12-тапсырма. Сурет бойынша сөздерді қазақшаға аударыңыз, 3 сөйлем құрастырыңыз.
Артық болмас білгенің!
Дауды елемеген төлейді, ауруды елемеген өледі.
* * *
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі.
Т.Карлейль.
Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма-шуақ болады.
Демокрит.
ТЕСТ
Cын есімге тән ерекшелікті көрсетіңіз.
А) негізгі және туынды болуы;
В) дара және күрделі болуы;
Д) сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы;
Е) шырай формасының болуы;
С) басқа сөз таптарынан жасалуы.
2. Тұрақты тіркестердің қайсысының мағынасы сын есім болады?
А)Төбе шашы тік тұрды;
В) Қас пен көздің арасында;
Д) Мұзға отырғызып кету;
Е) Қой аузынан шөп алмас;
С) Біреудің ала жібін аттамау.
3. Күшейтпелі шырайды табыңыз.
А) бозғылт, көкшіл;
В) үлкенірек, күштілеу;
Д) тым нәзік, көкпеңбек;
Е) еңселі, өткір;
С) қуаң, ұзынша.
4. Шырай жасауға негіз болатын сын есімді табыңыз.
А) жаңбырлы, айлы;
В) өткір, тапқыр;
Д) сөзшең, өлкелік;
Е) тұщы, сары;
С) өнерлі, сары.
5. Емлесінде қате бар сапалық сын есімді табыңыз.
А) үлкен-үлкен, ұзын-ұзын;
В) қара көк, қызыл алма;
Д) қатқылдау, жұмсақтау;
Е) балалы шағалы, үлкенді кішілі;
С) ең үлкен, кіпкішкентай.
8-САБАҚ. АЛЛЕРГИЯ
Сөздік!
1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.
Көру – видеть
Кірпік – ресницы
Көз жүйкесі – глазной нерв
Көз қиығы – разрез глаз
Көз саңлауы – глазная щель
Көз қарағы – хрусталик
Көздің ақ қабығы – склера глаз
Көздің тор қабығы – сетчатка
Жас ағу – слезоотделение
Көз жасы бездері – слезная железа
Жыланкөз – свищ; фистула
Жаңа сөздермен танысыңыз!
-
Қоршаған орта
Химиялық заттар
Микроб
Өнім
Азық-түлік
Аллергиялық сырқат
Жағымсыз әсер
|
бронх демікпесі
есекжем
тері қышымасы
бастың жарақаты
жүйке жүйесі
ішкі секрет жүйесі
|
2-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз.
Мазмұнын түсініңіз.
Аллергия
Кейбір қоршаған ортаның (химиялық заттар, микробтар мен олардың тіршілігіне қажетті өнімдердің, азық-түліктердің, кейбір өсімдіктердің тозаңы т.б.) аллергендері адам организміне жағымсыз әсер етеді. Оны әркім әр түрлі қабылдайды. Аллергиялық сырқат түрлері: бронх демікпесі, есекжем, аллергиялық тұмау, тері қышымасы, дәрі және тағам аллергиясы, аллергиялық артрит т.б. Аллергия жүйке жүйесі мен ішкі секрет жүйесі (эндокрин) қызметінің бұзылуынан, бастың жарақатынан, көңіл-күйдің жағымсыз әсерінен бүйрек безі қызметінің нашарлауынан туындайды. Аллергиялық аурулардың алдын алу үшін, аллергендерді тауып, олармен байланысты үзу қажет.
3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек
сөздерді теріп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
«Жарық дүниені өз көзімен көру – адамзат үшін үлкен бақыт» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер. Сол бойынша көршіңізбен ой бөлісіңіз.
Сайттар: www.astana.kz,
www.google.kz,
www.egemen.kz,
www.yandex.kz
Сұхбаттасайық!
Көз аурулары бойынша
4-тапсырма. Диалогқа қатысайық.
– Қандай шағымыңыз бар?
– Көзім ауырады.
– Қалай ауырады?
– Суырылып ауырады.
– Неше күннен бері, көруі қалай?
– 3-4 күн болды, көруі шамалап кетті.
– Қашаннан?
– Ауырғаннан бері қарай.
– Қабырғаға барып тұрып, сол көзіңізді жұмыңыз да, бері қараңыз. Мен таяқшамен көрсетіп тұрған әріптерді атаңыз.
– Сіз көзіңізді көз дәрігеріне тексерттіңіз бе?
– Жоқ.
– Біз көзіңіздің көруін тексереміз. Соған қарай ем береміз.
5-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз, бір-біріңізбен пікір алмасыңыздар.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулық–адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.
Грамматикалық минимум!
Сөздің түбір күйінде беріліп тұрған ұғымы лексикалық мағына деп аталады.
Сөздің жеке тұрғанда болсын, сөйлем ішінде басқа сөздермен қарым-қатынасында болсын, лексикалық мағынасына қосымша беретін мағынасын грамматикалық мағына деп атайды.
Мысалы: Дәрігер – адам арашашысы.
Деннің саулығы – елімнің саулығы.
Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органдарда жұмыс
істейтін адам.
Сөздің лексикалық мағынасына қарай мынадай түрлері бар:
Сөздің тура мағынасы – сөздің бастапқы мағынасы.
Сөздің ауыспалы мағынасы – сөз мағынасының ауысып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы. Сөздің ауыспалы мағынасы екінші сөзбен тіркескенде ғана пайда болады.
Мысалы:
-
Тура мағына
|
Ауыспалы мағына
|
терең көл
ашық терезе
өткір қайшы
домбыра шерту
майлы төстік
|
терең ой
ашық мінез
өткір көз
сыр шерту
майлы дастарқан
|
Сөздің көп мағыналығы (полисемия) – бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болуы.
Мысалы: Адамның басы.
Судың басы (бұлақ).
Сөздің басы (сәлем).
Таудың басы (шың).
6-тапсырма. Сөйлемдерден ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
Ол әйеліне алтын алқа сатып алды. Айман оған жылы лебізін білдірді. Түнгі ауа салқындай бастады. Күзгі дала сары жапырақтан көрінбейді. Бұл мәселе туралы басшылармен ақылдасты. Қалада өзбек ұлттық мәдени орталығы бар. Олар ертелі-кеш еңбек етіп жүр. Адамның ықылас-ниеті жақсы болсын. Оны көрмегелі біршама жылдар өтті. Көктемде отырғызылған жас шыбықтардың жапырағы шыға бастапты.
7-тапсырма. Алтын, басшылар, адам сөзін септеңіз.
септік
|
алтын
|
басшылар
|
адам
|
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес
|
|
|
|
Өнер алды - қызыл тіл
8-тапсырма. Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз,
түсініңіз . Дәптеріңізге жазып алыңыз.
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.
Н.Ә.Назарбаев
Сырлы тіл, жырлы тіл, нұрлы тіл – қазақ тілін ғасырлар бойында қастерлеп сақтағандарыңыз үшін, қазақ бауырлар сіздерге бек зор рахмет.
Татар ақыны Хасан Туфан
Ат тұяқты келеді,
Ақын тілді келеді.
Қорқыт ата
Өнер – халықтың рухани қазынасы,
Тіл - ұлттың жаны.
Д. Міржақып
Термин сөздермен танысайық!
Абсцесс, внутриглазничный
|
Көзұя ішіндегі абсцесс
|
Аллергия
|
Аллергендерге жоғары сезімталдық
|
Вырезка надглазничная
|
Көзұя үстілік ойық
|
Глазница
|
Көзшара, көзұя
|
Глаукома
|
суқараң
|
Девиация глаз, содружественная
|
Екі көздің бірдей ауытқуы
|
Кератит
|
Көздің мөлдір қабығы қабынуы
|
Пучеглазие
|
Бадырақ көз, алаң көз (көздің шарасынан шығып тұруы)
|
Слезотечение
|
Жас ағу, жасаурау
|
Слепота
|
Соқырлық, зағиптық, көрмеу
|
9-тапсырма. Сөйлемдерден ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз. Қарамен
жазылған сөздердің антоним және синонимін жазыңыз.
Айман оған жылы лебізін білдірді. Түнгі ауа салқындай бастады. Күзгі дала сары жапырақтан көрінбейді. Бұл мәселе туралы басшылармен ақылдасты. Көктемде отырғызылған жас шыбықтардың жапырағы шыға бастапты. Адамның ықылас-ниеті жақсы болсын.
Пайдалы кеңестер!
10-тапсырма. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.
Аллергия болған жағдайда: толғақшөп (шөбі) – 40 г; шайқурай (шөбі) – 30 г; бақбақ (тамыры) – 30 г; қырықбуын (шөбі) – 25 г; жүгері шашағы – 10 г; шалфей (шөбі) – 15 г; итмұрын (жемісі) – 40 г. Бәрін талқандап, 4 ас қасық қоспаны 0,5 л салқын суға 8 сағат бойы салып қояды да, одан кейін қайнатады (тек бір қайнауға дейін). 4 сағат орап қойып, бұқтырады, сүзіп алып, тамаққа дейін 30 минут бұрын ¼ стаканнан күніне 3 рет ішеді.
11-тапсырма.
Сурет бойынша сөздерді қазақшаға аударыңыз,
3 сөйлем құрастырыңыз.
Артық болмас білгенің!
Ауруын жасырған өледі.
* * *
Қай жерің ауырса,
Жаның сол жерінде.
* * *
Ауру аздырады,
Суық тоңдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |