8
жазбаша түрде қызметкерге ескертеді, жұмыстан босатылатын қызметкерге
бір ай ішінде аптасына 4 сағатқа дейін орташа жұмысақысы сақтала отырып,
бөлімше бастығына айтып, өз бетінше жұмыс іздеуге рұқсат етіледі.
4.1.12. Қызметкерлер саны мен штатының қысқартылуына байланысты
еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге орташа айлық жұмысақы
мөлшерінде өтемақы төлейді.
4.1.13. Университет қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді және
компьютерді сауатты меңгеруі туралы курс жұмыстарын жалғастыру.
4.2. Кәсіподақ комитеті міндетіне алады:
- өз құзырына кіретін “Кәсіподақ туралы” Заңмен сәйкес жәрдем береді
және бақылайды, Университет Әкімшілігінің еңбек, әлеуметтік және басқа да
құқықтарын, Университет қызметкерлерінің осы Ұжымдық келісім-шарты мен
заңды түрдегі кепілдіктерінің және өтемақыларының сақталуына себепші
болады.
5. ЕҢБЕК ТӨЛЕМІ
5.1. Университет қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан
Республикасының белгіленген заңдар тәртібімен анықталады.
5.2. Университет оқытушыларының айлық жұмысақысын есептеу үшін
нормативтік оқу жүктемесі Қазақстан Республикасының “Білім туралы”
Заңымен және басқа нормативтік актілерімен, соның ішінде Университеттің
нормативтік актілерімен анықталады.
5.3. Нақты қызметкердің дербес жұмысақысы оның біліктілігінен,
мамандық бойынша еңбек өтілінен, орындаған жұмысының сапасы мен оның
жалпы бөлімшеге қосқан жеке үлесінің нәтижесімен анықталады және
барынша көп мөлшермен шектелмейді.
5.4. Қосымша төлем ҚР нормативтік актілеріне және Университет
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес
жүргізіледі.
5.5. Университет қызметкерлерінің ең аз жұмысақысы ҚР заңдарымен
белгіленген ең аз айлық жұмысақы мөлшерінен төмен болмауы керек.
5.6. Университет Әкімшілігі міндетіне алады:
5.6.1. Жұмысақы төлеу қорының шығындарына бақылау жүргізуді,
жұмысақыны дұрыс есептеу және өз уақытында беру туралы заңдарының
барлық ережелерін сақтауды.
5.6.2. Университет қызметкерлерінің төлем карточкаларына айдың 10-
ынан кешіктірмей, айына бір рет жұмысақыларын аударуды. Университет
кассасы арқылы бір жолғы төлемдер (мерейгерге сыйақы, материалдық көмек
пен сағат бойынша төлегенде, егер осы шет ұйым қызметкерінің есеп картасы
болмағанда) жүзеге асырылады.
5.6.3. Қызметкерлерге барлық аударылған және ұстап қалған ақшалары
нақты көрсетіле отырып, қызметкердің еңбекақысы туралы есептеу қағазын
беру.
9
5.6.4. Қызметкерлерге зейнетақы жинақ қорына аударылған қаражаты
туралы мәліметтер беруді.
5.6.5.
Жұмыста
болмаған
оқытушының
орнына
жұмыс
істеген
қызметкерге белгіленген тәртіпте еңбекақы төлеуді.
5.6.6. Қолданыстағы “Еңбек туралы” заңдарға сәйкес түнгі, мереке және
демалыс күндері жұмыс істеушілерге еңбекақы төлеуді.
5.6.7. Жүргізушілердің бар разрядтарына сәйкес базалық айлық
коэффициенттері белгіленсін:
- В, С, Д, Е категорияларына – 8 разряд;
- С, Д, Е категорияларына – 7 разряд;
- В, С категорияларына – 6 разряд.
5.6.8. Жыл сайынғы және қосымша демалыстар беру кестесі мен өндірістік
қажеттілікке байланысты демалыстан шақыртуды кәсіподақ комитетімен
келісу.
5.6.9. Қызметкерлерге кезекті еңбек демалысын беру мерзімі туралы
екі апта бұрын хабарлауды, демалыс ақыларын демалысқа шыққанға дейінгі
үш күннен кешіктірмей төлеу.
5.6.10. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бекітілген кестемен сәйкес
беру. Барлық санаттағы қызметкерлер үшін жыл сайынғы еңбек демалысының
ұзақтығы 1-қосымшада анықталған.
5.6.11. Еңбек демалысын қатарынан 2 жыл ішінде алмауға жол бермеу.
5.6.12. Әкімшілік себепті жағдайларға байланысты қызметкердің жазбаша
өтініші бойынша демалыс мерзімін кейінгі мерзімге қалдырады. Бұндай
жағдайда демалыс ақысын төлеу бұйрық шыққаннан кейін, бірақ ол шыққанға
дейінгі үш күннен кешіктірмей жүргізіледі.
5.6.13.
Қызметкерді
ақылы
демалыстан
шақыртып
алған
кезде
демалысының пайдаланбаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына әкімшілік
қызметкердің келісімі бойынша демалысының пайдаланбаған бөлігінің
күндеріне өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін.
5.6.14. Университет қызметкерлеріне ақылы оқу демалысын жұмыстан
қол үзбей оқитындарға беру.
5.6.15. Университеттің штаттағы барлық қызметкерлеріне ҚР еңбек
заңдарымен анықталған мөлшердегі кезекті еңбек демалысын берген кезде
күнтізбелік жылға бір рет сауықтыру үшін жәрдемақы төленеді.
Педагог-қызметкерлерге
бюджет
қаражаты
есебінен,
ал
қалған
санаттағыларға университеттің меншікті қаражаты есебінен жәрдемақы
төленеді.
5.7. Кәсіподақ комитеті міндетіне алады:
- Әкімшілікпен бірлесе отырып еңбек дауларын қарастыру жөніндегі
келісім комиссиясымен жұмыстарды қамтамасыз етуді.
Келісім комиссиясы тепе-теңдік бастамамен әкімшілік және еңбек ұжымы
өкілдерінің теңдей құрамы негізінде құрылады. Келісім комиссиясына еңбек
ұжымы өкілдігіне еңбек ұжымының мәжілісінде немесе кәсіподақ мәжілісінде
сайлайды, ал әкімшіліктен өкілдерді ректор тағайындайды. Келісім