Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы «__» ____________
№___ бұйрығымен
бекітілген
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының («Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін белгілейді.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) жұмыс берушi – жұмыскер онымен еңбек қатынастарында тұрған жеке немесе заңды тұлға;
3) жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындар санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны;
4) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;
5) мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
7) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.
2-тарау. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі
3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында мүгедектер санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;
өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар саны;
жұмыскерлердің штат саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны;
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді талдау;
квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектер арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтерді талдау;
6) халықты жұмыспен қамту орталығы тіркеген жұмыссыз мүгедектердің саны негізінде әзірлейді.
4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналасуға мұқтаж мүгедектердің және мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.
5. Квотаны жергілікті атқарушы органдар «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін белгілейді.
6. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.
7. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес квота шеңберінде медициналық қорытындыға сәйкес еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер жұмысқа орналастырылады.
8. Квотаны жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:
1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
2) жүзден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
3) екі жүз елуден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгілейді.
9. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында қызметке кірудің ерекше жағдайлары, лауазымға тағайындаудың тәртібі айқындалған жағдайларда квота белгіленбейді.
10. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 27-бабы 2-тармағына сәйкес мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектердің саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.
11. Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектер болмаған кезде, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.
12. Ұйым үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жатады.
13. Жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындайды.
14. Жұмыс орындарының квотасы шеңберінде жұмысқа орналасқан, жұмыс берушілер осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жағдайларға байланысты жұмыстан босатқан мүгедектер оларды кейіннен жұмысқа орналастырумен халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеледі.
15. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша алты айдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартымен расталған жұмыс берушінің бос немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына мүгедектерді жұмысқа орналастыруы туралы мәліметтер ұсынуы квотаны орындау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |