15
Нақты бағыттағы қызметтің мазмұны келешек өмірінде, кәсіби қызметінде,
әскер қатарында табысты түрде іске асыру үшін тәрбиеленушілердің әлеуметтік
өзара әрекеттесудің жаңа білімдері және біліктерін алуы үшін ынталандыру
шарасы болып табылады.
Балаларды және жасөспірімдерді спорттық бағытқа тарта отырып,
педагог оның елдің ұлттық қауіпсіздігі секілді «Мәңгілік Ел» құндылықтарын
меңгеруге көмектеседі.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымындағы шығармашылық дамыту –
шығармашыл тұлғаның жаңа мүмкіндіктерін тудырудың және оларды
шындыққа айналдырудың шексіз үдерісіндегі маңызды бағыттардың бірі.
Шығармашылық – бұл жеке тұлғаның өз орнын табу нысаны; бұл дүниеге
деген ерекше, қайталанбас көзқарасын білдірудің мүмкіндігі. Нақты жағдайда
қоғамдық ұйымдардың жетекшілері балаға өзін «ашуға», өзінің ең жақсы деген
қасиеттерін танытуға, мейлінше өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыруға
көмектесуі тиіс. Дүние танымының үдерісі ретінде шығатын шығармашылық
поэзияның, көркемсуреттің, саздың, бидің өзара байланысы арқылы жақсырақ
орындалады, олар өзінің болмысында шығармашыл тұлғаның барлық жақтарын
дамытуы тиіс, олар: қиял, түйсік, эстетикалық талғам және эмоциялық аясы,
көркемдік суреттеу ойы, құбылыстарды тұтас қамту және оны синтездеуге
қабілеттілік. Дамудың дәл осындай іргетасы мектеп жасында, шығармашылық
қызмет үдерісінде, дарынды жастар слеттерінде, түрлі бағыттағы конкурстарға
қатысу арқылы қаланады.
Ұйымның міндеті – балаға оның өмірге деген шығармашылық көзқарасын
сақтап қалу.
Жылдам өзгеруге бейім дүниеде, дамудың қозғалтқыш күштерінің
бастылары қатарында өмірдің әлеуметтік, экономикалық аясында да
жаңашылдық шығып, онда басты орын қиял мен шығармашлыққа берілуі тиіс,
себебі олар адам еркіндігінің айқын белгісі болып, жеке жүріс-тұрыстарды
стандарттарға бағындыру нәтижесінде өзгеріске ұшырауы мүмкін. ХХІ ғасыр
дарындылар мен жеке тұлғалардың алуан түрлілігін қажетсінеді, ондай
жағдайда сөз кез-келген өркениеттің дамуында қажетті болатыны күмән
тудырмайтыны біртуар адамдар туралы ғана көтеріліп қоймайды. Осыған орай
балалар мен жасөспірімдерге эксперимент жасау, көркемсурет және мәдениет
аясындағы жаңалықтарды ашу мүмкіндіктерін беріп, олар адамзат қызметінің
осы аяларында алдыңғы ұрпақтар немесе замандастар қолымен жасалғаны
туралы қызықты әңгімелерді толықтыратындай болуы тиіс [12].
Осы бағытта балалар «Мәңгілік Ел» - Бұл Тарихтың, Мәдениеттің және
Тілдің Бірлігі» құндылығына тартылады, олар үшін өмірдің құндылықты негізі
–
Еңбек анағұрлым толық ашылады.
Қоғамдық қызмет – бұл балалар бойында жеке тұлға қасиеттерінің,
көзқарастары мен ұстанымдары жүйесін қалыптастыруға бағытталған мақсатты
әрекет. Осы бағыттың міндеті – балалардың, жасөспірімдердің ортасында
қоғамдық бірлестіктер қатысушыларының түрлі әлеуметтік белсенділігінің
үлгілерін көрсетіп, таныту үшін жағдай жасау.
16
Балалардағы қоғамдық бастамаларды дамыту қағидаларына қойылатын
талаптар:
-
Міндеттілік. Қызмет қағидаты – балаларда нақтылықты және
міндеттердің дер кезінде орындалуын тәрбиелеу;
-
Құзыреттілік. Бұл қағидаттар өз құрамында бір уақытта және
кезектестіріп қолданылуын көздейтін кешенділік талабын көрсетеді.
Күрделілігі әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізуге оқыту жүреді.
-
Тең мәнділік. Бұл қағидат – балаларда жақынына көмек көрсету және
еңбекке сүйіспеншілік білдіру қасиеттерін тәрбиелеу.
Түрлі қызметтердің қоғамдық мәнді мақсаттары оқушылармен
қабылданып, олардың меншікті мақсаттары қатарына қосылуы үшін мыналар
қажетті:
-
әр баланың бойында қызметтің қоғам үшін мәнді мақсаттарын
қабылдауын қамтамасыз ету;
-
оқушылар бойында қандай да бір қызмет түріне қосылуға ынта
білдіруге ықпал ету, оның барысында қоғамға мәнді мақсаттар белгіленіп, іске
асырылады;
-
әр оқушының қосылған әрекет түрінде табысқа жетуін қамтамасыз ету;
-
оқушы қызметінің нәтижесін қоғамда танылуын және бағалануын
қамтамасыз ету;
-
олардың бойында жаңа қоғамдық мәнді мақсаттарды іске асыруға
бағытталған «мейірімді істер» аясын өздігінен кеңейтіп отыру қажеттілігін ояту
болып табылады.
Бағыттың жетекші нұсқалары ретінде жобалық қызмет, волонтерлік
қызмет, әлеуметтік жобалау шығады. «Мәңгілік Ел» құндылықтары нақты
бағытта терең меңгеріледі, өйткені мектеп оқушылары меншікті жобаларын,
бастамаларын әзірлеп, оны өмірге енгізу құқығына ие, олар үшін бұл жағдай
өзінің орнын табу және келешектегі табысты әрекеті үшін маңызды шарт.
Қоғамдық қызметтегі балалар ұйымының өзектілігі дәл осы ерекше
әлеуметтік-педагогикалық қызметте - әлеуметтік тәжірибе жинақтауда.
Әлеуметтік тәжірибе құндылықтар мен жеке тұлға ұстанымдарының
жиынтығы ретінде адамның өзге адамдармен, қоршаған ортамен өзінің
тіршілігінің экономикалық, саяси және рухани аяларында өзара әрекеттесуі
нәтижесінде қалыптасады. Әлеуметтік сынақтар әлеуметтік тәжірибенің
қалыптасуындағы негіз болып табылады. Бұл нәтижесінде балаға қандай да бір
мәселені шешу қажеттілігі туындайтын жағдайлар: рухани таңдау, қызметті
ұйымдастыру амалын таңдау, әлеуметтік рөлін таңдау және т.б. Осындай
жағдайда бала үшін бір қиындық туындағанда, және оны өздігінен шешу үшін
жағдай жасалғанда, өзін-өзі тәрбиелеудің әдісі ретінде әлеуметтік сынақ
(сынау) үшін мүмкіндік туындайды [15].
Әлеуметтік сынақтар адам өмірінің және оның әлеуметтік байланысының
барлық аяларын қамтиды. Осындай жағдайға қосылу барысында балаларда
белгілі бір айқындама мен әлеуметтік жауапкершілік қалыптасады, олар
келешекте әлеуметтік ортаға қосылу үшін негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |