Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет34/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68

82 
 

шығармашылық. 
3.2. «Жас Ұлан» қызметінің қағидалары: 

жалпы  адами  құндылықтардың  және  азаматтық  сана-сезімнің 
басымдылығы; 

еріктілік және қол жетімділік; 

ұрпақтар сабақтастығы, «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау; 

ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер мен 
балалардың ынтымақтастығы; 

қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты. 
4. Мүшелік, мүшелікті алудың (одан айырылудың) шарттары мен тәртібі 
4.1.  «
Жас  Ұлан»  ұйымына  мүше  болудың  екідеңгейлі  жүйесі  бар.  «Жас 
Ұланның»  қатарына оның мүшесі болуға, «Жас Ұланның» дамуына өз үлесін 
қосуға ерікті ниет білдіргендер қабылданып, 5-10 - сынып оқушылары - «Жас 
Ұлан» аға буынына, ал 1-4 - сынып оқушылары - «Жас Қыран» кіші буынына 
жатады. 
4.2. 
Мүшелерді ұйымға қабылдау «Жас Ұлан» бастауыш ұйымының жалпы 
жиналысының шешімімен іске асырылады. Ұйымға көптеп қабылдау жылына 3 
рет өткізіледі (одан басқа, өз аймағындағы атаулы күндері де жасауға рұқсат): 1 
мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. 
4.3. 
«Жас Ұлан» қатарынан өз еркімен шығу үшін, ұйымның мүшесі «Жас 
Ұлан» бастауыш ұйымының жетекшісі атына жазбаша өтініш береді.  
4.4.  «
Жас  Ұлан»  Ережесін  бұзған  ұйым  мүшелеріне  келесідей  сөгіс 
шаралары  қолданылады:  ұйымның  жалпы  жиналысында  талқылау,  ескерту 
жасау,  сөгіс  беру,  ұйымнан  шығару  туралы  ескерту  жасау.  Ең  қатаң  шара  – 
ұйымнан шығару. 
4.5. 
Ұйымнан  шығару  мәселесі  бастапқы  ұйымның  жалпы  жиналысында 
шешіледі.  Шығару  туралы  шешім Мектеп  комитеті мүшелерінің  кемінде  2/3-і 
дауыс берген жағдайда ғана қабылданған болып саналып, бекітілгеннен кейін 
күшіне енеді. 
5. «Жас Ұлан» құқықтары мен міндеттері: 
5.1. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары: 

«Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысуға; 

«Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлануға және сайлауға; 

Жас  Ұлан»  жұмысының  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  барысындағы 
табыстары  және  ерекше  жеке  жетістіктері  үшін  мақтаулар  мен  мадақтаулар 
алуға  (грамоталар,  дипломдар,  сауықтыру  және  жазғы  лагерлеріне  жолдама 
алуға, «Жас Ұлан» Алтын Кітабы» және т.б.); 

«Жас  Ұлан»  органдарына  өтінішпен,  арызбен,  сұрақтармен, 
бастамалармен және ұсыныстармен жүгінуге; 

Ұйымның  барлық  деңгейлерінде  оның  қызметі  туралы  ақпаратқа  қол 
жетімділік. 
5.2. «Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері: 


83 
 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздерін  сыйлау  (Ту, 
Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу; 

«Жас  Ұланның»  негізгі    Ережелерін  және    басқару  органдарының 
шешімдерін орындау; 

«Жас Ұланның» өзге мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мойындау 
және құрметтеу;  

оқуда,  қоғамдық  жұмыстарда,  еңбекте  үлгілі  болу;  қоғамдық  мүлікті 
сақтау, мәдениетті мінез танытуда өнегелі болу; 

салауатты  өмір  салтын  ұстану  және  оны  өз  құрдастары  арасында 
насихаттау; 

үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. 
6. 
РӘМІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІК БЕЛГІЛЕРІ 
6.1. Жас Ұлан»  балалар ұйымының рәміздері болып табылатындары: ұран, 
салтанатты әні (әнұран), ту, галстук, төсбелгі, эмблема, жалауша.  
6.2.  Ту  балалар  мен  жасөспірімдер  бірлігін  білдіретін  нышан.  Ол 
республикалық  ұйымда  және  оның  барлық  (мектептік,  аудандық/қалалық, 
облыстық) бөлімшелерінде болуы қажет. 
Ту – бұл тік төртбұрышты 200х100 см өлшемдегі ортасында ұйым белгісі 
бейнеленген  ақ  түсті  желкен.  Ұйым  белгісі  кестелік  тігіспен,  бояумен  немесе 
мата  бастырмасымен  жасалады.  Ту  сабында  —  ұлттық  оюлармен  кестеленген 
тiк  жолақ  өрнектелген.  Тудың  желкені  бойлап  алтын  түстес  шашақтармен 
көмкерілген. 
Ту  ағаш  сабына  түтік  (төлке)  арқылы  бекітіліп,  оның  әшекейі  болып 
табылады.  Түтік  ұлттық  өрнек  нақышындағы  найза  түрінде  жасалынған. 
Металл  (пластмасса)  найзасы  бар  тудың  ағаш  сабының  ұзындығы  2  м  20  см 
құрайды. Оған шашақты бау (алтын түстес) байланады.  
Ту  салтанатты  рәсімдерде,  шерулерде,  мемлекеттік  мерекелерде 
шығарылады.  Ол  қаптаулы  түрде  арнайы  тіреуде  сақталады  немесе  бөлменің 
ортасындағы  ұйымның  салттық  қабырғасында,  мөлдір  жабынды  астында 
тұрады.  
Ерекше  жағдайларда  туға  құрметті  қарауыл  қойылуы  мүмкін,  ол  ту 
көтеруші  мен  екі  атқосшыдан  тұрады.  Қарауыл  кезегі  әр  10-15  минут  сайын 
ауысады. Алыс жолдарға туды қапталған күйде иыққа салып тасымалдайды. Ту 
көтерушілердің  киімі  ұйым  киімі  нұсқасының  элементтеріне  сәйкес  келеді. 
Міндетті түрдегі ерекшелік белгілер: ленталар (аксельбант), бас киім (пилотка), 
ақ қолғап болып табылады. Лентаның, бас киімнің түсі – бір түсті (көгілдір).  
6.3.  Галстук–  бұл  балалар  ұйымына  қатыстылардың  ерекшелік  нышаны. 
Түсі  –  көгілдір.  Галстук  өлшемі  40  х  130  см.  Галстуктың  оң  жақ  бұрышында 
«Жас Ұлан» логотипі орналасқан.  «Жас Ұлан» логотипі диаметрі 4 см шеңбер 
түрінде жасалған. 
6.4. Ұран – ұйымның нышаны. Ол ұйымның ең басты идеясын білдіреді.  
6.5. 
«Жас  Ұланның»  ерекше  белгілері  болып  ұйымның  идеясын  айқын 
жеткізетін  төсбелгілер,  барабан,  айырмашылық  белгілері  (шеврондар)  сияқты 
белгілі заттар мен белгілер саналады. 


84 
 
7. ҚҰРЫЛЫМЫ 
7.1.  «Жас  Ұланның»    негізі    «Жас  Ұлан»  бастауыш  ұйымы    болып 
табылады; 
7.2. Бастауыш ұйым мектептің құрылымында еріктілік қағидасы бойынша 
құрылады; 
7.3.  «Жас  Ұланның»  бастауыш  ұйымы  ретінде  «Жас  Ұлан»  Мектеп 
комитеті шығады; 
7.4. «
Жас  Ұланның»  бастапқы  ұйымдары  (бұдан  әрі  –  Мектеп  комитеті) 
Мектеп  комитетінің  Жалпы  жиналысының  шешімімен  құрылады.  Мектеп 
комитеті  Жалпы  жиналысының  шешімі,  оған  барлық  сыныптардың 
көшбасшылары,  ұйым  қызметіндегі  барлық  бағыттардың  жетекшілері 
қатысқанында ғана әрекетті саналады; 
7.5. «
Жас Ұланның»  барлық деңгейдегі көшбасшысы «Ұлан басшысы» деп 
аталады, ол 9-10 сынып оқушылары арасынан Жалпы жиналыста ашық дауыс 
беру жолымен бір оқу жылы мерзіміне сайланады; 
7.6.  Атқарушы  орган  –  Мектеп  комитетін  атқарушы  хатшы  басқарады 
(педагог, тәлімгер, ұйымдастырушы-әдіскерлерінің қатарынан), оны  аудандық 
кеңесі және мектеп әкімшілігінің келісуі бойынша Мектеп комитетінің жалпы 
жиналысында бекітеді; 
7.7.  Аудандық/қалалық  кеңестің  атқарушы  хатшысын  аудандық/қалалық 
Кеңестің  шешімімен  аудандық/қалалық  білім  басқармасы  және  Облыстық 
Кеңестің келісімі бойынша бекітеді; 
7.8.  Облыстық  кеңестің  атқарушы  хатшысын  облыстық  Кеңестің 
шешімімен облыстық білім басқармасы және республикалық кеңестің келісімі 
бойынша бекітеді; 
7.9.  Аудандық/қалалық  кеңес  құрамына  Мектеп  комитеттерінің  атқарушы 
директорлары және «Ұлан Басшылары» кіреді. 
7.10.  Облыстық  кеңестің  құрамына  аудандық/қалалық  кеңестердің 
атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді. 
 
8. ЖЕТЕКШІ ОРГАНДАР 
8.1. Жоғары кеңесші орган Республикалық «Жас Ұлан» Құрылтайы болып 
табылады, ол жылына бір рет өткізіледі; 
8.1.1.Құрылтай  шақырылымы,  күн  тәртібі,  регламент,  өкілеттілік 
нормалары мен делегаттарды сайлау тәртібі Республикалық кеңесте,  төтенше 
және  кезектен  тыс  шақырылымдарды  есептемегенде,  өткізілу  күнінен  екі  ай 
мерзімінен кешіктірмей анықталып, жарияланады; 
8.1.2.  Төтенше  және  кезектен  тыс  Құрылтай  Кеңес  төрағасының  немесе 
Кеңес  мүшелерінің  жалпы  санының  1/3-інің  бастамасымен  Кеңес  шешімі 
негізінде шақырылады; 
8.2. Басқару органы - Республикалық кеңес; 
8.2.1.  Республикалық  кеңес  жылына  үш  реттен  кем  болмайтындай 
шақырылады,  соның  ішінде  күнтізбелік  жыл  соңында  Кеңестің  есеп  беру 
мәжілісі  өткізіледі.  Кеңес  төрағасы  өзінің  бастамасымен  немесе  Кеңес 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау