85
мүшелерінің жалпы санынан 1/3-інің бастамасымен кезектен тыс Кеңес
отырысын шақырта алады. Кеңес шешімі оның мүшелерінің көпшілік
дауысымен қабылданады. Кеңесті өткізу тәртібі мен дауыс беру түрін Кеңес
мүшелері алдын ала оның жұмысының басында белгілейді;
8.2.2. Кеңес құзіретіне келесілер кіреді:
- «
Жас Ұлан» Кеңесі туралы ережесін бекіту;
-
ұйым бюджеті мен жылдық қаржылық есептерін бекіту;
-
ұйым Жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу бастамасы;
-
ұйым қызметінің бағдарламасы мен негізгі бағыттарын анықтау және
оларды «Жас Ұлан» Құрылтайына ұсыну;
- «
Жас Ұлан» Құрылтайының күн тәртібін бекіту;
-
төтенше және кезектен тыс Құрылтайды өткізу туралы шешім қабылдау;
-
Кеңес төрағасын 2 жыл мерзімге сайлау;
-
«Жас Ұланның» құрметті мүшелері қатарына қабылдау;
-
Бірлестік бөлімшелерін құру және қысқарту туралы шешім қабылдау,
Бірлестік бөлімшелері туралы ережені бекіту;
- «
Жас Ұлан» қызметіне байланысты басқа да мәселелер.
8.2.3. Кеңестің құрамы делегаттар қатарынан анықталып, сайланады (әр
облыстан, Алматы және Астана қалаларының атқарушы хатшылары мен «Ұлан
басшысын» қосқанда, 2 адамнан);
8.2.4. Кеңестің өкілеттілік мерзімі – екі жыл;
8.3. Кеңестің жалпы қызметіне жетекшілікті Кеңес төрағасы атқарады;
8.3.1. Кеңес төрағасының өкілеттігі Құрылтайдың сәйкес шешімі
қабылданғанда, мерзімнен бұрын тоқтатылады;
8.3.2. Кеңес төрағасы төмендегі қызметтерді атқарады:
-
Құрылтайда есеп береді;
-
Кеңестің төтенше және кезектен тыс отырысын өткізу туралы
бастамасымен шығады;
-
Кеңес отырыстарына басшылық етеді және Кеңестің қызметін
үйлестіреді;
- «
Жас Ұлан» қызметін ұзақ мерзімді жоспарлау барысына басшылық
етеді;
-
мемлекеттік және басқа да мекемелер мен ұйымдармен қарым-қатынаста
«
Жас Ұланның» ресми өкілі болады;
-
Атқарушы директордың ұсынуымен ұйым қызметін басқару құрылымын,
штаттық кестені және лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;
-
ұйым атынан сенімхатсыз әрекет етеді.
8.3.3. Кеңес төрағасының орынбасарлары болады. Орынбасарларды «Жас
Ұлан» кеңесі сайлайды.
8.4.
Атқарушы орган ретінде Атқарушы директорат шығады. Атқарушы
директоратты Атқарушы директор басқарады
8.4.1.
Атқарушы
директорды
Төрағаның
ұсынымы
негізінде
Республикалық кеңес тағайындайды.
86
8.4.2. Атқарушы директор ұйым қызметін оперативті басқаруды жүзеге
асырады, ол Құрылтайға, Кеңеске, Кеңес төрағасына есепті, олардың
шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Атқарушы директор ұйым
алдында қызметтің нәтижелері мен заңдылығы үшін жауапты.
8.4.3.Атқарушы директор құзіретіне кіретіндер:
-
өзінің меншікті құралдары шегінде ұйым қызметін қажетті материалдық-
техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету;
-
жарғыдағы қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қаржы мен
материалдық құралдар көздерін тарту;
-
Кеңес пен Құрылтайдың кезекті және кезектен тыс отырыстарын
ұйымдастыру және өткізу;
-
бекітілген бюджетке сәйкес мүлік пен қаражатты басқару;
-
кадрлық мәселелерді шешу, бұл жағдайда орынбасарлары мен аппарат
құрылымының жетекшілерін тағайындау Кеңес төрағасымен келісіледі;
-
Бірлестік қызметкерлеріне қатысты, олардың лауазымға тағайындалуы,
ауысуы мен жұмыстан шығуы туралы бұйрықтарды; өз құзіреті шеңберіндегі
мәселелер бойынша Атқарушы директораттың барлық қызметкерлеріне
орындауға міндетті ұйғарымдарды шығару; сонымен қатар келісім шарт
негізінде қызметкерлерді қабылдау;
-
еңбек ақысының төлену жүйесін анықтайды, сыйақы беру мәселелерін
шешеді, мадақтау шараларын қарастырады және тәртіптік сөгістерді береді;
-
Бірлестік атынан келісім-шарттарды жасайды;
-
Кеңестің және делегаттар Құрылтайының ерекше құзіретіне кірмейтін
басқа да өкілеттіктерді жүргізеді;
-
ұйым атынан сенімхатсыз әрекет етіп, оның мүдделерін білдіреді.
8.4.4. Атқарушы директор өз өкілеттігін немесе оның бір бөлігін өзінің
орынбасарына беруге құқылы.
8.4.5. Атқарушы директордың өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін
болмағанында, жаңа директор сайлағанға дейін оның қызметі уақытша
орынбасарына өтеді.
8.4.6. Атқарушы директордың өкілеттігі, Кеңестің сәйкес шешімі
қабылданған жағдайында, мерзімнен бұрын тоқтатылады.
9. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
9.1. «
Жас Ұлан» қызметі «Бала құқықтары туралы» Конвенциясына және
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін халықаралық
үкіметтік емес ұйымдармен өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласында өзара
әрекеттеседі.
9.2. «
Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалардың азаматтық белсенділігін
арттыруға; зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына қолайлы
жағдайлар жасауға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың
жобаларына қатысады.
87
«Жас Ұлан» ұйымының АНТЫ
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан»
балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға; Мемлекеттік
рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш
етуге; Ата-анамды қадірлеуге; Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге; Білімге
табандылықпен ұмтылуға; Салауатты өмір салтын ұстануға; Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап
етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге
және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
Достарыңызбен бөлісу: |