Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет33/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68

79 
 
2. 
«Руханият»  -  ұйым  мүшелері  өмір  тіршілігіндегі  рухани, 
моральдық-этикалық,  көркемдік-эстетикалық  негіздердің  дамуына  және 
қалыптасуына,  өз  отбасының,  балалар  қоғамдастығының,  өзінің  және  өзге 
халықтардың  мәдени  мұрасын  меңгеруге  және  оны  көбейтуге,  өз  ниеттерін 
басқа  адамдар  мен  әлеуметтік  топтардың  мүдделеріне  сай  келтіру  икемдерін, 
қоғамның  қазіргі  құрылымын  түсіну  және  онда  рухани-адамгершілік 
құндылықтар  мен  әлеуметтік  бағыт-бағдарларға  сүйене  отырып  өздігінен 
әрекет ету қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. 
Жасұландық өзіне қатысты адал және шыншыл болып, жалпы адамзаттық 
нормалар  негіздеріне  сәйкес  әрекет  етуге  тырысып,  кішілерді  қамқорлыққа 
алып, жақындары мен достарының пікірлеріне құрметпен қарауы тиіс. 
3. 
«Отан» — ұйым мүшелерінің бойында қазақстандық сана-сезімнің 
және  мәдени  сәйкестіктің,  азаматтық  жауапкершіліктің,  толеранттылықтың 
және  патриоттық,  өз  халқы  үшін  мақтаныш,  мемлекеттік  рәміздер  мен 
мемлекеттік  тілді  құрмет  тұту  сезімдерінің  қалыптасуына,  Отан  игілігі, 
Мейірімділік  пен  Әділдік    үшін  өзінің  орнын  тауып,  қабілеттерін  мейлінше 
жүзеге асыруға ұмтылысын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. 
Жасұландық  өз  Отанын  сүйіп,  мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеп, 
мемлекеттің, өз өлкесінің тарихын, туған жеріндегі құрметті азаматтардың және 
батырлардың өмірі мен ерлігін білуі, белсенді туристік, ізденіс-экспедициялық 
және  өлкетанушы  жұмысты  жүрзіп,  өз  Отанын  шетелде  абыроймен  танытуы 
керек. 
4. 
«Жеті  жарғы»  Қазақстан  жас  азаматтарының  құқықтық 
мәдениетін,  БҰҰ-ның  «Бала  құқықтары  туралы»  Конвенциясы,  өзінің 
азаматтық  құқықтары,  міндеттері  бойынша,  Заң  алдындағы  жауапкершілік 
сезімі білімдері арқылы саяси сауаттылығын қалыптастырады.  
Жасұландық  Қазақстан  Республикасының  абыройлы  азаматы  болып, 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясын,  қолданыстағы  заңнамасын, 
жасұландықтың Салтанатты антын құрметтеуге және ұстануға, жалпыға бірдей 
жүріс-тұрыс  ережелері  мен  нормаларын  қолдануға,  парыз,  намыс  пен  ар-
ожданын пір тұтып өмір сүруі тиіс. 
5. 
«Салауат»  —  ұйым  мүшелерінің  бойында  және  қоршаған 
әлеуметте салауатты өмір салтын қалыптастыруға, көпшілік дене мәдениеті мен 
спортты түрлі денсаулық сақтауға бағытталған бастамалар, спорттық, туристік, 
ізденіс-экспедициялық  және  өлкетану  бағдарламаларын  іске  асыру  арқылы 
дамытуға ықпалын тигізеді. 
Жасұландық салауатты өмір салтын белсенді жүргізіп, оны насихаттайды, 
өз  денсаулығының  қамын  ойлайды,  жақсы  физикалық  формасын  қолдайды, 
түрлі спорттық-көпшілік іс-шараларына қатысады.  
6. 
«Еңбек»  —  ұйым  мүшелерінің  ерте  бастан  кәсіби  бағдар  алуына 
және 
кәсіп 
таңдауына, 
жас 
техниктер, 
өнертапқыштар 
мен 
оңтайландырушылар,  бизнес-мектептер,  холдингтер,  қоғамдық  академиялар, 
кәсіби  шеберлік  байқауларын,  форумдарын  құру  арқылы  құзыреттіліктер  мен 
функционалдық сауаттылықты дамытуға ықпал етеді. 


80 
 
Жасұландық жалпы еңбекті және адамдар еңбегін құрметтейді, өзі еңбекті 
сүйіп,  үй  шаруашылығында  өз  отбасына  көмектеседі,  қолданбалы  өнермен 
айналысады, 
конструкцияларды 
модельдейді, 
кәсіби 
таңдауға 
жауапкершілікпен  қарайды,  еңбек  және  кәсіби  акцияларға,  балалар  мен 
жасөпірімдердің 
техникалық, 
ауылшаруашылық, 
шығармашылық 
жетістіктерінің көрмелеріне  қатысады,  отбасының, өз ауылының, қаласының, 
облысының, ұйымының, елінің еңбек дәстүрлеріне екпін қосады. 
7. 
«
Экоәлем»  -  балаларда  экологиялық  мәдениетті,  қоршаған  ортаға 
материалдық  құндылықтарды  қорғауға,  табиғи  ресурстардың  ұтымды 
пайдаланылуына, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға бағытталған қамқорлықпен 
саналы көзқарасты, қалыптастырады.   
Жасұландық табиғатпен, қоршаған шындықпен, өзімен үйлесімділікте өмір 
сүріп, табиғатты сүйеді және оны құнттап ұстап, табиғи ресурстарды  сақтайды 
және үнемді пайдаланады. 
Жас  дос!  Сен  өз  жолыңа  таңдау  жасадың!  Нағыз  жасұландық  бол: 
мақсатты,  өз  сөзіңе,  ісіңе  және  әрекеттеріңе  жауапты,  ежелгі  қазақ  жерінің, 
жалпы  Қазақстан  халқының  достығы  мен  толеранттылығы,  тұтас  Әлемнің 
идеалдарына, Мейірімділік пен Әділдік идеалдарына адал бол! 
Ақ
-
жол,  Жас Ұлан! 
 
 
 
 
 
 
 
 


81 
 
БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН», «ЖАС ҚЫРАН» 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН  
ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ  
ЕРЕЖЕ  
 
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР  
1.1. 
«Бірыңғай  «Жас  Ұлан»  балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымы» 
республикалық  қоғамдық  бірлестігі  (бұдан  әрі  –  «Жас  Ұлан»)  Қазақстан 
Республикасы  балалар  мен  жасөспірімдердің  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 
бастамасы бойынша құрылған қоғамдық ұйымы болып табылады. 
1.2. 
«Жас  Ұлан»  -  өскелең  ұрпақты  жоғары  рухани-адамгершілік 
құндылықтар,  гуманистік,  толеранттылық  пен  демократиялық  ұстанымдарға 
негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. 
1.3. 
«Жас  Ұлан»  өзінің  шығармашылық,  спорттық,  қоғамдық  қызметін 
үкіметтік  емес  ұйымдармен  және  мемлекеттік  мекемелермен  бірлесіп  жүзеге 
асырады.  
1.4. 
«Жас  Ұлан»  өз  қызметінде  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясын, заңнамасын, Қазақстан Республикасында ратификацияланған 
халықаралық  актілерді  және  басқа  да  нормативтік-құқықтық  актілерін 
басшылыққа алады. 
2. МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ 
2.1. «Жас Ұлан» мақсаты: 

өскелең  жас  ұрпақтың  бойында  патриоттық,  білім  мен  өзін-өзі 
жетілдіруге  деген  құштарлық;  ісіне  деген  жауапкершілік  көзқарасын;  Отан 
тарихына,  Тәуелсіз  Қазақстанның  бүгіні  мен  болашағына  деген  ортақ  сезімін 
қалыптастыру.  
2.2. «Жас Ұлан» міндеттері: 

Қазақстан  халқының  тарихын,  мәдениетін,  тілін  білу  негізінде  өскелең 
жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; 

балалар  мен  жасөспірімдердің  азаматтық  белсенділігі  мен  сана-сезімін 
арттыру; 
-
танымдық әрекетін ынталандыру; 

балалар  мен  жасөспірімдердің  зияткерлік,  шығармашылық  және 
әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау; 

баланың  бойында  жауапкершілік  пен  еңбексүйгіштікті  қалыптастыруға, 
көшбасшылық  және  ұйымдастырушылық  қабілеттерін  дамытуға  бағытталған 
жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту. 
3. Функциялары мен қағидалары 
3.1. «Жас Ұлан» төмендегі функцияларды атқарады: 

тәрбиелік; 

танымдық; 

коммуникативтік; 

әлеуметтік; 

ақпараттық; 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау