Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



жүктеу 3,63 Mb.
Pdf просмотр
бет5/47
Дата30.12.2019
өлшемі3,63 Mb.
#25459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау:  ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
ұйымының (ДДСҰ) мүгедектікті анықтаудағы 
«кемістік», «патология» және «мүгедектік» 
секілді терминдері қолдану жөніндегі дауынан 
туындайды (Левеллин және Хоган, 2000 ж.). 
Қоғам неғұрлым «тіркелген» болып табылатын 
болса, медициналық модель адамды икемді әрі 
«өзгеретін» (сәйкесінше, қауқарсыз және соны-
мен қатар мүгедектікке бейімделуге қабілетті) 
адам ретінде қарастырады. Бұл модельдегі 
дертті балалар мен ересектер автоматы түрде 
кемістіктері бар балалар болып саналады және 
олардың отбасыларына да көбінесе сондай 
көзқарас болады. Мүгедектігі бар адамдар 
мен олардың отбасылары қоғамның «қалыпты» 
мүшелеріне айналуы үшін қоғам негізінен 
«медициналық» емді ұсынып отырған кезде бұл 
модельдің талабы қатты сынға ұшырады, сөйтіп, 
ол бұл модельден бас тартуға алып келді. Соңғы 
онжылдықтар ішінде әлеуметтанушылар мен 
мүгедектікті зерттеушілер көбінесе мүгедектікті 
әлеуметтік мәнмәтінмен тығыз байланыста 
қарастырады, сондай-ақ мұндай салдарлар-
ды әлеуметтік оқшаулау және мүгедектікпен 
тығыз байланысты басқа кемшіліктер ретінде 
көрсетеді (Шекспир, 2006 ж.).
 Бұған қоса, әлеуметтанушылар мүгедектікті 
әлеуметтік құбылыс деп санайды және 
бақыланатын мүгедектік деңгейіне әсер ету-
де әлеуметтік жағдайлардың атқаратын рөлін 
атап көрсетеді (Левеллин және Хоган, 2000 
ж.). Сөйтіп, мүгедектіктің әлеуметтік моделі , 
өз кезегінде, проблеманың өзіне неғұрлым 
жауапты рөл қабылдауға тиіс қоғамға 
қайтарылуын талап етеді. Мұндай модель 
қоғамға мүгедектігі бар адамдар мен олардың 
отбасына медициналық модель жүктеген 
жауапкершілікті қайтарады деп болжамдауға 
болады. Әлеуметтік модельде мүгедектік 
қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырылады 
әрі мүгедектігі бар адамдар (және олардың от-
басылар) азаматтық, саяси құқықтарды (сай-
лау құқықтары, пікір білдіру еркіндігі), сондай-
ақ экономикалық, әлеуметтік және мәдени 
құқықтарды (денсаулық сақтау, білім беру және 
т.б.) басқа адамдармен тең пайдалана алады. 
Зерттелген әдебиет мүгедектігі бар адам-
дармен жұмыс істеуде медициналық модель-
ден әлеуметтік модельге көшуді ұсынады 
(Фугироллас, 2008 ж.). Бұл мүгедектігі бар 
адамдарға инклюзиялық ортаны қамтамасыз 
ететін тек қаржылық көмек көрсету саясаты-
нан мүгедектігі бар адамдарға медициналық 
және әлеуметтік қолдау көрсетуге көшуді 
білдіретін болады. Мүгедектігі бар адамдарды 
қоғамға араластыруды олар дүниеге келген 
бетте бастау қажет. Бұл мүгедектігі бар бала-
лары бар ата-аналарға балаларды тәрбиелеу 
және оларды оқытуға байланысты, оның ішінде 
әлеуметтік институционалдандыруды болдыр-
мау мақсатында айтарлықтай көмек берілу 
қажет дегенді білдіреді. (БҰҰДБ, 2009 ж.).
Саясат тұрғысынан қарағанда, медициналық 
модельдің орнына әлеуметтік модельді таңдаған 
кезде елдер адам денсаулығы мәселелерінен 
инклюзивтілікті, қоғамға араласуды, қызметтер 
мен инфрақұрылымға толық қолжетімділікті 
қамтамасыз ету үшін оған дейін еңсерілуге тиіс 
кедергілер тізіміне басымдық берген кезде сақ 
болуға тиіс. Мұндай кедергілер заңнама аясы-
мен (мысалы, мүгедектігі бар ересектерді/ба-
лаларды анықтау тетіктері, немесе әлеуметтік 
қорғау және көрсетілетін қызметтер), түрлі 
қызмет көрсету жүйелерімен қамту деңгейімен 
(мысалы, денсаулық сақтау немесе білім беру), 
сондай-ақ қоғамдағы мүгедектігі бар адам-
Мүгедектігі бар балаларға үйде 
қызмет көрсету орталығында, 
Астана қ. 
13


