74
36. Толковый словарь Кузнецова. http://enc-dic.com/kuzhecov/Programma-
36059.html
37.
Құрсабаев М.К. Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие
берудің педагогикалық шарттары: Автореф. дисс. канд. пед. наук. - Караганда,
2008. – 19
с.
38
. Управление развитием школы / Под ред. М.М. Поташника и В.С. Лазарева.
–
М., 1995.-464 с.
75
Қосымша
«ЖАС ҰЛАН» БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті дос!
Сен тәуелсіз Қазақстанның жас азаматысың!
Ежелгі қазақ жерінің тарихына, ең бай мәдениетіне, оның даңқы шыққан
дәстүрлеріне, Қазақстан халықтарының ынтымақты отбасының рухани-
адамгершілік мұрасына ортақ болу – үлкен бақыт!
Бақытты және өз достары арасында танымал болу, отбасын, достарын,
ересектерді өз жетістіктерімен, табыстарымен қуанту, өз Отанына пайдалы
бола білу – қарапайым да, жауапты іс!
Ең бастысы, әрдайым қоршаған тіршілікте күнделікті жаңалық аша білу,
дүниенің танымынан және таусылмас тылсым дүниеге таңырқап таңданудан, өз
қабілеттерін мейірімді де сүйсінерлік істерде мейлінше іске асыруға тырысу,
жақсыға бейім болу, өзінің терең талабын, шығармашылық қабілеттерін
дамытуға күш салу, дені сау және төзімді, білімқұмар, зерделі және мейірбан
болу керек!
Қоғам мен мемлекеттің терең ойлы, салауатты, бастамашыл және
шығармашыл өміріне Отан, Мейірімділік пен Әділеттілік игісіне қатысу
құқығы саған БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясымен беріліп,
Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепіл етілген!
Қазақстан балаларының сүйікті Отанының қоғамдық өміріне едәуір
табысты қатысуы үшін, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы
бойынша «Бірыңғай «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер
ұйымы» қоғамдық бірлестігі құрылған.
«Жас Ұлан» – бұл Қазақстан Республикасы жас азаматтарының еркін
қоғамдастығы, олардың бет алған басты мақсаты – өз Отанына пайдалы болу,
адамзаттың ең таңдаулы деген идеалдарына, өз халқының және отбасының,
достық пен адалдықтың, мейірімділік пен әділдіктің дәстүрлеріне сенімді болу!
Егер сен жоғары мақсаттарға, табысқа, танымал болуға ұмтылсаң және өз
бетінше және еліктеуге тұрарлық ересек өміріндегі жолда қиыншылықтардан
қорықпасаң –нағыз жасұландық, Отанының адал ұлы мен қызы, өз отбасыңның,
ұстаздарыңның, барлық отандастарыңның мақтанышы бол!
Бұл «Жас Ұлан» ұйымының әрбір мүшесінің жоғары рухани парызы!
-
Отан алдындағы парыз!
-
Туыстары мен жақындары алдындағы парыз!
-
Өзінің алдындағы парызы!
Сенің кіші інілерің мен сіңлілеріңе, яғни 6-10 жас аралығындағы мектептің
төменгі буынындағы балаларға арнап «Жас Қыран» қоғамдық бірлестіктері
құрылып отыр, онда жасұландықтар өзінен кішілерге өз әлеуетін ерте кезеңнен-
ақ ашуда, сонымен қатар балалардың «Жас Ұлан» қатарына қосылуына
көмектесіп, қызықты да белсенді жұмыс жүргізеді.
76
Нағыз жасұландық болуда саған «Жас Ұлан» ұйымы қызметінің
Бағдарламасы мен көптеген әлеуметтік маңызы бар жобалар көмектеседі, олар
бой көтеруі мен дамуындағы даңқты көп жылдық тарихы бойында
Қазақстанның алуан жүзді балалар қоғамдық қозғалысындағы балалар
бастамаларымен туындаған. Оған қоса сенде өзіңнің жаңа жобаларыңды немесе
қоршаған тіршілікті жақсарту бойынша қоғамға пайдалы бастамаларыңды
ұсынуға мүмкіндігің бар!
Жақсы жасұландық болып шығу үшін, ұйым тарихын, оның дәстүрлері
мен ішкі корпоративтік мәдениетін жетік меңгеру қажет.
Ұранымыз: «Біздің ойымыз, біліміміз, ісіміз – Отан, Ізгілік және Әділдік
үшін!»Бұл ұранды тәуелсіздік пен егемендік басында туындаған Қазақстан
балалар қозғалысы адалдықпен және мақтанышпен 20 жылдан астам уақыт
бойында алып жүріп, оны әрдайым, әр жерде және әр ісінде өзінің өмірлік
басты құбылнамасы ретінде танып келеді!
Сәлемдесу белгісі: басын изеп, жүрегіне сәлемдесу нышаны ретінде
қойылған оң қолдың алақаны (ежелгі қазақтардың дәстүріндегі сый-құрмет
білдіру белгісі).
77
Ерекшелік белгілері:
-
ұйымның төменгі буын мүшелеріне арналған «Жас Қыран» төсбелгісі;
-
ұйым мүшелеріне арналған «Жас Ұлан» төсбелгісі;
-
ҚР Мемлекеттік Туының бір бөлігі ретінде көгілдір түсті «Жас Ұлан»
галстугі;
-
ұйым көшбасшыларына арналған белгіленген үлгідегі айырмашылық
белгілері (шеврондар);
-
ұйымның ерекшеленген көшбасшыларына арналған «Ұланбасы» 3-
дәрежелі төсбелгісі (қола белгісі);
-
ерекше аталған жасұландықтарға, ұйымның аудандық, облыстық немесе
аймақтық көлеміндегі көшбасшыларына арналған 2-дәрежелі төсбелгі (күміс
белгісі);
78
-
балалар бірлестіктерінің көшбасшыларына, елдегі балалар қозғалысының
дамуына қомақты үлес қосқан тәлімгерлерге, педагогтерге арналған 1-дәрежелі
төсбелгі (алтын белгісі).
«Жас Ұланның» қатарына кімдер қабылданады:
«Жас Ұлан» қатарына орта білім беру ұйымының кез-келген оқушысы,
қоғамның дамуына үлес қосуға ниет білдірген, ұйымның ережелері мен
қағидаларын қабылдайтын, оны құрметтеп, оның талаптарына сәйкес әрекет
ететін ұл немесе қыз, ер бала немесе бойжеткен қабылдана алады.
Ұйым екі буыннан құрылған:
-
«Жас Қыран» төменгі буыны — 6-10 жас аралығындағы балалар;
-
«Жас Ұлан» аға буыны —11-16 жас аралығындағы балалар.
«Жас Ұлан» қатарына қосылу үшін төмендегілер қажет:
-
қатарға қосылатынның анық жазылған жеке қолтаңбасымен ұйымға
қабылдау туралы толтырылған, ата-аналарымен ұлының немесе қызының «Жас
Ұлан» ұйымының қатарына қосылуына келісім берілгені куәландырылған
өтініші;
-
«Жас Ұлан» мүшесінің салтанатты антын беру;
-
«Жас Ұлан» ұйымының мақсаттарын, міндеттерін, рәміздерін білу;
-
барлық өзінің істерінде және әрекеттерінде берілген Салтанатты Антын,
ұйымның ұранын, «Жас Ұлан» ұйымы мүшесінің жүріс-тұрысына қатысты
ережелерді түсінуге, оны ұстануға.
Салтанатты Анты:
Біз «Жас Ұлан» ұйымына кіре отырып Қазақстан Республикасының
патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге уәде береміз.
Ата-анамызды қадірлеп;
Үлкенге — құрмет, кішіге ізет көрсетеміз.
Оқуда озат, еңбекте адал болып;
Салауатты өмір салтын ұстанамыз.
Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты, отансүйгіш азаматы боламыз
деп сендіреміз!
«Жас Ұлан» қызметінің негізгі бағыттары:
1.
«Зерде» – білім алушылардың құзыреттіліктерінің, зияткерлігінің
және шығармашылық қабілеттерінің, проблемаларды шешу икемдерінің
қалыптасуына және дамуына, балаларды зияткерлік ойындарға, пікірталастарға,
олимпиадаларға, конференцияларға, жобаларға және зерттеулерге қатысу үшін
тартуға ықпал етеді.
Жасұландық үнемі өзінің танымдық белсенділігін, зияткерлік деңгейін,
ақыл-ой еңбегінің мәдениетін, жеке тұлғасының әлеуетін дамытып отырады,
түрлі шығармашылық бастамаларына ұмтылады және қоршаған өмірді
жақсарту бойынша өзінің шығармашылық қабілеттерін жауапкершілікпен
танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |