Нұрдос:Келе ғой лағым,
Міне тұр бұлағың.
Су іше ғой қанекей,
Мен күтіп тұрамын.
Назым:Қанекей лағым,
Дайын тұр бұлағың.
Су іше ғой қанекей,
Сені күтіп тұрамын- деген өлең шумақтарын бірнеше оқушылар құрастырды. Ал «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін өткенде оқушылардың қызығушылығын ояту сатысында Абай туралы не білеміз?- деп сұрадым. Оқушылар:
Зере Ұлжан Ибрагим
Құнанбай Ұлы ақын
Табиғат Күз Қыс
суретшісі
Ал қорытындылау кезінде оқушылар сөзжұмбақ шешті.
Бағдарламаның ішкі құрылымында өзіндік ерекшелік бар. Құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйрету моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сонымен қатар оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бірін-бірі тыңдай білуге, құрметтей білуге үйренеді.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасымен жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер сабақта баланың танымдық белсенділігінің артқандығын, өз бетінше жұмыс жасауға үйренгендігін, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін айтса, оқушылар- сабақтарының қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады:
Қызығушылықты ояту. Оқушы тақырыпқа байланысты өз білімін анықтайды, еске түсіреді. Тіпті қағазға жазып, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Яғни тақырыпқа қызығушылық басталып, зерттеу қалыптасады, белсенділігі артады.
Мағынаны тану.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.
Ой толғаныс: Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.Үйренгендерін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.Бір-бірімен ой алмастырады, ой түйістіреді, әр түрлі шығармашылықпен көріне алады.
Өз сабағымда осы бағдарламаның әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізіп келемін. Ең әуелі оқушылар ойын шыңдап, кез-келген даму деңгейіне сыни көзбен қарай алады. Бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауды және бірін-бірі тыңдай білуді үйренеді. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады. Сабақта оқушыларды орталықтарға бөлу кезінде сабаққа деген қызығушылығы артып, бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеуге үйренеді және сөздік қорлары молаяды.
Оқушы–ізденуші тұлға. Оқушының тілін ойын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтандыруда жазу жұмысы басты рөл атқарады. Жазу арқылы оқушы тақырыпты тереңірек түсінеді, қызығушылығы артады, ойын дамытады және жазу дағдысын қалыптастырады. Ал жазуға дейін бала мәтінді оқып, тыңдап көңілге тоқып түсінеді. Мәтінді өз бетінше талдай отырып оның тақырыбы мен мазмұнын игеруде «Түртіп алу стратегиясы», «ЖИГСО», «ББҮ» әдістерінің маңызы зор. Ой қорытыу жинақтап бір түйінді пікір жасау үшін «Эссе», «Бес жолды өлең» әдістерін пайдалануда оқушылардың қызығушылығы артып, қисынды ойлап, сабаққа деген белсенділігі де артатындығын байқадым.
Оқуға зауқы жоқ, үлгерімі нашар деген баланың бойынан жоқ дегенде бір жақсы қасиет табуға болады. Осындай баланың ерекшелігін көре алатын мұғалім ғана өз ісінің маманы ретінде танылады. Кез-келген пәнге оқушы қызығушылығын арттыру үшін дәстүрлі әдеттерге қоса хабарлама, көрнекі көрсету,безендіру әдістерін қолдану, сонымен қатар зертханалық және сарамандық тәжірибелерді дұрыс ұйымдастыра білу мұғалім шеберлігінің бір көрінісі.
Адам топ ішінде ғана толығады десек, оқушылардың топтасып жұмыс істеуі өз әсерін береді. Ойды ой жетелейді. Сабақтың байланысып, бір-бірімен сабақтасып жатуына бағдарлама әдістерін пайдалану септігін тигізеді.Сонымен бірге оқушыларды сабаққа ынталандыру сабақ жоспарының түрлеріне де байланысты. Мәселен, жарыс сабақ, сахналау сабақ және ойын сабақтарын қолдану баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Қазіргі қолданылып жүрген сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу, оқыту мақсатына жеткізудің бірден-бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады.
Біз оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін, шығармашылығын көрсете білуін және оны жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Ол үшін мектеп, мұғалім оқушының табиғи нышандарының оянуына, оның ақиқатқа айналуына көмектесуі қажет. Осы тұрғыда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасын өз уақытында қолға алынған дидактиканың бүгінгі күнгі көкейтесті мәселесін шешуге бағытталған бағдарлама деуге әбден болады.
Оқыту мен үйрену кезінде оқушының тек белсенді түрде ғана меңгерген білімі маңызды әрі тиімді.
Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді дегенде, мұғалім ең алдымен бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бала жүрегінің пердерерін дәл тауып, оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігі, бейімділігінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртіне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Ал лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет деп ойлаймын. Атақты педагог К.Д.Ушинскидің «Мұғалім жас бала үшін теңдесі жоқ күннің құдіретті сәулесі сияқты» деген сөздерді әр мұғалім үнемі жадында ұстау керек.
Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту баланы оқуға, жаттауға, есте сақтауға үйретсе «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы баланың дербес немесе топтаса, ұжымда бірлесіп шығармашылықпен жұмыс жасауына, алған білімін өмірде пайдалана алуға үйретеді. Заман талабына сай технологиялық ақпараттарды қолданып, олар арқылы сауатты да білімді ұрпақ тәрбиелеу әрбір ұстаздың борышы.
Пайдаланылған әдебиеттер
Мектеп журналы №5-2011
Әдіскер мұғалім №5-2004
Бастауыш сынып журналы №5,7,8-2004
Б.Қ. Игенбаева «Адамгершілік сабақтары»
12 жылдық білім журналы №6-2007,№10-2008
Қ. Жарықбаев. Психология-Алматы, «Иектеп»1982
Бала тәрбиесі баршаға ортақ
Бөлекова Сәулеш-№163 мектептің бастауыш сынып мұғалімі,Қызылолрда облысы, Жаңақорған қонысы
«Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше сусындайтын махаббат».( Ғабиден Мұстафин)
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ салсақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез-келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен кездестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрапағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата –анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамды жағынан азғындаған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай- шу мен дау – жанжалға, ұрыс – керіске шыдап жүрмек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз , бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!
Ата – аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата –аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.
Ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйтекені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу - тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.
Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясаттың отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасымен әрекетін,де бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл – күйі мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сеніммен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.
Сонымен бірге сынып жеткшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдармен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде, бірлесе жұмыс жүргізеді. (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.).
Осыған орай ата-аналарға арналған тренинг өткіздім.
Мақсаты: Ата-аналармен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару.
Керекті құралдар:
ü Бояу қаламдар
ü Таза бланкалар
ü Сауалнама парақтары
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық. Баяу ән орындалады. Осы әуеннің ырғағымен барлығымыз бір жағымды ой ойлауға тырысайық. 1 минут уақыт беріледі.
Психолог: Осындай жағымды ойлар сіздердің бойларыңызға қайырымдылық, өмірге сенімділік алып келеді. Яғни, осы қасиеттер арқылы біз рухани – адамгершілік мәдениеті жоғары, шығармашыл тұлға тәрбиелей аламыз. Ал, енді көңіл-күйіміз көтеріліп, бүгінгі тренингке дайын болсақ, бастайық.
Танысу. «Адам есімінің түстері»
Мына жұлдызша, жүрекше қағаздарға өздеріңіз ұнататын түстермен есімдеріңізді жазыңыздар. Әр түске қарап сізідң қандай қасиет, қабілеттеріңіз бар екенін айтып беремін.
«Мен күнмін» немесе «Мені не үшін сыйлау керек»
Бұл өзіне деген сенімділікті арттыруға арналған жаттығу. Күннің суретін салып, ортасына қатысушы өз атын жазады. Қатысушы күннің әр сәулесіне өзінің жақсы қасиетін, жетістігін, өнерін жазады. Неғұрлым күннің сәулесі көп болса, соғұрлым адамның шапағаты да көп болғаны. Егер осындай сәулесі, шапағаты көп ата-ана тәрбиелеп отырған бала қалай жаман болсын. Ол жақсы, тәрбиелі бала деп есептейміз.
сезімтал
жаңалыққа құштар білімді
ашық мінезді ақылды
кітап оқығанды сүйем адамдармен тез тіл табысу
сыпайылық мейірімді
ойшыл тиянақты
қамқоршы
«Ата-ананың ролі» жаттығуы
Мына қағазға сіздер отбасындағы «Әкемнің міндеті», «Ананың міндеті», «қуаныш аймағы» деген тақырыпта өз ойларыңызды жазыңыздар. (Пікірлері тыңдалды. )
Ата-аналар мынадай пікірлер қозғады. Олардан мынадай жауаптар алдым.
Достарымен қарым-қатынасын назарда ұстау
|
Жұмыс істеп балаларын асырау
|
Ұлы педагог В.А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» атты кітабында былай дейді: Бала-жанұя айнасы; біртамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да балаларда сондай бейнеленеді.
Даналық сөздің ойшылы Эпикет: «Дүниенің ең тамаша туындысы тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады,»-дейді.
Сондықтан да ертеңгі күніміз көлеңкесіз жарық болсын десек, бала тәрбиесіне бей-жай қарамауымыз керек
Сауалнама. «Сіз қандай ата-анасыз?»
Сіздің қандай ата-ана екеніңізді сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға ғана беріліп отыр. Ата-аналарға жинаған ұпай саны бойынша жауаптары оқылады.
Сіз қандай ата-анасыз?
Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді. Осыған орай балаңызбен қарым-қатынаста сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:
Саған қанша рет қайталап айтам. 2 ұпай
Маған ақылыңды айта қойшы 1
Мен сенсіз не істер едім ! 1
Сонша кімге тартқансың! 2
Сенің достарың қандай тамаша! 1
Туу, ұқсағансың ! 2
Мен сендей кезімде ... 2
Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой! 1
Сенің достарың өзі қандай адамдар.. 2
Сен тегі не ойлап жүрсің? 2
Сен менің ақылшымсың ! 1
Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсың... 1
Басқаның баласы бала сияқты да ал сен 2
Сен қандай ойлап тапқышсың 1
Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз, әрине, сіздің қандай ата-ана екеніңізді сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға ғана беріліп отыр.
Кілті:
7-8 ұпай: Сіз балаңыз екеуіңіз бір-бітіңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол Сізді жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастарыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.
9-10 ұпай: Сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол Сізді сыйлағанмен әрқашан сізге сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлармен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін.
11-14 ұпай: Сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз. Ол оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтілік (даулы) қатынасқа түсуге алып келеді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы 1987
Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі . – Алматы 1980
Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі Алматы 1977
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2007 №9
Тәртіптің ең тамаша мектебі- отбасы
Бөлекова Бақтылы- №169мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын қыр –сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік бауырмалдық, татулық , қайырымдылық, әдептілік. инабаттылық сияқты қасиеттер – жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен -ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке – шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігінде ұмытпаған жөн. Осылай келе баланың бірте – бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, олда ересектерді сыйлап кез-келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, жеку , сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақтан жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармайда қалуы да мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой.Иә, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » демекші ата – ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиетерді дарыту тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата –ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ – түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге хақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты.
Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Жан Жак Руссо : «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен. Бұдан шығатын түйін бала тәрбиесіне ең әуелі ата –анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл – ойы,сана – сезімі, адамгершілігі әсер етпек
Сонғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата –ана тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата –аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру , соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесіне сай ата –аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтар кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл - кеңестерін , практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егер де мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата –аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.
Отбасылық тәжірибе алмасу
|
Отбасылық сайыстар өткізу
|
Ата – аналар белсенділерімен жұмыс істеу байланыс түрі
|
Психологиялық сауалнамалар
|
Ата – анамен кездесу кештер ұйымдастыру
|
Ата – аналар комитетін құру
|
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы 1987
Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі . – Алматы 1980
Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі Алматы 1977
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2007 №9
Достарыңызбен бөлісу: |