Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет5/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

11 
 
Қазіргі  уақытта  қызмет  көрсетіп  отырған  мектептік  ұйымдар  республикалық 
ұйымның бір бөлігі болып табылады. 
«Жас  Ұлан»  балалар  және  жасөспірімдер  ұйымының  қызметі  туралы 
Ережелерінде  жоғары  рухани-адамгершілік  құндылықтарының,  гуманизмнің, 
толеранттылықтың  және  демократизмнің  негізінде  өскелең  ұрпақты 
қазақстандық патриотизмінің рухында, қалыптастыратыны анықталған [13].  
«Жас Ұлан» жас ерекшеліктерін ескеру қағидасын ескеріп, екі деңгейден 
құрылған:  1-4  сынып  оқушылары  секілді  ұйым  мүшелері  (6-10  жас)  «Жас 
Қыран»  қатарына,  ал  5-10  сыныптардың  оқушылары  (11-16  жас)  «Жас  Ұлан» 
республикалық  балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымының  қатарына  қосылу 
балалардың  өз  еркімен,  оқушылар  мен  олардың  ата-аналарының  қалауы 
бойынша  жүргізіледі.  Республикалық  балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымының 
мүшесі  болу  мақтаныш  және  үлкен  құрмет.  Республикалық  балалар  мен 
жасөспірімдер  ұйымының  қатарына  ең  алдымен  оқуда  жетістіктері  бар, 
белсенді азаматтық айқындамасын Республикалық балалар мен жасөспірімдер 
ұйымына танытқан мектеп оқушылары қабылданады. 
 
«
Жас  Ұлан»  ұйымының  мақсаты  –  өскелең  жас  ұрпақтың  бойында 
патриоттық,  білімге  және  өзін-өзі  жетілдіруге  деген  құштарлықты,  өз  ісіне 
жауаптылық  көзқарасын,  Отан  тарихына,  Тәуелсіз  Қазақстанның  бүгіні  мен 
болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыру. 
«
Жас  Ұлан»  балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымының  бірыңғай  басым 
міндеті қатарына: 

Қазақстан  халқының  тілін,  мәдениетін,  тарихын  білу  негізінде  өскелең 
жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; 

балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын 
арттыру; 

танымдық қызметін ынталандыру;  

балалар  мен  жасөспірімдердің  зияткерлік,  шығармашылық  және 
әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау; 

баланың  бойында  жауапкершілік  пен  еңбексүйгіштікті  қалыптастыруға, 
көшбасшылық  және  ұйымдастырушылық  қабілеттерін  дамытуға  бағытталған 
жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту жатады. 
 
«Жас  Ұлан»  ұйымы  қызметінің  жетекші  қағидалары  қатарына 
шығарылғандар

азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы; 

еріктілік және қол жетімділік;  

ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;  

ұйымның  негізгі  мақсаты  мен  міндетін  жүзеге  асырудағы  ересектермен 
балалардың бірлігі;  

қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.  
«
Жас Ұлан» ұйымы қызметтеріне

тәрбиелік;  

танымдық; 

коммуникативтік; 


12 
 

әлеуметтік; 

ақпараттық; 

шығармашылық жатады. 
Мықты  тәрбиелік  әлеуетіне  ие  бола  тұра,  «Жас  Ұлан»  балалар  мен 
жасөспірімдер  ұйымы  әрбір  функциясын  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарына 
баулуға бағыттауы тиіс: 

тәрбиелік  функция  –  өмір  үлгілерін,  мінез-құлық  мысалдарын  дарыту, 
құндылықтарды насихаттау, дүниеге, адамдарға, өзіне көзқарасы және т.б.; 

танымдылық  функция  –  білімділік  құндылықтары  (дүние  туралы 
ауқымды білімдер) және оларды әлеуметтік тәжірибеден өткізу; 

коммуникативтік  функция  –  қатынастың  әлеуметтік  нормалары,  тіл 
мәдениеті  эталондарының  құндылықтары,  оларды  ұтымды  коммуникативтік 
үдеріс  арқылы  өткізу  (ақпаратпен  тиімді  алмасу,  коммуникативтік  жүріс-
тұрыс); 

әлеуметтік  функция  –  балаларды  және  жасөспірімдер  ұйымдарының 
ауқымды  әлеуметтік  байланыстарға  қосылуына  және  өзінің  әлеуметтік 
ортадағы  орнын  табуға  көмегін  тигізетін  жалпы  адами  құндылықтар,  ұлттық 
жүйе мен құндылықтар; 

ақпараттық  –  білімділік,  рухани  және  мәдени  қажеттіліктерді 
қамтамасыз ететін жиналған, өңделген және анықталған ақпараттық (өзекті, 
объективті, қаныққан) құндылықтар, сонымен қатар ақпараттық жүріс-тұрысты 
және жеке құндылықты қызығушылықтарын моделдеу; 

шығармашылық  –  баланың  шығармашылық  әлеуеті,  оның  табиғи 
талаптары, жасампаз шығармашылық еңбек құндылықтары. 
Базалық  ұлттық  құндылықтар  жеке  оқу  пәнінің  мазмұнында,  білімділік 
қызметтің  нұсқасында  немесе  түрінде  жинақталмаған.  Олар  мектеп  өмірінің, 
оның  оқу  мазмұнының  тұтас  өзегін  құрып,  мектеп  оқушысының  адам,  жеке 
тұлға,  азамат  ретіндегі  көпқырлы  қызметін  тұтас  қамтиды.  «Мәңгілік  Ел» 
ұлттық құндылықтары тұлғаның тәрбиесі мен әлеуметтенуі кеңістігінің мәндік 
негізін  құрайды.  Бұл  кеңістікте  жеке  оқу  пәндері  арасындағы,  мектеп  және 
отбасы арасындағы, мектеп пен қоғам арасындағы, мектеп пен өмір арасындағы 
кедергілер жойылады.  
«
Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  балалар  мен  жасөспірімдердің  бірігуіне 
бағытталған. 
«
Мәңгілік  Ел»  ұлттық  құндылықтарына  баулудағы  түбегейлі  рөл 
қоғамдық ұйымның ұйымдастырушылары мен жетекшілеріне берілген. 
Дәл соларға келесідей жаңғырту шараларын іске асыру міндеті жүктелген: 

мазмұндық қызметті; 

балалар мен жасөспірімдердің өзінің орнын табудағы нұсқаларын; 

балалар  мен  жасөспірімдердің  шығармашылық  қабілеттері  мен 
қажеттіліктерін дамыту әдістерін; 

оқушылар  мен  мұғалімдер,  бірлестіктегі  оқушылар,  мұғалімдер  мен 
оқушылардың  ата-аналары,  балалар  мен  әлеуметтік  орта  арасындағы 
тұлғааралық өзара қатынастар мен өзара әрекеттесулердің жаңа жүйесін құру.  


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау