Жоспарланған шығындар үй шаруашылықтарының, фирмалардың, үкімет және сыртқы әлемнің тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсауға жоспарлаған сома болып табылады.
Нақты шығындар жоспарланған шығындардан айырмашылығы- сату деңгейіндегі күтпеген өзгерістер пайда болған жағдайларында фирманың жоспарланбаған инвестицияларды тауарлы- материалды қорларға құюы.
Табыс жоспарланған шығындарға тең болған кезде жоспарланған және фактілі инвестициялар мен қорлар да теңеседі, яғни макроэкономикалық тепе- теңдік орнайды.
Y0 шығарудың тең өлшемді деңгейі жиынтық шығындардың кез келген компонент: тұтыну, инвестиця, мемлекеттік шығындар немесе таза экспорт шамасының өзгеруіне сәйкес тербеледі.
IS қисығы жоспарланған шығын табысқа тең болуын сипаттайтын пайыздық мөлшерлеме деңгейінің шығару деңгейімен үйлесуін көрсетеді. Мультипликатор неғұрлым аз болса және инвестициялық шығындар пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне неғұрлым сезгіш болмаса, соғұрлым IS қисығы тік болады.
Автономды шығындардың мультипликаторы- тең өлшемді ЖҰӨ өзгерісінің автономды шығындардың кез келген компонентінің өзгерісіне қатынасы. Мультипликатор автономды шығындар өзгерісінен туындаған іскерлік белсенділіктің тербелістерін күшейтетін экономикалық тұрақсыздылықтың факторы болып табылады. Сондықтан Үкіметтің салық- бюджет саясатының негізгі мақсаттарының бірі экономиканың реттеуіштерін құру болып табылады.Ал ол өз алдына тұтынуға шекті бейімділік шамасын салыстырмалы төмендету жолымен мультипликация әсерін азайтуға мүмкіндік берер еді.
Бақылау сұрақтары:
Игіліктер нарығының құрылуының тұтыну және сақтау функцияларына тәуелділігін сипаттаңыз
Инвестициялар мультипликаторы, мемлекеттік шығындардың және салық мультипликаторының қызметіне мысал келтіріңіз
Жеке инвестицияларды ығыстыру тиімділігінің нәтижесі неде?
IS моделіне график құрып, талдаңыз
Тауар нарығының тепе- теңдік жағдайына фискалды саясаттың әсерін сипаттаңыз.
Дәрістік сабақтың құрылымы.
12 тақырып. Ақша нарығын талдау.
Дәрістің мазмұны:
Ақшалай агрегаттар және ақша нарығы: ақша сұранысының факторлары және ақшаны ұсыну ерекшеліктері.
Фишер теңдеуі.
Ақша базасы мен ақша массасы. Ақшалай мультипликатор.
Орталық банктың реттеуші әрекеттері және ҚР Ұлттық банкінің тұрақтандыруының ерекшеліктері.
Ақша төлеу құралы болып табылады, сондай- ақ ол құндылықты өлшеу және сақтау ретінде қолданылады. Айналымдағы барлық ақшаның жиынтығы ақша массасын құрайды.
Ақша сұранысы экономикалық субъектілердің белгілі уақыт кезеңінде өз қолданысында берілген активтың белгілі бір шамасын иелену талпынысын сипаттайды.
Айырбастаудың сандық теңдеуінің екі нұсқасы белгілі: Фишер теңдеуі және кембридждік теңдеу.
Фишер теңдеуі: M* v = P*y
Кембридждік теңдеу: y = (1/k)*(M/P)
Кейнсиандық концепциядағыдай Баумоль-Тобин моделінде де ақшаға сұраныс экономикалық субъектінің ақшалай қорын оңтайландыру көзқарасынан қарастырылады. Бұл модель үй шаруашылықтарының ақшалай сұранысын анық сипаттайды, ал ақшалай табысының шамасы тұрақсыз фирмалар үшін модель тек тұрақсыздық факторын есепке алу барысында ғана қолданылады.
Ақшаға сұраныс нақты ақшаға сұраныс болып табылады, яғни ол бағалар деңгейінің өзгерісіне тура пропорционалды өзгереді. Инфляция жылдамдығының өсуімен нақты кассаға сұраныс төмендейді, ал инфляцияның төмендеуімен керісінше өседі.
Егер банктік жүйемен құрылған барлық ақша мөлшері « халықтың» қолындағы бар ақша түрінде немесе мерзімсіз банктік салымдар түрінде еркін ұсталса, онда ақша нарығында тепе- теңдік орнайды. Ақша нарығында тепе- теңдік тек пайыздық мөлшерлеме мен нақты ұлттық табыс шамаларының белгілі үйлесу жағдайында ғана орнатылуы мүмкін, себебі бұл параметрлер қысқа мерзімді ақша ұсыныстары мен сұраныстарының көлемін анықтайды. Осындай көптеген үйлесулердің графикалық түрі LM қисығымен көрсетілген.
LM қисығы үш ерекше бөлімді қарастырады: кейнсиандық, аралық және классикалық. Нақты ақша мөлшеріне ұсыныстың өсуі және ( немесе) нақты кассаға сұраныстың төмендеуі жағдайында LM қисығы оңға қарай бағытталады; М/Р төмендеуі және ( немесе) l (y, i) өсуі кезінде LM қисығы солға қарай бағытталады.
Неоклассикалық концепция бойынша « халық» ақшаны тек келісім үшін қолданатындықтан, ақша нарығындағы тепе- теңдік шарты ақша теориясының мөлшерлік теңдеу түрін қабылдайды: М/Р = ny = y/VÞ MV = Py. Берілген V және у шамаларына сәйкес тепе- теңдік Р- ң М- ға тура пропорционалды өзгеру есебінен орнатылады. Неоклассикалық пен кейнсиандық концепциялар арасындағы негізгі айырмашылықтарының бірі мынамен айқындалады: біріншісінде пайыздық мөлшерлеме ( капиталды) игіліктер нарығында анықталса, екіншісінде- ақша нарығында анықталады.
Бақылау сұрақтары:
Ақша және ақша агрегаты дегеніміз не?
Ақша сұранысын туындататын себептер мен факторлар қандай?
LM моделінің графигін құрып, талдаңыз
Ақша мультипликаторының қызметіне шартты мысалдар келтіріңіз
ҚР Ұлттық банкінің мысалында орталық банктің негізгі тұрақтандырушы операцияларын анықтаңыз
Дәрістік сабақтың құрылымы.
13 тақырып. IS-LM моделі.
Дәрістің мазмұны:
Тауар және ақша нарығындағы тепе- теңдік. IS- LM моделі. AD- AS және IS-LM модельдерінің өзара байланысы.
Жоюшы әрекет. Жеке инвестицияларды ығыстыру тиімділігі.
IS-LM моделіндегі ақша- несие және салық- бюджет саясаттары
Кейнсиандық модель бойынша игіліктер, ақша және капитал нарықтарының біріккен тепе- теңдікке жету шарты IS және LM қисықтарының қиылысуымен анықталады. Олардың қиылысу нүктесі пайыздық мөлшерлеме мен ұлттық табыстың нақты шамаларын көрсетеді, ал бұл шамаларға сәйкес аталған үш нарықта да сұраныс пен ұсыныс бір- біріне тең болады. Игіліктер, ақша және капитал нарықтарының біріккен тепе- теңдігі тұрақты болып табылады. Игіліктер, ақша және капитал нарықтарының біріккен тепе- теңдігіне сәйкес игіліктерге сұраныс көлемі Дж. Кейнспен « тиімді сұраныс» деп аталды.
Игіліктер нарығындағы тепе- теңдіктің экзогенді бұзылуы несие нарықтарының күйлеріне әсер етеді, және керісінше. Игіліктер нарығындағы берілген ақша ұсынысына сәйкес автономды сұраныстың өсуі ақша нарығында келісімдерге жұмсалатын ақша сұранысының өсуінен туындаған тапшылықтың пайда болуына әкеледі. Нәтижесінде пайыздық мөлшерлеме өседі, ал инвестициялық сұраныс төмендейді, осыдан жиынтық сұраныстың мультипликатты қысқарулары туындайды. Осылайша ақша нарығы автономды шығындар мультипликаторының қызметін тоқтатады. Ақша нарығында ұсынысты арттыру немесе пайыз мөлшерлемесін төмендету көмегімен сұранысты қысқарту игіліктер нарығындағы жиынтық сұранысты ынталандырады.
IS-LM модель шеңберіндегі бағалар деңгейінің өзгерісі жиынтық сұраныстың шамасына үш тиімділік арқылы әсер етеді: Кейнс (Р, М/Р¯, i, I¯, y¯), Пигу (Р, М/Р¯, С¯, у¯) және таза экспорт (Р, Е¯, Z, y¯). Игіліктің жиынтық сұранысының бағалар деңгейіне тәуелділігі жиынтық сұранысының функциясы деп аталады. Аталған үш тиімділіктің қызметі бағалар деңгейінің өсуіне, ал ол өз алдына жиынтық сұраныстың төмендеуіне әкеледі, және керісінше. Жиынтық сұраныстың қисығы IS және LM қисықтарының қиылысу нүктесіндегі бағалар деңгейінің өзгерісіне ауыспалы проекция ретінде құрылады. IS қисығының бағытына сәйкес yd(P) қисығы дәл сол бағытта ауысады. Жиынтық сұраныстың қисығының жылжу қашықтығы және оның қисығының өзгеруі i, y тең өлшемді шамалардың LM қисығының қай бөлігінде орналасқанына байланысты. Егер LM қисығы ақшаның номиналды ұсынысының немесе нақты сұранысының өзгеру нәтижесінде өзгеретін болса, онда yd(P) да сол бағытта өзгереді.
Жиынтық сұраныс функциясының алгебралық түрі IS қисығының теңдеуіндегі LM қисығының теңдеуінен анықталған пайыздық мөлшерлеме шамасын қою жолымен анықталады.
Жиынтық сұраныс функциясының толық дифференциалы кейнсиандық модельдің игіліктер мен ақша нарықтарының өзара әрекеттесу моделі болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
IS- LM моделінің теңгерілу графигін құрып, талдаңыз.
AD- AS және IS-LM модельдерінің өзара байланысы қандай№
Жеке инвестицияларды ығыстыру тиімділігінің мағынасы мен практикалық бағыттылығы неде?
IS- LM моделіне фискалды және монетарлы саясаттың әсер ету мысалдарын келтіріңіз
Дәрістік сабақтың құрылымы.
14 тақырып. Инфляция мен жұмыссыздықты талдау.
Дәрістің мазмұны:
Макроэкономикалық тербелістер. Әлуетті және нақты ЖҰӨ.
Жұмыссыздық деңгейі. Оукен заңы.
Инфляцияның дамуының себептері мен факторлары. Сұраныс инфляциясы, шығындар инфляциясы. Болжамды және болжамды емес инфляция.
Инфляция қарқындылығы және шығару деңгейін құру. Филлипс қисығы. Антиинфляциялық саясат.
Инфляция дегеніміз бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ
бұл бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың функциясын ( инфляция мен инфляциялық күтулерді ескере отырып) жиынтық сұраныс пен ұсыныстың динамикалық функциясы деп аталады.
Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныстың автономды өсуі болған кезде көрініс табады, ол AD қисығының оңға қарай графикалық жылжуымен сипатталады.
Шығын инфляциясының теориясы баға деңгейінің өсуін орташа шығындардың өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіріледі. Графикалық түрде бұл AS қисығының жоғары қарай жылжуымен сипатталады. Ұсыныс инфляциясы өндірістік факторларға бағалардың өсуінен туындайды.
Ұсыныс сілкінісі ( шок) жиынтық сұраныс өзгерістерімен байланысты емес ұсыныстағы бұзушылықтарды сипаттайды. Белгілі бір жағдайларда экономикалық субъектілердің инвестициялық күтулері инвестициялық спиральдің қызмет ету механизмін қосуы мүмкін. Инвестициялық спираль ұсыныс пен сұраныс жағынан инвестициялық процестердің үйлесуі болып табылады.
Филлипс қисығы жұмыссыздық деңгейі мен шығындар инфляциясы арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Антиинфляциялық саясат белсенді және бейімдеушілік саясаттар деп бөлінеді. Белсенді саясат инфляцияны тудыртқан себептерді жоюға бағытталған. Бейімдеушілік саясат инфляция жағдайына бейімделуді, оның қарсы әсерін азайтуға бағытталған.
Экономикалық циклдердің теориясы экономикалық белсенділіктің уақытша тербелу динамикасын зерттейді, олардың себептерін талдайды және пайда болу мен дамуының механизмдерін түсіндіреді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеру қасиеті мен бағыты экономикалық конъюнктура деп аталады.
Экономикалық циклды екі бірдей сапалы экономикалық конъюнктура арасындағы уақытша интервал ретінде анықтауға болады.
Табиғи жұмыссыздық жұмысқа орналасуға дайындалып жүрген немесе біліктілігіне сай жақсырақ жұмыс қарастырып жүрген адамдар тобынан құралады.
Оукен заңына сәйкес: конъюнктурлы жұмыссыздықтың бір пайыздық пунктқа өзгерісі конъюнктуралық жарылыстың g пайыздық пунктқа тура пропорционалды өзгерісін тудырады. Толық жұмысбастылықтың ұлттық табыс шамасының өсуі шартында Оукен қисығы жоғары қарай жылжиды, азаюы кезінде- төмен, табиғи жұмыссыздық нормаларының ұлғаюы кезінде қисық оңға қарай, ал азаюы жағдайында солға қарай бағытталады.
Мемлекеттік тұрақтандыру саясатын мемлекеттің жұмыссыздық пен инфляция дамуын тоқтатуға, экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған экономикалық шаралар жүйесі ретінде қарастыруға болады. Экономикалықт конъюнктураның күйіне байланысты тұрақтандыру саясатының мақсаттары өзара толықтырушылық, өзара ауыспашылық немесе бейтараптылық қатынастарына түседі; бұл нақты жағдайдағы тұрақтандыру саясатының тәсілдемесін анықтайды.
Белсенді тұрақтандыру саясатының кері әсері де болуы мүмкін, яғни мемлекеттік қарыз мөлшерінің өсуі ықтимал.
Фискалды саясат мемлекеттік шығындардың шамасы мен құрлымын, трансферттік төлемдер көлемі мен салық салу жүйелерін құрастыру арқылы экономикаға әсер ету қызметі. Мемлекеттік шығындар мемлекетпен тауар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік бағдарламаларды ( мемлекеттік қызметкерлердің еңбегінің жалақысын төлеуді қосқанда) орындау мақсатындағы сатып алулар болып табылады.
Мемлекеттік бюджет заңды түрде бекітілген белгілі кезең ішіндегі мемлекеттік шығындар мен табыстар есебі болып табылады.
Бюджеттік тапшылық- мемлекеттік шығындардың табыстардан асу сомасы. Мемлекеттік қарыз- бюджеттік шығындарды қоспағанда бюджеттік тапшылықтардың жинақталған сомасы.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері: ақша- несие эмиссиясы ( тиын шығару); займ шығару; мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.
Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж- ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.
Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.
Төлемдер балансының кризисі ( төлем балансының көптен жиналған тапшылығы) мемлекеттің ұзақ уақыт бойы ағымдағы операциялар бойынша тұрақтандыру шараларын кейінге қалдыру және өзінің ресми валюталық резервтерін әлсіретту нәтижесінде пайда болады. Макроэкономикалық түзету төлемдер балансының кризисі мен сыртқы қарыз кризисін женудің жалғыз әдісі болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
Әлуетті және нақты ЖҰӨ арасындағы айырмашылық.
ЖҰӨ өзгеру қарқындылығы мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы байланыс неде?
Жұмыссыздық деңгейін өлшеуге шартты мысалдар келтіріңіз.
Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы қандай байланыс болуы мүмкін?
Болжамды және болжамды емес инфляцияда қандай шығындар болуы мүмкін?
Қазастанда инфляцияны төмендету үшін қандай шаралар қолданылып жатыр?
Төлемдер балансының кризисі неден тууы мүмкін және оны жену әдістері қандай?
Дәрістік сабақтың құрылымы.
15 тақырып. Экономикалық өсудің макроэкономикалық талдауы.
Дәрістің мазмұны:
Экономикалық өсу және оны өлшеу. Өсудің факторлы моделі. Факторлардың жалпы өнімділігі.
Солоудың ұзақ мерзімді өсу моделі. Қор жинаудың « алтын ережесі». Халықтың және технологиялық прогресстің өсуінің әсері.
Дамыған және дамушы елдердегі экономикалық өсудің ерекшелігі
Экономикалық өсу ұғымын экономиканың тұрақты дамуы деп түсінеміз, яғни ұлттық табыс пен жалпы ұлттық өнім көлемінің өсу процесі.
Экономикалық өсу нақты жалпы ішкі өнімнің абсолютті мәнде және адам басына шаққандағы өсімін сипаттайды. Эконмикалық өсу динамикасының негізгі көрсеткіштері болып мыналар табылады:
ЖІӨ немесе ҰТ көлемінің өсуі
адам басына шаққандағы ЖІӨ немесе ҰТ өсу қарқындылығы
жалпы, белгілі бір секторлар және адам басына шаққан бойынша өнеркәсіптік өндірісінің өсу қарқындылығы
Өндірістік функция шығару көлемін өндіріс факторларының шығындарымен және технология дәрежесімен байланыстырады.
Кобба-Дугластың өндірістік функциясы экономиканың өндірістік ресурстарды қалай қолданып дайын өнім алатыны туралы сипаттайды. Кобба-Дугластың функциясы келесі түрге ие:
Y = F (K, L) = AKaL1-a
Көптеген өндірістік функциялардың ішінен экономикалық өсудің үш факторын белгілейді: еңбек, капитал және техникалық прогресс. Өндірістік функция негізіндегі ЭӨ алғашқы факторлы моделі нобель лауреаты Р.Солоу мен 1957 жылы ұсынылған. Модель неоклассикалық мектептің ұстанымдары шегінде құрылған: жетілген бәсекелестік, бағалар икемділігі, өндіріс факторларының өзара алмасуы және толық жұмысбастылық. Солоу моделі қарапайым модель болып табылады, онда үй шаруашылықтары мен фирмалар ғана сипатталған.
ЭӨ үш негізгі факторлар тобын бөліп алуға болады: сұраныс факторары, ұсыныс факторлары және тарату факторлары. Солоу моделінің маңыздылығы қор жинаудың алтын ережесімен- экономикалық өсуді оңтайландыру шартымен сипатталуы.
Техникалық прогресстің жоқтығы адам басына шаққандағы тұтынудың максималды шарты қор сақтуға шекті бейімділік капитал бойынша шығарудың икемділігіне тең болған жағдайында орнайды.
Бақылау сұрақтары:
Эконмикалық өсудің қарқындылығы мен деңгейіне қандай факторлар әсер етеді?
Эконмикалық өсуге қор сақтау нормлары мен технологиялық прогресстің әсер сипатаңыз
ҚР қазіргі экономикалық өсуінің ерекшелігі неде?
3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР.
Практикалық семинар сабағының құрылымы:
1 тақырып. Микро және макроэкономика пәні, мақсаты және әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Тақырыпта курстың мазмұны мен міндеттері, микро және макроэкономикалық талдау ұғымы, оның мақсаты мен құрылымы қарастырылуы керек. Берілген пәннің зерттеу әдістемесімен танысу.
Бақылау сұрақтары:
Микро және макроэкономикалық талдау нені знрттейді?
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді?
Берілген пәнді зерттеуде қандай әдістер қолданылады?
Әдістемелік нұсқаулар:
Берілген курсты игеру кезінде микро және макроэкономикалық теорияның негізгі ұғымдарына көңіл бөлу қажет. Оқу барысында келесі әдебиеттерді қолдануға болады: Нуреев Р.М. Курс микроэкономики. – М.; Норма, 200, с. 44-50, Емцов Р.Г., Лукин М.Ю. Микроэкономика – М.: Дис, 1997, с. 11-22
Р.Дорнбуш, С.Фишер Макроэкономика – МГУ, ИНФРА-М, 1997г., с.13-62, 70-74
2 тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориларын талдау негіздері және олардың икемділігі.
Сабақтың мақсаты: Тақырыпта сұраныс пен ұсыныс ұғымдары зерттелген. Сұраныс пен ұсыныстың негізгі бағалы және бағалы емес факторлары. Нарықтық тепе- теңдік, баға теңгерілімі, нарық тапшылығы және өндіріс шығыны сияқты ұғымдармен танысқан дұрыс. Баға бойынша сұраныстың икемділігі ұғымын зерттеп, икемділік түрлері мен факторларын анықтау керек. Нүктелік және доғалық икемділіктің мағынасын ашу. Сұраныстың қиылысқан икемділігімен және табыс бойынша сұраныс икемділігімен танысу. Сұраныс икемділігіне анықтама беру.
Бақылау сұрақтары:
Сұраныс пен ұсыныс дегеніміз не?
Сұраныс пен ұсыныстың негізгі факторларын атаңыз, олардың әсерін сұраныс пен ұсыныс қисығымен көрсетіңіз
Сұраныс заңы мен ұсыныс заңының мағынасы неде?
Нарықтық тепе- теңдік нені сипаттайды?
Баға бойынша сұраныстың икемділігі: түсінігі, өлшеу, түрлері, факторлары нені сипаттайды? Нүктелік және доғалық икемділік.
Баға және табыс бойынша сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін ашыңыз.
Ұсыныс икемділігі: түсінігі, өлшеу, факторлары. Ұсыныс икемділігінің үш кезеңі.
3 тақырып. Тұтынушылар талғамы теориясын талдау.
Сабақтың мақсаты: Кардиналисттік концепция көзқарасынан пайдалылық ұғымын зерттеу, талғамсыздық қисығы мен бюджет шектеулігі қисығының графикалық түрлерін ұсыну және мәндерін ашу. Табыс және алмастыру әсерлері ұғымдарымен танысу, мысалдар қарастыру. Энгель қисығын, « Баға- тұтыну» және « Табыс- тұтыну» сызықтарын зерттеу.
Бақылау сұрақтары:
Игілік және тұтынушылық таңдау маңыздылығы (кардиналистік концепция).
Талғамсыздық және бюджет шектеулігі қисықтары.
Тұтыну оптимумы. Ішкі және бұрышты шешімдер
Табыс және алмастыру әсерлері.
« Табыс- тұтыну» сызығы және Энгель қисығын.
« Баға- тұтыну» сызығы. Жеке және нарық сұраныстарының қисықтарын құру.
4 тақырып. Өндіріс шығындары мен экономикалық табыс.
Сабақтың мақсаты: Бухгалтер мен экономистер көзқарасынан шығындар мен табысқа анықтама беру. Фирма шығындарының негізгі түрлерін атаңыз. Ұзақ мерзімді кезеңде шығындар функциясы деген нені білдіреді.
Бақылау сұрақтары:
Шығын мен табыс: экономилық және бухгалтерлік тәсілдеме.
Қысқа мерзімді шығындар: түрлері, динамика, байланыс.
Изокоста.
Ұзақ мерзімді кезеңде шығындар функциясы.
5 тақырып. Өндірістің ресурстық факторлары. Ресурстар нарығында
бағалар құру.
Сабақтың мақсаты: Өндіріс факорларының нарықтары ұғымын зерттеу.
Жалақы түрлеріне айырмашылыұқ беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Ресурстарға сұраныс.
2. Жерді ұсыну ерекшеліктері.
3. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс сипаттамасы.
6 тақырып. Жалпы тепе- теңдікті, экономикалық тиімділікті және қоғамдық игіліктерді талдау.
Сабақтың мақсаты: Жалпы тепе- теңдіктің теңдеулер жүйесін қарастыру. Ауысу, өндіріс және шығару тиімділігін зерттеу. Қоғамдық игіліктер ұғымының анықтамасымен танысу.
Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекеттің тұрақтандырушы ролі.
2. Парето бойынша тиімділік.
7 тақырып. Шығындарды анықтау, бәсекелес және бәсекелес емес нарықтар жағдайында өндіріс бағасы мен көлемі.
Сабақтың мақсаты: Таза монополия нарық моделіне анықтама беру. Таза монополисттің шекті табыс қисығын қарастыру және талдау. Қысқа мерзімде таза монополисттарға пайданың максималдану жағдайын ашу.
Бақылау сұрақтары:
1. Таза монополия нарық моделі
2. Таза монополисттің шекті табыс қисығы
3. Қысқа мерзімде таза монополисттарға пайданың максималдану жағдайы. Ұзақ мерзімді монополиялық тепе- теңдік.
8 тақырып. Ұлттық есеп жүйесі.
Сабақтың мақсаты: ЖҰӨ және ЖІӨ есебінің ерекшеліктерін зерттеу. Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерінің динамикасын қарастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Бағалар индексі, нақты ЖҰӨ және дефлятордың шартты есептерін келтіріңдер.
2. Ұлттық табысты шегеру және қосу тәсілдерімен қалай есептеуге болады?
3. Қазақстан Республикасының 2003-2008 жж сәйкес ЖІӨ динамикасы қандай?
Әдістемелік нұсқаулар:
Берілген тақырыпты игеру кезінде макроэкономикалық теорияның негізгі ұлттық есептер жүйесінің көрсеткіштеріне, оның Қазақстан Республикасы бойынша динамикасына көңіл бөлу қажет. Оқу барысында келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика, с.14-33; в качестве дополнительного учебник Айдарханова М.Х. Основы экономической теории: раздел «Макроэкономика», с. 218-222, 230-239.
9 тақырып. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты талдау.
Сабақтың мақсаты: жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс ұғымдарын, олардың факторларын, графикалық талдауын қарастыру. Макроэкономикалық тепе- теңдікте классикалық және кейнсиандық модельдердің айырмашылығын табу.
Бақылау сұрақтары:
1. Жиынтық сұранысытың мәні. Жиынтық сұраныс қисығының түрін сипаттаңыз.
2. Жиынтық сұраныс қисығының жылжуына қандай факторлар әсер етеді?
3. Жиынтық ұсыныстың мәні. Жиынтық ұсыныс қисығының түрін сипаттаңыз.
4. Жиынтық ұсыныс қисығының жылжуына қандай факторлар әсер етеді?
5. Макроэкономикалық тепе- теңдік бағалар өсуіне қалай әсер етеді?
Әдістемелік нұсқаулар:
Жиынтық сұраныс пен ұсыныстың жеке сұраныс пен ұсыныстан айырмашылығына көңіл бөлу қажет. AD-AS модельдерінің графиктерін құрып, талдау кажет. Оқу барысында келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» с.64-77.; в качестве дополнительного учебник Айдарханова М.Х. Основы экономической теории: раздел «Макроэкономика», с. 222-229.
Достарыңызбен бөлісу: |