Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет9/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68

19 
 

оқушыларды мемлекеттің құқықтық нормаларымен таныстыру; 

елдегі  заңдарға  құрметпен  қарау  және  оларды  орындау  қажеттілігіне 
сенімді тәрбиелеу; 

заңға  бағына  білу,  жүріс-тұрысын,  өз  құқықтары  мен  еркіндіктерін 
белгіленген тәртіпте қорғау дағдыларын қалыптастыру; 

бала құқығына қатысты негізгі нормаларды меңгеру, нақты жағдайларда 
алған білімдерін пайдалана алу білімдерін қалыптастыру.  
Құқықтық  және  азаматтық  міндеттерін  орындау  мазмұнына  мемлекетке, 
еңбекке,  отбасына  және  қоғамға  құқықтық  қатынас  та  енеді.  Мектептің  әрбір 
түлегі  қоғамдағы  жүріс-тұрыстың  нормалары  мен  ережелерін,  өз  құқықтары 
мен  міндеттерін,  ата-аналардың  балаларға  және  балалардың  ата-аналарға 
қатынасын реттейтін еңбек туралы негізгі ережелерді меңгеріп шығуы тиіс. 
Құқықтық  тәрбие  бойынша  жұмыстың  қажеттілігі  Қазақстан 
азаматтарының өз құқықтары мен міндеттерін толық білмеуінен туындаған.   
Балалар  қоғамдық  бірлестігінің  қатысушылары  -  жасөспірімдердің 
азаматтылығындағы  құрылымдық  құрамдастары  топтарға  біріккен  азаматтық 
қасиеттерді 
анықтайды: 
азаматтық-елжандылық, 
рухани-адамгершілік, 
моральдық-еріктің  және  іскерлік,  құқықтық  және  когнитивті-құндылықты 
қасиеттер [18].  
Азаматтылықтың  жетік  қалыптасу  деңгейінің  мониторингі  мына 
өлшемшарттар бойынша анықталады:  

когнитивті өлшемшарт, ол қоғам мен мемлекет, азаматтық құқықтар мен 
міндеттер, қоғамдық нормалар, азаматтылық елжандылық туралы білімдерінің 
болуы, олардың толықтығы мен тереңдігі және т.б. туралы білімдерін көздейді;  

мотивациялық-құндылықты  өлшемшарт,  оның  құрамына  әлеуметтік 
маңызды  қызметке  қызығушылықтардың  және  саналы  мотивтердің  болуы, 
азаматтық  қасиеттердің  жетік  қалыптасуы,  азаматтық  бағдарлы  қызметтің 
мақсаттарын түсінуі және т.б. енеді; 

конативті өлшемшарт, оның құрамына бар білімдерін тәжірибеде қолдану 
икемдерін,  азаматтық  жүріс-тұрыс  тәжірибесінің  болуы,  коммуникативтік 
дағдылары,  әлеуметтік  белсенділіктің  даму  дәрежесі,  азаматтық  бағдарлы 
қызметтегі бастамаға дайындық және т.б. енеді; 

эмоционалдық  өлшемшарт,  оның  көрсеткіштері  —  Отанға  деген 
сүйіспеншілік, 
 
Азаматтылық  проблемаларына  қызығушылықпен  қарау,  азаматтық 
бағдарлы қызметтің мақсаттарын түсінушілік, қызметті сайма-сай бағалай білу.  
Осылайша, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің ұйымы, азаматтық 
қоғамда өзіндік дара орны бар қоғамның әлеуметтік институты ретінде, балалар 
мен  жасөспірімдерге  Мәңгілік  Ел  жалпы  ұлттық  құндылықтарының  мән-
мағынасын жеткізуде ерекше мәнге ие болып отыр.
 
 
 
 
 
 


20 
 
2. 
Балалар мен жасөспірімдер жұмысын жоспарлау механизмі.  
Балалар  мен  жасөспірімдердің  қоғамдық  ұйымы  іс-әрекетті  жоспарлау 
негізінде  қызмет  етеді.  Қоғамдық  бірлестіктің  ұйымдастырушылары  ретінде 
шығатын ересектерге жоспарлау механизмдерін білген абзал. 
Жоспарлау  механизмдері  дегеніміз  –  бұл  жоспарлы  шешімдер 
қабылданатын  және  олардың  жүзеге  асырылуы  қамтамасыз  етілетін 
құралдардың, әдістердің, амалдардың жиынтығы. 
Механизм құрамына: 
1 - 
мақсаттар, міндеттер  
2 – 
жоспарлау функциялары 
3 – 
жоспарлау әдістері кіреді. 
Бүгінде  балалар  қозғалысында  асыра  ұйымдастырылған  іс-шаралардың 
педагогикасы  емес,  инновациялық  қатынастардың  жаңа  педагогикасы  бой 
көтеруде. 
Жопарлауда, негізінде балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары 
мен  олардың  көшбасшыларының  инновациялық,  жобалық,  әлеуметтік  – 
түрлендіруші  қызметін  ынталандыру  жататын  заманауи  технологияларға 
сүйену;  немқұрайлы  көзқарастан,  шешімдерді  өктемдікпен  қабылдаудан, 
қандай  да  бір  ойластырылмаған,  іс  жүзінде  орындала  алмайтын  әрекеттерді 
зорлап міндеттеуден арылу қажет. 
Балалар  ұйымының  көшбасшысы  «өктемшілік»  емес,  «бедел»  қағидасы 
бойынша  әрекет  етуі  тиіс.  Басты  қорытынды  «қоғамдық  бірлестіктің  ортасы» 
жеке 
тұлғалар 
жүріс-тұрысының 
зияткерлік 
және 
эмоционалдық 
ұстанымдарын, оларды белгілі бір құндылықты бағдарларын күшейтіп оятатын, 
белгілі  бір  мақсаттары  бар  және  өзінің  арқасында  белгілі  бір  салдарын 
қарастыратын  қызметке  тарту  арқылы  қалыптастыратынында.  Қызметтің 
мақсаттарына  сәйкес,  бір  заттар  мен  қылықтар  жоғары  құндылықтың 
объектілері болып, ал өзгелері жат көрсетіледі. Анағұрлым терең құндылықты 
пайымдаулары  адам  белсенді  қатысатын  жағдайлармен,  сонымен  қатар, 
өзгелермен  өзара  әрекеттесуде  ақпаратпен  үздіксіз  алмасу  үдерісінде 
қалыптасады [19]. 
Мақсат  –  бұл  қызмет  нәтижесін  саналы  көрсету  түрі.  Басқа  сөзбен 
айтқанда, бұл іске асырылуға жататын идея. Бірақ барлық идеялар мақсат бола 
бермейді. Ол үшін екі шарт: 

идея  мақсатқа  айнала  алады,  егер  ол  адамның  немесе  бірлестіктің, 
ұйымның және т.б. қажеттілігі ретінде танылған; 

оны іске асыру үшін қажетті жағдайлар бар болған жағдайда орындалуы 
қажет. 
Балалар бірлестігінің жарғылық мақсаттары нақты қызметінің мақсаттарын 
ажыратады.  Балалар  бірлестігінің  жарғылық  мақсаттары  –  адамдарды 
біріктірген ой. Жарғы мақсаттары жиі жағдайда жалпы сипатта жүріп, негізінде 
балалар  бірлестігінің  негізгі  құжатында,  оның  жарғысында  тіркеледі.  Балалар 
бірлестігі  үшін  өзекті  мақсаттың  бір  нұсқасы  ретінде  қоғамды  қандай  да  бір 
бағытқа түрлендіру шығуы мүмкін. Бірақ мақсатты белгілеуде өз күшін дұрыс 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау