12
7.7. Университет қызметкерлерін материалдық жауапкершілікке тарту
қызметкерлер ұсынған жазбаша түсініктемені есепке ала отырып, залалдың
пайда болуы есебіне тексеру жүргізгеннен кейін жүзеге асады.
Университетке келтірілген залал мөлшерін анықтау, құнсыздану
коэффициентін қолданумен, немесе олардың нарықтық құнынан шыға отырып,
олардың баланстық құнынан материалдық құндылықтарды қолдану күніне
байланысты бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде нақты шығындар
бойынша жүргізіледі.
7.8. Университет қызметкері келтірген шығынды өтеу сот шешімі
негізінде немесе өз еркімен жүргізіледі.
Университет әкімшілігінің келісімімен қызметкер келтірген залалды өтеу
үшін тең бағалы мүлік береді.
Залалды өтеу Университетке келтірілген залал әрекеті (әрекетсіздік) үшін
тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке қызметкерлерді
тартуға тәуелді емес түрде жүргізіледі.
7.9. Қызметкер залалды өтеуден босатылады:
а) егер залал оның кінәсінен болмағаны белгіленсе;
б) егер залал жеңбейтін күштер, ең шеткі қажеттілікте немесе қажетті
қорғаныс нәтижелерінде пайда болса.
7.10. Толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт оларға
берілген материалдық құндылықтарды қайта дайындау, сақтау, шығару,
тасымалдауды қолдануға байланысты жұмысты орындайтын немесе сол
қызметпен шұғылданатын қызметкерлермен жасалады (6-қосымша).
Қызметкерлер шұғылданатын және орындайтын қызметтер мен жұмыстар
тізімінде толық жеке материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт
жасауға міндетті, № 7-қосымшада келтірілген.
Толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт еңбек шартын
жасауда, сондай-ақ еңбек шартына қосымшада жасалуы мүмкін.
Толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт он сегіз жасқа
толған қызметкерлермен жасалады.
8. ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІК
8.1. Әкімшілік міндетіне алады:
8.1.1. Ереже (Нұсқау) бойынша Университеттің дамуына елеулі үлес
қосқан қызметкерлерге, олардың 50, 60, 70, 75, 80 және одан көбірек жасқа
жеткендегі мерейтой даталарына біржолғы көтермелеу ақы беруді.
8.1.2. Университет қызметкерлерінің мерекелік даталарға, сонымен қатар
жоғары білікті мамандар даярлау және ғылыми зерттеу нәтижелеріндегі
жоғарғы жетістіктері үшін сыйақы беруді.
8.1.3. Қызметкерлер жөнсіздік жіберген жағдайда толығымен немесе
жартылай сыйақыдан айырылады.
Қызметкерлерді сыйақыдан айыратын жөнсіздіктер тізімі:
- жұмыстан кешіккен және жұмыстан уақытынан бұрын кеткен жағдайда;
- қызметкердің қыдырымпаздығынан, сонымен қатар оқу сабақтарын
босатқанда;
13
- бұйрықта ескерту немесе сөгіс жарияланғанда, егер сыйақы беретін
кезеңге қарсы бұйрықтағы жазасы өтелмегенде;
- университетке тиісті материалдық құндылықтарды ұрлағанда, кем
шыққанда немесе ысырап еткенде;
- жөнсіздік және техника қауіпсіздігін сақтамағанда;
- қызметкер кінәсінен болған апатта;
- университет мүлкіне залалы тигенде.
Еңбек тәртібіндегі барлық жөнсіздіктері үшін жаза университет бойынша
ректор бұйрығымен ресімделуге тиісті.
8.1.4. Ереже (Нұсқау) бойынша Университеттегі мұқтаж болған
қызметкерлерге өз өтініштері немесе бөлімше жетекшілерінің ұсыныстары
бойынша материалдық көмек беруге.
8.1.5. Қала ішінде жол жүруге байланысты жұмыс істейтін қызметкерлерге
жол жүру билетін алуға ақшалай қаражат бөлуді.
8.1.6. Қызметкерлер кәсіподақ комитетіне университеттің меншікті
қаражаты есебінен ұжымның жаппай-мәдени және спорттық-сауықтыру
шараларына, Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының ардагерлеріне,
жауынгер-интернационалистерге, Қарттар күнінде университет ардагерлеріне
қайырымдылық көмек көрсетуді, университет қызметкерлері үшін шипажай-
курорттарға жолдама, сонымен қатар балалардың сауықтыру лагерлеріне
жолдамалар алуға және басқа да мақсаттарға ақшалай қаражат бөлу.
Көрсетілген қаражаттарды жұмсау жеке жасалған смета бойынша жүзеге
асырылады.
8.1.7.
Университет
қызметкерлері-кәсіподақ
комитеті
мүшелеріне
шипажайға жолдамалар, олардың балаларына сауықтыру лагерлеріне
жолдамалар
өз
құнынан
50
%
көлеміндегі
жеңілдікпен
берілсін.
Қызметкерлерге жолдамалар үш жыл ішінде бір рет беріледі (қорытынды-
медициналық түсінік).
8.1.8. Университет қаражаты жағдайына қарай оқу төлемақысын 50%-ға
дейін төмендету:
- ҚазҰТУ-да сырттай оқу бөлімінде жақсы оқитын Университет
қызметкерлеріне;
-
ҚазҰТУ-дың
күндізгі
оқу
бөлімінде
оқитын
Университет
қызметкерлерінің балаларына;
- ҚазҰТУ колледжінде күндізгі оқу бөлімінде оқитын Университет
қызметкерлерінің балаларына;
- университет қызметкерлерінің магистратурада оқитын балаларына, егер
магистрантпен оқу бітіргеннен кейін ҚазҰТУ-да 3 жылдан аса уақыт жұмыс
істеу туралы келісім-шарт жасаған жағдайда.
Егер бұл келісім-шартты орындамаған жағдайда магистрант оқуға кеткен
университет шығындарының орнын толтырады.
Көрсетілген жеңілдіктер Университетте 10 және одан көп жыл жұмыс
істеген қызметкерлерге ғана көрсетіледі.