35
Эмоционалдық ынта ретінде ойын әрекеттің дербес түрі (басқа
шаруаларынан бос уақытта) емес, қызметтің басқа түрлеріне қосылған құрал
ретінде қарастырылады. Осыдан еңбек пен ойынның, көркем шығарма әрекеті
мен ойынның, танымдық қызмет пен ойынның педагогикалық көзқарастан
тиімді кешендері бастамасын алады.
Жарыс – бұл себептерді күшейтуге және қызметті белсендендіруге
бағытталған эмоционалдық ынта (түрткі). Жарыстың жетекші
эмоционалдық ынтасы ретінде бағалау мен нәтижелерді салыстыру шығады –
екеуі де мектеп оқушысы үшін өте маңызды екенін білеміз.
Проблемалық-ізденіс ынтасы — педагог пен оқушылар арасында пікір
алмасуды, ақиқатты ұжымдасып іздестіруді, пікір таласудың жағдайын әдейі
жасауы.
Қоғамдық-бағалау әрекеті – бұл, ең алдымен, мектеп оқушылары
ұжымында ұжымдық бір іс, нақты факт немесе әрекет бойынша рухани
пікірлерінің эмоционалдық бірлігінің көрінісі.
Шығармашылық әрекет – ой тұрғысынан жаңа құндылықтарды құру,
ерекше, қайталанбас шешімдерді іздестіру.
Эмоционалдық белсендендірудің әрбір нұсқасында үлкен, ал олардың алуан
түрлі үйлесімділігінде болса – одан да үлкен тәрбиелік мән бар. Оң
эмоционалдық күйлер мен өктемдік үйлеспейтіндіктен, әділ де, саналы
талаптармен үйлесімділікте жүретін, гуманистік қарым-қатынастарға
негізделген әріптестік пен өзара түсінушілік ахуалы туындайды.
Л.И.Клочкованың пікірінше, тәрбиедегі ресурстық көзқарас дегеніміз –
бұл бірыңғай тәрбиелік кеңістіктегі барлық субъектілердің балалардың жеке
өсімі мен шығармашылық дамуындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатымен, олардың адами реурстары (рухани, когнитивті, коммуникативтік
және т.б.) білім беру ұйымының тәрбие беру жүйесін жетілдіру барысында
анықтаушы күш болуы үшін өзара өнімді әрекеттесуіне жағдай жасау.
Тәрбиенің дамуын басқарудағы ресурстық көзқарас тәрбиелік міндеттерді
шешу және білім алушылардың әлеуметтенуіндегі нәтижелерге қол жеткізу
үшін тәрбиедегі жаңа мән-мағыналарды, тәрбие беру үдерісі субъектілерінің
кәсіби және ұйымдастырушылық бірегей құзыреттіліктерін, озық басқару мен
ақпараттық қамтамасыздық технологияларын іске асыруды көздейді [31].
Тәрбиелік ресурстардың түрлері:
-
тәрбиедегі жаңа мән-мағыналарды бейнелейтін жобалық тәрбиелік
ресурстар, олар тұжырымдама, бағдарламалар, мектептегі тәрбиенің тіркелген
нұсқасындағы идеялар немесе миссиялар түрінде жүреді;
-
тәрбие беру қзметінің барлық субъектілерінің бірегей құзыреттіліктерін
көрсететін бірегей тәрбиелік ресурстар. Ол білім, ақпарат; «топ жарған» ойлар
және жобалар; нәтиже, инновациялық өнім, меңгерілген инновация сапасының
тіркелген нұсқасында; авторлық әдістемелер, педагогтердің меңгерген
құзыреттіліктері түрінде орын алады,
-
жағдайды оздырып тудыру технологиясы – болжамдау, жобалау,
бағдарламалау, жоспарлау;
36
-
тәрбиелік қызметті ақпараттық қамтамасыз ету технологиясы – АКТ
(ақпараттық-коммуникациялық технологиялар), масс-медиа, консалтингтік,
диалог, сарапшылық, тренингтік және т.б.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымында оқушылардың әлеуметтенуі мен
тәрбиесіндегі ерекше рөлді «жеке тұлғаның өсу» технологиясы алады, оның
мақсаты - баланың балалар қоғамдық бірлестігіне қосылуы барысында өз
орнын, рөлін және ондағы өмір салтын түсінуіне көмектесу.
Технологияның негізі жасөспірімнің ұйымдағы айқындамасының «моделін
өзгерту», мысалы: қатысушы – белсенді қатысушы - нұсқау беруші,
көшбасшы; юнга – матрос- капитан; «ұшқын» - пионер – аға пионер – нұсқау
беруші және т.б. Әрбір сатының меңгерілуі құқықтардың кеңеюіне,
міндеттердің қиындай түсуіне, құзыреттіліктердің тереңдеуіне, бірлестік
қатысушыларының білімдері мен біліктері деңгейінің артуына байланысты.
Көп жағдайда жасөспірімнің жеке басының өсуіндегі жаңа сатыға өтуі оған
жаңа бір ерекшелік белгілердің, куәліктің, қиын тапсырманың берілуімен және
т.б. ілеседі.
Қазіргі заманғы балалар мен жасөспірімдер ұйымындағы бірізділікті
ұйымдастырудың технологиясы жас аралықтарындағы тік байланысты
дамытуға бағытталған, олар бүгінгі күні әлсіздігімен немесе толық
жойылуымен ерекшеленеді. Осындай бірізділікті орнатуға негізгі қарама-
қайшылық жасөспірімдер мен жастар арасындағы жас мәселесінің
проблемалары мен олардың әлеуметтік қажеттіліктерінің әртүрлі болуы
аясында жатыр: егер жасөспірімдер үшін табысты әлеуметтенуі мен дамуы
үшін жасы үлкен балалармен (жасөспірімдермен) араласа түсу қажетті болса,
жастарға ересектердің көңіл аударғаны аса қажет. Бұл жағдайда бірізділік жеке
тұлғаның табысты әлеуметтенуі мен тәрбиесі үшін қажетті болатын
дүниетанымдық,
құндылықты-әрекеттік,
процессуалдық,
ақпараттық,
компенсаторлық, ұрпақаралық және т.б. байланыстардың кешені ретінде
шығады. Жасөспірімдер мен жастар ұйымы арасындағы байланыстардың
орнатылуына оң ықпалды келесі шарттар тигізеді: жастар жағынан
жасөспірімдермен әріптестік қарым-қатынастарды «теңі» ертінде қабылдау;
жасөспірімдердің жастардың «аға жолдас», сарапшы, кеңесші ретіндегі
айқындамасын қабылдау. Ондай жағдайда бірізділікті ұйымдастырудың
технологиясы келесі кезеңдердің басын біріктіретін болады:
-
үлкені мен кішісінің жас аралық араласу қажеттілігін белсендендіру
(қызметті талдау, басқа бірлестіктердің тәжірибесін зерделеу, заманауи
дәстүрлер мен тарихи факторларды салыстыру);
-
үлкендерін өз еңбегінің өнімін сақтап қалуға, бірлестік қызметінің
үздіксіздігіне ынталандыру (кішілер алдында баяндамамен шығу, көрмелер,
болашаққа жолдаған хат, жоспарлау жағдайы, «келешек қуаныш»
песрпективалары);
-
әлеуметтік серіктесті іздестіру (хат алмасу, форумдарға, фестивальдарға
және конференцияларға, шығармашылық кездесулерге қатысу);
Достарыңызбен бөлісу: |