1-кірістірме. Мүгедектікке қатысты ұстанымдардың теориялық модельдері
«Мүгедектік» термині халықтың тобына қатысты жалпы қолданыла алмайды, өйткені 
мүгедектігі бар адамдардың жынысы, жасы, әлеуметтік-экономикалық фоны, этникалық 
тиістілігі немесе мәдени дәстүрлері әр түрлі және әр тектес. Мүгедектіктің түрлері тең емес 
(ДДСҰ –Дүниежүзілік банк, 2011 ж.). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 
Мүгедектік туралы дүниежүзілік баяндамасында мүгедектік әрбір адам дерлік өзінің өмірінің 
белгілі бір сәтінде уақытша немесе тұрақты сезінетін қалып-күйі ретінде анықталады (ДДСҰ 
және Дүниежүзілік банк, 2011 ж.). Екінші жағынан, мүгедектік сондай-ақ үш деңгейде ту-
ындайтын бұзушылықтар ретінде сипатталуы мүмкін: организм, белсенділік немесе қатысу 
функцияларында. Мұндай бұзушылықтар жеке немесе бір уақытта туындауы мүмкін. 
(ЮНИСЕФ-ДДСҰ, 2012 ж.).
Соңғы он жылдықта мүгедектікті зерттеу жалпы алғанда екі негізгі – медициналық 
және әлеуметтік модельге бөлінді (Пэлмер мен Дэвид, 2011 ж.). Медициналық модель 
мүгедектікті аурумен немесе басқа патологиялармен байланысты физиологиялық немесе 
психологиялық бұзылыстардың салдары ретінде қарастырып, оны «емдеуді» қажет ететін 
«қалып, күй» деп санады. Сондықтан медицина немесе психология мүгедектікті «емдеудің 
негізгі құралы» ретінде қарастырылды. Денсаулығында бұзылыстары бар балалар мен ере-
сектер бұл модельде автоматты түрде кемістігі бар адамдар болып есептеледі, олардың от-
басыларына да көбінесе осындай көзқараспен қарайды. Медицина мамандары мүгедектік 
мәселесін диагностика негізінде шешті, мұнда басымдық оны жоюға немесе емдеуге (не-
месе «қалыпқа келтіруге») берілді. Бұл сондай-ақ босанғанға дейінгі генетикалық тестілеу 
мен ішінара жасанды түсік секілді аспектілерді қамтыды. Медициналық модель мүгедектігі 
бар адамдар мен олардың отбасыларының барынша «қалыпты» адамдарға айналуын талап 
етеді, ал қоғам негізінен оларға «медициналық» ем ұсынады.
Мүгедектіктің әлеуметтік моделі мүгедектікті жеке контексте емес, әлеуметтік контек-
сте айқындайды. Сөйтіп, ол мүгедектіктің алғашқы емі ретінде әлеуметтік бейімделу мен 
әлеуметтік өзгерістер туралы ой-пікірлерге, пайымдауларға көбірек көңіл қояды. Мұндай 
көзқарас шын мәнінде жеке медициналық модельден құрылымдық әлеуметтік модельге 
көшу болды. Әлеуметтік модель тұрғысынан келгенде, адамдар көбінесе мүгедектікті өзінің 
денесінен емес, қоғамдық себептердің нәтижесінен алады. Бұл модель мүгедектікті дара-
ландырмау және тек медициналық мәселеге айналдырмау мәселесінде табысқа жетуге бо-
латынын көрсетті (Пэлмер мен Дэвид, 2011 ж.; ДДСҰ және Дүниежүзілік банк, 2011 ж.). 
Солай бола тұрса да, әлеуметтанушылар әлеуметтік модель мүгедектігі бар адамдардың па-
тологияларын емдеуде және өмірлерін жақсартуда сәтсіздікке ұшырауы мүмкін екендігін 
растайды (Томас, 2002 ж.). Мүгедектігі бар адамдардың денсаулық жағдайларына байла-
нысты қиындықтары, сондай-ақ олардың мұқтаждықтарына қарай бейімделмейтін, қоғамда 
олар ұшырасатын проблемалары болуы мүмкін (ДДСҰ және Дүниежүзілік банк, 2011 ж.).
Халықаралық саясат деңгейінде адам құқықтарына негізделген мүгедектікке көзқарас 
(мүгедектіктің әлеуметтік моделіне негізделеді) балалардағы шектеулерден (патология-
лармен байланысты) қоғамдағы кедергілерге (баланың негізгі әлеуметтік қызметтерге қол 
жеткізуіне кедергі келтіретін) басымдық беруді басынан кешірді. Екі халықаралық конвен-
ция: (i) барлық балалар үшін (оның ішінде мүгедек балалар үшін де) адам құқықтарын та-
нитын Бала құқықтары туралы конвенция (БҚК); және (ii) Мүгедектер құқықтары туралы 
конвенция (МҚК) (2006 жылы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 
қабылдады) бұл көзқарасты ілгері апару үшін қажетті негіз береді. Екі конвенция да 
мүгедектігі бар балаларды қоғамға араластырудың негізін салды. Қоғамға араласты-
ру «барлық балаларды жасына, жынысына, ұлтына, тіліне, кедейлігіне немесе шектеулі 
мүмкіндіктеріне қарамастан, қоғамның толық құқылы мүшелері ретінде тануға және 
олардың құқықтарын құрметтеуге» қатысты. Мұның үстіне, «қоғамға араластыру дегеніміз 
осы құқықтарды жүзеге асыруға бөгет жасауы мүмкін кедергілерді жоюды білдіреді және 
тиісті қолайлы әрі қорғаушы орта құруды талап етеді» (ЮНИСЕФ және «Инноченти» ғылыми-
зерттеу орталығы, 2006 ж.).
14


жүктеу 3,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау