Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет14/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68

30 
 
 
 
Бастауыш 
ұжымдардың 
көшбасшыларымен 
жұмыс 
кездесулерін өткізу 
 
 
 
 
 
 
 
Шығармашылық  топтардың,  іс 
кеңестерінің, 
штабтардың, 
клубтардың жұмыстары  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мазмұнды 
бағдарламалық 
қызмет 
Бағдарламалар 
бойынша 
маңызды істер 
 
 
 
 
 
 
 
Көшбасшы мектебінің жұмысы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бастауыш  ұжымдардың  ашық 
істері 
 
 
 
 
 
Ақпараттық-
әдістемелік қызмет 
Ұйымның  қызметі  туралы 
ақпарат шығару 
 
 
 
 
 
 
 
Сауалнамалар, 
мониторинг 
зерттеулерінің 
қоғамдық 
пікірін жүргізу 
 
 
 
 
 
Балалар  ұйымының 
ішкі  және  сыртқы 
деңгейде 
өзара 
әрекеттесуі  
Мектеп 
кеңесімен 
өзара 
әрекеттесу 
 
 
 
 
 
 
 
Ата-аналармен 
өзара 
әрекеттесу 
 
 
 
 
 
 
 
Демеушілермен 
өзара 
әреекеттесу 
 
 
 
 
 
 
 
Бастауыш  ұжымдардың  өзара 
әрекеттесу 
 
 
 
 
 
 
Балалар  қоғамдық  ұйымының  тоқсанға  арналған  күнтізбелік  жоспарын 
кесте жоспары түрінде 3 данада ресімдеуге болады. Бір данасы аға тәлімгердің 
жұмыс  үстелінде  болады,  екіншісі  қабырғалыққа,  үшіншісі  –  мұғалімдер 
бөлмесінде ілінеді. Жоспардың торын құрғанда ватман парағын тоқсандағы күн 
санына  қарай  бірнеше  шаршыға  бөледі.  Әр  шаршыға  сол  күннің  датасы 
жазылады.  Кеңес:  кесте-жоспарын  толтыруда  фломастердің  түрлі-түстерін 
қолданыңыз  (мысалы,  жасақ  іс-шаралары  туралы  жазуларды  қызыл  түспен, 
белсенділердің оқуы туралы – көк түспен жазыңыз және т.с.с.). 
Күнтізбелік  күнде  және  кесте-жоспарында  көрсетілгеннің  әрқайсысы 
мұқият  талдауды,  істердің  арнайы  жоспарының  түзілгенін  талап  етеді. 
Жоспарды құру үшін төмендегі құрылымды пайдаланған ыңғайлы:  
НЕГЕ?  Істің  мақсаттары  мен  міндеттерін  тұжырымдап  алыңыз  (соңында 
неге қол жеткізгіңіз келетінін немесе не үшін ойластырғанын көрсетіңіз).   
НЕ?  Бұл  сұраққа  жауап  бергенде,  сіз  жоспарланып  (әзірленіп)  отырған 
жұмыстың түрін және нұсқасын анықтап аласыз. 
КІММЕН  (КІМ  ҮШІН)?  Қатысушылардың  нақты  контингентін,  олардың 
жасын және санын анықтап алыңыз. 
ҚАШАН? ҚАНДАЙ УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА? 


31 
 
ҚАЙДА? Өткізу жерін анықтап алыңыз. 
ҚАЛАЙ?  Бұл  сұраққа  жауап  ең  ауқымды,  сонымен  қатар  -  бастысы.  Іс 
жүзінде  бұл  істі  егжей-тегжейіне  жетіп  талдау  (дайындық  және  өткізу 
кезеңдері, сценарий және т.б.) 
Жұмыстың әр бөлігі үшін КІМ жауапты болады? 
Жұмыстың аяқталу МЕРЗІМІ қандай болады? 
Осыдан кейін не болады? Болжамды нәтиже мен қатысушылардың келесі 
әрекеті. 
Бір  апталық  жұмыс  жоспарлары  алдын  ала  жоспарланған  жұмысқа 
түзетулерді  енгізуге  мүмкіндік  беріп,  алдында  қабылданған  шешімдерді 
көрсетеді. Жұмыс жоспарлары өзгеріп отырған жағдайға дәл әсерлесіп отыруға 
мүмкіндік  береді.  Жұмыс  жоспарларын  ресімдеуге  қатаң  талаптар  жоқ,  олар 
ұйымның жұмыс құжаттары болып табылады.  
Жеке жоспар – күнделік нұсқасында жүргізіледі, оған жасақ, отряд, жалпы 
мектептік,  аудандық,  қалалық  істерден  өзге,  барлық  педагогикалық  кеңестер, 
мәжілістер,  семинарлар,  біліктілік  арттыру  курстары,  тәлімгерлер  клубына 
қатысулар  енеді.  Сонымен  қатар  есеп беру,  анықтамаларды,  түрлі  әдістемелік 
жұмыстарды  тапсыру,  нақты  іс-шараларға  қатысу,  балалармен  жеке  жұмыс, 
«ескерту  жазбалары»  деп  аталатын  өзінің  жасаған  қорытындылары  мен 
бақылаулар жазылады. 
Бір  күннің  күнделікті  жұмыс  жоспары  жұмыс  күні  бойындағы 
ұйымдастырушылық  және  мазмұндық  шешімдерін  бейнелейді.  Бұл  жұмыс 
уақытын ұйымдастыру амалдары мен тәсілдерінің тиімділігі мен нәтижелілігін 
талдауға мүмкіндік беретін құжат болып табылады. 
Осылайша,  перспективтік-күнтізбелік  және  күнделікті  жоспарлаудың 
үйлесімділігі мыналарға көмегін тигізеді: 

идеялардың үйлесімділігі мен олардың практикалық іске асырылуын көруге; 

ұйым мүшелері арасында қалыптасатын қатынастардың да, балалар бастамасы 
түрлерінің, нұсқаларының да дамуын және өзгергіштігін пайдалануға мүмкіндік 
береді; 

қандай да бір іс-шараны дайындау барысында туындайтын резервтерді немесе 
осындай дайындық кезінде туындаған проблемаларды көрнекі көрсетеді; 

жұмыс уақытын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді; 

қоғамдық  қызметті  талдау  және балалар  қозғалысын ұйымдастырушысының 
өз қызметінің тиімділігін талдауы үшін ауқымды материал береді. 
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының даму жоспары мен бағдарламасын 
ажырата  білген  жөн.  Бағдарлама  өз  құрамына  өзара  байланысты  уақытта, 
өткізу  орны  мен  қатысушылары  бойынша  үйлестірілген  іс-шаралардың 
бірқатарын енгізеді де, қандай да бір проблеманың шешіміне бағытталған. Ал 
перспективтік жоспарға, тек бағдарламадағы негізгі іс-шаралар енеді, олар ұзақ 
дайындықты  және  осы  дайындыққа  ұйым  қатысушыларының  үлкен  тобының 
қосылуын талап етеді. 
 
 
 


32 
 
3. Балалар мен жасөспірімдер жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық 
әдістер.  
Балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымын  ұйымдастыру  әдістерінің  мәселесі  – 
олардың  ерекше  әлеуметтік-тәрбиелік  әлеуетін  іске  асырудағы  түбегейлі 
қиыншылықтарының бірі. 
Қазіргі  әлеуметтік-педагогикалық  болмыс  балалар  мен  жасөспірімдер 
ұйымының  барлық  бағыттары  бойынша  инновациялық  әдістерді  қарастыруды 
талап етуде. 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  бос  уақытын  балалар  бірлестігінің 
жағдайларында ұйымдастыру өзекті мәселелердің қатарында.  
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  тапсырмасы 
бойынша  және  мүдделі  мемлекеттік  органдар  мен  мемлекеттік  емес 
ұйымдардың  қолдауымен  балалардың  бос  уақытын  тиімді  өткізу  бойынша 
сауалнама  өткізілген  болатын.  Бұл  сауалнамаға  сүйенсек,  «балалардың  бос 
уақыты  түрлілігімен,  олардың  белсенділігімен  ерекшеленіп  отырған  жоқ. 
Сауалнамамен  қамтылған  балалардың  басым  көпшілігі  бос  уақытында  үй 
тапсырмасын  орындайды  (44%),  ал  оны  бос  уақыт  деп  атауға  болмайды.  Үй 
шаруашылығымен  айналысатындардың  саны  40%  құраған.    Жиі  жағдайда 
сауалнама қорытындылары бойынша балалар бос уақытында музыка тыңдайды, 
кітап,  журнал  оқиды,  достарымен  кездесіп  отырады,  теледидар  көреді, 
әлеуметтік  желілерде  отырады.  Белсенді  демалыс  түрімен  айналысатын 
балалардың  саны  едәуір  төмен:  табиғатқа  шығатындар,  сыртта 
серуендейтіндер,  аулада  ойнайтындар  (футбол,  волейбол)  18%  құрап  отыр. 
Сауалнамаға  жауап  берушілердің  21%  секцияларға,  22%  факультативтерге 
қатысады. Балалардың шамамен дәл осындай үлесі уақытын онлайн-ойындарға, 
интернеттен кинофильмдерді көруге шығындап, WhatsApp, Viber арқылы өзара 
араласып  отырады.  Шығармашылықпен  айналысу,  мәдени  жерлерге  саяхат 
(мұражайлар, көрмелер) басымдылығын жоғалтқан» [24]. 
Қызметтің  бірқатар  бағыттары  бойынша  қызықты  табыстар  мен  оң 
нәтижелер  бар.  Алайда  бұқаралық  тәжірибеде  айтарлықтай  өзгерістер    орын 
таппаған,  көптеген  педагогтер  жаңа  әдістерді,  технологияларды  таңдауында 
қиыншылық көруде. 
Қызметті ұйымдастыруда баланың жеке ерекшеліктерін білуге негізделген 
жеке  көзқарас  басымдылыққа  ие  болуы  тиіс.  Бұл  қазіргі  ұстаздарға  балалар 
қызметін ұйымдастырудың  нұсқалары мен  әдістерін  таңдауда  еркіндік береді, 
оның  басты  нәтижесі  бала  білімінің,  білігінің  және  дағдыларының  жиынтығы 
емес, оның жеке қасиеттері болып шығады. Сондықтан осы күні педагогикалық 
қызмет  сапалы  түрде  жаңа,  едәуір  икемді,  инновациялық,  яғни  білім  беру 
үдерісінің дамуы орын алатындай болуы тиіс.   
Әдістерді  таңдау  бірқатар  заңдылықтар  мен  тәуелділіктерге  бағынып, 
олардың  арасында  бірінші  қатарға  тәрбиенің  мақсаты,  мазмұны  мен 
қағидалары,  нақты  педагогикалық  міндет  пен  оны  шешу  жолдары, 
оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін таңдау шығады [25].  


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау