Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет19/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68

41 
 
Балалар ұйымында өткізілген ашық іс-шараны талдаудың 
КАРТАСЫ 
 
Педагогтың АӘТ 
_______________________________ 
Ашық іс-шараның тақырыбы 
_______________________________ 
Қатысқан оқушылардың саны 
___________________ 
Балалардың жасы 
____________________ 
Балдары 
2 балл- толық орындалған 
1 балл – ішінара орындалған 
0 балл - орындалмаған 
 
 
р\с 
№№ 
 
Көрсеткіштері 
Бағасы 
1. 
Педагогтің ұйымдастырушылық қызметі  
1.1. 
Аудиторияны  безендіру  (көрнекілігі,  костюмдері,  техникалық 
құралдардың пайдаланылуы). 
 
1.2. 
Іс-шараның  мақсаттары  мен  міндеттерін  белгілеу,  оқушыларға 
жұмыс реті мен шарттарын түсіндіру. 
 
1.3. 
Іс-шараның  әрбір  кезеңінің  белгіленген  мақсаттарға  және 
міндеттерге сәйкестігі. 
 
1.4. 
Оқушылардың іс-шара барысындағы белсенділігі. 
 
1.5. 
Іс-шараның нақтылығы, ырғағы мен қарқыны. 
 
1.6. 
Іс-шара қызметінің барысын реттеу. 
 
2. 
Іс-шараның барысын түзу 
2.1. 
Іс-шараның  тақырыбына  негіздеме  беру  (атаулы  күндермен, 
мсәдени ерекшеліктермен және т.б. байланысы) 
 
2.2. 
Іс-шара  мазмұнының  оның  мақсаттарына  және  міндеттеріне 
сәйкестігі. 
 
2.3. 
Белгіленген  мақсаттарды  және  міндеттерді  орындауға  мүмкіндік 
беретін түрлі әдістердің қолданысы. 
 
2.4. 
Оқушылардың  жасына  және  дамуына  сай  келетін  әдістердің, 
амалдардың таңдалуы. 
 
2.5. 
Баланың  танымдық  белсенділігін  ояту;  қоршаған  дүние  туралы 
түсініктерін кеңейту. 
 
3. 
Іс-шараның психологиялық негіздері 
3.1. 
Педагогтың  өз  ісін  ұйымдастыруы  (Іс-шараға  іштей  дайындығы, 
педагогикалық тапқырлығы, педагогикалық әдебі). 
 
3.2. 
Қолайлы психологиялық ахуал жасау (әріптестік, тілектестік, өзара 
түсінушілік ахуалы). 
 
3.3. 
Оқушының  дамуын  қамтамасыз  ететін  жеке  психологиялық 
әсерлердің, әдістемелік амалдардың алдын ала қарастырылуы  
 
4. 
Жұмыстың инновациялық нұсқалары 
4.1. 
Балалардың іс-шараны дайындау барысындағы бірлескен әрекеті. 
 
4.2. 
Баланың  шығармашылық  көзқарастан  өзін  танытуға  мүмкіндік 
беру. 
 
4.3. 
Іс-шараның қалыптан тыс нұсқасы. 
 


42 
 
4.4. 
Авторлық  табысы  (қандай  да  бір  циклдың  сценариі,  іс-шараның 
тақырыбын әзірлеу және т.б.) 
 
 
 
Қорытынды балл: 
 
6. 
Соңғы әсер. Бұл іс-шараны ұйымдастырудың ақырғы кезеңі. Бұл мерекені 
ұйымдастырып  отырған  педагог  белгіленген  мақсаттардың  және  міндеттердің 
орындалу тиімділігін талдайды, ондай іс-шаралардың келешегін анықтайды. 
 
Мәдени-сауықтыру қызметіндегі мерекелік бағдарламалар алуан түрлі. Оларға 
жататындары:  балалар  шығармашылығының  фестивальдары,  слеттар, 
театрландырылған  көріністер,  көпшілік  серуендері,  карнавал  шерулері, 
тақырыптық  апталықтар,  күндер,  байқаулар,  конкурстар,  сәлемдесулер, 
тұсаукесерлер, ресімдер, шығармашылық есептер мен т.б. 
Ұзақ  уақытқа  созылатын  сауықтыру  бағдарламалары.  Осындай  ұзақ 
мерзімге  созылатын  сауықтыру  бағдарламаларын  іске  асырудың  нұсқалары 
ретінде  сауықтыру  бағдарламаларының  жоғарыда  аталған  түрлерінің барлығы 
қолданылуы мүмкін, мысалы: ойын, байқау, меркелерік іс-шаралар. Соңғылары 
оның құрамына қосымша бағдарламалардағы құрамдастар ретінде енуі мүмкін. 
Оның ерекшелігі қатысушылардың тұрақты құрамына арналып (оқу тобы, клуб 
және т.б.), бірнеше күн немесе апта бойында, бір жыл және одан артық уақытқа 
созылуында. 
Ондай  бағдарламаның  міндетті  ережесі  –  нақты  белгіленген  кезеңдерінің 
болуы,  әрқайсысы  жарқын  оқиғамен  басталып,  аяқталуында.  Мысал  ретінде 
пәндік апталықтар, «робинзонадалар», «кіріскен» ситуациялық-рөлдік ойындар 
шығады.  Ұзақ  уақытқа  созылған  сауықтыру  бағдарламалары  анық  білінген 
білімділік сипаты. 
Мәдени-сауықтыру  бағдарламаларын  орындаудағы  түрлі  технологиялар 
мен әдістердің ұтымды үйлесімділігі оның қатысушыларының белгілі нәтижеге 
жетуіне  бағдар  алуында.  Күтілетін  нәтижелер  қатарында  шығатындары 
келесідей болады: 

балалардың бос уақыттың ұйымдастырылуын, оны жеке тұлғаның дамуы 
мен өз орнын табуындағы құндылығы, мәнділігі ретінде саналы қабылдауы (өз 
жасының шеңберінде); 

балалардың  өз  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін,  оларды  оқудан  бос 
уақытта іске асырудың жолдары мен амалдарын саналы қабылдауы; 

балалардың  өзінің  бос  уақытын  өткізудің  амалдары  мен  нұсқаларына 
деген ұстанымдарын өзгерту; 

балалардың  бос  уақытын  ұйымдастыру  бойынша  практикалық 
дағдыларды, бос уақытты мазмұнды және түрлі өткізу икемдерін алып шығуы; 

балалардың  қарым-қатынастың  негізгі  құралдарын,  көрермендік 
негіздерін меңгеруі;  

балалардың  өзара  қарым-қатынасқа  түсу  мәдениетін  және  өз 
құрдастарымен және ересектермен өзара әрекеттесудегі мінез-құлқын арттыру; 

сыныптағы,  балалар  ұйымындағы,  тұтас  мекемедегі  ахуалды  балаларды 
бірлескен сауықтыру іс-шараларына қатыстыру негізінде өзгерту; 


43 
 

білім беру ұйымының дәстүрлерін қалыптастыру. 
Мәдени-сауықтыру  бағдарламаларын  іске  асыру  нәтижелерін  қадағалау 
келесілердің көмегімен орындалады: 

балаларды  жүйелі  бақылау  және  олардың  бойында  орын  алып  жатқан 
өзгерістерді тіркеп отыру; 

балалар  және  олардың  ата-аналары  арасында  әлеуметтанушылық 
сауалнамаларды өткізу; 

сауалнама; 

ата-аналармен сұхбаттасу; 
-
балалардың  өз  бетінше  диагностика  жүргізуін,  олардың  өзін-өзі 
бақылауындағы (өзін-өзі сипаттауындағы) өзгерістерді қадағалау; 

оқушылардың шығармашылық жұмыстарын талдау. 
Сауықтыру  бағдарламаларын  дайындау  модельдеуден  басталады,  оны 
жеке  тұлғаның  шығармашылық  қызмет  арқылы  инкультурация  үдерісіне 
қосылуының  ерекшелігі  бар  жаңа  шарттарын  түзу  мақсатымен  амалдарды, 
тәсілдерді және құралдарды жүйеге келтірудің үдерісі деп түсінеміз. Модельдеу 
екі  деңгейінде  жүреді.  Біріншісін  шартты  түрде  «түйсікті»  деп  атаймыз,  ол 
кезде  маман  онымен  құрылған  мәдени-сауықтыру  бағдарламасының  жаңа 
үлгісін түзудегі әдістемелік амалды, оның сызбасын түсіндіре алмайды. Екінші 
деңгейді  шартты  түрде  «саналы»  деп  атауға  болады.  Ол  адамның  модельдеу 
технологиясын  меңгеріп,  рационалды  деңгейде  бағдарламаның  жаңа  үлгісін 
іздестіруді  жүргізгенін  тіркейді.  B.C.  Садовская  сауықтыру  бағдарламасын 
модельдеуде төрт кезеңді атап көрсеткен [33]. 
1–
кезең белгілі сауықтыру бағдарламаларын талдауды көздейді. Ол кезде 
кез-келген  «супер  бағдарламаның»  негізінде  дәстүрлі  әлеуметтік-мәдени 
қызмет  жататын  ерекше  заңдылық  білінеді.    Модельдеудің  технологиясында 
бұл  ереже  аксиома  болып  табылады.  Бұл  кезеңнің  міндеті  –  түрлі  сауықтыру 
бағдарламаларындағы айрықша ерекшеліктерді табу. 
2-
кезең – белгілі сауықтыру бағдарламалары немесе олардың элементтерін 
жергілікті  жағдайларға  ауыстыра  білу.  Нақты  жағдайда  бағдарламаның 
мазмұнын  жергілікті  жағдайларға  және  ұйымдастырушының  шығармашылық 
мүмкіндіктеріне қарай бейімдеу қажет. 
3- 
кезең.  Жаңалық  элементтерін  бағдарламаның  мынадай  құрылымдық 
буындарына  енгізу  қажет:  мамзұнға,  ұйымдастырушылық-әдістемелік 
шарттарына,  сценарий  барысында,  заманауи  аудио-,  бейне-  және  басқа  да 
техникалық құралдардың қолданылуы. 
4-
кезең  –  бағдарламаның  жаңа  (авторлық)  моделін  түзу.  Ол  туралы  тек 
барлық құрылымдық буындарда жаңалық элементі орын алғанында ғана айтуға 
болады. 
И.П.  Подласыйдың  [35]  пікірінше,  кез-келген  мәдени-сауықтыру 
бағдарламасын  (тәрбиелік  іс-шараны)  әзірлеу  және  дайындау  үдерісінде 
мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу, іске асыру және 
талдау  секілді  кезеңдерді  атап  көрсетеді.  Осыған  байланысты  педагог  өз 
әрекеттерін төменде көрсетілген ретімен орындауы қажет: 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау