Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет12/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68

25 
 
№  3  қате.  Алуан  түрлі,  танымды  және  пайдалы  қызмет  түрлерінің 
болмауы. Бұл жоспарға бір үлгідегі істердің жиналғанын (жиі жағдайда істердің 
өнімсіз  тізімі),  балалардың  қызығушылығы  жоғалып,  олардың  белсенділігі 
төмендегенін көрсетеді. 
 
№  4  қате.  Жоспардағы  жұмыс  асыра  сілтеумен  жоспарланған.  Бұл  тек 
балалардың  және  жасөспірімдердің  қанағаттанбауына  ғана  жетелеп  қоймай, 
өзінің  артында  жағымсыз  пікір  қалдырады.  Жоспардағы  істер  тізімін  асыра 
сілтемей, толымды жоспарланғаны жақсы. 
№ 5 қате. Жоспар күнделікті қолданылмай, апта, ай бойынша динамикасын 
ескермеген.  
№ 6 қате. Балаларды жоспарлауға тарта білмеу (кейде оны қажет көрмеу). 
Ағымды және стратегиялық жоспарлау.  
Ағымды жоспарлау дегеніміз – бұл 1 жылға дейінгі мерзімге жоспарлауды 
білдіреді. Ол қысқа мерзімді және оперативтік жоспарларда орын табады. 
Балалар мен жасөспірімдер ұйымын стратегиялық жоспарлауды: 
Көрінісі  (идеал)  –  балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымының  дамуындағы 
болашақ бағытын, оның қоғам алдындағы міндеттерін көру; 
Миссиясы – ұйымның мақсаты мен тағайындалуын анықтау; 
Стратегиялық  мақсаттар  –  бұл  ұйымның  дамуы  мен  қызметінің 
стратегиясын анықтайтын жетекші мақсаттар құрайды, 
Тактикалық  мақсаттар  –  бұл  жалпы  емес,  мейлінше  нақты  және  міндетті 
түрде  шынайы  іске  асырылатын  мақсаттар,  олар  стратегиялық  бағдарларды 
басшылыққа  ала  отырып  белгіленеді  де,  мақсаттың  құндылықты 
құрамдастарын нақтылайды. 
Жоспарлар  келесідей  бөлінеді:  перспективтік,  күнтізбелік,  балалар 
қозғалысы ұйымдастырушысының ағымды әрекетінің ағымды жоспарлары мен 
аптаға арналған жұмыс жоспарлары. 
Жұмыстың  перспективтік  жоспары  –  бұл,  әдетте,  оқу  немесе  күнтізбелік 
күнге арналған жұмыс жоспары, оның құрылысы: 
1. 
Балалар 
қоғамдық 
ұйымының, 
біріншілік 
ұйымдарының, 
көшбасшыларының даму деңгейінің қысқаша сипаттамасы. 
2. Тұтас ұйымның да, оның органдарының да күнтізбелік және оқу жылына 
мақсаттары мен міндеттері. 
3.  Дәл  осы  жылы  іске  асырылатын  бағдарламаларды  немесе  оның 
кезеңдерінің негіздемесі. 
4.  Ұйымның,  Кеңестің  және  бастауыш  ұжымдары  іс-шараларының 
мақсаттары мен міндеттерінің шешілу деңгейін көрсететін жиынтық жоспары. 
Ең  алдымен  педагогтердің  айқындамалары,  балалардың  жоспарлауға 
қатысу мүмкіндіктері оқушылардың жасына қарай өзгеріп отырады. Тәжірибе 
көрсетіп  отырғанындай,  ұжымдық  әрекетті  жоспарлауға  балалар  мектепте 
оқуды  бастаған  бірінші  жылының  өзінде-ақ  қатыса  алады.  Дұрыс  әдістеменің 
меңгерілуі  мұғалімге  алдымен  балаларды  түсінікті  де,  тартымды  істі 
жоспарлауға қосуға мүмкіндік береді, сонда үшінші сыныпқа жеткенде, мектеп 


26 
 
оқушылары педагогтің жетекшілігімен өзара әрекетті істердің кешенін белгілі 
кезеңге жоспарлауға қабілетті болады. 
Бастауыш  мектеп  педагогтерінің  басты  міндеті  –  балалардың  санасында 
ұжымдық  ізденіске  қажеттілігін  ояту,  оларды  жоспарлаудағы  бірлескен 
жұмысқа баулу. Бара-бара сыныптан сыныпқа қарай, ұстаздардың ықпалы көзге 
көрінбейді.  Жоспарлаудың  ұйымдастырушысы  ретінде  алдымен  мұғаліммен 
дайындалып,  одан  бағыт-бағдар  алып  отырған,  содан  кейін  өздігінен  әрекет 
ететін  мектеп  оқушыларының  белсенділері  шығады.  Жоғарғы  сыныптарда 
педагогтер  негізінде  жұмысқа  қатысушылар  немесе  кеңесшілер  ретінде 
шығады.  Жоғары  сынып  оқушылары  төменгі  сыныптардағы  жоспарлаудың 
ұйымдастырушылары болады [20]. 
Алайда,  тәжірибеде  жоғары  сынып  оқушылары  нақты  істердің  де 
жоспарлануын  ұйымдастыруға  қабілетсіз  болатын  кездері  де  мүмкін.  Бұл 
дегеніміз,  педагогтер  мен  тәрбиеленушілердің  жоспарлау  барысындағы 
әрекеттесуі  тек  балалардың  жас  мүмкіндіктеріне  ғана  емес,  мектеп 
оқушыларының  алдыңғы  тәжірибесіне,  олардың  өз  бетінше  әрекеттерге 
дайындық  деңгейіне,  алдағы  істің  немесе  шешуге  жататын  мәселенің 
күрделілігіне,  жаңалық  дәрежесіне  айтарлықтай  тәуелділікте  екенін  білдіреді. 
Осылайша,  оқушыларда  қандайда  да  бір  бағытта  жұмыс  тәжірибесі 
болмағанында,  немесе  олар  үшін  өздігінен  әрекет  етудің  төмен  деңгейі  тән 
болғанында,  балаларды  жоспарлауға  қосудың  тиімді  амалдарының  бірі  – 
ересектердің  тарапынан  ұсынылған  бірнеше  нұсқасынан  қажетті  шешімді 
таңдау.  Жұмыс  тәжірибесінің  жинақталуымен,  мектеп  оқушыларына 
ұстаздардың  үлгілері  қажет  болмайды,  өйткені  балалар  оларды  өздері  табады 
немесе өздері шығарады. Бұл педагогтің де рөлінің мүмкін нұсқаларды түзуші, 
ол  автордан  балалардың  ұжымдық  ізденісі  нәтижесінде  туындаған 
жоспарларының оппонентіне дейін өзгергенін білдіреді.  
Педагог  пен  балалардың  жоспарлау  барысындағы  өзара  әрекеттесуіне 
ұжымдағы  моральдық-психологиялық  ахуал,  қоғамдық  пікір,  ұжымда 
қабылданған  жүріс-тұрыс  нормалары,  балалардың  эмоционалдық  күйі  әсерін 
тигізеді. 
Балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымының  құрамында  балалардың  түрлі 
ұжымдары мен бірлестіктері қызмет етеді, олар: сыныптар, кеңестер, клубтар, 
үйірмелер.  Әр  ұжым  оған  мектеп  оқушыларының  қосылу  сипатымен 
ерекшеленеді.  Ересектер  мен  балалардың  өзара  әрекеттесуі,  педагогтер  мен 
оқушылардың  жоспарлау  барысындағы  әрекеттесуі  бұл  ұжымдарда  әртүрлі 
үлгімен  құрылады.  Осылайша,  оқушылар  ұжымында  жұмысты,  істі 
жоспарлағанда, педагог тікелей ұйымдастырушы да, белсенді қатысушы да, осы 
ұжымдық  әрекеттің  жүргізушісі  ретінде  шыға  алады,  яғни  шарттарына  қарай, 
педагогтер  мен  балалардың  жоспарлау  барысындағы  әрекеттесуінің  түрлі 
деңгейлеріне жол беріледі. Клубта оқушылардың өздері өз жұмысы мен істерін 
жоспарлайды, ал педагогтер назар аудартпай, осы үдерісті бағыттап отырады: 
кеңесшілер, көмекшілер ретінде шығады, ал жоспарлауға дайындық кезеңінде 
мүмкіндік  беріп,  өзінің  идеяларын  белсенділер  арқылы  қосып  отырады.  Бұл 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау