14
Ректор өз бетінше университеттің басқа да санаттағы қызметкерлеріне
күндізгі түрдегі оқуы үшін төлем бойынша жеңілдіктер беру туралы шешім
қабылдауға құқылы.
Екінші жоғары білім алуда көрсетілген жеңілдіктер көпшілікке
таратылмайды.
8.2. Ректор құқылы:
8.2.1. Университеттің меншікті қаражаты есебінен іссапарға жіберілген
қызметкерлерге ҚР Салық кодексімен бекітілген барынша көп мөлшердегі
тәуліктік ақыны төлеуге.
8.2.2. Университетке жұмысқа шақырылған мамандарға келісім-шарт
немесе өзара шарт бойынша баспананы жалгерлікке алған кезде ақы төлеуге.
9. КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
9.1. ҚР “Кәсіподақ туралы” Заңына сәйкес Кәсіподақ комитеті әкімішілік
алдында қызметкерлер мүддесін қорғау құқығына ие.
9.2. Кәсіподақ мүшелері кәсіподақ тарапынан заңды, материалдық және
моральді қорғанысты пайдаланады. Сайланған кәсіподақ қызметкерлері
сайлаулы кәсіподақ ұйымының келісімінсіз босатылмайды.
9.3. Кәсіподақ мүшелерінің съездерге, конференцияларға, пленумдарға,
сондай-ақ кәсіподақ оқуына қатысуы кезінде негізгі жұмыс орнындағы орташа
жұмысақысы сақталады.
9.4. Кәсіподақ комитетінен босатылған қызметкерлерге Университет
қызметкерлеріне қабылданған барлық жеңілдіктер, марапаттаулар және басқа
да өтемақылар беріледі.
9.5. Әкімшілік кәсіподақ комитетіне тегін пайдалануға жұмыс орындарын,
оргтехника, көлік құралдарын, байланыс құралдарын және кеңсе тауарларын
береді, Кәсіподақ комитетінің құжаттарын басуға және көбейтуге жағдай
жасайды.
9.6. Университет бухгалтериясы кәсіподақ мүшелері болып табылатын
қызметкерлердің жалақыларынан ұстап қалу арқылы кәсіподақ жарналарын
жинайды және оларды кәсіподақ комитетінің есеп шотына аударады.
10. КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
10.1. Өз қызметін “Кәсіподақ туралы” Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес атқарады.
10.2. Еңбек ұжымы мүшелерінің Еңбек тәртібі, еңбек тәртібімен
қамтамасыз ету, шығармашылық белсенділіктерін арттыру және тиімді жұмыс
ережелерін орындауға бағытталған тәрбиелеу шараларын қабылдайды.
10.3. Қызметкерлердің еңбек жағдайын, тұрмысын және денсаулығын
жақсартуға
бағытталған
шаралардың
өз
уақытында
өтуіне,
еңбек
15
заңнамаларының
сақталуына
қоғамдық
бақылау
жасау,
Университет
қызметкерлерінің заңды құқықтарына қысым көрсетуге жол бермеу.
10.4. Жыл сайын Университеттің кәсіподақ мүшелерін кәсіподақ
комитетінің жарнасынан түскен және жаратылған ақшалай қаражаттары
туралы ақпараттандыру.
10.5. Кәсіподақ мүшелеріне қолдан келерлік көмек көрсету, Университетте
өткізілетін спорттық-сауықтыру және мәдени-бұқаралық шараларға ақшалай
қаражат бөлу.
10.6. Еңбек шарты және оны қорғау жағдайы туралы есептерді кәсіподақ
комитетінің
қарауы
мен
еңбек
ұжымының
талқылауына
(жиналыс,
конференцияға) салу.
10.7. Әкімшілікті кәсіподақ комитеті өткізетін бұқаралық шаралар,
осы шаралардың мақсаты мен міндеттері туралы алдын-ала хабардар етуге,
оларды өндірістік және оқу процестеріне зиянын тигізбейтіндей өткізу.
10.8. Мәдени-бұқаралық, ағартушылық, спорттық-сауықтыру шараларын
өткізу кезінде белгіленген орындарды сақтауды және пайдалануды қамтамасыз
ету.
10.9. Университет қызметкерлерінің қоғамдық тамақтану орындарына
бақылау жүргізу.
11. ҰЖЫМДЫҚ КЕЛІСІМ-ШАРТТЫ ОРЫНДАУДЫ БАҚЫЛАУ
11.1. Осы ұжымдық келісім-шарттың орындалуына бақылау жасауды
әкімшілік (оның бұйрығымен тағайындалады) және кәсіподақ комитеті
(кәсіподақ комитетінің шешімімен) өкілдерінен тепе-тең негізде құрылатын
комиссия сарапшыларды (экономистер, кеңесші заңгерлерді және т.б.) тарта
отырып жүзеге асырады.
11.2. Әкімшілік пен кәсіподақ комитеті жылына бір рет Ұжымдық келісім-
шарт міндеттерінің орындалу барысы туралы талқылап, бірлескен мәжіліс
өткізеді.
11.3. Осы келісім-шарттың орындалуына бақылау жасауды жүзеге
асырғанда комиссия талаптары бойынша тараптар 3 күндік мерзім ішінде
барлық қажетті ақпараттарды тапсыруға міндетті.
12. ҰЖЫМДЫҚ КЕЛІСІМ-ШАРТТЫ ОРЫНДАУ ҮШІН
ТАРАПТАРДЫҢ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
12.1. Әкімшілік бір айлық мерзім ішінде Кәсіподақ комитетінің Ұжымдық
келісім-шарт жағдайын бұзу туралы ұсыныстарын қарайды. Кәсіподақ
комитетінің ұжымдық келісім-шартта қарастырылған міндеттерді орындамаған
лауазымдық тұлғаларды тәртіп жауапкершілікке тартуын талап етуге құқығы
бар.
12.2. Ұжымдық келісім-шарт міндеттерін бұзған және орындамаған кінәлі
тұлғалар Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы”
кодексімен белгіленген мөлшерде айыппұл төлеуге тартылады.