Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі



жүктеу 5,88 Mb.
бет5/18
Дата10.12.2017
өлшемі5,88 Mb.
#3666
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Артық болмас білгенің!
Ауру атанды да шөктірер.

* * *


Ауру кісі күлкі сүймес,

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

* * *

Тазалық – саулық негізі,



Саулық – байлық негізі

* * *

Өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек.


ТЕСТ
1. Жіктелетін сөзді табыңыз.

А) жазды;

В) оқу;

Д) мектеп;



Е) еңбек;

С) ыдыс.
2. Жіктік жалғауының II жағын табыңыз.

А) оған керек;

В) менің күнделігім;

Д) балалар ойыны;

Е) сіз көмектесіңіз;

С) тас қамал.
3. Жіктік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

А) оқушыға, адамға;

В) оқушының, адамның;

Д) оқушылар, адамдар;

Е) оқушың, адамың;

С) оқушымын, адамсың.


4. Мына сөздердің қайсысы жіктеліп тұр?

А) арттырады;

В) адамды;

Д) баланы;

Е) қаруды;

С) жұмысты.


5. Жіктік жалғауы қандай мағынаны білдіреді?

А) меншіктік;

В) шақтық;

Д) жақтық;

Е) иелік;

С) себебін.


5-САБАҚ. ТАЗАЛЫҚ – САУЛЫҚ НЕГІЗІ,

САУЛЫҚ – БАЙЛЫҚ НЕГІЗІ




Сөздік

1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.
Дене мүшелері – название частей тела

Голова – бас Спина – арқа

Мозг – ми Локоть – шынтақ

Глаза- көз Ладонь – алақан

Ухо – құлақ Кулак – жұдырық

Бровь – қас Палец – саусақ

Ресница – кірпік Ногти – тырнақ

Лоб – маңдай Пятка - өкше

Шея – мойын Ступня -табан

Затылок – желке Борода - сақал

Плечо – иық Колена - тізе

Грудь – кеуде Усы - мұрт

Легкие - өкпе Желудок – асқазан

Брюшко - қарын



Жаңа сөздермен танысыңыз!

Халық денсаулығы;

Медициналық қызмет;

Салауатты өмір салты;

Өмір сүру;

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.






2-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз.

4.2. Денсаулық сақтау

Халық денсаулығы – ол Қазақ­стан­ның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайын­даудамыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық. Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады. Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорын­дар­дың қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді жеделдету қажет.

Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкерші­лігі қағидаты – міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс. 2011 жылғы Азия ойындары үшін біз дайындап жатқан спорттық инфрақұры­лымдар өңірлерді Астана мен Алматыдан қалып қоймауға итермелей отырып, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысын дамыту үшін қажетті алғышарттар жасайтын болады.

Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек.

Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз. Бұл бүкіл Үкіметтің міндеті де. Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды даярлау, са­ла­уатты өмір салты жөніндегі мемлекет­тік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30%-ға азайтып, туберкулезбен ауруды 20%-ға қысқартуы тиіс.

Бұл ретте өмір сүрудің күтілетін ұзақ­тығы 72 жасқа дейін ұлғаяды. Осынау құр­ғақ сандардың артында біздің азамат­тарымыздың аман алып қалынған мың­да­ған өмірлері тұр. Бұл өте маңызды мақ­сат. Біз оған міндетті түрде қол жет­кізуіміз керек!


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

«ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ».

3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек сөздерді теріп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз. «Денсаулық – басты байлық» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер. Сол бойынша көршіңізбен ой бөлісіңіз.

Сайттар: www.astana.kz,



www.google.kz,

www.egemen.kz,

www.yandex.kz




Сұхбаттасайық!
4-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.

  • Сіз Елбасының Жолдауын оқыдыңыз ба?

  • Жолдаудың тиімділігі неде?

  • Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі туралы не айтасыз?

  • Адамдарға қандай кеңес берер едіңіз?

  • Денсаулық саласындағы жаңалыққа көзқарасыңыз қандай?


5-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлем құраңыз.

Дәрі-дәрмек, Жолдау, ауру, ағза, таза ауа, сау, салауатты өмір, сырқат, зиянды заттар, ем алу, жағдай, дәрігер мен медбикелер, ғылым саласында, насихат, саулық, байлық, алдын алу


Грамматикалық минимум!
СЕПТІК ЖАЛҒАУ
Сөздің септік жалғауын қабылдауын септелу дейді.

Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:




Септіктер (падежы)

Сұраулары

Септіктердің жалғаулары

Атау (именительный)

Ілік (родительный)

Барыс (дательно/направитель)

Табыс (винительный)

Жатыс (местный)

Шығыс (исходный)

Көмектес (творительный)


кім? не?

кімнің? ненің?

кімге? неге?

кімді? нені?

кімде? неде?

кімнен? неден?

кіммен? немен?


жалғау жоқ

-нің, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

-ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е

-ды, -ді,-ты, -ті, -ны, -ні, -н

-да, -де, -та, -те, -нда, -нде

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен

-мен, -менен, -бен, -бенен,-пен, -пенен

Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу:



  • Жай септелу – сөздердің түбір күйінде септелуі

  • Тәуелді септелу – сөздердің тәуелденіп барып септелуі

Жай септелу

Тәуелді септелу

А. үй

І. үй –дің

Б. үй –ге

Т. үй -ді

Ж. үй-де

Ш. үй –ден

К. үй - мен


А. үйім

І. үй –ім-–нің

Б. үй –ім-е

Т. үй – ім-ді

Ж. үй- ім-де

Ш. үй –ім-нен

К. үй – ім-мен





Жай септелу

Тәуелді септелу

А.с.дәрігер

І.с.дәрігердің

Б.с.дәрігерге

Т.с. дәрігерді

Ж.с. дәрігерде

Ш.с. дәрігерден

К.с. дәрігермен


Дәрігер -ім

Дәрігер-ім-нің

Дәрігер-ім-е

Дәрігер-ім-ді

Дәрігер-ім-де

Дәрігер-ім-нен

Дәрігер-ім-мен



6-тапсырма. Берілген сөздерді септеңіз.


Септіктер

аурухана

медбике

жүрек

дене мүшелері

Атау













Ілік













Барыс













Табыс













Жатыс













Шығыс













Көмектес














7-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз. Одан септіктерді табыңыз.

Дене мүшелері

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық, т.б. жатады. Мұны адамның қаңқасы дейді.


Адамның бас мүшелерінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелеріне орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі көзбен көруге болатын дене мүшелері.
Бұлардың көзбен көруге болмайтын да ағзалары да бар. Оларды дәрігерлер жақсы біледі. Көзге көрінбейтін мына ағзаларды жеке адамдар да сезеді, олар: асқазан, бауыр, бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ, іш. Өйткені адамдар бұлармен жиі ауырады.

Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щеткасымен тазалап отыру керек. Шашты сабынсумен жиі жуып, құлақтың ішін сабындысумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі-тазалық.



Термин сөздермен танысайық!


Аденокистома

Без қабынуынан іші қуысталып сарысу жиналған ісік

Бруксизм

Тісін қышырлату, тісін қайрау

Воздух выдыхаемый

Деммен шығатын ауа

Коклюш

Көкжөтел

Монопарез

Бір қолдың немесе бір аяқтың шала салдануы

Реабилитация

Оңалту (еңбекке қайтадан жарамды ету шараларының жиынтығы)

Шизофазия

Түсініксіз сөздерді тізбектеп сөйлеу


Өнер алды - қызыл тіл
8-тапсырма. Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз, түсініңіз. Дәптеріңізге жазып алыңыз.
Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.

Ғ.Мүсірепов.
Ана тілін құрметтемеу – ештеңені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеруі керек. Жастар – біздің болашағымыз. Қатты айтып отырғанымыз сондықтан ...

Ғ.Мұстафин.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту

Б.Момышұлы.
Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, не бір алуа шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне ... Осындай майда, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады

Н.Оңдасынов.




9-тапсырма. Сан есімдерге септік жалғауын жалғап жазыңдар.
Жеті ... дейін, бір ... кетті, үш пен төрт ... арасында, он ... кейін, қырық ... жуық, сағат тоғыз..., сексен бес ... жуық, он мен он бір... аралығында, он алты..., алты... кеткенде, елу бестер...
10-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударып, мазмұнын айтыңдар.
Моя Родина – Казахстан. Это страна, которая находится в центре Евразии. Это страна свободных людей. Казахстан – удивительно красивая земля. Здесь есть и величавые горы Заилийского Алатау, и сильные реки Иртыш, Сырдарья и Амударья, и бескрайние степи. Казахстан – это земля, на которой мирно живут много разных народов. На просторах нашей республики есть несметные богатства – это и редкие красивые животные, и растения, и полезные ископаемые.
Пайдалы кеңес!

11-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз. Таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.

Ішетін суымыз

Май, протеин және көміртегі гидраттарына керісінше суда энергия да, калория да болмайды. Бірақ, сусыз өмір сүре алмаймыз. Денедегі химиялық реакцияларда су өте маңызды рөл атқарады. Сол себептен суды дененің ең маңызды азығы деп ойлауыңызға болады. Басқа тағамдарсыз ұзақ уақыт өмір сүре аламыз, бірақ сусыз бірнеше күннен артық өмір сүре алмаймыз.

Денеміздің 50-60 пайызы судан тұрады. Су қан ағысы арқылы дененің барлық жеріне оттегі мен азық жеткізеді. Терлеу жолымен дене температурасын реттейді, зәр арқылы керексіз нәрселердің денеден шығарылуына көмектеседі, буындардың ылғалды болуын қамтамасыз етеді.

Қалыпты адам күніне 1,5-2 литр су ішуі керек. Шөлдеу дененің суға қажеттілігі бар екенін көрсетеді, бірақ шөлдемей-ақ күніне 6-8 стақан су ішу керек.

Спортшыларға, ыстық және биік жерлерде өмір сүретін адамдарға су көп қажет.

Дененің су қажеттілігін басқа сусындармен емес, судың өзімен қамтамасыз еткен дұрыс.


12-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестеріне сәйкес көмекші сөздерді тауып, сөйлем құрыңыздар.
Күн тәртібіндегі мәселе іссапарда болуына...

Президент Жарлығы парламенттің шешімі...

Мемлекеттік бағдарламада қаулыдағы атқарылатын іс-шараларға...

Мемлекеттік шараларда...



Көмекші сөздер: бойынша, байланысты, сәйкес, туралы, жүзеге асыру, көрсетілгендей, жайында
Артық болмас білгенің!


Көзің ауырса қолыңды тый,

Ішің ауырса тамағыңды тый.

* * *


Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

* * *

Ұйқы – тынықтырады,



Жұмыс – шынықтырады.
ТЕСТ

1. Грамматикалық минимум!


СЕПТІК ЖАЛҒАУ
Сөздің септік жалғауын қабылдауын септелу дейді.

Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:




Септіктер (падежы)

Сұраулары

Септіктердің жалғаулары

Атау (именительный)

Ілік (родительный)

Барыс (дательно/направитель)

Табыс (винительный)

Жатыс (местный)

Шығыс (исходный)

Көмектес (творительный)


кім? не?

кімнің? ненің?

кімге? неге?

кімді? нені?

кімде? неде?

кімнен? неден?

кіммен? немен?


жалғау жоқ

-нің, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

-ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е

-ды, -ді,-ты, -ті, -ны, -ні, -н

-да, -де, -та, -те, -нда, -нде

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен

-мен, -менен, -бен, -бенен,-пен, -пенен

Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу:



  • Жай септелу – сөздердің түбір күйінде септелуі

  • Тәуелді септелу – сөздердің тәуелденіп барып септелуі

Жай септелу

Тәуелді септелу

А. үй

І. үй –дің

Б. үй –ге

Т. үй -ді

Ж. үй-де

Ш. үй –ден

К. үй - мен


А. үйім

І. үй –ім-–нің

Б. үй –ім-е

Т. үй – ім-ді

Ж. үй- ім-де

Ш. үй –ім-нен

К. үй – ім-мен





Жай септелу

Тәуелді септелу

А.с.дәрігер

І.с.дәрігердің

Б.с.дәрігерге

Т.с. дәрігерді

Ж.с. дәрігерде

Ш.с. дәрігерден

К.с. дәрігермен


Дәрігер -ім

Дәрігер-ім-нің

Дәрігер-ім-е

Дәрігер-ім-ді

Дәрігер-ім-де

Дәрігер-ім-нен

Дәрігер-ім-мен



6-тапсырма. Берілген сөздерді септеңіз.


Септіктер

аурухана

медбике

жүрек

дене мүшелері

Атау













Ілік













Барыс













Табыс













Жатыс













Шығыс













Көмектес












2. Септеулі сөздердің қайсысы мезгілдік мағынаны береді?

А) қыстақта;

В) жерде;

Д) сөзге;

Е) көктемде;

С) елде.

3. Марат жолдасымен бірге кетті.

А) табыс;

В) атау;


Д) ілік;

Е) барыс;

С) көмектес.

4. «-ды, -ді, -ты, -ті» қай септіктің жалғаулары?

А) ілік;

В) жатыс;

Д) шығыс;

Е) көмектес;

С) табыс.

5. Қазақ тілінде неше септік бар?

А) алты;

В) сегіз;

Д) жеті;

Е) бес;


С) тоғыз.
6-САБАҚ. «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ




Сөздік
1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

Әйел ауруы – болезнь женская

Жатыр – матка

Ісік – опухоль

Іштен науқас – врождённый

Бедеулік – бесплодность

Сүт бездері – молочная железа

Емшек сүті – молоко грудное

Түсік – аборт

Ішу керек – надо пить

Туғаннан – с рождения

Физиологиялық күйі – физиологическое состояние



2-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз.
жүктеу 5,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау