- Энергетикалық процесстерде оттегін пайдаланатын микроорганизмдерде көміртектің өзгеруі анаэробтарға тән реакциямен басталады. Бірақ анаэробты тыныс алудың бір жолымен түзілген пиро жүзім қышқылы сутегінің соңғы акцепторы ретінде аэробты микроорганизмдермен қолданылмайды, ол аз ғана мөлшердегі энергия бөлу арқылы ары қарай тотығады.
- Көптеген аэробты микроорганизмдерде пирожүзім қышқылы үш ферменті бар ферменттік жиынтықтың әсеріне ұшырайды. Ол ферменттердің біреуі пирожүзім қышқылының декарбоксилденуін, екіншісі НАД+-қа сутегінің тасымалдануымен оның дегидрленуін катализдейді, ал үшіншісі ацетилді топты акцептірлеп, ацетил-КоА-ны босатады. Осылайша пирожүзім қышқылының ацетил – КоА–ға дейін қышқылды декарбоксилденуі жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |