Методический документ республики казахстан



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет11/33
Дата06.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25956
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33

 

19 


6.8.3 

Құрылыс объектісінің сәйкестілігін жұмыс өндірісінің технологиялық 

карталарының негізінде бағалау 

 

6.8.3.1  Құрылысты  технологияға,  жұмыстардың  жеке  түрлерін  ұйымдастыру  мен 



механизациялауға  қатысты  оңтайлы  шешімдермен  қамтамасыз  ету  мақсатында  құрылыс 

объектісінің  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігін  бағалау  құрылыс  жұмыстары 

өндірісінің технологиялық карталарының (ары қарай – технологиялық карталар) негізінде 

жүзеге асырылады. 

6.8.3.2  Технологиялық карталар жұмыс өндірісі мен объектіні пайдалануға берудегі 

қауіпсіздікке,  жұмыс  өндірісі  жобаларының  құрамындағы  қоршаған  ортаны  қорғау  мен 

өрт қауіпсіздігіне қатысты заңнамалардың талаптарын сақтаудың есебімен әзірленеді.  

6.8.3.3  Жаңа  технологияларға  технологиялық  карталарды  әзірлеу  құрылысты 

ұйымдастыру  жобасын  әзірлеген  кезде  ұйымдастырушылық-технологиялық  схемаларда 

қарастырылған  техникалық  шешімдерге  сәйкес  ғимараттың  жұмыс  сызбасы  бойынша 

және құрылыс өндірісін дамытудың замани техникалық деңгейіне жауап беретін алдыңғы 

қатарлы шетелдік тәжірибені пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 

6.8.3.4  Дәстүрлі  түрде  қолданылатын  құрылыс  технологиялары  үшін  типтік 

технологиялық  карталар  қолданылады,  олар  осы  объектінің  және  жергілікті  жағдайдың 

ерекшеліктерінің  есебімен  түзетіледі,  жұмыс  өндірісінің  әдістерін,  материалдарға, 

машиналарға,  жабдықтарға,  құралдар  мен  жұмысшыларды  қорғайтын  құралдарға  еңбек 

сіңіргіштік пен қажеттілікті сипаттаудан тұрады. 

6.8.3.5  Жұмыс  сапасын  бақылаудың  карталары  (схемалары)  технологиялық 

процестер  мен  операциялардың  сапасын  бақылау  мен  бағалауды  жүзеге  асыру  үшін 

әзірленеді.  Жұмыс  өндірісі  жобасының  осы  бөлімінде  орындалатын  жұмыстардың 

операциялық  бақылауының  схемалары;  жасырын  жұмыстарды  куәландыру  актілерінің 

талап  етілетін  актілері;  материалдарды,  конструктивтік  элементтерді,  температуралық-

ылғалды  тәртіптерді  зертханалық  сынау  арқылы  жұмыс  сапаларын  тексеру  мерзімдері 

туралы,  сонымен  қатар  жеке  агрегаттар  мен  инженерлік  жабдықтау  жүйелерін  сынау 

тәртібі туралы нұсқаулар көрсетіледі. 

6.8.3.6  Технологиялық  карталар  технологиялық  процестерді  орындау  ережелерін, 

технологиялық  қамтамасыз  ету  құралдарын,  құрылыс  машиналары  мен  жабдықтарын, 

қажетті материалдық-техникалық ресурстарды таңдауды, жұмыс саплары мен қабылдауға 

қойылатын  талаптарды,  сонымен  қатар  еңбекті  қорғау,  қауіпсіздік  техникасы,  қоршаған 

ортаны қорғау мен өрт қауіпсіздігіне қатысты шараларды регламенттейді. 

6.8.3.7  Технологиялық карта төмендегі бөлімдерден тұруы керек: 

а)  Қолдану саласы; 

б) Ресурстарға қажеттілік, оның ішінде: 

1) машиналар мен жабдықтардың тізімі; 

2) технологиялық жабдықтаудың, аспаптың, инвентарь мен құралдардың тізімі; 

3) материалдарға, бұйымдар мен конструкцияларға қажеттіліктің ведомостьі 

в) Жұмыстарды орындаудың технологиясы мен ұйымдастыру, оның ішінде: 

1) алдағы жұмыстардың сапасына қойылатын талаптар; 

2) жұмыс өндірісінің технологиясына қойылатын талаптар; 

3) жұмыс өндірісінің технологиялық схемалары; 

4) бұйымдар мен материалдарды тасымалдау және қоймалау; 

5) кешенді механизациялаудың схемалары; 

г)  Жұмыстардың сапасы мен қабылдауға қойылатын талаптар, оның ішінде: 

1) жеткіліген материалдар мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар; 

2) сапаны операциялық бақылаудың схемалары; 

3) бақылауға тиесілі технологиялық процестердің тізімі; 




 

20 


д)  Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, экологиялық және өрт қауіпсіздігі; 

е)  Техника-экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде: 

1) жұмысты орындаудың ұзақтығы; 

2) жұмыс өндірісінің кестесі; 

3) жұмысты орындаудың еңбек сіңіргіштігі мен машина сіңіргіштігі; 

4) еңбек пен машина уақытының шығындарын санау. 



 

6.8.4 

Құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінің мемлекеттік нормативтерге, 

мердігердің сыртқы бақылауына сәйкестілігін бағалау 

 

 



6.8.4.1  Объектінің  құрылысын  салудың  барлық  мерзімінде  құрылыс  процесінің 

мемлекеттік нормативтердің және мердігерлік ұйымның басқа қолданыстағы нормативтік 

құжаттарының талаптарына сәйкестілігін бағалау мен қамтамасыз ету жобалау-сметалық 

құжаттамаға сай жүзеге асырылады, оның ішіне: 

1) құрылысты ұйымдастырудың жобасы; 

2) жұмыс өндірісінің жобасы; 

3) құрылыс жұмыстары өндірісінің технологиялық карталары кіреді. 

6.8.4.2  Өндірістік  процестер  мен  операцияларды  орындау  барысында  мердігер 

мемлекеттік  стандарттарға  сай  келмейтін  құрылыс  өнімдерін,  сонымен  қатар  процесті 

немесе операцияны жалғастыру кезінде жасырын болуы мүмкін ақауларды анықтау және 

осы  ақаулардың  алдын  алу  мен  жою  мақсатында  кіріс  және  операциялық  бақылауды 

жүзеге асырады. 

6.8.4.3  Құрыыс  өнімдерін  кіріс  бақылау  кезінде  мердігер  олардың  стандарттардың 

немесе техникалық шарттардың және жұмыс құжаттамасының талаптарына сәйкестілігін, 

тасымалдау кезінде елеулі бұзылыстардың жоқ екендігін, сонымен қатар төлқұжаттардың 

және сапа туралы басқа ілеспелі құжаттардың бар екендігі мен мазмұнын сырттай көзбен 

тексеруі керек. 

6.8.4.4  Объетілерді  салған  кезде  мердішер  пайдаланатын  құрылыс  өнімдері  мен 

жабдықтары жоба мен  оларға таралатын стандарттардың, техникалық шарттардың, және 

(немесе)  жобалау-сметалық  құжаттамада  көрсетілген  техникалық  куәліктердің 

талаптарына сай болуы керек. 

6.8.4.5  Жеткізілген  құрылыс  өнімінің  стандарттардың  талаптарына  сәйкестілігін 

бағалауды  жеткізуші  қамтамасыз  етеді  және  төлқұжатпен  немесе  құрылыс 

конструкциясының  партиясына  ілеспелі,  сапа  туралы  басқа  құжатпен  расталуы  керек. 

Міндетті  сертификаттауға  тиесілі  құрылыс  өнімдеріне  жеткізушінің  сәйкестілік 

сертификаты болуы керек. 

6.8.4.6  Егер  мердігердің  кіріс  бақылауы  арқылы  жеткізілген  құрылыс  өнімдерінің 

мемлекеттік  номративтердің  немесе  жобалау-сметалық  құжаттаманың  талаптарына 

сәйкессіздігі  анықталған  болса,  онда  мердігер  көрсетілген  құрылыс  материалдарын 

қолдануға байланысты жұмыстарды тоқтатуы және ол туралы тапсрыыс берушіге немесе 

оның  бақылау  мен  қадағалауды  жүзеге  асыратын  жауапты  өкіліне  хабар  беруі  керек. 

Құрылыс  өнімдерін  жеткізуші  оларды  көрсетілген  талаптарға  сәйкес  тиістісіне 

ауыстыруға  немесе  тексеріп,  оларды  объектінің  қауіпсіздігіне  шығынсыз  ары  қарай 

қолдану мүмкіндігін негіздеуге міндетті. 

6.8.4.7  Мердігер құрылыс өнімдері мен жабдықтарының көрсеткіштеріне аспаптық 

тексеру  немесе  оларға  сынақ  жүргізуі  керек.  Осы  жерде  осы  құрылыс  өнімдері  мен 

жабдықтардың  стандарттары  мен  техникалық  шарттарымен  белгіленген  бақылау,  сынау 

және қабылдау ережелері қолданылуы керек. 

6.8.4.8  Мердігер  пайдаланатын  өз  өндірісінің  құрылыс  өнімдері  сатып  алынған 

құрылыс  өнімдеріне  қойылатын  талаптарды  қанағаттандыруы  керек.  Осы  жерде  тікелей 




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау