Грамматикалық минимум!
Қазақ тілінде қосымшаның 2 түрі бар. Олар: жалғау және жұрнақ.
Жалғау сөздерді байланыстырады.
Оның 4 түрі бар: көптік жалғауы, жіктік жалғауы, тәуелдік жалғауы, септік жалғау.
Көптік жалғау
Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі – оларға көптік жалғауының жалғануы. Қазақ тілінде –лар, -лер, - дар, -дер, -тар, -тер деген алты түрлі көптік жалғауы бар.
Мысалы: құжат+тар, қыз+дар, қала-лар, дәптер+лер, күш+тер, гүл+дер.
Соңғы дыбыс
|
Дауысты
және
үнді р, й, у
|
Ұяң з,ж
және
үнді л, м, н, ң
|
Қатаң және ұяң
б, в, г,д
|
Алдыңғы буын
|
Жуан
|
– лар
бала–лар
|
– дар
адам–дар
|
– тар
жұмыс–тар
|
Жіңішке
|
– лер
бөлме–лер
|
– дер
көл–дер
|
– тер
есік–тер
|
Көптік жалғауынсыз қолданылатын жеке сөздер мен сөз тіркестері бар. Олар:
Бір-бірлеп, даралап санауға келмейтін зат есімдер: ұн, шаң, құм,
қант, нан т.б.;
2. Сан есіммен тіркесіп келген сөздер: 5 үй (5 үйлер емес);
3. Өмірде бір ғана түрі кездесетін жалқы есім;
Мысалы: ай, Марс, Алматы, Арал теңізі және т.б.
4. Көптік жалғауы бірыңғай мүшелердің ең соңғысына жалғанады.
6-тапсырма. Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз.
Кітап... , дәптер ... , қалам ... , гүл ... , портрет ... , теңге ... , азамат ... , терезе ... , сөмке ... , қыз ... , ата ... , қағаз ... , есік ... , мұрын ... , құлақ ... , тұз ... , адам ... , бауыр ... , жеміс-жидек...
7-тапсырма. Қажет ететін сөздерге көптік жалғауын жалғап,
орысшаға аударыңыз.
Туысқан.......... ұл.......... қазақ.........
Апа.................. ұн.......... орыс.........
Немере............ ай.......... өзбек........
Шөбере........... құм........ қырғыз.......
Нағашы........... машина...... қытай..........
Қарындас........ дәрумен........ жапон.........
Жезде.............. қант............... ағылшын..........
Сіңлі................ нан............... түрік.................
Термин сөздермен танысайық!
Ампутация корня зуба
|
Тіс түбірінің оталуы
|
Гребень
Гребень, краевой
|
Қырқа, қыр,айдар
шеттік қыр (тіс кіреукесінің)
|
Пульпа
|
Тістің ішкі жұмсақ тіні
|
полифиодонтизм
|
Тістің қайта-қайта түсіп, жаңадан өсіп алмасуы
|
Пульпит, восходящий
|
өрлемелі пульпит (тіс ұшының тесігінен пульпаға тараған қабынба)
|
Сплав зубной
|
Тіс салуға арналған қорытпа
|
Челюсть, беззубая
|
Тіссіз жақсүйек
|
Өнер алды – қызыл тіл
8-тапсырма. Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз, түсініңіз. Дәптеріңізге жазып алыңыз.
Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ел бақытқа жетеді.
Ж.Баласағұн
«Қазақ тілін зерттеушілеріміздің барлығы да бір ауыздан бұл тілді ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп таныды. Қазақтар – шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері.... Қазақтардың халық әдебиеті аса бай, әрі жан-жақты».
П.М.Мелиоранский
«Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты».
С.Е.Малов
«Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен. Әсіресе, сөз сайысына келгенде олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таңғалдырады. Олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады».
В.В.Радлов
9–тапсырма. Жоғарыда берілген сөздік бойынша шағын мәтін құрастырыңыз. Сөздерден қазақ тілінің төл дыбыстарын тауып, астын сызыңыз.
Үлгі: Салауатты өмір салтын сақтайық.
Пайдалы кеңес!
Тіс ауруы. Үй жағдайында тіс қатты қақсап ауырған кезде әр түрлі дәрілік шөптерді пайдаланады. Емі:
Тіс ауырған жақтағы құлаққа ауырғаны басылғанша иманжапырақтың тамырын ұстап тұрады (30 минут – 1 сағат);
Пиязды (біреу) ұсақтап турап, дәкеге орайды да, ауырған тістің сыртынан басып тұрады;
Ауырған тіс пен жақтың арасына шүйіншөптің жапырағын қойса, сілекей шұбырып ағады. Бірақ 2-3 минутта ең күшті ауырған тістің сырқырауы басылады.
10-тапсырма. www.google.kz,www.уandex.ru сайты арқылы тақырыпқа қатысты суреттер табу. Сурет бойынша, әрқайсысына 2 сөйлем құрастырыңыз.
Нәтижесі:
11-тапсырма. Тұрақты тіркестердің мағынасын жұптастырыңыз.
Тұрақты тіркес
|
Мағынасы
|
Ағынан жарылды
|
жақсы білу
|
екі езуі екі құлағына жету
|
сөйлемеу
|
Он саусағындай біледі
|
өте жақын, өз адамындай
|
ит өлген жер
|
қуану
|
төбе шашы тік тұру
|
қорықты
|
салы суға кету
|
алыс
|
тіс жармау
|
өкіну
|
Мойны ырғайдай
|
ештеңені жасырмады, бар сырын ақтарды
|
Ығай мен сығай
|
азып-тозған
|
Тонның ішкі бауындай
|
бетке ұстарлар
|
Артық болмас білгенің!
Ақша жоғалтсаң – ештеңе жоғалтпағаның,
уақыт жоғалтсаң – көп нәрсе жоғалтқаның,
ал денсаулығыңды жоғалтсаң – бәрін де жоғалтқаның.
Құрамында кальцийі, дәрумендері, фторы мол азық-түлік тіске пайдалы.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
ТЕСТ
1. Көптік жалғауынсыз көптік ұғым беретін сөзді белгілеңіз.
А) құм, қымыз;
В) дәптер, біз;
Д) әркім, өзен;
Е) келу, бөкен;
С) қазақ, ақын.
2. Көптік жалғауы қате жалғанған сөзді көрсетіңіз.
А) қонақтар;
В) ұндар;
Д) оқушылар;
Е) үйлер;
С) есіктер.
3. Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін сөзді табыңыз.
А) мұнай;
В) мұғалім;
Д) ыдыс;
Е) бала;
С) тұлға.
4. Көптік жалғаулы сөзді белгілеңіз.
А) ағасың;
В) ағайын;
Д) ағалар;
Е) ағасын;
С) ағайым.
5. Мына сөздердің қайсысына көптік жалғауы жалғанбайды?
А) ой;
В) ауыл;
Д) күн;
Е) ай;
С) ел.
3-САБАҚ. КӘСІБИ МІНДЕТІМ. МЕНІҢ ӘРІПТЕСІМ
Сөздік
1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.
Ұқыпты- аккуратный
Тиянақты – собранный
Тыңғылықты – испольнительный
Білікті – квалифицированный
Білімді – образованный
Білгір – знающий
Тәжірибелі – опытный
Беделді – авторитетный
Сыйлы, құрметті – уважаемый
Дарынды- талантливый
Әдепті – воспитанный
Міндет – обязанность
Адал - добросовестный
Суық (салқын) тигізу – простудиться
|
Тұмау – грипп
Бас айналу – головокружение
Көріну – показаться
Шақыру – приглашать
Қабылдау – принимать
Сақтану – беречься
Ауыру – болеть
Жөтелу – кашлять
Емделу – лечиться
Түшкіру – чихать
Жазылу – выздоравливать
Тексеру – проверять
Шешіну - раздеваться
|
2-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз.
Әрбір азамат ер жетіп, есейген соң, жұмыс істеуге міндетті. Жұмыс адам үшін әрі табыс көзі, әрі өзіңе ұнайтын істі атқару, әрі басқа адамдар алдында өзіңді көрсете білу. Адамның жұмысы үйренген іскерлігін, білімін іс жүзіне асыруға көмектесуге тиіс. Істеген жұмыстың нәтижесін көру адамды қуанышқа бөлейді. Ал қолдан келмейтін іске араласу адамды жұмыс істеуден жирендіреді, жұмыстан қашқақтауға әдеттендіреді. Мен өз жұмысымды жақсы көремін.
3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек сөздерді теріп жазыңыз. Өз мамандығыңыз жайында ой бөлісіңіз.
«Мамандық таңдау – болашаққа тың қадам» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер. Сол бойынша көршіңізбен ой бөлісіңіз.
Сайттар: www.akorda.kz,
www.astana.kz,
www.google.kz
Сұхбаттасайық!
4-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.
- Сіз қайда қызмет атқарасыз?
- Сіздің мамандығыңыз қандай?
- Мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма?
- Осы салада неше жыл қызмет атқардыңыз?
- Жұмысыңыздағы міндетіңіз не деп түсінесіз?
- Жұмыс барысында қиындықтар кездесе ме?
- Өзіңіз осы мамандық туралы көзқарасыңыз қандай?
5-тапсырма. «Кәсіби міндетім» топтастырыңыз. Сөз тіркесін қатыстырып, сөйлем құраңыз.
емдеу
кәсіби
міндетім
Грамматикалық минимум!
ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУЫ (притяжательная окончания)
Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады:
жақ
|
|
Дауысты дыбыстан соң
|
Дауыссыз дыбыстан соң
|
І
|
Менің (мой)
Біздің (наш)
|
-м, -мыз, -міз
әкем, апамыз, әкеміз
|
-ым, -ім, -ымыз, -іміз
қызым, келінім,
қызымыз, келініміз
|
ІІ
|
Сенің (твой)
Сіздің (ваш, ваше, ваши)
Сендердің (ваш, ваши)
Сіздердің (ваш, ваше, ваши)
|
-ң, -ңыз, -ңіз
әкең, апаң, әкеңіз
|
-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз
қызың, келініңіз
|
ІІІ
|
Оның (ее, его)
Олардың (их)
|
-сы, -сі
апасы, әкесі
|
-ы, -і
қызы, келіні
|
Тәуелденудің екі түрі бар: оңаша және ортақ тәуелдену.
Достарыңызбен бөлісу: |