Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет47/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
93
ДЕРЕКНАМА, ТАРИХНАМА ЗЕРТТЕУЛЕРІ 
ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЕ, ИСТОРИОГРАФИЧЕСКИЕ 
ИССЛЕДОВАНИЯ 
 
 
ХХ ҒАСЫРДЫҢ І ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ 
ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ 
 
Қ.А.Сүтеева–  
Абай атындағы ҚазҰПУ  Əлем таихы кафедрасының профессоры., т.ғ.д. 
 
Бүгінгі  таңға  дейін  қазақ  зиялыларының  ағартушылық  салада  атқарған  қызметі  жайлы  жəне 
халықтың  сауаттылық  деңгейінің  мəселесі  бойынша  көптеген  еңбектер  жарық  көрді.  Əсіресе, 
Түркістандағы жергілікті халықтың сауаттылығын көтеру жəне оларға білім беру мəселесіне сол кездері 
ұлт  зиялылары  да  өз  бағасын  беріп,  республикадағы  оқу-ағарту  ісінде  орын  алған  олқылықтар  мен 
кемшіліктерді өткір сынға алды. Сондықтан да халқымыздың рухани-мəдени, оқу-білім саласын əр қилы 
замандарда, əр алуан саяси жүйе жағдайында өрге сүйреген ұлт қайраткерлерінің еңбегі қашан да құнды. 
Сол  себептен  де  ұлт  зиялыларының  шығармашылық  еңбектеріне  оралуымыз  төл  тарихнамамызға 
айтарлықтай үлес қосуда. Міне сондықтан да біртуар азаматтарымыздың өмірі мен халық үшін атқарған 
қызметін жан-жақты, терең зерттеу, олардың əрқайсысын халық арасында жеткізу – бүгінгі күн тəртібінде 
тұрған  көкейтесті  мəселе  деп  білеміз.  Ахмет  Байтұрсынұлының  жанына  топтасқан  қазақ  зиялылары 
өздерінің  əдеби  шығармларында  демократиялық  мəндегі  ұлттың  мəдениетін  көтеру  сияқты  əлеуметтік-
саяси  мəні  бар  мəселелерді  көтере  білді.  Оқу-ағарту  комиссары  болып  тұрған  кезінде  А.Байтұрсынұлы 
мемлекеттік  аппараттың  басқару  жүйесін  жергіліктендіру  мəселесін  ойластырып,  осыған  байланысты 
үкіметке енгізер ұсыныстарын дайындады. Ол «артта қалған халық қашанда азат ұлттарға тəуелді болады, 
сондықтан қазақ жастары елін теңдікке жеткізу үшін арымай-талмай білім алулары керек» деп жазады [1].  
20  жылдары  қазақ  даласында  оқу-ағарту  жəне  жоғарғы  білім  беру  ісі  мəдениет  саласындағы  ең 
артта қалған жəне берекесі кеткен бөлігі болып табылды. Халықтың басым көпшілігінің сауаттылық дең-
гейі өте төмен деңгейде қалды, олардың сауатын көтеретін педагогикалық мамандардың саны азшылықты 
құрады. Осы жағдайды пайдаланған коммунистер халық ағарту саласында кешенді жəне батыл шараларға 
бара отырып, сауаттылық пен білімнен шеттетілген көпшіліктің сұранысын өтеуге ұмтылады.  
Сондай-ақ большевиктер білім беруді кеңейтумен қатар, халыққа маркстік-лениндік идеологияны 
саналарына  сіңіріп,  социалистік  қоғамның  теориясы  мен  практикасын  өмірге  енгізеді.  Кеңестік  жүйенің 
күш  алғанына  қарамастан  қазақтың  зиялы  қауымы  ұлттық  мамандарды  дайындау  мен  жоғарғы  оқу 
орындарын  ашудағы  мəселелермен  шұғылданып,  партия  басшылығының  жетегінде  кеткен  жоқ.  Сондай, 
тұлғалардың бірі Х.Досмұхамедұлы білім-парасаты мен күш қайратын халқына аямай қалтқысыз қызмет 
етудің  үлгісін  көрсетіп,  ұлт  мəдениетін  өркендетуге  өзінің  қомақты  үлесін  қосқан  нағыз  тұлға.  Ол 1922 
жылы  Ташкент  қаласында  қазақ  зиялыларының  басын  қосып  Мемлекеттік  Ғылыми  Кеңестің  алдына 
«қырғыз-қазақ  мəдениетін»  өркендетуді  мақсат  еткен  «Талап»  қоғамын  құрады. 1923 жылы 
Х.Досмұхамедұлының  бастамасымен  ғылыми  көпшілікке  арналған  «Сана»  журналы  шығарылып,  оның 
алғашқы санында бірнеше мақалалары мен зерттеу еңбектері жарияланады [2]. Халқымыздың біртуар ұлы 
Т.Рысқұлов  та  қазақ  зиялыларының  тарихи  тағдырына  зор  көңіл  бөліп,  оның  пайда  болуы  мен 
қалыптасуына  жəне  саяси,  əлеуметтік,  ұлттық  жəне  ағартушылық  бағдарлардың  негізінде  олардың 
атқарған  қызметін  саралаудан  өткізеді [3]. Қазақ  зиялыларының  келесі  бір  өкілі  Қ.Кемеңгерұлы 1915 
жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз ғылым мен ағартушылық саласына айрықша үлес қосты. Осы 
жылдары  ол  журналистикамен  айналысып,  ғылыммен  шұғылданады.  Сонымен  қатар  ол  тек  ғылыммен 
ғана емес, ағартушы – педагогтық жұмысқа араласып, Орта Азия мемлекеттік университеті мен Түркістан 
əскери  училищесінде  дəріс  оқыған.  Ол  өз  еңбектерінде  қазақты  мəдениеттілікке  жеткізу  үшін  оқуға  көп 
назар  аудару  қажет  дегенге  тіреледі [4]. Қазақстандағы  тарих  ғылымының  негізін  қалаған 
С.Ж.Асфендияров  та  ағартушылық  салада  ерекше  із  қалдырды.  Оның  шығармаларына  оннан  аса  кітап, 
жүзге  жуық  мақалалары  кірді.  С.Ж.Асфендияровтың  жазған  мақалаларында  Қазақстандағы  жоғарғы  оқу 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
94
орындарын  ашу  жəне  республикадағы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жоғары  деңгейге  көтеру  туралы 
жасаған  ұсыныстары  келтіріледі  [5].      Н.  Төреқұловтың  еңбектері  де  Қазақстандағы  оқу-ағарту 
жұмыстарына арналды. Оның еңбектеріндегі ерекшілікер сонда ол жаппай сауатсыздықпен күресу, кəсіби 
білім  беруді  ұйымдастыру,  ғылым  мен  мəдениетті  дамуындағы  нақты  жəне  теориялық  мəселелерін 
қарастырып,  оның  методологиялық  негіздерін  жасайды [6]. 20-30 жылдары  қазақтың  оқу-ағарту  ісін 
дамытуға  қомақты  үлес  қосқан,  жоғарғы  білім  беру  мəселелерімен  тікелей  айналысқан  азаматтардың 
қатарында Темірбек Жүргенов тұр. Жоғарғы білім беруді жаңа жолмен өркендетуге сіңірген еңбегі үшін 
Т.Жүргенов Қазақстандағы Халық ағарту жұмысының  тарихынан өшпес орын алады. 3-4 жыл қатарынан 
Қазақ  АКСР-нің  Түркістан  Республикасындағы  өкілетті  уəкілі  міндетін,  Қазақ  педагогикалық 
институтының  ректоры  қызметін  қоса  атқарған  ол  құқық,  саяси  экономика,  тарих  ғылымдарына  ден 
қойып,  статистикалық,  демографиялық  зерттеулермен  айналысады.  Қазақ,  орыс,  өзбек,  тəжік  тілдерін 
еркін  меңгерген  ол  сол  кезде  жүзеге  асып  жатқан  үлкен  реформа – мəдени  революцияны  іске  асыруға 
құлшына  кірісіп,  жүздеген  мектептер  ашады,  оқулықтар  шығару  ісін  басқарады.  Оның  «Қазақ 
педагогикалық  институтының  бір  жылдық  жұмысы»  атты  еңбегі  Қазақстандағы  жоғарғы  оқу 
орындарының даму мəселесіне байланысты жасалған ең алғашқы ғылыми шығармаға жатады [7]. 
Қазақстанның оқу-ағарту салаларын дамытуға барынша ерік-күш жұмсаған арыстарымыздың бірі 
– ірі саясат қайраткері С.Садуақасұлы еді. Оның еңбектерінде елдегі ағартушылық саланың дамуына зор 
ықпал жасайтын тамаша идеялар алға тартылған [8]. Қазақ ұлтының жүгін, бар ауыртпалығын мойымай 
көтеріп,  өз  халқына  адал  қазмет  атқарған  оқыған  зиялылардың  қатарында  К.Тоқтабаевтың  алар  орны 
орасан  зор.  К.Тоқтабаев  өз  еңбегінде  азамат  соғысы  кезінде  күйреген  шаруашылықты  қалпына  келтіру, 
оны  əрі  қарай  дамыту  жəне  мəдени  артта  қалушылықты  тез  арада  жою  үшін  оқу-ағарту  ісінің 
маңыздылығына тоқталады [9]. Сол уақытта біздің қоғамда орын алған социалистік қайта құрулар кезінде 
Орталық  Азия  республикаларының,  соның  ішінде  Қазақстанда,  жинақтаған  мол  тəжірибесі  еліміз  үшін 
үлкен  саяси,  практикалық  жəне  ғылыми  маңызы  болды.  Дегенмен  кеңестік  кезеңдегі  ғалымдардың 
еңбектері  тікелей  Түркістандағы  қазақ  зиялыларының  ағартушылық  қызметтеріне  бағытталмаса  да 
кеңестік жүйедегі мəдени жəне оқу-ағарту салаларының құрылуы мен дамуын, халық шаруашылығының 
əр түрлі салаларына жоғары дəрежелі мамандық иелерін дайындаудағы мəселелерді зерттеді.  
Жоғарыда  аталған  мəселелер  Н.С.Державин [10], Е.В.Чуткерашвили  [11], А.А.Комаров [12], 
К.Т.Галкин [13] сияқты зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапты. 
Мəселен, Н.С.Державиннің еңбегінде Кеңес Одағындағы жоғары мектептің дамуы революцияның 
жеңісімен байланыстырса, Е.В.Чуткеравишилиде КСРО-дағы ағарту ісі мен жоғары білім беру мəселесін 
Ресейде  болған  Қазан  төңкерісінің  «жемісінің»  нəтижесінде  дамыды  деген  қорытындыға  келеді.  Ал 
А.А.Комаров болса КСРО-да жоғары білім алған мамандарды дайындаудағы жергілікті ұлт зиялы қауым 
өкілдерінің атқарған рөлі жəне мамандарды жұмысқа орналастыру мəселелеріне тоқталса, К.Т.Галкиннің 
еңбегінде ғылыммен айналысатын мамандарды дайындау мəселесіне назар ауарып, оған үлкен саяси мəн 
береді.  Яғни,  аталған  еңбектерде  қазақ  зиялыларының  ағартушылық  қызметінің  тарихы  негізгі  зерттеу 
обьектісіне  айналмаса  да,  оның  жалпы  талқылануына  жəне  сараптаудан  өтуіне  елеулі  үлес  қосқан 
зерттеулер болып табылды. Ескеретін жағдай кеңестік кезеңдегі тарихнамада бұл еңбектер қазіргі уақытта 
əлі де белгілі бір ғылыми құндылықтары бар жəне деректік материалдарға өте бай болып табылады. Сол 
кезеңдегі  қазақ  зиялыларының  ағартушылық  қызметіне  байланысты  мəселелермен  айналысуда 
Ж.Амантаев [14],  Р.Б.Сүлейменов,  Х.И.Бисенов [15], Ж.Карагусов [16],  А.И.Сембаев [17] жəне  тағы 
басқа ғалымдар ерекше еңбек сіңірді. 
Ж.Амантаевтың  монографиясында  Түркістанда  алғаш  рет  қалыптасқан  қазақ  зиялы  қауым 
өкілдерінің рөлі көрсетіліп қоймай, олардың өлкедегі ғылыми жəне оқу-ағарту саласындағы қызметтеріне 
баға  беріп  кетеді.  Р.Б.Сүлейменов  пен  Х.И.Бисеновтің  еңбегінде  қазақ  зиялыларының  өлкедегі  халық 
шаруашылығын көтеру жолындағы атқарған іс-əрекеттерінің негізгі аспектілеріне тоқталса, Ж.Карагусов  
қазақ  зиялылыарының  ағартушылық  қызметіне  Кеңес  өкіметінің  ықпалы  əсер  етті  деп  баға  береді. 
А.И.Сембаевтың кітабында Орта Азия Мемлекеттік университетіне Түркістан өлкесінде ашылған тұңғыш 
жоғарғы  оқу  орны  ретінде  баға  беріліп,  оқу  орнының  қалыптасуы  кезеңіндегі  қиындықтар  қатарына 
ұлттық оқытушы мамандардың жетіспеуімен бірге жергілікті халықтардың тілінің ғылым мен білім тіліне 
айналуына  кедергі  болған  факторлар  атап  көрсетіледі.  Қазақстанның  тəуелсіздік  алуы  отан  тарихының 
жылдам дамуына, тарихи ақтаңдықтардың ашылуына жол ашылды. Əсіресе, 20-30 жылдардағы еліміздегі 
жоғарғы  білім  беру  мəселелері  жөнінде  жəне  сол  кездегі  ұлттық  мамандар  мен  қазақ  зиялыларына 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау