«Микро-макроэкономикалық талдау» пәні бойынша


тақырып. Өндіріс және еңбек нарығы



жүктеу 1,08 Mb.
бет4/6
Дата05.02.2018
өлшемі1,08 Mb.
#8729
1   2   3   4   5   6

10 тақырып. Өндіріс және еңбек нарығы.

Сабақтың мақсаты: Классикалық және кейнсиандық модельдерді ескере отырып еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктерін графиктерді құру және талдау жолымен қарастыру. Қазақстанның еңбек нарығының мәселелері мен перспективаларын зерттеу.
Бақылау сұрақтары:

1. Классикалық және кейнсиандық көзқарасынан еңбекке сұраныс пен ұсыныстың ерекшелігі неде?

2. Еңбек нарығында тепе- теңдік қалай орнайды?

3. Қазақстандық еңбек нарығының құрылымының ерекшелігін сипаттаңыз.


Әдістемелік нұсқаулар:

Ең алдымен, өндіріс факторларының теориясын еске түсіру кажет. Өндірістік функцияны, еңбектің нақты жалақы шамасын анықтау керек. Жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтарының графиктерін құрып, талдау қажет. Оқу барысында келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Р. Дорнбуша, С.Фишера Макроэкономика.-М.,1997., с. 492-496.




11 тақырып. Игіліктер нарығы.

Сабақтың мақсаты: Тұтыну, сақтау, инвестициялық функцияларды графикалық талдау негізінде анықтау. Инвестиция мультипликаторын, мемлекеттік шығындар мен салықтар мультипликаторын қарастыру. Тауарлар нарығындағы тепе- теңдікті IS қисығын құру және фискалды саясатты ескере отырып зерттеу.
Бақылау сұрақтары:

  1. Кейнс заңының психологиялық мәні неде?

  2. Шекті бейімділіктің тұтынуға өзгерісі инвестициялық мультипликаторға қалай әсер етеді? Жауабыңызды санды мысалдармен келтіріңіз.

  3. Мультипликатор мен акселератор арасында қандай айырмашылық?

  4. Инвестицияларға сұраныс қандай факторлаға тәуелді?

  5. Мемлекеттік фискалды саясаттың тауарлар нарығының тепе- теңдігіне әсерінің мысалдарын айтыңыздар.


Әдістемелік нұсқаулар:

Тұтыну, сақтау функцияларын және тұтыну мен сақтауға шекті бейімділікті анықтау. Осының негізінде инвестиция мультипликаторын, мемлекеттік шығындар мен салықтар мультипликаторын шығару. Игіліктер нарығындағы тепе- теңдікті IS қисығын құрып, талдау жасау жолымен зерттеу. Оқу барысында келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Л.С. Тарасевич., В.М. Гальперин «Макроэкономика» с. 45-81



12 тақырып. Ақша нарығын талдау.

Сабақтың мақсаты: бұл тақырыпта ақшалай мультипликатор, Фишер теңдеуін талдау, Баумоль-Тобин моделі сияқты ұғымдарды игеру қажет. LM қисығын құрып, оны өлшей білу керек. Ақша нарығындағы тепе- теңдікті және оның құралдарын қарастыру тиіс.
Бақылау сұрақтары:

1. Ақша нарығындағы тепе- теңдікте тұр делік. Орталық банк ақша ұсынысын қысқарту туралы шешім қабылдап, оны жүзеге асырмақшы. Ақша нарығындағы өзгерістер (пайыздық мөлшерлеме, облигациялар курсы және т.б. ) қалай жүреді?

2. Сіздің ойыңызша қандай себептермен банк зиянды резервтерді ұстауы мүмкін, яғни Орталық банкпен белгіленген сомадан жоғары мөлшерін пайда алу мақсатынсыз сақтайды?
Әдістемелік нұсқаулар:

Берілген тақырыпты игеру кезінде экономикалық теориядан ақшаның мәні мен функциясы, ақша агрегаттары, ақша айналымының жылдамдығы, Фишер теңдеуі сияқтыларды қайталап алу керек. Ол үшін келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Чепурина М.Н., Киселева Е.А. «Курс экономичекой теории» с. 411-434. Для того, чтобы уметь построить кривую LM и дать анализ равновесия на денежном рынке рекомендуем использовать учебник Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» с.134-148


13 тақырып. IS-LM моделі.

Сабақтың мақсаты: Берілген тақырыпты игеру кезінде магистрант IS-LM моделін құра білуі, Кейнс мультипликаторы ұғымын, IS-LM және AD-AS модельдерінің байланысын қарастыруы керек. IS-LM моделінің тепе- теңдік талдай, сонымен қоса фискалды және монетарлы саясатттың оған әсер етуін білуі қажет.

Бақылау сұрақтары:

  1. IS-LM графиктерін құрыңыз

  2. IS-LM жабық экономикамен және жиынтық сұраныспен байланысын көрсетіңіз

  3. IS-LM тепе- теңдігін қамтамасыз ететін жағдайлар

  4. Пайыздық мөлшерлеменің өзгерісі IS-LM моделіне қалайша әсер етеді?



Әдістемелік нұсқаулар:

Материалды игеру үшін IS-LM және AD-AS модельдерін, макроэкономикалық саясаттың жиынтық сұранысқа әсерін зерттеу керек. Ол үшін келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» с.173-189



14 тақырып. Инфляция мен жұмыссыздықты талдау.

Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі мақсаты макоэономикалық динамикаларды, инфляцияны, сұраныстар сілкіністері, Филлипс қисығы, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді инфляция ұғымдарын қарастыру.
Бақылау сұрақтары:

1. Жұмыссыздықтың мәні ашып, түрлерін атаңыз

2. Жұмыссыздық деңгейі қалай есептеледі?

3. Номиналды жалақы нақта жалақыдан немен ерекшеленеді? Мысал келтіріңіз

4. Сіздің ойыңызша жұмыссыздықты кім реттеу керек?

5. Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы байланысты көрсетіңіз. Филлипс қисығы не үшін керек?



Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тақырыпты игеру кезінде инфляция мен жұмыссыздықтың анықтамасы мен мәнін, бұл категориялардың түрлері мен типтерін, күресу сбептері мен әдістерін, ҚР инфляциялық процестерінің ерекшеліктері сияқтыларды қайталап алған жөн. Ол үшін келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Чепурина М.Н., Киселева Е.А. «Курс экономичекой теории» с. 387-409, 511-539. Особое значение следует уделить внимание на формирование темпа инфляции в краткосрочном и долгосрочном периоде, а также социально-экономическим исследованиям и антиинфляционной политике. Рекомендуется использовать учебник Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» с.202-215. При рассмотрении таких понятий как инфляционный налог и сеньораж, проблемы платежного баланса и переход к плавающему обменному курсу, рекомендуется использовать учебник Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» с.361-376.

15 тақырып. Экономикалық өсудің макроэкономиаклық талдауы.

Сабақтың мақсаты: бұл тақырыпта факторлы өсу моделін, Солоудың зақ мерзімді моделін, сонымен қоса модельдің графикалық құрылу түрін және қор жинаудың « алтын ережесін» ұғыну кажет.
Бақылау сұрақтары:

  1. Экономикалық өсуді не туындатады?

  2. Экономикалық өсу динамикасының негізгі көрсеткіштерін атаңыз?

  3. Экономикалық өсудің факторлы моделінің мәні неде?

  4. Экономикалық өсудің дәрежесіне қандай факторлар әсер етеді?


Әдістемелік нұсқаулар:

Факторлы модель және Солоу моделі, капиталды жинау және эндрогенді өсу ұғымдарын игеру үшін экономикалық өсудің мәні, типі, факторлары сияқтыларды қайталап алу керек. Ол үшін келесі әдебиеттерді қолдану ұсынылады: Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» с.222-238.



4. КУРСТЫҚ ЖҰМЫС НЕМЕСЕ ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ( ЖҰМЫС).
Курстық жұмыс немесе дипломдық жоба ( жұмыс) берілген пән бойынша қарастырылмаған.



  1. МАГИСТРАНТТЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Магистранттың өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.


« Микро және макроэкономикалық талдау» пәні бойынша магистранттың өздік жұмысы ( МӨЖ) магистранттардың өздерімен жеке орындалады. Магистрант 5.1.1. кестесінде берілген әр бір тақырып бойынша бір сұрақты алып, оны ғылыми және көркем әдебиеттердің көмегімен талдайды. МӨЖ зерттелген сұрақтың тақырыбы, магистранттың аты- жөні, пәннің атауы жазылған титул бетінен, зерттелген ақпараттан және жұмысты жазу кезінде қолданылған әдебиеттер тізімінен тұруы керек. МӨЖ А4 форматында 5 бетке дейінгі көлемде жазылады.

    1. рефераттар мен бақылау жұмыстарының тақырыптар тізімі.



      1. Магистранттардың білімін тексеруге арналған тест:


Тақырып 1. Микро и макроэкономкалық талдау пәні, мақсаты мен әдістері


  1. Қандай экономикалық ғылымда келесі жағдай қарастырыады:

А. Адамдардың қажеттіліктері шексіз және олар шексіз ресурстарды қоданады

В. Адамдардың қажеттіліктері шекті және олар шексіз ресурстарды қоданады

С. Адамдардың қажеттіліктері шексіз, бірақ олар ресурстардың шектілігіне тап болады

D. Адамдардың да, ресурстардың қажеттілігі шектеулі

E Ресурстар қажетіліктерге қарағанда көп


  1. Микроэкономка нені зерттейді:

А. Жеке адамдардың, үй шаруышылықтарының, ұйымдар мен нарықтардың қызметін

В. Ұлттық экономиканы бірыңғай жүйе ретінде

С. Халықаралық сауда

D. Инфляция мен жұмыссыздық мәселелерін

E. Ммелекеттің бюджет- салық және бюджет- ақша саясатын


  1. Макроэкономиканың ғылымының қай анықтамасы дұрыс:

А. Бұл тұтынушылар талғамы мен фирма теориясын біріктіретін ғылым

В. Экономиканы бірыңғай жүйе ретінде қарастыратын ғылым

С. Ресурстардың әрекет ету жағдайларын, инфляция деңгейін төмендетуді, төлем балансының тепе- теңдігін және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін ғылым

D. В және С жауаптары дұрыс

E. Жауаптардың бәрі дұрыс


  1. Макроэкономиканың агрегатталған шамалары, мысалға, келесіні сипаттайды:

А. Жеке фирма өнімін шығару

В. Инфляция деңгейін

С. Жұмыссыздық деңгейін

D. Алмалар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс

Е. В және С жауаптары дұрыс


  1. Макроэкономиканың позитивті тәсілдемесі:

А. Қазір қолданып жатқан салық заңдылығына негізделген экономикалық саясат

В. Қазір қолданып жатқан салық заңдылығын сынау

С. « Экономикада қалай болу керек?» деген сауалға жауап беру

D. Экономиканың нормативті акттерін орындау

Е. Үкіметпен бекітілген бағытқа сәйкес экономикалық саясат
Тақырып 2. Сұраныс пен ұсынысты талдау негіздері және олардың икемділігі.


  1. Сұраныс заңы бойынша...

А. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым сұраныс көлемі аз болады

В. Бағаның жоғарылауы сұраныстың төмендеуіне әкеледі

С. Бағаның төмендеуі сұрыныстың өсуіне әкеледі

D. Неұрлым сұраныс аз болса, соғұрлым ұсыныс көп болады

Е. Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұраны көлемі де көп болады
2. Тауарлар ұсынысының факторы болып табылады:

А. Өндірісте қолданылатын технологиялар деңгейі

В. Өндіріс шығындарын азайту деңгейі

С. Өндірілетін тауарлардың ресуртарына бағалар

D. Өнімді дайындаушыға салынатын салықтар

Е. Жоғарыдағының бәрі дұрыс


3. Егер бағаның 4% төмендеуі сұраныс көлемін 5% жоғарлатса, онда берілген сұраныс...

А. Икемді емес

В. Жартылай икемді

С. Икемді

D. Абсолютті икемді

Е.Абсолютті икемсіз


4.Бағалық икемділіктің коэффициенті келесіге тең:

А. Баға өзгерісіне ( % түріндегі) бөлінген көлем сұранысының өзгерісі ( % түріндегі)

В. Сұраныс көлемінің өзгерісіне ( % түріндегі) бөлінген жалпы табыс өзгерісі ( % түріндегі)

С. Баға өзгерісіне ( % түріндегі) бөлінген жалпы табыс өзгерісі ( % түріндегі)

D. Сұраныс көлемінің өсуіне бөлінген баға түсімі

Е. Бәрі дұрыс емес


5. Абсолютті икемді сұраныс қисығы:

А. Тігінен

В. Көлденең

С. Қисық сызық

D. Кері иілген түзу сызық

Е. Тура иілген түзу сызық


Тақырып3. Тұтынушылық таңдау теориясын сараптау.


  1. Микроэкономикадағы « шекті» ұғымы:

А. Өлшенетін экономикалық шаманың кішкентай өзгерісі

В. Өлшенетін экономикалық шаманың қосымша өзгерісі

С. Өлшенетін экономикалық шаманың елеусіз өзгерісі

D. Экономикалық шаманы өлшеу шегі

Е. Экономикалық процестің соңғы өзгерісі


  1. Өндірілетін тауардың қосымша біліктерін төмен бағамен сатып алу дайындығы мынамен түсіндіріледі:

А. Шекті пайдалылықтың кему заңы

В. Тұтынушы талғамы

С. Пайда тиімділігі

D. Сұраныс заңы

Е. Өндіріс тиімділігі


  1. Қандай тұжырым пайдалылыққа сәйкес:

А. Сатып алу қабілеттілігі

В. Тұтынушы талғамы

С. Игіліктің тұтынушлық қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті

D. Тауарлар сапасы

Е. Кез келген қажеттілікті қанағаттандыру қабілеті


  1. Қандай тұжырым бюджеттік сызық графигіне сәйкес келеді:

А. Табыстың өсуіне сәйкес талғамсыздық картасындағы тепе- теңдіктің барлық нүктелерін қосатын сызық

В. Тұтынушы табысының өсуін немесе кемуін көрсететін сызық

С. Сұраныс қисығына сәйкес келетін қисық

D. Ұсыныс қисығына сәйкес келетін қисық

Е. Бірдей шығындарды қажет ететін өнімдер жиынтығының көптігін сипаттайтын графикалық қисық


  1. Қай тұжырым табыс тиімділігіне сәйкес келеді:

А. Тауар бағасының төмендеу есебіне тұтынушы тауарды сатып алу көлемін ұлғайтады

В. Тұтынушы табысының біршама өсуі

С. Тауар бағасының төмендеуі тұтынушының тауарды сатып алу қабілетімен сипатталады

D. Тұтынушы сатып алынатын тауарлар жиынтығын өсіреді

Е. Тұтынушының сатып алу қабілетінің күрт жогарылауы



  1. Қай тұжырым ауысу тиімділігіне сәйкес:

А. Тауар бағасының төмендеу есебіне тұтынушы тауарды сатып алу көлемін ұлғайтады

В. Арзандаған тауарға сұраныс шамасының өзгеру үлесі, ол игілікерді осы тауармен ауыстыру есебінен жүреді

С. Тауар бағасының жоғарлауына байланысты тауар- алмастырғыш бағасының жоғарылауы

D. Минималды шығындар мен максималды табыстар арасындағы қатынас

Е. Бәрі қате


  1. Жеке тұтынушы үшін талғампаздық қисығының бағыты былайша сипатталады:

А. Оның қалауы мен табыс мөлшерімен

В. Сатып алынатын тауарлар бағасы мен табыс мөлшерімен

С. Таңдаумен, табыстар мөлшерімен және сатып алынатын тауарлар бағасымен

D. Тек сатып алынатын тауарлар бағасымен

Е. Тек оның таңдауымен
8. Тұжырымдардың қайсысы қате:

А. Талғамсыздық қисығының әр бір нүктесі екі тауар арсындағы комбинацияны көрсетеді

В. Бюджеттік қисығының әр бір нүктесі екі тауар арасындағы комбинацияны көрсетеді

С. Бюджеттік қисығының барлық нүктелері бірдей пайдалы деңгейді сипаттайды

D. Ұсыныс қисығы оң иілуге ие

Е. Сұраныс қисығы теріс иілуге ие


9. Егер видиомагнитафон бағалары төмендесе, онда таспаларға сұраныс қалай өзгереді?

А. Таспаларға сұраныс көлемі төмендейді

В. Таспаларға сұраныс өседі

С. Таспаларға сұраныс белгісіз болады

D. Таспаларға сұраныс көлемі өседі

Е. Таспаларға сұраныс төмендейді


Тақырып 4. Өндіріс шығындары мен экономикалық тиімділік.


  1. Экономикалық шығындар:

А. Құрамына нақты және нақты емес шығындардықосады, оның ішінде тұақты табыс та бар

В. Тек нақты шығындардан тұрады

С. Тек нақты емес шығындардан тұрады

D. Экономикалық табыстан тұрады

Е. Тұрақты табыстан тұрмайды


  1. Ұзақ мерзімде:

А. Барлық шығындар тұрақты болады

В. Барлық шығындар ауыспалы болады

С. Ауыспалы шығындар тұрақты шығындарға тең болады

D.Тұрақты шығындар ауыспалы шығындардан көп болады

Е. Ауыспалы шығындар тұрақты шығындардан көп болады


  1. Жалпа шығындар келесі соманы құрайды:

А. Бухгалтерлік және экономикалық шығындардан тұрады

В. Шекті және тұрақты шығындардан тұрады

С. Орташа тұрақты шығындар мен орташа ауыспалы шығындардан

D. Орташа шекті шығындардан

Е. Тұрақты және ауыспалы шығындардан


  1. Орташа ауыспалы шығындарға қай формула сәйкес келеді:

A. TC/Q

B. FC/Q


C. VC/Q
D. TC-FC
E. MC/Q



  1. Шекті шығындарды сипаттайтын ұғым:

А. Өндіріс көлеміне тәуелді шығындар

В. Нақты және нақты емес шығындардың сомасы

С. Жалпы жне ауыспалы шығындар арасындағы қатынас

D. Өндіріс процесіндегі болжамды және нақты шығындар арасындағы қатынас

Е. Фирманың ең үлкен шығындары


  1. Жалпы шығындар формуласы:

A. DMC

B. VC-FC
C. FC+VC


D. FC+VC+MC
E. (FC+VC)/Q


  1. Өндіріс поцесінде орташа тұрақты шығындар:

А. Төмендейді

В. Белгісіз болады

С. Өседі

D. Орташа ауыспалы шығындарға тең

Е. Жалпы орташа шығындарға тең


  1. Фирма келесіні максималдандырады:

А. Шығындарды

В. Табысты

С. Жалпы пайданы

D. Фирма менеджерінің жалақысын

Е. Фирма иесінің жеке табысын
Тақырып 8. Ұлттық есеп жүйесі


  1. Жалпы ішкі өнім жалпы ұлттық өнімнен айырмашылығы, онда ескеріледі:

A. Бір жылдағы бүкіл өндірістік тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны

B. Берілген мемлекеттің шел еліндегі табыс резиденті

C. Берілген мемлекетте жұмыс істейтін шетел резиденттердің табыстары

D. Берілген мемлекеттің шетелде өндірілген соңғы тауар мен қызметтің нарықтық нарығы

E. Берілген мемлекеттің ішкі табиғи және өндірістік ресурстары




  1. ЖІӨ мына бойынша есептеледі:

A. Материал немесе өнімнің сату бағасы

B. Сұраныс пен ұсыныс көрсеткіштері

C. Қайта есепті сақтау принципі

D. Қосылған құнмен

E. Берілген мемлекеттің шетелде алынған резидент табысының көрсеткіші




  1. ЖІӨ өлшеудің шығындану әдісіне жатады:

A. пайыз

B. фирмалардың инвестициялық шығындары

C. шетелдердің шығындары

D. рентті табыс

E. В және С жауаптары дұрыс




  1. ЖІӨ өлшеудің табыс әдісіне жатады:

A. табыс

B. еңбекақы

C. тауарларды мемлекеттік сатып алу

D. үйшаруашылығының тұтынушылық шығындары

E. А және В жауаптары дұрыс




  1. Нақты ЖІӨ формуласы:

A. Номиналды ЖІӨ/ баға индексі

B. Баға индексі / ниминалды ЖІӨ

C. (Номиналды ЖІӨ/ баға индексі) *100%

D. (Баға индексі / ниминалды ЖІӨ)*100%

E. Номиналды ЖІӨ – нақты ЖҰӨ




  1. Таза ұлттық өнімді ЖІӨ-н алуға болады, одан алғанда:

A. Бизнеске тік және жанама салықтар

B. Бизнеске тек жанама салықтар

C. Бизнеске тек тік салықтар

D. Амортизацияланған шығындар

E. Трансфертті төлемдер




  1. ЖІӨ табыс бойынша есептеледі, ол мына қосындыдан тұрады:



А. S + V + M

В. C + I + G + Xn

С. C + I + G
D. W + R + L
Е. N + P + G
Тақырып 11. Игілік нарығы

  1. Игілік нарығы құрылады:

А. Тек мемлкеттік шығындармен

В. Тек үй шаруашылығымен

С. Тек кәсіпорынмен және инвестормен

D. Үй шаруашылығы, бизнес – фирмалар, мемлкеттер, шетелдер

Е. Тек шетелде


  1. Қолда бар жеке табыстар арналады:

А. Тек тұтыну үшін

В. Тек сақтау үшін

С. Тұтыну және сақтау үшін

D. Жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін

Е. С және D жауаптары дұрыс


  1. Кейнстің психологиялық заңына сәйкес:

А. Тұтынушыға шекті бейімделу сақтауға шекті бейімделуге тең

В. Табыс өскенде тұтыну да өседі, бірақ табыстың өсу шамасында емес

C. Табыстың өсу дәрежесімен тұтыну өседі

D. Табыс өскенде сақтау қорының көлемі өседі

E. Тұтынуға шекті бейімделу сақтауға шекті бейімделуден көп болады


  1. Табыспен байланысы жоқ тұтыну мен сақтау факторлары туралы не куәләндырады:

А. Байлық көп болған сайын тұтыну көп, сақтау аз болады

В. Егер бағаның көтерілуі мен тауар дефициті күтілсе, онда адамдар көбірек шығынданады және оларды аз сақтайды

C. Қарыздың өсуі кезінде тұтыну қарызды өтеу мақсатында азаяды

D. Жеке салықтың жоғарлауы негізінде тұтыну мен сақтау деңгейінің төмендеуіне әкеледі

E. Барлық жауаптар дұрыс.



5. Тұтынуға шекті бейімделу – бұл:
А. Қолда бар табыстың кез-келген өзгерісінде тұтыну тауарлары мен қызметтерге шығындардың өсуінің үлесі

В. Қолда бар табыстың кез-келген өзгерісінде сақтаудың өсуінің үлесі

C. Қолда бар табыстың кез-келген өзгерісінде максималды тұтыну деңгейі

D. Үй шаруашылығы тұтынушы тауарлар мен қызметтерге қолда бар табыстың үлесі

E. Үй шаруашылығы жинақтайтын қолда бар табыс үлесі


  1. Сақтауға шекті бейімделу - бұл:

А. Қолда бар табыстың кез-келген өзгеруінде тұтынудан сақтаудың озуы

В. Үй шаруашылығы жинақтайтын қолда бар табыс үлесі

C. Қолда бар табыстың өзгеруінде сақтаудың өсуінің үлесі

D. Қолда бар табыстың кез-келген өзгеруінде сақтаудың өсуінің үлесі

E. Қолда бар табыстың кез-келген өзге де сақтау мен тұтынушының теңдігі




  1. Фактілі инвестиция:

А. Жоспарланған инвестициялар

В. Жоспарланбаған инвестициялар

С. Жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялардың қосындысы

D. Жиналған ақшаның сақтау қорларына тең

Е. Жоспарланған инвестиция алынған жоспарланбаған инвестиция


  1. Тауарлық-материалдық қорларда инвестицияның қарастырылмаған өзгертулері білдіреді:

А. Жоспарланған инвестициялар

В. Жоспарланбаған инвестициялар

С. Жоспарланатын шығындар

D. Инвестиция мультипликаторы

E. жүзеге асырылмайтын инвестициялар

9. Сақтау қорлары бұл:

А. Шаруашылықтың барлық жинақталған мүліктері

В. Халықтың сақтау қоры

С. Барлық нарықтық субъектілердің нақты кассалық қалдықтары

D. Бағалы қағазға енгізілген табыс үлесі

E. Берілген уақыт периодында жұмсалмаған үй шаруашылығының табыс бөлігі


10. Тұтынушы табысы қандай бөліктерге бөлінеді:

А. Тұтыну және сақтау

В. Тұтыну және инвестиция

С. Инвестиция және қарыздар

D. кредиттеу және инвестиция

E. Сақтау және кредиттеу


11. Тұтынуға орташа бейімделу – бұл:
А. Сақтау көлеміне қатынасы бойынша тұтыну көлемі

В. Табыстың өсуіне қатынасы бойынша тұтыну көлемі

C. Бүкіл табысқа қатынасы бойынша тұтыну көлемі

D. Табысқа қатынасы бойынша тұтынудың өсуі

E. Сақтаудың өсуіне қатынасы бойынша тұтынудың өсуі
12. Инвестицияның өзгеруіне әсер етеді:
А. Сақтауғк шекті бейімделу

В. Табыс көлемі

C. Тұтынуға шекті бейімделу

D. Технология, табыс және ставканың пайыздық деңгейі

E. Есеп ставкасының деңгейі
13.Төмендегілердің қайсысын мемлекеттік шығындарға жатқызуға болады:
А. Космостық зерттеулерге шығындар

В. Жеке ЖОО-нда студенттерді оқытуға шығындар

C. Коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары

D. Өзінің үйінді салуға шығындар

E. Фирма офистарын жөндеуге шығындар
14.Тұтынуға жұмсалмаған табыс жинақталатының бекітетін теңдеу

А S = Y + C

В. S = Y – C

С. C = Y + S

D. C = Y – S

Е. Y = C + S



15. Тұтынуға шекті бейімделу формуласы:

А. МРS =
В. МРS =
С. МРС =

D. МРС =
Е. МРС = 1 – S

жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау