Методический документ республики казахстан



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет5/33
Дата06.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

 

негізгі  немесе  бас  бөлу  осьтерінің  жаратылысына  шығарудан  тұратын  құрылысқа 



арналған,  сонымен  қатар  технологиялық  жабдықтың  монтажы  үшін  геодезиялық  бөлу 

негізін құру; 

-  технологиялық  жабдықтың  монтажы  үшін  шығыс  және  монтаждық  горизонт  пен 

бөлетін осьте ғимараттың (имараттың) ішкі бөлу желісін жасау; 

- ғимараттың (имараттың) геометриялық параметрлерінің нақтылығына геодезиялық 

бақылау  жасау  мен  атқарушы  геодезиялық  құжаттаманы  құру  арқылы  атқарушы 

түсірілімдер жасау; 

-  ғимараттың  (имараттың)  және  олардың  бөліктерінің  іргесінің  деформациясын 

геодезиялық өлшеу кіруі керек. 

6.3.4 Құрылыс объектілерінің сәйкестілігін бағалаған кезде инженерлік-геодезиялық 

іздеулер сатысында дайындық, дала және камералдық кезеңдердің жүйелілігінің сақталуы 

тексеріледі. 

6.3.5 Дайындық кезеңінде: 

- құрылыс үшін инженерлік іздеу өндірісі құқығына тиісті лицензияларды рәсімдеу; 

- техникалық тапсырысты алу мен шарт құжаттарын дайындау; 

-  өткен  жылдардың  инженерлік  іздеу  материалдарын,  топографиялық-геодезиялық, 

картографиялық,  аэрофото  түсірілім  және  басқа  материалдарды,  құрылыс  ауданының 

деректерін жинау мен талдау; 

-  инженерлік-геодезиялық  іздеу  бағдарламасын  (ұйғарымын)  тапсырыс  берушінің 

техникалық  тапсырысының талаптарына сәйкес, сонымен қатар аумақтың қауіпті  табиғи 

және техногендік шарттарының есебімен дайындау; 

- белгілі тәртіп бойынша инженерлік-геодезиялық іздеу өндірісін тіркеу (рұқсат алу) 

орындалуы керек. 

6.3.6 Дала  кезеңінде  аумақты  (акваторияны)  рекогносцирленген  тексеру  және 

инженерлік-геодезиялық іздеу құрамындағы дала жұмыстарының кешені,  сонымен қатар 

есептеу және олардың сапасын, толықтығы мен нақтылығын бақылауды қамтамасыз етуге 

арналған басқа жұмыстардың қажетті көлемі жүргізілуі керек. 

6.3.7 Камералдық кезеңде: 

-  дала  материалдары  мен  жобалау  және  құрылыс  салу  үшін  объектілер,  жағдай 

элементтері  мен  жер  рельефінің  элементтері,  олардың  техникалық  сипаттарын  көрсету 

арқылы  жерастылық  және  жерүстілік  имараттар  туралы,  сонымен  қатар  қауіпті  табиғи 

және техно-табиғи процестер туралы ақпараты бар алынған нәтижелердің нақтылығының 

бағасы бар деректерді соңғы рет өңдеу; 

-  орындалған  инженерлік-геодезиялық  іздеудің  нәтижелері  бойынша  қажетті 

қосымшалары  бар  техникалық  есептерді  (түсіндіру  хаттарын)  жасау  және  оларды 

тапсырыс  берушіге  өткізу;  белгілі  тәртіп  бойынша  орындалған  инженерлік-геодезиялық 

іздеудің  есептік  материалдарын  мемлекеттік  нормативтердің  талаптарына  сәйкес 

мемлекеттік қорларға өткізу жүргізілуі керек. 

6.3.8 Құрылыс объектілерінің сәйкестілігін бағалаған кезде инженерлік-геодезиялық 

іздеулер  сатысында  топографиялық-геодезиялық  жұмыстарды  орындауға  арналған 

аспаптар мен жабдықтар тексеруден өтеді. Олар қауіпті және зиянды өндірістік факторлар 

туу  үшін  себеп  болмайтындай  етіп  конструкцияланған  және  дайындалған  болуы  керек 

және  техникалық  реттеу  саласындағы  заңнамаға  сәйкес  метрологиялық  аттестациядан 

өткен болуы керек. 

6.3.9 Топографиялық-геодезиялық  жұмыстарды  орындауға  арнайы  дайындықтан 

өткен  және  заңнамалық  белгіленген  талаптарға  сәйкес  келетін  біліктілік  мүмкіндіктерін 

растайтын дайындық құжаттары бар мамандар жіберіледі. 



 

6.3.10  Инженерлік-геодезиялық  жұмыс  нәтижелерінің  мемлекеттік  нормативтерге 



сәйкестілігін бақылау кіріс бақылау, операциялық бақылау және қабылдайтын бақылауды 

қарастыратын субъектінің ішкі бақылауы арқылы жүзеге асырылады. 

6.3.11  Инженерлік-геодезиялық  жұмыс  нәтижелерінің  құрылыс  саласындағы 

мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігін  ішкі  бақылауды  тапсырыс  беруші  тартқан 

заңнамамен белгіленген рұқсат құжаттамасы бар компания жүргізеді. 

 

6.4 Инженерлік-геологиялық іздеулер 

 

6.4.1 Инженерлік-геодезиялық 



іздеулер  сатысында  құрылыс  объектілерінің 

сәйкестілігін  бағалау  мен  қамтамасыз  ету  құрылыс  үшін  инженерлік-геологиялық  іздеу 

өндірісі саласындағы мемлекеттік нормативке сәйкес жүзеге асырылады. 

6.4.2 Құрылыс үшін инженерлік-геологиялық іздеуді заңнамамен белгіленген тәртіп 

бойынша  инженерлік-геологиялық  іздеу  өндірісіне  рұқсат  құжаттама  алған  заңды  және 

жеке тұлғалар орындайды. 

6.4.3 Инженерлік-геодезиялық 

іздеулер  сатысында  құрылыс  объектілерінің 

сәйкестілігін  бағалау  аясында  жобаланған  құрылыс  ауданының  (алаңының,  телімінің, 

трассасының) инженерлік-геологиялық жағдайларын зерттеу кешенділігін қамтамасыз ету 

мүмкіндігі,    жобаланған  объектілердің  геологиялық  ортамен  өзара  қатынасы  саласында 

инженерлік-геологиялық жағдайлардың ықтимал өзгеруінің болжамы тексерілуі керек. 

6.4.4 Іздеу 

жұмыстарын  жүргізген  кездегі,  сапаны  ішкі  бақылау,  іздеу 

материалдарын  қабылдау  кезіндегі,  сонымен  қатар  инженерлік-геодезиялық  іздеулер 

сатысында  құрылыс  объектілерінің  сәйкестілігін  бағалау  кезінде  техникалық  есептерді 

сараптау кезіндегі негізгі құжат – инженерлік іздеудің бағдарламасы болып табылады. 

6.4.5 Инженерлік 

іздеу 

бағдарламасын 



тапсырыс 

берушінің 

техникалық 

тапсырмасының  негізінде  мемлекеттік  нормативтердің  талаптарына  сәйкес  және  бұрын 

орындалған  инженерлік  іздеу  материалдарын  және  іздеу  ауданының,  телімінің, 

трассасының табиғи жағдайлары туралы басқа мәліметтерді пайдалану және егер ауданды 

далалық тексеру жүргізілген болса – далалық тексеру нәтижелерінің есебімен іздеу ұйымы 

(бөлімше) құруы керек. 

6.4.6 Инженерлік 

іздеу  бағдарламасында  тапсырыс  берушінің  техникалық 

тапсырмасының  негізінде  жоба  алдылық  жұмыстардың  кезеңінен  немесе  жобалау 

сатысынан  (жоба,  жұмыс  құжаттамасы),  құрылыс  түрінен,  ғимарат  пен  имараттың 

типінен, олардың мақсаттарынан, зерттелетін аумақтың алаңынан, оның зерттелу дәрежесі 

мен  инженерлік-геологиялық  жағдайларының  күрделігінен  шыға  отырып,  инженерлік-

геологиялық жұмыстардың құрамы мен көлемдері белгіленуі керек. 

6.4.7 Инженерлік-геодезиялық 

іздеулер  сатысында  құрылыс  объектілерінің 

сәйкестілігін бағалаған кезде инженерлік-геологиялық іздеудің құрамы тексеріледі, оның 

ішіне келесі бөлімдер кіреді: 

1) өткен жылдардың материалдарын жинау және өңдеу; 

2) ғарыш-аэро фотоматериалдарын дешифрлеу және аэровизуалдық бақылау; 

3) аэровизуалдық және бағыттық бақылауды қоса, рекогносцирленген тексеру; 

4) тау тыныстарының ұңғымалары; 

5) геофизикалық зерттеу; 

6) топырақты далалық зерттеу; 

7) гидрогеологиялық зерттеулер; 

8) стационарлық  бақылау  (геологиялық  ортаның  компоненттерін  жергілікті 

мониторингтеу); 

9) топырақтарды, жерастылық және үстіңгі суларды зертханалық зерттеу; 



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау