санитарлық жәрдем емханаларында 16 жасқа
дейінгі шамамен 50 816 мүгедектігі бар
баланың (немесе жалпы санының 88,2%-ы – 57
627 адам) тіркелгенін көрсетеді. Мүгедектігі бар
балалардың тіркелген саны мен жалпы санының
арасындағы бұл айырмашылық екі фактордың
салдары болуы мүмкін. Біріншіден, ресми ста-
тистика деректері мен алғашқы медициналық
жәрдем орталықтарындағы тіркеу кітаптарының
арасындағы сәйкессіздік салдарынан (бірақ
мұндай айырмашылықтар мүгедектікке бай-
ланысты денсаулық сақтау саласында және
әлеуметтік жүйелерде қолданылатын түрлі
анықтамалардың нәтижесі де болуы мүмкін)
балалардың белгілі бір бөлігі ресми статисти-
када жоқ болуы мүмкін. Екіншіден, мүгедектігі
бар балалардың белгілі бір бөлігінің алғашқы
медициналық көмек алуға мүмкіндіктері жоқ,
бұл жүйедегі факторлармен, яғни тіркеу кезінде
кездесетін кедергілерге, сондай-ақ стигмаға
қатысты факторларға да байланысты болуы
мүмкін. Медициналық-санитарлық жәрдем
орталығының қашық болуы, инфрақұрылымның
әлсіздігі, стигма немесе ата-ананың уақытының
жетіспеушілігі (мысалы, анасы жұмыс істейді)
секілді басқа факторлар да мүгедектігі бар
балалардың денсаулық сақтау орталықтарына
көп тіркелмеуіне ықпал етеді. Өкінішке қарай,
мұндай аспектілер туралы сандық деректердің
болмауы бұл мәселенің ауқымына неғұрлым
толық сипаттама беруге және бұл факторлардың
әрқайсысының алғашқы медициналық жәрдем
орталықтарында тіркелмеген мүгедектігі бар
балалар санының артуында қандай мәні бар
екенін анықтауға мүмкіндік бермейді. 8-сурет-
те 2008 жылдан бастап бірнеше жыл ішіндегі
(деректер болған жағдайда) осы сандар тура-
лы жалпы түсінік беруге талпыныс жасалған.
2009 жылы байқалған айтарлықтай құлдырау
Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды,
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы бой-
ынша деректердің болмауының нәтижесі болып
табылады. Бұдан бөлек, Атырау облысы бойын-
ша 2011 жылдың деректері жоқ.
8-суретте көрсетілген үрдістер алғашқы
медициналық жәрдем орталықтарында
тіркелген балалар мен адамдардың жалпы
санының арасындағы айырмашылықтарға
қарамастан, медициналық мекемелерде
тіркелген мүгедектігі бар балалар санының
бірнеше жылдар ішінде 16 жасқа дейінгі
мүгедектігі бар балалар үшін де, 3 жасқа дейінгі
мүгедектігі бар балалар үшін де артқанын
көрсетеді. Деректер Жамбыл облысындағы
көрсеткіштердің аз ғана азайғанын қоспағанда,
барлық басқа өңірлерде бұл көрсеткіштің,
керісінше, 2008-2012 жж. артқанын көрсетеді.
3 жасқа дейінгі балалардың ең көп тіркелген
өңірі Маңғыстау облысы болып табылады, мұнда
тіркелген балалар саны 6 есеге дейін өскен
(2008 жылғы 74-тен 2012 жылғы 456-ға дейін).
Өңірлер бойынша тіркелген сандық көрсеткішке
жалпы шолу жасау үшін 2-қосымшадағы А2-
кестені қараңыз.
8-сурет. 2008-2012 жж аралығындағы кезеңде алғашқы медициналық жәрдем орталықтарында
тіркелген мүгедектігі бар балалар саны (16 жасқа дейінгі).
Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі деректерінің негізінде, 2012 ж.
Ескертпе. Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы бойынша 2009 жылдың деректері және Атырау облысы бой-
ынша 2011 жылдың деректері жоқ.
50000
40000
30000
20000
10000
0
2008
2009
2010
2011
2012
16 жасқа дейінгі балалар
3 жасқа дейінгі балалар
28
Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
2.2. Қазақстандағы
мүгедектігі бар
адамдарды қамтитын
заңнамалар
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасындағы
мүгедектігі бар адамдар мен балаларды
әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі 2000
жылдардың басында қабылданған бірнеше
негізгі заңдарға, бұйрықтарға, кодекстерге
және қаулыларға негізделеді. Осы кезеңде
қабылданған неғұрлым маңызды заңдар
мен заңнамалық актілердің кейбіреулері
4-кірістірмеде келтірілген.
Мүгедектігі бар адамдардың/балалардың
құқықтарын регламенттейтін көптеген заңдар
соңғы екі онжылдықта бұл санаттағы адам-
дарды әлеуметтік қорғау үшін берік негізді
қамтамасыз етуге көмектесті. Бұған қоса, олар
мүгедектігі бар балалар мен олардың отба-
сылары тап болатын мәселелер мен ерекше
мұқтаждықтарға назар аудартуға да көмектесті.
Заңнамалық базаның негізгі мақсаты
мүгедектігі бар балаларға медициналық,
заңдық, әлеуметтік және экономикалық
қолдау көрсету болып табылады. «Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары ту-
ралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II
ҚР Заңына сәйкес мүгедектігі бар балалар
дені сау балалармен тең өздерінің қадір-
қасиетін қамтамасыз ететін жағдайларда то-
лымды өмір сүру құқығына ие, білім алуға,
мамандық таңдауға, шығармашылық және
қоғамдық қызметке қатысуға, сондай-ақ
медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Мемлекет медициналық, құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық қызметтерден тұратын кешенді
қызмет ұсыну арқылы мүгедектігі бар балаларға
қолдау көрсетеді. Сөйтіп, мемлекеттік органдар
оларды оқыту, кәсіби дайындау және жұмысқа
орналастыру үшін тиісті мүмкіндіктермен
қамтамасыз етуге тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13
сәуірдегі № 39-III Қазақстан Республикасының
Заңы да мүгедектігі бар адамдардың дәл осы-
лай Конституцияда және басқа заңнамалық
актілерде бекітілген әлеуметтік-экономикалық
және жеке құқықтар мен бостандықтарға
толықтай ие екенін көрсетеді. Бұған қоса,
мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік және
басқа ұйымдарда бірінші кезекте қызметпен
4-кірістірме. Қазақстан
республикасындағы мүгедек
балаларға (және адамдарға)
қатысты негізгі заңдар мен
министрліктің бұйрықтары
• «Қазақстан
Республикасындағы
баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы
8 тамыздағы № 345-II ҚР Заңы
• «Қазақстан
Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»
2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III ҚР Заңы
• «Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11
шілдедегі № 343-II ҚР Заңы
• «Қазақстан Республикасында мүгедектігі
бойынша, асыраушысынан айырылу
жағдайы бойынша және жасына байла-
нысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16
маусымдағы № 126 ҚР Заңы
• «Қазақстан Республикасындағы сәулет,
қала құрылысы және құрылыс қызметі
туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі 242-II
ҚР Заңы
• «Арнаулы әлеуметтік қызметтер тура-
лы» ҚР Заңы, 07.10.2012 ж. берілген
өзгерістерімен және толықтыруларымен
• «Ақыл-есі кеміс балаларға арналған ин-
тернат үйлері, психоневрологиялық ин-
тернаттар, қарттар мен мүгедектерге
арналған жалпы үлгідегі интернат
үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет
көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты
пайдалану ережесін бекіту туралы»
2000 жылғы 15 мамырдағы №719 ҚР
Үкіметінің қаулысы
• ҚР
Денсаулық
сақтау
министрінің
(ДС) «Бүлдіршін жастағы балалардың
есту қабілетінің бұзылуы скринингін
және диагностикалауды ұйымдастыру
ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 28
қыркүйектегі № 478 бұйрығы
• «Скрининг ұйымдастыру ережесін бекіту
туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 9 қыркүйектегі бұйрығы
• «Бүлдіршін
жастағы
балалар-
да психикалық-дене бұзылыстары
скринингін ұйымдастыру ережесін
29
Достарыңызбен бөлісу: |