы өсірілген өскіні. Өркеннен жетілетін метаморфозға ұшыраған органдар. Тұқымның пайда болуы, биологиялық маңызы. Тұқым мен жемістің таралуы.

Тақырып 7. Жас тамырдың ұшындағы аймақтары және алғашқы анатомиялық құрылысы. Тамыр және өркендердің морфологиялық мен анатомиялық құрылысы.

Тақырып 8. Өркен және өркендер жүйесі. Өркен морфологиясы. Элодея өркенінің апексінің микpоскопиялық құрылысының жалпы белгілерін зерттеу. Меpистематикалық клеткалардың ерекшеліктерін бақылау. Органдардың шығу және орналасу сипатын анықтау.

Тақырып 9. Бүршіктер құрылысы және типтері. Бүршік құрылысын, жапырақ орналасуын, бұтақталуы мен өсуін, өркендер жүйесінің түзілуі мен олардың моpфологиясын ағаш бұтақтары (қарағай, үйеңкі, терек, жөке, қайың, алма ағашы, емен), бұталар (сиpень, қарақат, итмұрын, шие, жимолость), жартылай бұталы өсімдіктер (жусан, кохия, бұйырғын), сондай ақ шөптесін өсімдіктер (түйреуіш тәрізді қырықбуын, зығыр, бидай, житняк, түлкіқұйрық, мыңжапырақ, фломис және т.б.) мысалында зерттеу.

Тақырып 10. Жапырақ - өркеннің бүйірлік мүшесі. Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Жапырақ морфологиясы, қызметі және дамуы. Жапырақтың ерекше құрылымдық типтері. Жапырақтың макроморфологиясы. Жапырақтың гербарий үлгілерінің коллекциялары

Тақырып 11. Қосжарнақты және даражарнақты шөптесін өсімдіктердің сабақтарының анатомиялық құрылысы мен орталық шеңбердің (стелдің) эволюциялық дамуы.Стелдер типтері. Сабақтың анатомиялық құрлысының жалпы ерекшеліктері. Сабақтың алғашқы және соңғы құрылысы. Жүгерінің сабағы.

Тақырып 12. Қосжарнақты ағаштар және ашықтұқымды қылқан жапырқаты өсімдіктер сабағының анатомиялық соңғы құрылысының ерекшеліктері. Қарағай, алма ағашы, емен, үйеңкі, теректің бекітілген сабағының және жөкеағашы, қарағайдың көлденең және ұзына бойы кесінділерінің тұрақты микропрепараттарының мысалында жалаңаш тұқымды және қос жарнақты жабық тұқымды ағаш өсімдіктерің сабағының шоғырланбаған анатомиялық құрылысын зерттеу.

Қарағай, қайың, алма ағашы, шырша сияқты көпжылдық діңдердің кесінділерімен танысу.



Тақырып 13. Жапырақ-сабақты мүктер мен тең споралы папоротниктердін, (усасыр) даму кезеңдеру мен көбею мүшелерінің құрылысы. Өсімдіктердің жаңа дайындалған, фиксаторға салынған немесе гербарий түріндегі үлгілері

Тақырып 14. Ашық тұқымдылардың көбею мүшелерінің құрылыстық ерекшеліктері. Тұқымның пайда болуы, биологиялық маңызы. Тұқым мен жемістің таралуы.

Тақырып 15. Гүл құрылысыньің жалпы ерекшеліктері. Гүлшоғы және олардың типтері. Аталық. Тозаңдық. Жатаған сарғалдақ гүлінің құрылысын талдау және жапырақ тақталарының, күлтелерінің, аталықтары мен аналықтарының дөңес гүлтабанында орналасу заңдылықтарын анықтау. Гүлдің вегетативты өркен мен бүрге ұқсастығын байқау.

Тақырып 16. Аналықтың, тұқымбүрдің құрылысы, олардың типтері. Келесі рет бойынша өсімдіктерге толық морфологиялық сипаттау жасауды үйрену және меңгеру: гүлдің жалпы сипаты- гүл сағағы- андpоцей- гинецей.

Тақырып 17. Гүлдің диаграммасы мен формуласы. Лалагүл, итмұрын, жабайы шалқан, бұршақ, алма ағашы, шие, қияр гүлдерінің құрылысын зерттеу және олардың формуласы мен диаграммасын құру.

Тақырып 18. Жемістер. Жемістің жалпы сипаттамасы. Апокарпты, синкарпты, паракарпты және лизикарпты жемістер.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. Алма-Ата, Изд. Қазақ университеті, 2001.

  2. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер
    морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.48 б.

  3. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растений. М.,Эдиториал УРСС,2000,526с.

  4. Тимонин, А. К. Ботаника: в 4 т.:учебник для студ. вузов.-М.:Академия.-(Высшее профессиональное образование). Т. 3:Высшие растения.-2007.-349 с.

  5. Яковлев Г. П., Челомбитько В.А. Ботаника:Учебник для вузов.-2-е изд.,испр.-СПб.:СпецЛит:СПХФА,2003.-647с.

  6. Родман, Л. С. Ботаника с основами географии растений:учеб. пособие для студентов сред. спец. учеб. заведений.-М. КолосС, 2006.- 398 с.

  7. Дәрiқұлов, Н. Т. Ботаника. Өсiмдiктер жүйесiнiң практикалық курсы: оқу құралы.-Алматы:ғылым,2003.-320 бет

  8. Долгачева В.С., Алексахина Е.М. Ботаника:Учебное пособие для вузов.-М.:Академия,2003.-409с.

  9. Андреева И.И., Родман Л.С. Ботаника:Учебник для вузов.-3-е изд. , перераб. и доп.-М.:КолосС,2003.-528с.

Қосымша:

  1. Дәрiқұлов, Н. Т. Ботаника. Өсiмдiктер жүйесiнiң практикалық курсы: оқу құралы.-Алматы:ғылым,2003.-320 бет.

  2. Еленевский А. Г. и др. Ботаника: Систематика высших, или наземных, растений: Учебник для пед. вузов.-3-е изд.,испр. и доп.-М.:Академия,2004.-432с.

  3. Еленевский А.Г. и др. Ботаника высших, или наземных растений Учеб.для педвузов.-М. Академия, 2000.-429с.

  4. Грибы [ Электронный ресурс]:мультимедийная энциклопедия.-[2005].-1 CD; 102 Мб.





жүктеу 97,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау