Ерназар Асел 401Міқ
№3 сабақ тақырыбы: Паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім компоненттері.
Паллиативті күтім кезіндегі мейіргер ісінің қызметтері.
Жауабы: Мейіргер күтімі - дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда ауыр аурулары бар күтімге мұқтаж адамдарға орта медицина қызметкерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;
Ережелері мен қағидалары.
Жауабы: Осы Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 53-бабының 3-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және медициналық ұйымдардың паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету тәртібін айқындайды.
Паллиативті көмек көрсету кезіндегі мейіргердің рөлі
ЖАУАБЫ: Мейіргерлік күтім стационарды алмастыратын және стационарлық көмек түрінде ұсынылады.
Стационарды алмастыратын көмек түріндегі мейіргерлік күтім № 669 бұйрыққа сәйкес бекітілген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін үйдегі стационар нысанында ұсынылады.
Мейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарға зертханалық зерттеулер жүргізу үшін материалдар жинау үйде жүзеге асырылады. Аспаптық зерттеу әдістері тұрақты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымда көрсетілімдері бойынша жүргізіледі.
. Стационарлық көмек түріндегі мейіргерлік күтім арнайы құрылымдық бөлімшелерде, денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде), № 761 бұйрыққа сәйкес арнайы медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында) ұсынылады.
Мейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарды емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:
1) тәулік бойы байқау жағдайларында күтім мен симптоматикалық терапияның қажеттілігі;
2) әлеуметтік-психологиялық көрсетілімдерінің болуы (депрессиялық жағдай, реактивтік жағдай, отбасындағы дау-жанжал жағдайы, науқасты күту үшін тұрмыстық жағдайлардың болмауы) болып табылады.
Білікті медициналық көмекті және тұрақты дәрігерлік байқауды талап ететін пациенттер мейіргерлік күтім ауруханасына, бөлімшесіне (палатасына) емдеуге жатқызуға жатпайды.
Мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйымға пациентті емделуге жатқызу жоспарлы және (немесе) № 761 бұйрыққа сәйкес шұғыл тәртіпте жүзеге асырылады
Паллиативті көмектің компоненттері
ЖАУАБЫ:Паллиативтік көмек дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмекті қамтиды және амбулаториялық-емханалық стационарды алмастыратын мен стационарлық көмек нысанында көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты және байқау үздіксіздігі қағидаттарын сақтай отыра көрсетіледі.
Тесттер:
1.Паллиативті көмек компоненттері
Рухани*+
спорттық
әлеуметтік
медициналық*+
психологиялық*+
2.Паллиативті көмек мына компоненттерден тұрады
патогенетикалық терапия
симптоматикалық терапия
науқасқа психологиялық қолдау көрсету*+
өмірінің соңғы айларында ,күндерінде,сағаттарында көрсетілетін медициналық көмек*+
аурудың бүкіл кезеңінде науқастың зардабын жеңілдету
3.Паллиативті медицинаның басты мақсаты
науқастардың сауығуы*+
науқастар өмірінің жақсаруы*+
науқастардың зардабының азаюы
олардың жақындары мен туыстарының өмірлерінің жақсаруы*+
жазылмайтын науқастарға материалдық көмек
4.Паллиативті науқас мына көмекке мұқтаж
рухани*+
қаржылық*+
әлеуметтік
медициналық
психологиялық*+
5.Паллиативті емнің жоспарына кіретін компаненттер:
Үй жағдайында көмек көрсету
Кеңес беру
Күндізгі стационар
Стационарлық ем
Барлық жауап дұрыс*+
6.Паллиативті көмек екі үлкен компаненттен тұрады:
А) Он күндік стационарлық ем
Б) Толық емделгенше амбулаториялық ем
В) Стационарда және амбулаторияда ем қабылдау
Г) Аурудың барлық кезеңінде жағдайын жеңілдету және соңғы сағат, ай, күнінде медициналық көмек көрсету *+
Д) Жеңілденіп және толық емделгенше ем қабылдау*+
Достарыңызбен бөлісу: |